«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет42/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146

 
 
86 
 
ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі 
тез,  әрі  өнімді,  әрі  икемді  жақсы  жүрілуін  компьютерсіз,  компьютерлер  өзара  тұтасқан 
ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Тіпті мектеп оқушыларының өзі осы ғаламтор 
мүмкіндіктерін  бір  күн  де  пайдаланбауы  мүмкін  емес.  Жиналыста  ата-аналармен  топтық 
жұмыс  өткізілді.  Онда    «Ғаламтордың  оқушы  өміріндегі  маңызы»,  «Ғаламтордың  бала 
өміріне    зияны»  туралы  ойларын  ортаға  салып,  пікірлерімен  бөлісті.  Ата-аналар    ғаламтор 
туралы  құнды  пікірлер  айтып,жағымды  ойларымен      бірге  оқушы  денсаулығы  мен  оқу 
үлгеріміне  тигізетін  әсері  жайлы    да  пікірлерін  ортаға  салды.Ата-аналармен  бірігіп  баланы 
ғаламторға  тәуелділіктен  құтқарудың  жолдарын  қарастырып,  «Ғаламторға  тәуелсіз  бала» 
моделін  жасадық.  Нәтижесінде:  балалардың  ғаламторды  мөлшерден  тыс  пайдалануына 
шектеу  жасайды.  Әдеби  кітап  оқуларына  ықпал  етеді.  Демалыс  күндері  балаларымен 
табиғатта серуендеу ұйымдастырады. Күн сайын баласымен әр түрлі тақырыпта әңгімелесуді 
қолға  алады.  Ата-аналармен  бірігіп  жасаған    «Ғаламторға  тәуелсіз  бала»  модельі 
оқушылардың оқу үлгерімінің жақсаруына әсері болды. I тоқсанда  оқу үлгерімі 37% болса, 
II тоқсанда 46% болды. 
Келесі  жиналыста  ата-аналармен  «Жасөспірімдердің  өтпелі  кезеңіндегі  тәрбиенің 
маңызы»  тақырыбында    жұмыс  ұйымдастырылды.  Күтілетін  нәтиже:    жасөспірімнің  өтпелі 
кезеңінде  ата-ана  баласын  қолдау,  оны  жақсы  көру,  сыйлап,  пікірімен  санасу,  сыртқы 
ортаның  ықпалына  тез  ұшырайтын  өтпелі  кезеңде  жасөспірімге  түсіністікпен  қарау,  балаға 
өмірге    керекті  дұрыс  ақыл-кеңес  беріп,  салдары  ауыр  болатын  жаман  әдеттерден 
сақтандыру. 
Өтпелі  кезең  бұл  жеткіншектің  балалықтан  ересектікке  қадам  басқан  күрделі 
психологиялық кезең. Әр елде сол елдің мәдени және діни салтына байланысты өтпелі кезең 
әр  түрлі  анықталады.  Бұл  жас  жеткіншектің  жыныстық  жағынан  жетілу,  биологиялық 
жағынан  шұғыл  өзгерісті  бастан  кешетін  кезең.  Әр  түрлі  елдерде  өтпелі  кезең  12-16  жас 
аралығында көрініс табады. Психологиялық жағынан алғанда әр адамда өтпелі кезең әр түрлі 
болады.  Сондай-ақ  өтпелі  кезең  жеткіншекте  жүріс-тұрыста  тәуелсіздікке  ұмтылу,  қоғамда 
өз  орнын  табуға  тырысу,  өзін  көрсету,  кейде  өз  ортасын  өз  талғамына  бейімдету  ретінде 
байқалады. Ата-аналық тұрғыдан өтпелі кезең өте бір алаңдаушылық тудырады. Бұл уақытта 
баланы  бақылауда  ұстау  қиындап,  ата-анасының  әсіре  қамқорлығынан  арылып,  бала  өз 
бетінше  шешім  қабылдағысы  келеді,  өзіне  психологиялық  жағынан  жақпаған  істерге 
жақамаушылығын білдіреді. Бұл уақыттарда жастардың барлық нәрсені татып көрсем деген 
әуестігі  артып,  бұзықшылықтарға  қосылып  кету,  ішімдік,  анаша,  есірткі  секілді  нашар 
қылықтарға  еріп  кету  қаупі  зор.  Бұған  қоса,  өтпелі  кезеңде  жасөспірімдердің  романтикаға 
деген құмарлығы күшейіп, ол ойындағыдай болмай қалған жағдайда салдары өз өзін өлімге 
қиюға дейін апаратын жайттар кездеседі. Жасөспірім бұл шақта өзінің дене бітіміне мән бере 
бастайды.  Биологиялық  жетілу  барысында  дене  бітімінде  кемістік  болса,  мазасызданады. 
Жасөспірімдерде  өзін  салыстыра  бастайтын  өз  сұлулық  эталоны  болады.  Көпшіліктен 
ерекшеленіп, көзге түсуге тырысады. Қыз балалар мен ұлдардың арасындағы қарым-қатынас 
та  қалыптылығын  сақтай  алмайды.  Бұл  кезеңде  қыздар  мен  ер  балалар  арасында  өзіндік 
айырмашылықтар  да  кездеседі.  Қыздарда  жасөспірімдік  дағдарыс  ұлдарға  қарағанда  ерте 
басталып, тезірек аяқталады. Қыз балалар үшін өтпелі кезеңде жыныс гормондарында үлкен 
өзгерістер  орын  алып,  сол  өзгерістер  оның  жүйке,  қан  тамырлары,  эндокринді  жүйесінде 
ауытқулар, қимыл қозғалыстарында ебедейсіздіктер тудырады. Қыз бала әсіресе өзінің жеке 
бой  күтіміне  ерекше  мән  береді.  Ұл  балаларда  бұл  кезде  қарсыласу,  бұзықтық,  тілазарлық 
жиілеп,  ересек  болып  көрінуге  көбірек  талпынады.  Физиологиялық  жағынан  иықтары 
кеңейіп,  белдері  жіңішкереді.  Дауыстары  тұрақсызданып,  нәтижеде  жуандай  түседі.  Әке-
шешесіне  талап  қоюы  жиілейді.  Отбасындағы  жайсыздықтарға  қатты  намыстанып,  ата-
анасына да сын көзбен қарайды. Тез өкпелегіш, көңілге алғыш, тыз етпе ашуланшақ мінезге 
тап болады. Психолог мамандар бұл  уақытта жасөспірімдердің өмірден түңіліп, айналадағы 
құбылыстардың  барлығын  жағымсыз  қабылдайтынын  айтады.  Жасөспірімдер  түрлі  арман 


 
 
87 
 
мен қиялға беріліп, өзіндік өмірдегі таңдауын жасауға талпынады. Бұл кезеңнің балалардың 
тәртібі  мен  сабақ  үлгеріміне  кері  әсері  бар.   Кейбір  балалар  қоғамды  жатсына  бастайды. 
Ағзада  болатын  өзгерістерге  байланысты  өтпелі  кезеңде  жасөспірімдер  өмірінде  сезімге 
берілгіштік,  түрлі  мазасыздықтар  көбейеді.  Сондықтан  ата-аналар  мен  ұстаздар  үшін  ең 
басты  нәрсе:  бұл  күйзелісті  әрі  сыртқы  ортаның  ықпалына  тез  ұшырайтын  өтпелі  кезеңде 
жасөспірімдерге түсіністікпен қарап, оларға өмірге керекті дұрыс, басалқы ақыл-кеңес беріп, 
салдары  ауыр  болатын  жаман  әдеттерден  сақтандыру.«Өтпелі  кезеңдегі  жасөспірімдер» 
бейнефильмі ұсынылды. Әр ата-ана бейнефильм туралы  ойымен бөлісті.Топтық жұмыстар 
ұйымдастырылды. «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімнің тәрбиесіне отбасының ықпалы», «Өтпелі 
кезеңдегі  жасөспірімнің  тәрбиесіне  мектептің  ықпалы»,  «Өтпелі  кезеңдегі  жасөспірімнің 
тәрбиесіне  достарының  ықпалы»,  «Өтпелі  кезеңдегі  жасөспірімнің  тәрбиесіне  қоғамның 
ықпалы»  Топтар  өз  тақырыптары  бойынша  презентация  жасады.Мектеп  психологы  мен 
дәрігер ата- ана өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар балаларының өтпелі кезеңіндегі тәрбиенің 
маңызы  туралы  мол  ақпарат  алғандары  туралы  кері  байланыста  жазды.  Ата-әжесі  мен  әке-
шешесімен  бірге  тұратын  баланың  тәрбиесінде  осы  кезеңде    жауапкершіліктің  жоғары 
болатынын 
жас 
ата-ананың 
 
жазған 
ойынан 
білдім.                                                                                                   
Балалармен  «  Отбасындағы  әдет-ғұрыптар»  тақырыбында    әңгіме  жүргізілді.    Жанұяда 
қандай  әдет-ғұрыптарды  ұстанасыңдар?  деген  сұраққа.  Біздің  үйде      әке,ана  және  балалар 
бірге  отырып  ішкен  ас  тәтті  болады  дейді,    сондықтан  біз  үстел  басына  барлығымыз 
жиналғанда 
тамақ 
ішеміз. 
Отбасындағы 
өздерінен 
кіші 
балаларға 
көмектесетіндерін,үлкендердің айқандарын тыңдайтындарын айтты.Отбасында қандай күнді 
атап  өтесіндер?-  деген  сұраққа  балалар  туған  күндерін,  жаңа  жыл,  8  наурыз,    наурыз 
мерекелерін  айтты.  Балаларды  бір-бірімен  жақсы  араласып,танымдық  ойындармен 
қызығушылықтарын арттыруға,  мерекелік дастархан басына жинауды  ата-аналармен бірігіп  
жоспарладық. Жаңа жыл, 8 наурыз, 7 мамырда  мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Әр 
отырыста  балаларға    ұнайтын    түрлі  танымдық  ойындар  ойналып,  қызықты  көріністер 
көрсетілді.  
Тәрбие  сағатында  оқушылардың  жақсы  қасиеттерін,  ұнамайтын  қасиеттерін,  жақсы 
әдеттерін,  жаман  әдеттерін  анықтадым  да  ата-аналарлармен  балалардың  жағымсыз 
қасиеттерін,  жаман  әдеттерін  тыю  үшін  «Отбасындағы  бала  тәрбиесі»  тақырыбында 
жиналыс  өткізілді.  Балалардың  жақсы  қасиеттері:  еңбекқорлық,  мейірімділік,ақ  көңілділік, 
адалдық,кішіпейілділік.    Ұнамайтын  қасиеттері:  тез  ашулану,  қызғаншақтық,  қырсықтық, 
ұмытшақтық, жеңілтектік. Жақсы әдеттері: ерте тұру,сөзінде тұру, жауаптылық, ұқыптылық.  
Жаман  әдеттері:  жалқаулық,  көп  ұйықтау,  кеш  жату,  интернетте  ұзақ  отыру,  қатты  сөйлеу, 
сөз  қайтару,  еркелік,өтірік  айту.  Жиналыста  «Менің  балам  фразасын  10  рет  жазыңыз.  Енді 
осы  фразаны  өз  балаңыздың  мінезімен  байланыстырып,  жазбаша    осы  нұсқаларды  
жалғастырыңыз деген тапсырма берілді. Мысалы: «Менің балам ұқыпты», «Менің баламның 
зейіні  төмен».  Ата-аналаржазған  мінездемелерді  екі  топқа  бөлді.1.Баласының  бойындағы 
жағымды  қасиеттері  2.  Өзгерткісі  келетін  қылықтары  Енді  ата-аналарды  күнделікті 
тәжрибелеріне  жүгінуге  шақырдым.  Елестетіңіз,  заманауи  үлкен  супермаркеттің  алдында 
тұрсыз. Онда үш қабат бар: 
1-ші қабатта сапасы төмен ақауы бар заттар сатылады. 
2-ші қабатта орташа сапалы және орташа бағадағы заттар  
3-ші қабатта ең  сапалы,жақсы заттар сатылады 
-Сіз қай қабаттан заттарды сатып алғыңыз келеді? Ата-аналар кезекпен жауап берді. 
Отбасымызда бала өмірге келгеннен бастап  біз оның «3-ші қабатқа» сәйкес келгенін 
ақылды,  ақкөңіл  болып,  музыкалық  мектепке  немесе  шет  тілдері  мектебіне    барғанын 
қалаймыз.  Мүмкін қиял арманымыз орындалар.... 
Өкінішке орай, өмірде бәрі керісінше. Әр бала өзінше бір әлем. Оның бойында 1,2,3 
қабаттардан  бір  нәрсе  болады.Сіздің  балаңыз  да  одан  тыс  емес,оған  көзіңіз  жетеді.  Оның 
бойында  сізге  ұнайтын  жағымды  қылықтармен  қатар,өзгерткіңіз  келетін  қылықтар  да 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау