«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет104/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   146

 
 
214 
 
«Мектептер  диалогы»,«МдҰ  әріптестігі»,  «Интеллектуалды  тұлға  –  ұлт  келешегі»  
қауымдастықтары  арқылы    әдістемелік  кабинет  түрлі  бағытта  шығармашылықта 
жұмыстанып  келеді:    байқау,  коучинг,  семинар,  апталық,эксперимент  алаңдары,      жоғарғы 
оқу орнымен байланыс, «Ұлағат» әкелер қауымдастығы т.б 
 -әдістемелік кабинет 
- орта перпендикуляр, ақпаратты жинау, талдау,зерттеу, әдістемелік , шығармашылық 
орталықтары 
-үштік одақ (отбасы, қоғам, мектеп) 
Шеңбер бойы - Орал қаласының білім беру мекемелері. 
Аксиома бойынша, үш орта перпендикулярдың қиылысу нүктесі үшбұрышқа сырттай 
сызылған шеңбердің центрі болып табылады. Бұл аксиома. Олай болса, әдістемелік кабинет 
–   үштік одақ арқылы барлық білім беру мекемелерінің орталығы болып  шығармашылықта 
жұмыстанып отыр.  
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1. 
ҚР Білім туралы Заңы 
2. 
ҚР  білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
3. 
 ҚРЕлбасы Жолдауы  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 30 қараша, 
2015ж 
4. 
Елбасының  Назарбаев  Университетінде    «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты  интерактивтік 
дәрісінен, 5 қыркүйек, 2012 жыл 
5. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  жұмыстарына  заманауи  білім  беру  бағдарламалары  мен 
технологияларын енгізу,  ҚРБжҒМ, «Мектепке дейінгі балалық шақ орталығы, Әдістемелік құрал, 2013 
6. 
Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г 
7. 
Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г 
8. 
Есіркепов  А.Ж,  Жаңаберген  Ә.С,  Мұхамбетова  С.Қ,  Тышқанбаева  А.  Мектепішілік  бақылауды 
ұйымдастыру. Әдістемелік құрал. 2002 ж  
 
 
Инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы 
 әдістемелік қызмет жұмысын дамыту 
 
Елешова А.И. 
БҚО Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы  
мемлекеттік коммуналдық қазыналық 
 кәсіпорыны, І санатты әдіскер 
 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  жұмыстардың  басты  бағыты  –  оқу-тәрбие  үрдісін 
жүйелі  жоспарлау,  жаңа  инновациялық  технологияларды  ендіре  отырып,  балаларды  жан-
жақты  дамытудың  тиімді  жолдарын  қарастыру. Тәрбиелеу  мен  оқыту  үрдісін 
ұйымдастырудағы  негізгі  жауапкершілік  әдіскерге  жүктеледі.  Әдіскер  дегеніміз  –  үнемі 
ізденіс  пен  еңбектің  нәтижесінде  тәжірибе  жинақтайтын,  бүгінгі  қоғам  дамуының 
мүддесінен  шыға  білетін,  өз  мамандығының  шынайы  фанаты.  Әдіскерлік  адам  жанының 
қалауы мен тәжірибесінің нәтижесінде келетін шеберлік.  
Мен  Батыс  Қазақстан  облысы,  Орал  қаласындағы  №34  «Балбұлақ»  бөбекжайының 
әдіскері  қызметін  атқара  отырып,  мектепке  дейінгі  ұйымда  инновациялық  тәртіпте  жұмыс 
істеуге  дайын,  инновациялық  және  эксперименталды  жұмыс  ұйымдастыра  білетін, 
ақпараттық технологияларды меңгерген, басқалардың сөзіне құлақ асатын, қарым-қатынасқа 
түсетін, өз мамандығын және балаларды жақсы көретін маманмын. (қосымша 1) 
Іскер әдіскер тәрбиелеу-оқыту үрдісіне қойылатын міндеттерді анықтай отырып, оны 
шешудің  жолдарын  қарастырады.  Мектепке  дейінгі  ұйым  әдіскері  жұмысының  негізгі 
бағыттары мыналар: 
- мектепке дейінгі ұйымның ғылыми-әдістемелік қызметін ұйымдастыру; 


 
 
215 
 
-  инновациялық және эксперименттік жұмысты ұйымдастыру; 
-  озат педагогикалық тәжірибені зерделеу, тарату; 
-  педагогтардың біліктілігін арттыру, кәсіби дайындау; 
-  мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ынтымақтастығын арттыру. 
Әдіскерлік  қызметімді  2008  жылдың  күзінде  елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  қатысуымен 
ашылған  Орал  қаласындағы  №34  «Балбұлақ»  бөбекжайынан  бастап,  жұмыстанудамын. 
Бөбекжай  Орал  қалалық  білім  беру  бөлімінің  «№34  «Балбұлақ»  бөбекжайында  оқу-тәрбие 
жұмысын үш тілді бағытта жүргізу туралы» (08.09.2008 жылғы №372-Ө) бұйрығына сәйкес, 
бөбекжайдың тәрбиеленушілерімен барлық жұмыстарды үш тілді бағытта (қазақ-тілі, орыс-
тілі, ағылшын-тілі) жүйелі жүргізіп келеді.  
Елбасымыздың  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқытумен  қамтамасыз  ету 
жөніндегі  2010-2020  жылдарға  арналған  «Балапан»  бағдарламасында  «Мектепке  дейінгі 
ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту бағытында жұмыстарды енгізу керек» делінген. 
Елбасымызды  тапсырмасын  жүзеге  асыру  және  бөбекжай  бүлдіршіндеріне  алғашқы  білім 
беру, тәрбиелеу жұмыстары барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы балалардың танымдық 
қабілеттерін арттыру мақсатында «Балалардың логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық 
ойындар  арқылы  үш  тілде  дамыту»  тақырыбындағы  тәжірибе  алаңын  (Орал  қалалық  білім 
беру бөлімі №604-Ө бұйрығы) ашып, жұмыстанудамыз.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  берілетін  білім  тек  ойын  арқылы    жүзеге  асады. 
Ойын  арқылы  балалардың  танымын  дамыта,  ойната  отырып,  ана  тілімен  қатар,  орыс, 
ағылшын  тілдерін  жас  ерекшеліктеріне  сай,  ойын  барысында  үйрету  сынды  тиімді  әдісті 
қолдану  барысындағы  еңбегіміздің  нәтижесі  жаман  емес.  Бес  білім  беру  саласына  сай 
жабдықталған  бөбекжайдың  барлық  топтарына  қосымша,  тәжірибе  алаңының  жұмысын 
тереңдете жүргізу үшін «интеллектуалды аймақ» жабдықталды. Бұл бұрыш балалардың жас 
ерекшеліктеріне сай, түрлі материалдардан жасалған логикалық ойындармен толықтырылып 
отырылды. Интеллектуалды, логикалық ойындар ұйымдастырылған оқу қызметінде, күннің І 
және ІІ жартысында қосымша ойнатылып, балалар интеллектінің дамуына өз әсерін тигізуде. 
Тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстың 
бағыттары 
анықталып, 
алаңның 
бағдарламасы, іс-шаралар жоспары жасалып, мақсат-міндеттері анықталды, күтілетін нәтиже 
нақтыланды. «Балалардың логикалық ойлау қабілетін, интеллектуалдық ойындар арқылы үш 
тілде дамыту» тақырыбындағы бағдарламасы (ҚББ Хаттама №3, 29.01.2016ж)   құрылды. 
Бағдарламаның мақсаты: 
• Мектеп жасына  дейінгі балаларды интелектуалдық әр түрлі ойындар арқылы  ақыл-
ойын  дамыту,  ойлау  қабілеттерін  үш  тілде  жетілдіру,  өзіндік  іскерлік  қасиеттерін 
қалыптастыру; 
• Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  балаға  алғашқы  білім  беру,  тәрбиелеу  жұмыстары 
барысында  түрлі  әдіс-тәсілдерді  ойын  түрінде  үйлестіре  қолдану,  оқыту  мен  тәрбиелеу 
мазмұнын жаңарту; 
• Балалардың  логикалық  ойлау  қабілеттін  арттыру  барысында  үш  тілді 
интеллектуалдық ойындарды қолдану арқылы әдіс-тәсілдерді жаңалау;   
• Отбасындағы қарым-қатынас үндестігі және оның бала тәрбиесіне ықпалын арттыру; 
• Баланың  жас  ерекшелігін  ескере  түрлі  логикалық  тапсырмалар  беру  арқылы, 
білімнің  беріктігін  қамтамасыз  ету,  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту, 
интеллектуалдық деңгейін көтеру. 
Міндеттері: 
• Танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттерімен бірге, логикалық ойлау қабілеттері жан-
жақты  дамыған  еркін  ойлы,  жасына  сай  үш  тілде  білімі  жетік,  ерікті-жігерлі,  өзіне  сенімді 
балдырғанды келесі білім сатысына  - мектепке дайындау;  
• Баланың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту  жұмысының  қаншалықты  маңызды 
екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына ата-аналарды 
қатыстыру;  


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау