Қорытынды мемлекеттік
атестаттауды өткізу бойынша Нысан
әдістемелік нұсқаулар ПМУ ҰС 7.18.3/21
Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізу бойынша
050608 – Экология мамандығының студенттеріне арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Павлодар
Қорытынды мемлекеттік
атестаттауды өткізу бойынша Ф СО ПМУ 7.18.3/27
әдістемелік нұсқаулар
БЕКІТЕМІН
ОІ бойынша проректор
____________Пфейфер Н.Э.
«____»__________ 20__ж.
050608 – Экология мамандығының студенттеріне арналған
Қорытынды мемлекеттік атестаттауды өткізу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Әдістемелік нұсқаулар Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру мамандығының стандарттары ГОСО ҚР 3.08.368–2006, Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы және ГОСО ҚР 5.03.016 – 2008 «Жоғарғы оқу орындарындағы дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережелері. Негізгі ережелер» негізінде құрастырылған.
Құрастырушы _________________ БжЭ каф. аға оқытушысы Биткеева А.А.
Биология және экология кафедрасы
Кафедра мәжілісінде ұсынылған хаттама №_____ «___»________________200_ж.
Кафедра меңгерушісі__________________Исимбеков Ж.М.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен қабылданған 200_ж. «___»_____________ №_____ хаттама
ОӘК төрағасы________________________________Буркитбаева У.Д.
КЕЛІСІЛДІ:
Факультет деканы _______________ К.К. Ахметов 200_ж. «____»____________
Жжәқб құпталды:
ЖжӘҚБ бастығы ______________ А.А. Варакута 200_ж. «____»_____________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
200_ж. «_____»______________ №____ хаттама
Кіріспе
Студенттердің қорытынды мемлекеттік аттестация өткізу үрдісі олардың меңгеру деңгейін анықтау мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жоғарғы кәсіби білім беру деңгейіне сай келу мақсатында өткізіледі, осының нәтижесінде білім алған туралы құжат(диплом) беріледі.
Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты мемлекеттік аттестацияны дайындау және өткізуді ұйымдастыру, тестік тапсырмалардың мәліметтері, әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар, алған білімдер анализ машықтарын енгізу сұрақтарын зерттеу кіреді. Қорытынды мемлекеттік аттестация студенттің барлық кәсіби оқу бағдарламасының пәндерінен оқу жетістіктерін сынау және студенттің академиялық кезеңіндегі оқу жетістіктерін, алынған теориялық білімдерін, олардың меңгеру беріктігін, шығармашылық ойлаудың дамуын, өзіндік жұмыс машықтарын, алынған білімдерін жүйелеу біліктілігін және оларды тәжірибеде қолдануын бағалау мақсаты болып табылады.
Қорытынды мемлекеттік аттестацияның және мемлекеттік емтихандардың мақсаттары мен міндеттері
050608 – Экология мамандығы бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияның және мемлекеттік емтиханның мақсаты маманды кәсіби дайындауды қалыптастыратын пәндер кешені бойынша студенттердің ғылыми – теориялық білім деңгейін, оларды жиі тәжірибелік шешу кезінде қодану машықтарын, сонымен қатар дипломдық жобалауда анықтау.
Мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияның және мемлекеттік емтиханның міндеттері:
- жүйелеу, мамандық бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік машықтарды кеңейту және бекіту, және оларды нақты ғылыми және өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану;
- өздік жұмысты жүргізу машықтарын дамыту;
- болашақ бакалаврдың (маманның) мақсатына байланысты қазіргі өндіріс, ғылым, техника жағдайында өзіндік жұмысқа дайындығын анықтау;
- студенттің емтихан билетінің сұрақтарына жауап беру шеберлігін бағалау, ол оқу барысында және мекемелердегі өндіріс тәжірибелері кезінде алған теориялық дайындықтарын студент білімін кешенді ашады.
Қортынды мемлекеттік аттестацияны және мемлекеттік емтиханды өткізу түрлері
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан, Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігінің 23 желтоқсан 2005 жылғы №779 қабылданған бұйрығы бойынша 050608 – «Экология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға ортақ Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сәйкес өткізіледі.
Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізіледі. Әр нұсқада тестік сұрақтар 50 сұрақ құрайды. Күрделі деңгейлер: жеңіл, орташа және қиын.
Мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін студенттер қорытынды жұмыстарын қорғайды.
Дипломдық жұмыс жазылған қорытынды жұмыс болып табылады, ол оқудың соңғы кезеңінде орындалады, егер де ол мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарты мен мамандықтың оқу жоспарымен алдын ала ескерілсе.
Дипломдық жұмысты орындау мақсаттары:
1) жүйелеу, мамандық бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік машықтарды кеңейту және бекіту, және оларды нақты ғылыми және өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану;
2) өз бетімен жұмысты жүргізу машықтарын дамыту және мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде ғылыми зерттеулер әдістемесін меңгеру;
3) студенттің өзіндік жұмысқа қазіргі өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайында дайындығы, сонымен қатар оның кәсіби біліктілік деңгейін анықтау.
Дипломдық жұмыс белгілі бір мамандыққа сәйкес келетін ғылым саласының өзекті мәселелерін өзіндік оқу мен зерттеу нәтижелерін жалпылау болып табылады.
Дипломдық жұмыс ғылыми жетекші басшылығымен орындалады және келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
1. ғылымдармен, сарапшылармен, тәжірибелермен өткізілгенз зерттеулердің, жоба шешімдер нәтижелерін жалпылау;
2. зерттелген нысан бойынша негізделген ғылыми теориялық шешімдерден құралу керек;
3. ғылыми негізделген нәтижелері болу керек, оларды пайдалану белгілі бір міндетті шешуді қамтамасыз етеді.
Қорытынды жұмыс мамандық бойынша оқу үрдісінің соңғы кезеңі болып табылады. Қорытынды жұмыстың мазмұны экологиялық іс-әрекеттерді жүзеге асыру, мақсат, ресурс және нәтиже бойынша; экологиялық іс-әрекеттерді басқару саласында инновациялық іс-әрекеттерді жұмысты ұйымдастыру; экологиялық іс-шараларда алдын – ала және іздеу-құтқару жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру; экологиялық іс-әрекетді болжамдау және мәселелерді диагностикалау мен зерттеу.
Қорытынды жұмыс автордың өзіндік шығармашылық жұмысын көрсету керек және өткізілген зерттеулердің іргетасы деңгейін бағалауға мүмкіндік беру керек.
Дипломдық жұмысты жазу және қорғауға , Мемлекеттік жалпы ортақ білім беру стандарты мамандық бойынша соңғы семестрде 360 сағат бөлінеді.
Ғылыми зерттеу келесі қисын сызбасы түрінде көрсетуге болады:
1. нысанды және зерттеу пәнін таңдау
2. зерттеу тақырыбын анықтау
3. орындау жұмыстар графигін құрастыру
4. таңдалған тақырыптың өзектілігін дәлелдеу
5. ғылыми зертеудің мақсаты мен міндетін қабылдау
6. зерттеуді өткізу әдісін таңдау
7. ғылыми зерттеу үдісінің анализі және баяндау
8. алынған нәтижелерді қорытындылау және бағалау.
Үш жұма бұрын алдын ала қорытынды жұмыстың қорғалуы өткізіледі, онда орындалған жұмыстың дайындық деңгейі бағаланады, алда тұрған қорғаудың дайындығына ұсыныстар беріледі. Қорытынды жұмыстың қорғалуы мен нәтижелердің бағалануы мемлекеттік аттестация комиссиясы мен дайындық бағыты бойынша ұйымдар мен мекемелердің өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Есеп берудің қорғауы жеке өткізіледі.
Бітіру жұмыстарының рәсімделуі С.Торайғыров ат. ПМУ әдістемелік нұсқауға 4.01.2-06 «Оқу құжатнамасының рәсімделу ережелері» сәйкес өткізіледі. Әдістемелік нұсқаудың құрылымына сай диломдық жұмыс титул бетінен, тапсырмадан, мазмұнан, сілтеулерден, анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан, кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған көздер тізімінен және қажетті жағдайда қосымшадан құрылады. Дипломдық жұмыстың мәтіні қажетті жағдайда бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Жұмыстың көлемі 60 беттен кем емес болуы керек. Қолданылған әдебиеттер тізімі 35 атаудан кем емес болуы қажет. Тақырып бойынша зерттелген әдебиеттер 1990-2000 жж. кеш болмауы керек.
Бір дипломдық жұмыстың қорғалу уақыты бір студентке 50 минуттан аспау керек. Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент МАК алдында баяндамасын 15 минут қорғайды. МАК әрбір мүшесіне студент дипломдық жұмыстың қосымшасын (қысқаша түсініктеме) ұсынады.
Қорытынды мемлекеттік аттестация студенттің барлық кәсіби оқу бағдарламасының пәндерінен оқу жетістіктерін сынау және студенттің академиялық кезеңіндегі оқу жетістіктерін, алынған теориялық білімдерін, олардың меңгеру беріктігін, шығармашылық ойлаудың дамуын, өзіндік жұмыс машықтарын, алынған білімдерін синтездеу біліктілігін және оларды тәжірибеде қолдануын бағалау мақсаты болып табылады.
3. Мемлекеттік аттестацияның дайындау және өткізуді ұйымдастыру сұрақтары
3.1 Мемлекеттік емтихандардың саны
050608 – Экология мамандығы бойынша кешенді емтихан «Экология» мамандығы бойынша өткізіледі. Кешенді емтихан келесі міндетті компонент пәндерінен тесттік сұрақтар кіреді: топырақтану, қоғамдық экология және түрақты даму, экологиялық білім беру және әлемге көзғарас, қоршаған орта мониторингі, қоршаған орта ілімі, өсімдік, жануар және микроағзалардың биоалуантүрлілігі.
3.2 Шолу лекциялары мен кеңестер
Мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестация мен мемлекеттік емтиханға дайындық кафедрамен, оқу бөлімі мен деканатпен алдын ала дайындалған жоспар жұмысы бойынша өткізіледі.
Мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияны тапсыру алдын ала арнайы дайындық кезеңі беріледі, оқу жоспары мен оқу үрдісінің графигімен қабылданған. Қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындалу кезеңінде шолу лекцияларды оқу ұйымдастырылады, топтық және жеке кеңестер өткізіледі. Шолу лекциялары, мамандық бойынша кешенді емтиханға қосылатын, кафедра оқытушыларымен барлық топқа оқу пәндерінің кезеңіне сәйкес өткізіледі. Шолу лекцияларды өткізуге 1 пәнге 4 сағат қарастырылған, бірақ 20 сағаттан кем аспауы тиіс.
Мемлекеттік емтиханға дайындалу үшін студенттерге бір апта уақыты беріледі.
Қорытынды жұмыстарына кеңестер кестесі графигін құру кезінде әрбір студентке дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшінің бос уақыты ескеріледі.
Шолу лекциялары мен кеңестер кесте графигін кафедра меңгерушісі, факультет деканымен келіседі және оқу ісі бойынша проректормен бекітіледі..
3.3 Кіру рұқсатының тәртібі
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға оқу жоспарын барлық теориялық және өндірістік оқуды орындаған, оқудың барлық курсынан академиялық қарызы жоқ, оқу жоспарымен қабылданған курстық жұмыстарды және мамандық бойынша барлық тәжірибелерді өткен студенттерге рұқсат беріледі.
Студенттердің қорытынды аттестацияға рұқсат берілуі студенттердің тізімі бойынша қорытынды аттестацияның басталуына екі жұма бұрын факультет деканының бұйрығымен рәсімделеді және МАК-қа ұсынылады.
Студенттердің қортынды аттестациясының басталуына дейін МАК келесі құжаттар беріледі:
- дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшінің пікірі, онда онда дәлелді қортынды «қорғалуға жіберіледі» немесе «қорғалуға жіберілмейді» беріледі;
- өндіріс, ғылыми ұйым немесе басқа жоғарғы оқу орын маманның дипломдық жұмысқа рецензиясы, онда қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың жан-жақты мінездемесі және бағамен көрсетілген («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлық емес») негізделген қорытынды беріледі және мамандық бойынша квалификация беру және (немесе) академиялық дәреже «бакалавр» беру.
3.4 Мемлекеттік атестаттау комиссияның жұмысы
Студенттердің қорытынды аттестациясын өткізу үшін әрбір мамандыққа оқудық барлық түрі үшін мемлекеттік аттестациялық комиссия құрылады, оның жеке құрамы С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры бұйрығымен бекітеді, емтиханның басталуына бір ай бұрын. Студенттердің қорытынды аттестациясы білім беру ұйымдарында, жоғарғы кәсіби білім беретін, жоғарғы оқу орындарындағы жұмыс оқу жоспарымен бекітілген, уақытында өткізіледі. МАК құрамына кіреді:
- МАК төрағасы, ірі ғылымдар қатарынан немесе бірінші жетекшілер мен өндірісті ұйымдастыратын, С.Торайғыров атындағы ПМУ-да жұмыс істемейтіндер;
- кафедраның меңгерушісі;
- кафедраның екі-үш оқытушылары.
Ректордық шешімімен МАК құрамына деканат өкілдері, сонымен қатар халық шаруашылық салаларының өкілдері кіруі мүмкін.
МАК қызметіне кіреді:
1) шығарылатын мамандардың ғылыми-теориялық және тәжірибелік дайындықтың, ГОСО жоғарғы білім беру талаптарына сай деңгейін тексеру:
2) оларға сәйке квалификацияны және диплом беру шешімі қабылдау;
3) сәйкес мамандық бойынша бакалавр академиялық дәрежесін беру;
4) мамандарды даярлау сапасын ары қарай жақсартуға бағытталған ұсыныстарды қарастыру.
3.5 Мемлекеттік емтихандар мен бітіру жұмыстарын қорғауды өткізу тәртібі
Мемлекеттік емтиханды және дипломдық жұмысты тапсыру тәртібі білім беру ұйымдарында үлгерімді ағымдық бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік атестаттау өткізу ережелерімен анықталады, білім беру саласындағы орталық атқарушы ұйыммен бекітілген.
Мемлекеттік емтихан жоғарыда аталып кеткендей тест түрінде өткізіледі. Тест түрі С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесімен қабылданады. Мемлекеттік емтиханның өткізу тәртібі мамандық бағдарламасының мазмұнына байланысты өтеді. Тесттік тапсырманың бір нұсқасында 50 сұрақ бар. Әр сұраққа 1,5 мин беріледі, кешенді.
Мемлекеттік емтиханнан өткеннен кейін студенттер дипломдық жұмыстарын қорғауға дайындалады. Студенттерге жеке тапсырма беріледі.
Дипломдық жұмыстардың тақырыпшасы студенттерді дайындаған кафедра құрастырады. Осы құрастырылған тізімнен тақырыпты алмауға студенттің құқығы бар. Осындай жағдайда студент кафедра отырысында толық дәйектеме беруі тиіс. Сонымен қатар кәсіпорындардың тапсырысы бойынша дипломдық жұмыс жазылуы мүмкін. Осы жағдайда студент дайындаған кафедра меңгерушісіне өтініш жазады.
Дипломдық жұмысқа тапсырма оның аяқталу мерзiмімен кафедра меңгерушiсi бекітедi. Күнтізбелік жұмыс графиктерi жеке бөлiмдердiң орындалу кезектiлiгiнiң көрсетуімен жасалады және ғылыми жетекшiлермен сәйкес келедi. Кафедра меңгерушiсі дипломдық жұмыстың орындауы бойынша студенттiң мерзімді есептеу нәтижесiнiң уақыттарын орнатады. Осы уақыт ішінде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында есеп береді. Есеп нәтижесі факультет деканына баяндалады.
Дипломдық жұмысты жазу және қорғауға 4 кредит немесе күнтізбелік уақыттың 5 аптасы ескерілген. Бұл ретте өндірістік тәжірибеде жиналған мәліметтер студенттің дипломдық жұмысының зерттеу бөлімінің негізіне алынады.
Өндiрiстiк тәжiрибенiң соңғы аптасында алдын ала қорғау процедурасы өткізіледі. Дипломдық жұмыстың алдын ала қорғауы кафедраның ашық отырысында студенттер мен ғылыми жетекшілері қатысуымен ұйымдастырылады. Алдын ала қорғау кафедра отырысынң хаттамасымен рәсімделеді.
Дипломдық жұмыстың қорғалуы ашық түрде, студенттердің, кафедра оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекші, ұйымдардың өкілдері, және басқа да қызығушылығы бар тұлғаларды шақыруға рұқсат беріледі.
Бір дипломдық жұмыстың қорғау уақыты, әдетте, бір студентке 30 минуттан артық болмауы керек.
Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестациялық комиссия және келгендердің алдында баяндамасын 15 мин артық емес қорғайды.
Дипломдық жұмысты талқылауда қатысып отырғандардың барлығы сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатыса алады.
Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікір (ғылыми жетекші қатысқан жағдайда жеке сөз сөйлецй алады) және рецензияны оқиды. Пікірде және/немесе рецензияда ескерту бар болған жағдайда студент оның мәні бойынша дәлелді анықтама беру керек.
Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Сонымен қатар теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындықтың деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасына көңіл аударылады.
Дипломдық жұмыстың қорғалу нәтижелері мемлекеттік аттестациялық комиссияның отырысында әрбір студентке жеке хаттама рәсімделеді және оның өткізу күні жарияланады.
4. Мемлекеттік емтихандар мен бітіру жұмыстарын қорғау бағасын қою тәртібі
Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша қорытынды баға қойылады, ол сынақ-емтихан ведомосында комиссия мүшесінің барлық қолдарымен толтырылады және тіркеу және оқу үрдісін жоспарлау бөліміне тапсырылады.
Жақсы баға (А бастап, А- дейін «өте жақсы», В+, В, В- дейін «жақсы», С+,С, С- дейін, Д,Д- «қанағаттанарлық») сабақ пәнінен емтихан ведомосына және студенттің сынақ кітапшасына жазылады. F бағасы «қанағаттанарлық емес» тек қана емтихан ведомосына қойылады. Мемлекеттік емтихан да, дипломдық жұмыс та 100 балдық шкаласымен бағаланады.
Студенттің оқу жетістіктерінің бағасы балдық – рейтингтік жүйе
дәстүрлі баға шкаласының аудармасымен
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Баллдың сандық эквиваленті
|
%-дық құрамы
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлық емес
|
Мемлекеттік емтиханды тапсыру және дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы хаттамасымен рәсімделіп, олардың өткізілу күні жарияланады. Дипломдық жұмыстың қорғалуы мемлекеттік аттестациялық комиссияның жартысынан көбі мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.
Мемлекеттік емтиханды тапсыру, дипломдық жұмысты қорғау, сонымен қатар квалификацияны беру, академиялық дәрежені беру және мемлекеттік үлгі бойынша дипломды беру шешімін МАК-пен жабық отырыста комиссия мүшелерінің дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Хаттамаға мемлекеттік емтиханда және дипломдық жұмысты қорғау кезінде алынған баға енеді, сонымен қатар МАК мүшелерінің қойылған сұрақтары мен пікірдері жазылады. Егер де МАК-тың бір мүшесінің пікірі басқа комиссия мүшелерімен тура келмесе, ол өзінің пікірін хаттамаға жазып және жеке қол қояды. Хаттамада квалификацияны, академиялық дәрежені беру, сонымен қатар студентке қандай диплом берілгені туралы жазылады.
Егер мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау түстен кейін болса, онда нәтижелері келесі күні жарияланады.
Мемлекеттік емтиханды және дипломдық жұмысты қорғауды өткізу нәтижелері бойынша бағалар балдық-рейтингтік жүйе бойынша студенттің білімін бағалайды.
Студентке, емтиханды және дифференциалды сынақты тапсырған А, А- «өте жақсы» бағасымен оқу жоспарының барлық пәндерінен 75 пайыздан кем емес, ал қалған пәндерден – В-, В, В+ «жақсы» бағаларымен, және барлық мемлекеттік емтиханды тапсырған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған А,А- «өте жақсы» бағаларымен, үздік диплом беріледі (әскери дайындық бойынша бағаны ескермей).
5. Қайта аттестацияны өту тәртібі
Студент, мемлекеттік емтиханға және/немесе дипломдық жұмысты қорғауға қабылданған кесте бойынша дәлелді себептермен келмеген, МАК төрағасының атына өтініш жазады, емтиханда жоқтығын дәлелдейтін құжатты ұсынады, және оның рұқсатымен осы комиссияның келесі күніндегі отырысында емтиханды немесе дипломдық жұмысты қорғауға рұқсат беруі мүмкін.
Қайта мемлекеттік емтиханды тапсыру және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау бағаны көтеру мақсатымен жіберілмейді.
Мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және/немесе дипломдық жұмысты қайта қорғау «қанағаттанарлық емес» бағасын алған тұлғаларға қорытынды аттестация кезеңінде рұқсат берілмейді.
Егер де, дипломдық жұмыстың қорғалуы қанағаттанарлық емес деп танылған жағдайда, МАК студент сол жұмысты қайта өндеп қорғауы туралы белгілейді, комиссиямен анықталады, немесе жаңа тақырыпты өндейді, ол кафедрамен анықталады.
Студенттің қайта қорытынды аттестациясы келесі қорытынды аттестация кезеңінде өтеді, қанағаттанарлық емес баға алынған сол қорытынды аттестацияның түрі бойынша өтеді.
Осы емтихандарды тапсыра алмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандардың пәндер кешенін студенттің теориялық курсты бітірген жылы бойынша оқу жоспарымен анықталады.
Қорытынды аттестация нәтижелері бойынша жоғарғы оқу орыннан шығарылған студент, қорытынды аттестацияның басталуына дейін екі жұма бұрын білім беру ұйымынын басшысының атына «қанағаттанарлық емес» бағасы алынған жылғы сол форма бойынша өтініш жазады.
Қорытынды аттестацияда қанағаттанарлық емес бағаны алған студенттер жоғарғы оқу орынның басшысының бұйрығымен белгіленген үлгі анықтамасымен жоғарғы оқу орыннан шығарылады.
Денсаулық жағдайы туралы МАК-ке ұсынылған құжаттар қанағаттанарлық емес баға алынғаннан кейін қарастырылмайды.
6. Университетті бітіру туралы құжаттарды рәсімдеу және беру реті
Қорытынды аттестацияны өткен студенттер және сәйкесті кәсіби жоғарғы оқу орынның оқу бағдарламасын меңгерген, МАК шешімімен квалификация және «бакалавр» академиялық дәрежесі мамандық бойынша иеленеді және мемлекеттік үлгідегі қосымшамен бірге диплом беріледі.
Дипломға берілетін қосымша бөлім анықтамасы негізінде, студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, ГОСО-мен қарастырылған барлық пәндер көлемі бойынша алынған бағалары негізінде, тапсырылған курстық жұмыс, тәжірибе түрлері мен қорытынды аттестация нәтижелері бойынша толтырылады. Қосымша дипломсыз нақты емес болып табылады.
Оқу жоспарының барлық пәндерiнiң кемiнде 75 пайыз емтихандар және дифференциалдалған сынақтарды "өте жақсы", ал қалғандарын – «жақсы» бағаға, барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырған және дипломдық жұмысты «өте жақсы» бағаға қорғаған студентке үздік диплом беріледі.
Қанағаттанарлық емес бағаны алған студенттер шығарылады. Ондай жағдайда диплом берілмейді. Қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижелері бойынша, оқудың теориялық курсы аяқталуына байланысты, шығару туралы бұйрық шығарылады.
Дипломды алу үшін шығарылу туралы бұйрық шықаннан кейін деканаттан тексеру қағазын алу керек. Осы формадағы барлық пунктерді өткеннен кейін, дипломды қолға алу үшін тексеру қағазы студенттік кадр бөліміне тапсырылады. Өзінде студенттік билет және жеке куәлік болуы керек.
Тақырыптар мен сұрақтар тізімі
Топырақтану пәні бойынша негізгі сұрақтар
1. Топырақ биосфераның негізгі компоненті ретінде және оның маңызы
Топырақтүзілуінің табиғи-экологиялық факторлар
Қазақтанның орман-дала аймақтарының топырақ түзулуінің экологиялық жағдайлары.
Қазақтанның дала аймақтарының топырақ түзулуінің экологиялық жағдайлары.
Қазақстанның құрғақ дала аймақтарының экологиялық мәселелері.
Топырақ деградациясына әсер ететін факторлар.Техногез процессіне байланысты топырақ жамылғысының бұзылуы.
Су эрозиясы және онымен кұрес шаралары.
Дефляция және и меры борьбы. онымен кұрес шаралары.
Гумустық жағдайды қорғау.
Топырақ жамылғысының мониторингі.
Өсімдік, жануар және микроағзалардың биоалуантүрлілігі пәні бойынша негізгі сұрақтар
Өсімдік қауымдастықтарының биоалуантүрлілігі.
Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі.
Ішекқұыстылар типі.Жалпы міңездемесі.
Жоғарғы өсімдіктер.Жалпы міңездемесі.
Моллюскалар типі.Жалпы міңездемесі.Табиғаттағы маңызы.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер.Жалпы міңездемесі. Табиғаттағы маңызы.
Микроағзалардың жалпы белгілері.
Жер биосферасындағы өсімдік қауымдастығының маңызы.
Микроорганизмдердің формаларымен құрылысы.
ҚР сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды қорғау.
Экологиялық білім беру және әлемге көзғарас пәні бойынша негізгі сұрақтар
Экологиялық мәдениетінің компоненттері.
Мектепке дейінгі кезде экологиялық тәрбиенің ерекшеліктері.
Мектептегі экологиялық тәрбиенің ерекшеліктері.
ЖОО экологиялық тәрбиенің ерекшеліктері.
Жоғары сыныптағы оқушыларда экологиялық көзғарас қалыптастырудың негіздері.
Жеке тұлғада экологиялық көзғарас қалыптастыру.
Қазіргі заманғы қоғамда экологиялық байлықтар.
Экологиялық білім беру және тәрбиелеудің байланысы.
Қоғамның тұрақты дамуы және экологиялық білім берудің мәселелері.
Экологиялық сана сезімінің онтогенезде дамуы.
Қоршаған орта мониторингі пәні бойынша негізгі сұрақтар
Экологиялық мониторинг.
Мониторинг түрлерінің жіктелуі.
Фон мониторингі.
Табиғи орталарда ластаушы заттардың ПДК.
Қоршаған ортаның сапасын бағалау критерии.
Қашықтық зондылау.
ГИС құрылымы мен функциялары.
Аэроғарыштық мониторингі.
Қоршаған ортаның ластануының негізгі бақылаушы белгілері.
Жердегі бақылау әдістері.
Қоршаған орта ілімінен негізгі сұрақтар
Тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдайлар және табиғи факторлар.
Атмосфераның антропогенді ластаушы көздері.
Адам деңсаулығына,өсімдік және жануарлар әлеміне ластаулардың әсері.
Топырақ – адамды азық түлікпен қамтамасыз ететін құрал ретінде.
Қоршаған орта – адамның кәсіп және тіршілік ортасы ретінде .
Биосфера және географиялық қабат.
Суды ластаушы көздер.
Табиғи ресурстар және оларды қорғау мәселелері.
Қоршаған ортаның ластануы.
Биосфера оның қоғамдағы тіршілік әрекетіндегі және табиғаттағы маңызы
Қоғамдық экология және түрақты даму пәнінің сүрақтары
Пәннің даму тарихы, мақсаты мен міңдеттеріне аңықтама.
Қоғамдық экологияның даму этаптары.
Қоғамдық экологияның заңдылықтары.
Қоғамдық экологияда қоршаған орта. Қоршаған ортаның элементтері.
Экологиялық мәселелер және адам деңсаулығы. Қоршаған ортаның қазіргі замаңғы жағдайы.
Тұрақты дамуының мәселелері.
Тұрақты дамуының негізгі міңдеттері.
Демография және экологиялық мәселелер.
Биосферадағы адамның маңызы.
Тұрақты дамуының индикаторлары.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Достарыңызбен бөлісу: |