273
Осындай игі жұмыстарды аудандық әдістемелік кабинет қызметкерлері қолданысқа
енгізуде.
Аудандық әдістеме кабинетінің мазмұны келесідей жұмыстарды негізге алуда:
Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік құжаттар, нұсқаулықтар,
барлық әдістемелік жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын бұйрықтар;
Аймақтың даму бағдарламалары, әдістеме қызметін дәстүрлі мазмұнын жаңарту
және кеңейтуге арналған оқулықтар
мен оқу әдістемелері;
Ғылыми әдістемелік деңгейін көтеру үшін жаңа психологиялық- педагогикалық
әдістемелік зерттеулер;
Өздігінен білімін жетілдіру және білім беру үдерісіндегі мәселелерді, негізгі
міндеттерді, білім беру ұйымының даму деңгейін, оқу – тәрбие процесімен басқару
жағдайын тексеру және болжау;
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған
электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі жобасын пилоттық
енгізу.
Қорытындылай келе, қазіргі заман талабына сай әдістемелік кабинет қызметкерлері
мектептерге педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан
қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын
мұғалімнің кәсіби өсуіне жағдай жасаушы тұлға болып табылады. Сондықтан әдістемелік
жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік жұмыстың ең негізі бұл – әр педагогтің педагогикалық
шеберлігін шыңдауға, кәсіби тұрғыдан өсуіне жетекші бола алатын, тәлімгерлік қызметті
қатар алып жүруші, психологиялық, педагогикалық карым-қатынастың жоғарғы дәрежесін
құрушы қызметкер атануы тиіс.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27 шілде 2007 жыл №319-III.(
24.11.2015
жылы
өзгерістер
мен
толықтырулар
енгізілді).-
[Электрондық
ресурс]:
http://www.edu.gov.kz.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – [Электрондық ресурс]:http://adilet.zan.kz.
3. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша
.
4. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін
арттыру курстарының бағдарламасы - «НЗМ» ДББҰ, 2012.
5. 10.2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін
ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.
Озық тәжірибе – көпке ортақ
Қалабаева Г.К.
Алматы экономикалық
колледжінің әдіскері
Колледждерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және
шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім
беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі студенттің жеке тұлғалық сапаларынан
274
көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Мұнда
мақсатты педагогикалық процесс – бәсекеге қабілетті маман дайындау мақсатында
жүргізіліп жатқанын ескеру керек.
Бәсекеге қабілетті, кәсіби дағдысы жоғары, білікті, құзыретті маман даярлау еліміздің
индустриялық-инновациялық дамуының басты талабы болғандықтан, оқу-тәрбие үрдісін
жетілдіру, үздік, жаңашыл тәжірибемен және оның идеяларын шығармашылықпен
пайдалану әр педагогтың басты міндеті. Осыған орай75 жылдық тарихы бар Алматы
экономикалық колледжі «Заманауи білім технологиялары – оқу-үрдісінің әдістері мен
формаларын жетілдіру факторы» (2011-2016 жылдар) әдістемелік тақырыбында жұмыс
жасап келеді. Әдістемелік қызметтің басты мақсаты ғылымның заманауи жетістіктерін оқу-
үрдісіне енгізу үшін оқытушылардың кәсіби құзыреттілік деңгейін үздіксіз жетілдіру,
заманауи білім технологияларын оқу үрдісінде қолдану арқылы инновациялық бағытта
жұмыс жасайтын кадрлармен қаматасыз ету. Мақсатқа бағытталған және жүйелілік негізде
ғылыми-әдістемелік, ғылыми-педагогикалық жұмыстың сапасын арттыру;педагогикалық
ұжымның шығармашылық белсенділігін және кәсіби біліктілігін арттыру;колледждің оқу-
тәрбие мазмұнын жетілдіруде білім беру технологиясын тұрақты түрде жаңартып
отыру;жаңашыл
ұстаздардың
озат
педагогикалық
тәжірибені
насихаттау
және
тарату;ғылыми–ізденіс жұмыстарын ұйымдастырып, конференция, семинарлар, облыстық,
республикалық байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысуды жүзеге асыру;оқу үрдісінде
инновациялық технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және
жетілдіруміндеттері жүктелді.
Әдістемелік тақырыпты жүзеге асыру 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең – дайындық кезеңі. Ол 2011-2012 жылдар аралығын қамтыды. Дайындық
кезеңін жүзеге асыру барысында алқалық талқылауда әдістемелік тақырып бойынша мақсат
міндетті айқындау, әдістемелік мәселені жүзеге асыру бойынша жылдық жоспарлар
дайындау, әдістемелік тақырып бойынша іздену, ғылыми-әдістемелік тақырыптармен танысу
және әдістемелік кабинетті сәйкес материалдармен толықтыру сияқты жұмыстар атқарылды.
2-кезең – іс-әрекеттер кезеңі 2012-2015 жылдар аралығын қамтыды. Онда міндеттерді
орындау жолдарын таңдау, іс-әрекеттерді ұйымдастыру және оны жүзеге асыру сияқты
түйіткілді мәселелер қаралды.
Қорытынды кезең, өз алдына 3-кезең болып 2016 жылдан бастау алды. Онда негізінен
іс-әрекеттердің нәтижесін, орындалу деңгейі мен сапасын сараптау мәселесі қарастырылды.
Күтілген нәтиже – заманауи білім технологияларын жетік меңгерген, оқу- үрдісінде
түрлі әдіс-тәсілдерде тиімді қолданатын, ғылым мен тәжірибені ұштастыра білетін кәсіби
педагог қалыптастыру болды.
Нәтижеге
қол
жеткізудеАлматы
экономикалық
колледжінің
әдістемелік
қызметітөмендегідей негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1. Ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет – әдістемелік қызметті жоспарлау
(қысқа мерзімді, жылдық және келешекке арналған жоспар).
Колледждің әдістемелік қызметін ұйымдастыру және координациялау, түрлі іс-
шаралар өткізуді ұйымдастыру.
2. Аналитикалық қызмет:
• Сабақ беретін пәні
бойынша кәсіби құзыреттілігін;
• Педагогика және психология
саласындағы біліктілігін;
• Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу,
жалпылау және тарату;
• Кәсіби біліктілігін арттыру қажеттілігін анықтау.
3. Ақпараттық
қызмет – педагогикалық қызметтегі жаңашылдық туралы
мәліметтерді, әдістемелік, психологиялық және ғылыми әдебиеттермен, жаңашыл идеялар
мен технологияларды;
• Нормативті-құқықтық құжаттарды,
нұсқаулықтармен;
• Педагогикалық ұжымды диогностика
негізіндегі аналитикалық