3.1.2.2 – сурет
Егер өрісті зарядтар жүйесі тудыратын болса, онда суперпозиция принципі бойынша болады. Ендеше кернеулік векторының ағыны
(3.1.2.3)
Яғни: тұйықталған бет арқылы өтетін электр өрісі кернеулігінің вектор ағыны осы беттің ішінде қоршалған зарядтардың алгебралық қосындасына тең. Бұл тұжырымды Остроградский-Гаусс заңы деп атайды. Егер тұйықталған беттің ішінде ешқандай заряд болмаса, онда бетті қиып өтетін кернеулік векторының ағыны нөлге тең болады.
Гаусс теоремасының қолданылуына бірнеше мысал қарастырайық.
1) Біркелкі зарядталған шексіз жазықтықтың өрісін есептеу (3.1.2.3- сурет).
3.1.2.3- сурет
Кернеулік сызықтары жазықтыққа перпендикуляр және жазықтықтан екі жаққа қарай бағытталады. Тұйық бет үшін жасаушысы жазықтыққа перпендикуляр, ал табаны S жазықтыққа параллель орналасқан симметриялы цилиндрлік бет жүргізейік. Цилиндрдің бүйір беті арқылы өтетін ағын нөлге тең, өйткені цилиндр жасаушыcы ағын сызықтарына параллель. Сонымен, толық ағын цилиндр табандары арқылы өтетін ағындардың қосындысы -ке тең болады. Цилиндр беті ішіндегі заряд . Гаус теоремасы бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |