60
1. Программа курсов повышения квалификации педагогических работников Республики
Казахстан. Первый (продвинутый) уровень. Второе издание.
2. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана.
Білім берудегі инновациялық үдерістерді белсендірудің әдістемелік жолдары
Иманхатова Г.Ж.
Алматы облысы әдістемелік
кабинетінің әдіскері
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын
күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын
алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Қазіргі кезеңде
егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт
алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты
болып отыр, себебі білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа
көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық
меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған
әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттілігі
туындады.
Педагогтердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін дамытып, шығармашылық потенциалын
көтеру арқылы сапалы білім беруге қол жеткізу – әдістемелік жұмыстың нәтижелі
жүргізілуіне тікелей байланысты.Бұл мәселелерді іске асыруда әдістемелік жұмыстың
ұйтқысы болып отырған әдіскерлер әдістемелік іс-шаралардың тақырыбын ғана өзгертіп
қоймай, оның мазмұнын әдістемелік жұмыстың жаңа түрлеріне сай өзгерте білуі шарт.
Педагогика ғылымындағы бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі сабаққа оқытудың
технологияларын пайдалану екендігін ескерсек, алдымен мұғалімді әдістемелік тұрғыдан
қаруландыру қажет екені белгілі. Кейбір ұстаздар қауымының әлі де – бүгінгі өскелең ұрпақ
өмір сүріп отырған уақыттың өткен буын заманына мүлдем ұқсамайтынына мән бермей
отырғаны көптеген қиындықтар келтіруде. Бізді қоршаған дүние өте жылдам қарқынмен
өзгеруде, ал білім алу мен зерделеу тәсілдері, оқушылардың қабілеттерін дамыту формалары,
әдістері мен технологиялары оқу үдерісіне баяу енуде. Қазіргі қоғам өзінің іс-әрекетіне өзі
басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғалар
оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдары тәжірибелер
көрсетіп отыр. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін
қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы
мен пікірін жеткізе білуге үйретуді мақсат етеді десек, бұл педагогикалық ұстанымдар –
білім беруді жаңартудың негізгі өзегі.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін
тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Әдістемелік кабинеттің түпкі мақсаты педагогтердің оқыту технологияларын барынша
меңгеруі мен қолдануына ықпал ету болғандықтан, ең алдымен облыс педагогтерінің
инновацияны игеру деңгейін анықтауды жөн көріп, «Педагогтардың жаңашылдықты
қабылдау деңгейі» бойыншаерікті түрде сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесін талдау
арқылы мұғалімдердің кәсіби сұраныстарының диагностикасы жасалынып, білім беру
үрдісіне оқыту технологияларын ендіру мен қолдану жайында ақпараттық банк деректері
құрылды.
61
Атап айтсақ, педагогтердің 64 % - инновацияға оң көзбен қараймын, 22 % - ішінара
қолданамын десе, 4%- мүлдем қарсымын деген қорытынды жасады. Сондай-ақ,
мұғалімдердің 48 % инновациялық технологияларды курстардан, 35% семинар-
практикумдардан, 15% әріптестерімнен десе, 10% - бұқаралық, электрондық ақпарат
құралдарынан қабылдайтынын көрсеткен.
Мұғалімдердің қолданып жүрген технологиялары негізінде мониторингке жүгінсек,
48% - Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясын, 24% - Дамыта оқыту технологиясын,
27% - Ж.Қараевтың « Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін», 18% - Модульдік оқыту
технологиясын, 16% - Н.Оразақынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын
қолданса, 68% - Ақпараттық-коммуникативтік технологияны, жобалау технологиясын,
проблемалық оқытуды қолданады екен. Сауалнама нәтижесінде:
- педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға
ықпал етеді
- инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру,
дамыту кезеңдері арқылы іске асады деген тұжырымға келді.
Сонымен қатар, педагогтардың басым бөлігі оқыту технологияларын курста
оқығаннан кейін жалғасын курсаралық жұмыстарда тапса, әдістемелік семинарларда
тәжірибе алмасса, оның өзі жүйелі түрде ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірген
болатын.
Педагогтердің технологияларды игеру деңгейі анықталғаннан кейін, педагог
мамандардың
сұраныстары
мен
қажеттіліктерін
қанағаттандыру
мүмкіндіктері
қарастырылды, олардың біліктілігін арттыруды мақсатты түрде жүзеге асыруға ден
қойылды. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімдердің нәтижелі еңбек ету
қабілетін арттыруға негізделген оқыту семинарларын, тренингтер, оқу-әдістемелік
конференциялар өткізудің тың жолдарын іздестіргенді жөн көріп, әдістемелік кабинет
қызметінің бұрында болмаған жаңаша түрі «Әдістемелік күндер» өткізу, жедел «Әдістемелік
десант» ұйымдастыру жоспарланды. Бұл шаралар облыс мұғалімдерінің проблемаларын
терең зерттеуге, мамандардың кәсіби қиыншылықтан шығуына, жергілікті жердегі білім
мекемелерінде қызметін жоспарлау және ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету
секілді оң нәтижелер береді.
Әдістемелік десант – мектеп педагогтерінің біліктілігін шындауға және кәсіби
шеберлігін жетілдіруге бағытталған әдістемелік көмек берудің бір құралы.
Десант жұмысы облыс пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік тәсілдемесін жетілдіру,
жекелеген пәндер бойынша күрделі тапсырмаларды талдаудың жаңашыл әдістемелерін
тәжірибеге енгізу және мектеп оқушыларының пәндер бойынша білім сапасын көтеру
мақсатында өткізілді. Бұл әдістемелік десантта интербелсенді сессия, консалтингтік қызмет
және педагогикалық іс-әрекеттердің түрлі бағыттары бойынша әдістемелік, тәжірибелік
көмектер берілді. Облыс бойынша анықталған білім көрсеткіші төмен мектептер, аудандық
әдістемелік кабинеттермен бірлесіп әдістемелік десант өткізілді. Шығармашылықпен жұмыс
істейтін, инновациялық технологияны меңгерген жаңашыл мұғалімдер қатарынан арнайы
мобильдік топ құрылып, әдістемелік десант жұмысына тартылды. Облыстың 12 ауданның 22
мектебінде әдістемелік десант өткізіліп, оған 585 педагог және 473 мектеп оқушылары
қатысты. Десант кезінде негізгі пәндер бойынша мобильді топ оқушылардан тест алып, сол
тест қорытындысы бойынша пән мұғалімдерімен тиісті әдістемелік іс-шаралар және ашық
сабақтар өткізді. Педагогтерді интербелсенді жұмыстарға тарта отырып, оларды оқыту
туралы ортақ ұстаным мен жаңашыл көзқарастың қалыптасуына, жаңашылдықты
қабылдауға кедергілерді жеңе білуіне ықпал етілді. Нәтижесінде оқу жылы аяғында десант
өткізілген 12 мектептің орташа білім сапасы 48%-дан 65,5%-ға дейін артып, 17,5% өсу
динамикасын көрсетуі нәтижеге бағытталған жұмысымыздың көрінісі.
Білім беру жүйесіндегі басым бағыттарды айқындауда облыстық әдістемелік кабинет
тарапынан әдістемелік күндер өткізу дәстүрге айналды. Аймақтағы әдістемелік кабинеттер
Достарыңызбен бөлісу: |