«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет80/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   146

 
 
164 
 
1.  Маман даярлауда оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жетілдіру жөніндегі 
озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату 
2.  Әдістемелік  және  эксперименттік  жұмысты  ұйымдастыруда  көмек  көрсету 
(отандық және шет елдік озық тәжірибелермен таныстыру)  
3.  Авторлық  бағдарламаларды,  әдістемелік  құралдарды  және  электрондық  оқу-
материалдарды құрастыруда көмек көрсету  
4.  Оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту  шеберлерінің  кәсіби  әрекетіне  ақпаратты-
инновациялық көмек көрсету. 
Колледждің  әдістемелік  жұмысының  құрылымы  әдістемелік  мәселеден  басталып 
мақсаттары,  міндеттері  колледж  миссиясы  айқындалып  әдістемелік  жұмыстың  негізгі 
бағыттары анықталады. 
Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары: 
-басқару 
-технологиялық 
-педагогикалық 
-ғылыми 
Қызметі:  
-ұйымдастырушылық, үйлестірушілік 
- диагностикалық 
-коммуникативтік 
-жетілдіру 
Колледждегі әдістемелік  жұмыс төмендегідей бағыттарды қамтиды: 
• Әдістемелік қызмет 
•  Пәндік циклдік комиссия  
• Инновациялық процестер  
• Оқытушылардың жұмыс тәжірибелерін зерттеу, жинақтау,тарату  
• Ғылыми –зерттеу,эксперименталды жұмыс 
• Инновациялық технологиялардыенгізу 
• Ақпараттық-әдістемелік қызмет 
• Оқу-әдістемелік жұмыстардың мониторингі 
• Жас мамандармен жұмыс 
• ОӘК,оқулықтардың т.б. басылымдары 
 


 
 
165 
 
 
Әдістемелік жұмыс жеке және топтық жұмыс формалары арқылы, колледж қызметін 
түрлі  бағыттар  бойынша  оқу-әдістемелік  қамтамасыздандыру,  ҚР  мемлекеттік  білім  беру 
стандарттарының  талаптарына  сәйкес  оқу-бағдарламалық  және  оқу-жоспарлау  құжаттарын 
әзірлеу  мен  жетілдіру  бойынша  педагогикалық  ұжымның  жұмысын  ұйымдастыру  арқылы, 
сонымен  қатар  педагогикалық  кадрлардың  кәсіби  біліктілігін  және  құзыреттілігін  көтеру, 
ғылыми-тәжірибелік  жұмыстар,  педагогикалық  және  әдістемелік  кеңестердің  жұмысы, 
әдістемелік кабинет және пәндік-циклдық комиссия жұмысы арқылы жүзеге асырылады. 
«Қазіргі  кезеңде  жаңа  педагогикалық  технологиялар  негізінде  оқытушының  кәсіптік 
құндылық  сапасын    қалыптастыру»  секілді  жаңа  заман  талабын  орындау  мақсатында 
колледжде 4 пән циклдық комиссиялары жұмыс жүргізді. Әлеуметтік –гуманитарлық пәндер 
циклдык  комиссиясы  меңгерушісі  -  Ш.Т  Абушарипова,  жаратылыстану-математика  пәндер 
ЦК  меңгерушісі-  Ш.К.  Турлыбекова,  өнеркәсіптік-коммуналдық  ЦК  меңгерушісі- 
Б.М.Бүйембаев, техникалық біріктірілген мамандықтар ЦК меңгерушісі-Н.М. Маукулова. Әр 
пәндер циклдык комиссиясы өз алдарына мақсат қойып, айқындалған бағыт бойынша жұмыс 
жасауда. 
Педагогика  ғылымындағы,  пән  әдістемелеріндегі  жаңалықтарды  шығармашылықпен 
сабақта  қолдану,  сабақты  өмір  талабына  сай  етіп  құру,  оқушы  белсенділігін  арттыру 
тұрғысында  пәндер циклдык комиссиясы мүшелері  жұмыла еңбек етуде.  
Әдістемелік  қызмет  –  ол  біртұтас  жүйе.  Колледждің  ғылыми-әдістемелік  және 
эксперименттік,  оқу-тәрбие,  озат  педагогикалық  тәжірибені  бір  жүйеге  келтіре  отырып, 
біліктілікті  көтеруге,  шығармашылық  әлеуетін  (потенциалын),  кәсіби  шеберлігін  арттыруға 
бағытталған жүйе болып табылады. 
Білім  беру  жүйесіндегі  қазіргі  талап,  сабақты  ұйымдастырудың  тиімді  жолдарының 
бірі  оқытудың  жаңа  технологияларын  орынды  қолдану  болып  табылады.  Инновациялық 
педагогикалық  технологияларды  қолдану  оқу  процесін  сапалы  түрлендіруге,  жаңашыл 
жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму 
жолын  табуға,  әрбір  оқытушыға  өзінің  әдістемелік  жүйесін  құруға  септігін  тигізер  еді. 
Сондықтан  қазіргі  кезеңде  оқытудың  инновациялық  технологияларын  оқу  орындарының 
практикасына белсенді түрде ендіру – қоғам талабы. 
2015-2016  оқу  жылында  Алматы  облысының  білім  басқармасы  мен  облыстық 
кәсіпкерлер  палатасы  бірлесіп  бекіткен  «Дуалды  оқытудың  жол  картасы»  негізінде 
колледжде «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану» 
мамандығы  «Газ  объектілерінің  құрал  –  жабдығын  пайдалану  технигі»  біліктілігі  бойынша 
мамандар дайындау дуалды оқыту жүйесі бойынша іске асырылуда.  
Дуалдық оқытудың талаптарын орындау мақсатында облыстық білім басқармасының 
техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  беру  бөлімінің  басшылығымен 
жаңадан  оқу  жоспары  құрастырылып,  Білім  және  ғылым  министрлігіне  қарасты 
«Республикалық    ғылыми  –  әдістемелік  орталығы»  АҚ  –  ның  Алматы  облыстық  филиалы 
және  «Жетісу Газ» корпорациясымен келісілді.  
Білім  алушылар  тәжірбие  барысында  заводта  өндірілетін  өнімдерге  өздерінің 
үлестерін  қосуда.  Бұл  оларды  еңбек  ұжымының  атмосферасын  сезінуге,  еңбек  тәртібін 
сақтауға,  есейіп  -ер  жетуіне,  өмірге  деген  көз  қарасының  қалыптасуына  оң  әсер  етеді.  Өз 
қабілеті мен шеберлігінің дәлелі ретінде 2016 жылы наурыз айында Талдықорған қаласында 
өткен аймақтық Worldskills Тaldykorgan чемпионатында 34 топ білім алушысы Сибигатулин 
Андрей  «Дәнекерлеу  ісі»  мамандығы  бойынша  Бас  жүлдені  жеңіп  алғандығын  айтуға 
болады. 
Ұстаздардың  біліктілігін  көтеру  мақсатында  оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту 
шеберлері  Республикалық  және  облыстық  мамандар  кәсібін  дамыту  институттарынан 
курстан  өтіп,  әдістемелік  семинарлар  мен  педагогикалық  оқулар  жыл  сайын 
ұйымдастырылып тұрады. Атап айтсақ колледжде оқытылатын мамандықтарға үгіт насихат 


 
 
166 
 
жүргізе  отырып,  кәсіптік  білім  берудің  сапасын  арттыру,  жұмысшы  мамандығының 
мәртебесін  көтеру  мақсатында  2016  жылдың  29  наурызындаТәуелсіздіктің  25  жылдығына 
орай«Терең  білім–тәуелсіздігіміздің  тірегі»  аттыоблыстық  әдістемелік  кабинетпен 
келісіліп,  жалпы  бiлiм  беретiн  пәндері  және  мамандықтар  бойынша   облыстық  олимпиада 
өткізілді. 
Елбасының  «Мәңгілік ел» бағыты аясында «Отан ғылымына үлесі» атты тақырыпта 
ғылыми-  тәжірибелік    конференция  өтті.Ғылыми  –  тәжірибелік  конференцияға  облыс 
колледждерінен  келген  өз  ісінің  майталманы,  озық  тәжірибелі  оқытушылар  мен  білім 
алушылары 
өздерінің 
ғылыми 
жобаларын 
таныстырып, 
тәжірибелерімен 
бөлісті.Конференцияның 
басты 
бағыты 
мен 
алға 
қойған 
мақсаты 
Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  дәстүрлі  жолдауындағы  «Мәңгілік  ел» 
қағидасын  қуаттай  отырып,  Отан  ғылымына  өз  үлестерін  қосу  болып  табылды.  Сондай-ақ 
басты  нысананың  бірі  ХХІ  ғасырда  экономикалық  және  нарықтық  бәсекелестікке  қабілетті 
мамандарды  дайындау,  білім  беру  үрдісінде  жаңа  инновациялық  технологияны  пайдалану, 
әлемдік білім стандартын қалыптастыру да көзделді. 
Облыстың  әр  аймағынан  келген  алдыңғы  қатарлы  оқытушылар  мен  білім  алушылар 
ұзақ жылдар бойы жиналған білім қоржынын ақтарып, оқу –тәрбие үрдісінде инновациялық 
технологияларды  тиімді  пайдалану  жолдарын  ұсынды.  Әрбір  қатысушы  тыңнан  жаңалық 
іздеген, шығармашыл, көкірек көзі ояу, заманмен аяқ алысы тең, отандық ғылым мен білім 
жүйесін алға жылжытушы прогрессивті интеллигенция өкілдері екендігін тағы бір дәлелдеп 
берді.  
Оқытушылар  мен  өндірістік  оқыту  шеберлерінің  ақпараттық  технологияны  тиімді 
пайдалана  отырып,  жаңа  форматтағы  педагогтардың  шеберлігін  шыңдау,  техникалық  және 
кәсіптік  білім  беру  мазмұнын  заманауиландыру  жолында  білікті  мамандар  қалыптастыруға 
жаңаша  тұрғыдан  талдау  жасай  отырып  тәжірибе  алмасу  мақсатында  «Инновациялық 
технологиялар  -  кәсіби  мамандарды  сапалы  дайындаудың  негізгі  жағдайы»  тақырыбында 
қаңтарпедагогикалық оқулары өткізілді. 
Оқу  үдерісінде  сапалы  білім  берудің  әдіс-тәсілдерін   зерделеу  мақсатында 
 пәндік  циклдік  комиссия  оқытушыларымен  бірлесе  отырып    бірнеше  семинар-
тренингтер  ұйымдастырылды.  Қараша  айында «Оқу процессінде сыни тұрғыдан ойлау 
стратегияларын  қолданудың  тиімділігі»  (әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  циклдық 
комиссиясы), ал практикалық бөлімінде «Колледждегі білім алушыларымен ғылыми- ізденіс 
жұмысын  ұйымдастыру»  тақырыбында  тренинг  жүргізді,  қаңтар  айында  «Арнайы  пәндер 
сабақтарында  кәсіби  шеберлікті  жетілдірудің  тиімді  жолдары»  (техникалық  біріктірілген 
мамандықтар  циклдық  комиссиясы),  наурыз  айында  «Оқытудың  инновациялық 
технологияларының 
элементтерін 
пайдаланып, 
білім 
алушылардың 
танымдық 
қызығушылығын 
арттыру» 
(жаратылыстану 
–математика 
пәндер 
циклдық 
комиссиясы) тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілді. 
Ғылымның  әр  салалары  бойынша  дарынды  білімг ерлерді  таңдап  және 
олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мақсатында  оқытушылар  мен  білім 
алушылардың ғылыми –зерттеу жұмыстары ұйымдастырылуда. 
Қазақстан  Республикасы  Кіші  Ғылым  академиясының  ХХV  облыстық  ғылыми-
практикалық конференциясына колледж білім алушылары қатысып нәтижесіндеекінші курс 
білім  алушысы  Жолдасқан  Жомарт  IIдәрежелі  дипломмен  ғылыми  жетекшісі  Рамазанов  С. 
Ж.  және  III  дәрежелі  дипломмен  екінші  курс  білім  алушысы  Ағыбаева  Линара  ғылыми 
жетекшісі  Исабекова  Л.К.  иеленді.  «Көшбасшы»  оқу-әдістемелік  орталығының  «Ұлы  дала 
елі-бәсекеге  қабілетті  көшбасшылар»атты  Республикалық  студенттер  мен  оқушылардың 
ғылыми-практикалық конференциясында Жаныбеков Асқардың жұмысыІІІ орынды иеленді 
ғылыми жетекшісі Абушарипова Ш.Т. 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау