Әдістемелік нұсқау:
Пьесамен жұмыс жасағанда нота мәтінінің дұрыс орындалуына, ырғақтың біргелкі болуына ерекше мән берілуі керек. Концертмейстермен ойнағанда ансамбльдік үйлесімнің дұрыс болғанын қадағалаған дұрыс.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі.
Алматы, «Өнер», 1992.
2. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. – Музыка мектептерінің 1-
5 кластары үшін. Құрастырған Қ. Мерембаев – Алматы, «Өнер», 1980.
3. Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы, «Өнер», 1983.
№ 10-шы тақырып: «Гамма, арпеджио».
Мақсаты: Гаммалар, арпеджиоларды дұрыс қол қойылымдарымен, дұрыс аппликатурамен, біргелкі ырғақта ойнап үйрену.
Тапсырма: Гаммалар, арпеджиоларды дұрыс қол қойылымдарымен, дұрыс аппликатурамен, біргелкі ырғақта ойнауға жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |