|
Қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсініктіұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдануға мүкіндік бередіBitBtn – жазуы бар, пиктограммалы командалық батырма.
SpeedButton
|
бет | 15/35 | Дата | 09.01.2018 | өлшемі | 8,61 Mb. | | #7365 |
| BitBtn – жазуы бар, пиктограммалы командалық батырма.
SpeedButton – пиктограммалық батырма. Әдетте бас менюдің опцияларына жылдам кіру үшін пайдаланылады.
MaskEdit – арнайы мәтіндік редактор. Енгізілген мәтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді, мысалы, датаны дұрыс енгізу үшін қажет.
StringGrid – жолдар кестесі. Бұл компонент мәтіндік ақпаратты кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
DrawGrid – еркін кесте. StringGrid компонентінен айырмашылығы бұл компоненттің ұяшықтарында кез келген ақпарат, оның ішінде сурет те сақталады.
Image – сурет. Бұл компонент суреттерді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған.
Shape – фигура. Бұл комполненттің көмегімен терезеге дұрыс геометриялық фигураларды – тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс және т.б. қоюға болады.
Bevel – жиек. Терезенің жеке бөліктерін үш өлшемді қоршаумен немесе жолақпен ерекшелеуге арналған.
ScrollBox – орағыш жолақтар панелі. Panel компонентінен айырмашылығы – егер орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиылыспаса, онда орағыш жолақтарды автоматты түрде қояды.
CheckListBox - жиынтық таңдаулар тізімі. Стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы әрбәр опциясының қасында бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдтетін CheckBox тәрізді тәуелсіз ауыстырып қосқышы бар.
Splitter – шекара. Бұл компонент формада көрінетін екі компоненттің арасында орналасады да, пайдаланушыға программаны жүргізу кезінде компоненттерді бір-бірінен бөліп тұрған шекараларын алмастыруға мүмкіндік береді.
StaticText – статикалық мәтін. Стандартты Label компонентінен айырмашылығы өзінің жеке Windows терезесінің болуымен сипатталады. Ол мәтінге қоршау жүргізуге мүмкіндік береді.
ControlBar – басқару жолағы. DRAG&DOG технологиясында «тақалып» тұратын компоненттерді орналастыратын контейнер қызметін атқарады.
ApplicationEvents – оқиғаны қабылдаушы. Егер бұл компонент формаға орналасқан болса, онда програмсмаға арналған барлық Windows хабарламаларын алып отырады.
ValueListEditor – атау = мән жұбынан тұратын жолдар редакторы. Мұндай жұптар Windows-де жиі пайдаланылады.
LabeledEdit- бір жолдық редактор мен белгінің комбинациясы.
ColorBox – жүйелі түстердің бірін таңдауға арналған арнайы ComboBox варианты.
Chart – диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы панельдер құруды жеңілдетеді.
ActionManager - әрекеттер менеджері. Төмендегі үш компонентпен бірге қосымшалар, интерфейс құруды қамтамасыз етеді.
ActionMainMenuBar – меню жолағы, ол оның опциялары ActionManager көмегімен құрылады.
ActionToolBar – ActionManager компонентінің көмегімен құрылатын пиктографиялық батырмаларды орналастыруға арналған жолақ.
CustomizeDLG баптау сұхбаты. Бұл компоненттің көмегімен пайдаланушы жұмыс программасының интерфейсін қалауынша баптай алады.
WIN 32 беті
WIN 32 беті 32 разрядты WINDOWS 95/98/NT/2000 операциялық жүйелерінің интерфейстік элементтерінен құралады. (бұл 2-нұсқада WIN 95 деп аталады).
3.3 - сурет. WIN 32 беті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|