182
Балабақшада ертегіні тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.Сол мақсатта
ассоциация әдісі кеңінен пайдалынылады.
Ассоциация әдісі – сол тыңдаған ертегі жайлы мәлімет.
Мысалы: «Бауырсақ» ертегісін алатын болсақ, ортаға бауырсақ жапсырылып,
тармақтарына көп қиынды суреттердің ішінен кемпір, шал, қоян, үй, қасқыр, аю, түлкіні
балалар жапсырады. Мұндағы мақсатымыз балалардың ойын жинақтау, ертегіні
қорытындылап
талдау.
Ой қозғау әдісі: Балаларға ертегілерге берілген жұмбақтарды жасыру; Сұрақтар арқылы ой
салу;
СТО - ның элементтерінің бірі – Венн диаграмманы пайдалану - екі ертегіні салыстыру,
ортақ
белгісін табу,
қорытындылау, нақтылау.
Интерактивті тақтаны қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Мысалға, «Қарлығаш пен Дәуіт» еретегі кейіпкерін салыстырмалы түрде талдап,
олардың ортақ ерекшеліктері мен қасиеттерінтабу.
Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен
тәсілдер жүйесі.Мнемотехника - оңай жолдан қиынына қарай құрылып, мнемоквадраттан
бастап мнеможолдарға, біртіндеп мнемокестеге өтуі қажет.Мнемокестенің мазмұны –ол
графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің бейнесінің,табиғат
құбылысының кейбір іс-әрекетінің басты сюжеті.
Мысалы: «Тышқан мен Торғай» ертегісінен дәнді тең бөлісе алмай жанжалдасқаны
мнемокестеде көрсетіледі.Осы ертегі желісін балалар өз қиялындағыдай өрбітеді.
Джигсо әдісіарқылы бала өздігінен білім ала отырып, топпен жұмыс істеу арқылы бірін-бірі
үйретеді және өздері де үйренеді. Жалпы мәселені алдымен топта кейін ортада
талқылайды.Мысалы, әр топқа ертегіден үзінді суреттер таратылады. Балалар бұл суретті топ
болып талқылайды, кейіпкерлерді атайды. Ортаға шығып сурет бойынша әр топ өздеріне
түскен ертегіні баяндап береді. Мұндағы мақсат баланы еркіндікке, ойлау қабілетін
дамытуға, көшбасшылыққа тәрбиелеу. Өз ойларын көпшілік алдында айта алмайтын бала
ашылып, басқалармен бірге сөйлей бастайды.
Ертегінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімен сабақтастығын айта отырып өз іс
тәжірибемнен өткен сабақтарымның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатында
жазылған сабағымды ұсынып отырмын.
Таным білім беру саласымен мен ертегінің сабақтастығы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат».
Мақсаты:
А) Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын
тікелей бақылата
отырып меңгерту, логикалық ойындар.
Ә) Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,
байқампаздығын,
сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігінен талдау жасауға үйрету.
Б) Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу,
денсаулық шараларын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Саяхат».
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.
Мектеп жасына дейінгі баланы ертегілер арқылы жан-жақты дамытып, жеке тұлға
ретінде тәрбиелеу, тілін дамыту – ең бірінші ата-ананың міндеті. Бүгінгі, техникалық
мүмкіндіктер дамыған заманда ата-аналардың да мүмкіндіктері кеңейді. Оған теледидар
арқылы бірге көрген ертегілер, қойылымдар, ойындар, бағдарламалар септігін тигізеді. Бірақ,
әрбір ата-ана өз баласының мүмкіндігін, жас ерекшелігіне тән сөздік қорын білуге тиіс.
Баланың тілі жас ерекшелігіне сәйкес дамуы үшін ата-аналар баланы тек теледидар алдына
отырғызып қана қоймай, ертегілерді бірге көріп, не болмаса ертегіні ата-ана өзі оқып беріп,
баланың ертегіні түсінгенін, я түсінбегенін байқап, сұрақтарына жауап беруге тиісті.
Күнделікті ауыз-екі сөйлесуде баланың сұрақтарына жауап беріп, сөздерді бұрмаламай,