Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Позицияларды пиццикато штрихымен меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Себебі, шығармаларды, әсіресе, жалғыз
ішекте орындалатыншығармаларды орындау кезінде сол қол саусақтары домбыра мойнының барлық жерінде де ішектен ішекке жиі ауысып, қол
қозғалысы саусақтардың жеке қимылдарына негізделеді. Позицияларды меңгеруге арналған жаттығуларды, этюдтар мен пьесаларды ойнау барысында саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау қажет. Сол сияқты позициядан позицияға көшкенде де саусақтардың позициялық қалпы сақталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |