Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі.
Алматы, «Өнер», 1992.
2. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. – Музыка мектептерінің 1-
5 кластары үшін. Құрастырған Қ. Мерембаев – Алматы, «Өнер», 1980.
3. Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы, «Өнер», 1983.
№ 6-шы тақырып: «Дыбыс шығару тәсілдері (Штрихтар)»
Мақсаты: Штрихтарды меңгеру.
Тапсырма : Қол қойылымының дұрыс болуын қадағалап, штрихтарды меңгеруге жаттығу.
Әдістемелік нұсқау:
Домбырада дыбыс шығару тәсілдерін штрих деп атаймыз. Штрихтардың бірнеше түрлері болады: пиццикато, тремоло, қос пиццикато, т.б. Шығармаларда оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато штрихы деп аталады. Ол екі әдіспен орындалады: 1. Бас бармақпен төмен қарай орындау, 2. Сұқ саусақпен төмен және жоғары қарай орындау. Штрих пьесаны орындау мәнеріне орай саусақтың өзімен немесе білек буынының көмегімен атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |