Қорытынды мемлекеттік



жүктеу 350,7 Kb.
бет1/2
Дата14.05.2018
өлшемі350,7 Kb.
#13277
түріНұсқаулар
  1   2

Қорытынды мемлекеттік

атестаттауды өткізу бойынша Нысан



әдістемелік нұсқаулар ПМУ ҰС 7.18.3/21

Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

География және туризм кафедрасы

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізу бойынша

5В050900-Туризм мамандығының студенттеріне арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар
Кіріспе

Студенттердің қорытынды мемлекеттік аттестация өткізу үрдісі олардың меңгеру деңгейін анықтау мемлекеттік жалпы білім беру стандартының жоғарғы кәсіби білім беру деңгейіне сай келу мақсатында өткізіледі, осының нәтижесінде білім алған туралы құжат(диплом) беріледі.

Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты мемлекеттік аттестацияны дайындау және өткізуді ұйымдастыру, тестік тапсырмалардың мәліметтері, әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар, алған білімдер анализ машықтарын енгізу сұрақтарын зерттеу кіреді. Қорытынды мемлекеттік аттестация студенттің барлық кәсіби оқу бағдарламасының пәндерінен оқу жетістіктерін сынау және студенттің академиялық кезеңіндегі оқу жетістіктерін, алынған теориялық білімдерін, олардың меңгеру беріктігін, шығармашылық ойлаудың дамуын, өзіндік жұмыс машықтарын, алынған білімдерін жүйелеу біліктілігін және оларды тәжірибеде қолдануын бағалау мақсаты болып табылады.





  1. Қорытынды мемлекеттік аттестацияның және мемлекеттік емтихандардың мақсаттары мен міндеттері

5В050900-Туризммамандығы бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияның және мемлекеттік емтиханның мақсаты маманды кәсіби дайындауды қалыптастыратын пәндер кешені бойынша студенттердің ғылыми-теориялық білім деңгейін, оларды жиі тәжірибелік шешу кезінде қодану машықтарын, сонымен қатар дипломдық жобалауда анықтау.

Мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияның және мемлекеттік емтиханның міндеттері:

- жүйелеу, мамандық бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік машықтарды кеңейту және бекіту, және оларды нақты ғылыми және өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану;

- өздік жұмысты жүргізу машықтарын дамыту;

- болашақ бакалаврдың (маманның) мақсатына байланысты қазіргі өндіріс, ғылым, техника жағдайында өзіндік жұмысқа дайындығын анықтау;

- студенттің емтихан билетінің сұрақтарына жауап беру шеберлігін бағалау, ол оқу барысында және мекемелердегі өндіріс тәжірибелері кезінде алған теориялық дайындықтарын студент білімін кешенді ашады.



  1. Қортынды мемлекеттік аттестацияны және мемлекеттік емтиханды өткізу түрлері

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан, Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігінің 23 желтоқсан 2005 жылғы №779 қабылданған бұйрығы бойынша 050902 – «Туризм» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға ортақ Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сәйкес өткізіледі.

Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізіледі. Әр нұсқада тестік сұрақтар 50 сұрақ құрайды. Күрделі деңгейлер: жеңіл, орташа және қиын.

Мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін студенттер қорытынды жұмыстарын қорғайды.

Дипломдық жұмыс жазылған қорытынды жұмыс болып табылады, ол оқудың соңғы кезеңінде орындалады, егер де ол мемлекеттік жалпыға ортақ білім беру стандарты мен мамандықтың оқу жоспарымен алдын ала ескерілсе.

Үш жұма бұрын алдын ала қорытынды жұмыстың қорғалуы өткізіледі, онда орындалған жұмыстың дайындық деңгейі бағаланады, алда тұрған қорғаудың дайындығына ұсыныстар беріледі. Қорытынды жұмыстың қорғалуы мен нәтижелердің бағалануы мемлекеттік аттестация комиссиясы мен дайындық бағыты бойынша ұйымдар мен мекемелердің өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Есеп берудің қорғауы жеке өткізіледі. Бір дипломдық жұмыстың қорғалу уақыты бір студентке 30 минуттан аспау керек. Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент МАК алдында баяндамасын 15 минут қорғайды. МАК әрбір мүшесіне студент дипломдық жұмыстың қосымшасын (қысқаша түсініктеме) ұсынады.

3. Мемлекеттік аттестацияның дайындау және өткізуді ұйымдастыру сұрақтары

3.1 Мемлекеттік емтихандар саны

5В050900-Туризммамандығы бойынша кешенді емтихан «Туризм» мамандығы бойынша өткізіледі. Кешенді емтихан келесі міндетті коипонент пәндерінен тесттік сұрақтар кіреді: негізгі пәндер – туризмология негіздері, туризм менеджменті, халықаралық туризмнің тарихы; профилдық пәндер – белсенді туризм түрінің техника мен тактика негіздері, экскурсия негіздері, туризм инфрақұрылымы.



3.2 Шолу лекциялары мен кеңестер

Мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестация мен мемлекеттік емтиханға дайындық кафедрамен, оқу бөлімі мен деканатпен алдын ала дайындалған жоспар жұмысы бойынша өткізіледі.

Мамандық бойынша қорытынды мемлекеттік аттестацияны тапсыру алдын ала арнайы дайындық кезеңі беріледі, оқу жоспары мен оқу үрдісінің графигімен қабылданған. Қорытынды мемлекеттік аттестацияға дайындалу кезеңінде шолу лекцияларды оқу ұйымдастырылады, топтық және жеке кеңестер өткізіледі. Шолу лекциялары, мамандық бойынша кешенді емтиханға қосылатын, кафедра оқытушыларымен барлық топқа оқу пәндерінің кезеңіне сәйкес өткізіледі. Шолу лекцияларды өткізуге 1 пәнге 4 сағат қарастырылған, бірақ 20 сағаттан кем аспауы тиіс.

Мемлекеттік емтиханға дайындалу үшін студенттерге бір апта уақыты беріледі.

Қорытынды жұмыстарына кеңестер кестесі графигін құру кезінде әрбір студентке дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшінің бос уақыты ескеріледі.

Шолу лекциялары мен кеңестер кесте графигін кафедра меңгерушісі, факультет деканымен келіседі және оқу ісі бойынша проректормен бекітіледі..



3.3 Кіру рұқсатының тәртібі

Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға оқу жоспарын барлық теориялық және өндірістік оқуды орындаған, оқудың барлық курсынан академиялық қарызы жоқ, оқу жоспарымен қабылданған курстық жұмыстарды және мамандық бойынша барлық тәжірибелерді өткен студенттерге рұқсат беріледі.

Студенттердің қорытынды аттестацияға рұқсат берілуі студенттердің тізімі бойынша қорытынды аттестацияның басталуына екі жұма бұрын факультет деканының бұйрығымен рәсімделеді және МАК-қа ұсынылады.

Студенттердің қортынды аттестациясының басталуына дейін МАК келесі құжаттар беріледі:

- дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшінің пікірі, онда онда дәлелді қортынды «қорғалуға жіберіледі» немесе «қорғалуға жіберілмейді» беріледі;

- өндіріс, ғылыми ұйым немесе басқа жоғарғы оқу орын маманның дипломдық жұмысқа рецензиясы, онда қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың жан-жақты мінездемесі және бағамен көрсетілген («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлық емес») негізделген қорытынды беріледі және мамандық бойынша квалификация беру және (немесе) академиялық дәреже «бакалавр» беру.

3.4 Мемлекеттік атестаттау комиссияның жұмысы

Студенттердің қорытынды аттестациясын өткізу үшін әрбір мамандыққа оқудық барлық түрі үшін мемлекеттік аттестациялық комиссия құрылады, оның жеке құрамы С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры бұйрығымен бекітеді, емтиханның басталуына бір ай бұрын. Студенттердің қорытынды аттестациясы білім беру ұйымдарында, жоғарғы кәсіби білім беретін, жоғарғы оқу орындарындағы жұмыс оқу жоспарымен бекітілген, уақытында өткізіледі. МАК құрамына кіреді:

- МАК төрағасы, ірі ғылымдар қатарынан немесе бірінщі жетекшілер мен өндірісті ұйымдастыратын, С.Торайғыров атындағы ПМУ-да жұмыс істемейтіндер;

- кафедраның меңгерушісі;

- кафедраның екі-үш оқытушылары.

Ректордық шешімімен МАК құрамына деканат өкілдері, сонымен қатар халық шаруашылық салаларының өкілдері кіруі мүмкін.

МАК қызметіне кіреді:

1) шығарылатын мамандардың ғылыми-теориялық және тәжірибелік дайындықтың, ГОСО жоғарғы білім беру талаптарына сай деңгейін тексеру:

2) оларға сәйке квалификацияны және диплом беру шешімі қабылдау;

3) сәйкес мамандық бойынша бакалавр академиялық дәрежесін беру;

4) мамандарды даярлау сапасын ары қарай жақсартуға бағытталған ұсыныстарды қарастыру.

Мемлекеттік атестаттау комиссияның жұмыс тәртібі С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры бұйрығымен бекітіліп, мемлекеттік емтиханның басталуына екі апта бұрын хабарланады. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс.

3.5 Мемлекеттік емтихандар мен бітіру жұмыстарын қорғауды өткізу тәртібі

Мемлекеттік емтиханды және дипломдық жұмысты тапсыру тәртібі білім беру ұйымдарында үлгерімді ағымдық бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік атестаттау өткізу ережелерімен анықталады, білім беру саласындағы орталық атқарушы ұйыммен бекітілген.

Мемлекеттік емтихан жоғарыда аталып кеткендей тест түрінде өткізіледі. Тест түрі С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесімен қабылданады. Мемлекеттік емтиханның өткізу тәртібі мамандық бағдарламасының мазмұнына байланысты өтеді. Тесттік тапсырманың бір нұсқасында 50 сұрақ бар. Әр сұраққа 1,5 мин беріледі, кешенді

Мемлекеттік емтиханнан өткеннен кейін студенттер дипломдық жұмыстарын қорғауға дайындалады. Студенттерге жеке тапсырма беріледі.

Дипломдық жұмыстардың тақырыпшасы студенттерді дайындаған кафедра құрастырады. Осы құрастырылған тізімнен тақырыпты алмауға студенттің құқығы бар. Осындай жағдайда студент кафедра отырысында толық дәйектеме беруі тиіс. Сонымен қатар кәсіпорындардың тапсырысы бойынша дипломдық жұмыс жазылуы мүмкін. Осы жағдайда студент дайындаған кафедра меңгерушісіне өтініш жазады.

Дипломдық жұмысқа тапсырма оның аяқталу мерзiмімен кафедра меңгерушiсi бекітедi. Календарлық жұмыс графиктерi жеке бөлiмдердiң орындалу кезектiлiгiнiң көрсетуімен жасалады және ғылыми жетекшiлермен сәйкес келедi. Кафедра меңгерушiсі дипломдық жұмыстың орындауы бойынша студенттiң мерзімді есептеу нәтижесiнiң уақыттарын орнатады. Осы уақыт ішінде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында есеп береді. Есеп нәтижесі факультет деканына баяндалады.

Дипломдық жұмысты жазу және қорғауға 4 кредит немесе календарлық уақыттың 5 аптасы ескерілген. Бұл ретте өндірістік тәжірибеде жиналған мәліметтер студенттің дипломдық жұмысының зерттеу бөлімінің негізіне алынады.

Өндiрiстiк тәжiрибенiң соңғы аптасында алдын ала қорғау процедурасы өткізіледі. Дипломдық жұмыстың алдын ала қорғауы кафедраның ашық отырысында студенттер мен ғылыми жетекшілері қатысуыменұйымдастырылады. Алдын ала қорғау кафедра отырысынң хаттамасымен рәсімделеді.

Дипломдық жұмыстың қорғалуы ашық түрде, студенттердің, кафедра оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекші, ұйымдардың өкілдері, және басқа да қызығушылығы бар тұлғаларды шақыруға рұқсат беріледі.

Бір дипломдық жұмыстың қорғау уақыты, әдетте, бір студентке 30 минуттан артық болмауы керек, ал бір күнде қорғалатын студенттердің жалпы саны 10 адамнан аспауы тиіс.

Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент мемлекеттік аттестациялық комиссия және келгендердің алдында баяндамасын 15 мин артық емес қорғайды.

Дипломдық жұмысты талқылауда қатысып отырғандардың барлығы сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатыса алады.

Талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікір (ғылыми жетекші қатысқан жағдайда жеке сөз сөйлецй алады) және рецензияны оқиды. Пікірде және/немесе рецензияда ескерту бар болған жағдайда студент оның мәні бойынша дәлелді анықтама беру керек.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Сонымен қатар теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындықтың деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасына көңіл аударылады.

Дипломдық жұмыстың қорғалу нәтижелері мемлекеттік аттестациялық комиссияның отырысында әрбір студентке жеке хаттама рәсімделеді және оның өткізу күні жарияланады.

3.6 Студенттің міндеттері

Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырған кезде, бітіруші міндетті:

түсінігі болуы керек:

- экономикалық анализдің негізгі әдістері және туристік бизнес саласындағы шешім қабылдау туралы, туристік нарықтың қызметі туралы, банктік және салық жүйелері, туристік жүйенің сыртқы макроортамен байланысы туралы сұрақтар (экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, ақпараттық, саяси, экологиялық) осы құбылыстар мен үрдістермен өмірде нақты байланыс жасау үшін;

- мемлекеттің экономикадағы негізгі қызметтері мен ролі, туризм саласындағы әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру; нарықтық қарым – қатынастардың мәні және туризмде де.

білу:

- нарықтық және жоспарлы экономика дамуының негізгі заңдылықтары;

- туристерді шетелге шығару және шетелден қабылдау ережелерін; авияциялық, теміржолдық, автомобильдік және аралас саяхаттарды ұйымдастыруды;

- туристік мекемелердегі іс-әрекеттерді ұйымдастыру ұстанымдары;

- туристік мотивацияның, әсіресе жастардың және қарт адамдардың психологиясын;

- туристік нарықтың нәтижелілігін жоғарылату әдістері мен ерекшеліктері;

істей білу:

- қоғамдық – саяси, әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды және динамикалық үрдісті талдау, болашаққа болжамдарды құру, өзінің көзқарасын негізді дәлелдеу алу; кәсіби міндеттерді орындау кезінде пайда болатын психологиялық, табиғи-ғылыми және құқықтық міндеттерді шешу үшін адамды және табиғатты танудағы қазіргі ғылыми әдістерді біоіп қолдану;

- қажетті жұмыскерлерді таңдау үшін адамның мінезін тани білу;

- маңызды істердің жоспарын жазбаша баяндау;

- халық алдында мәжбүрсіз ұстану;

- аудиторияға, олар бірдемені істеу керек екенін сендіру, т.с.с.;

- қажетті түрде аудиторияны ұйымдастыру;

- сөйлеу сияқты, адамдарды ести білу;

- серіктесті қазіргі сәтте оған қолайсыз шешімді қабылдамай, болашақта жағымды нәтижені беретін шешімді қабылдауға сендіру;

машықтарды иелену:

- туристік іс-әрекетті бизнес-жоспарлау;

- туристік құжаттармен жұмыс істеу және құрастыру;

- туристік қызметтерді жоспарлау;

- білім беру іс-әркеттерін;

- туристік ұйымда, туристік топта жұмысты ұйымдастыру;

- туризмдегі зерттеу іс-әрекеттері;

білікті болу:

- туристерге қызмет көрсету жоспарын құруда және ақпараттық әңгіме ұйымдастыруды, туристік бизнес бойынша серіктестермен келісімді құру, туристік нарықтың маркетингтік зерттеулерінің құралдарымен және әр түрлерімен қолдану;

пайдалана білу:

- жаңа ақпараттық технологиялармен;

- іскерлік келіссөздерді, серіктестерді іздеу, келісімдерді бітім жасауды жүргізу және дайындау әдістерін;

ие болу:

- қонақжайлылық саласында және туристік қызметтерлі көрсету іс-әрекеттерінде тәжірибелік машықтарға;

- ұйымдастыру машықтарын және қатынастық қасиетіне.

4. Мемлекеттік емтихандар мен бітіру жұмыстарын қорғау бағасын қою тәртібі

Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша қорытынды баға қойылады, ол сынақ-емтихан ведомосында комиссия мүшесінің барлық қолдарымен толтырылады және тіркеу және оқу үрдісін жоспарлау бөліміне тапсырылады.

Жақсы баға (А бастап, А- дейін «өте жақсы», В+, В, В- дейін «жақсы», С+,С, С- дейін, Д,Д- «қанағаттанарлық») сабақ пәнінен емтихан ведомосына және студенттің сынақ кітапшасына жазылады. F бағасы «қанағаттанарлық емес» тек қана емтихан ведомосына қойылады. Мемлекеттік емтихан да, дипломдық жұмыс та 100 балдық шкаласымен бағаланады.

Студенттің оқу жетістіктерінің бағасы балдық – рейтингтік жүйе дәстүрлі баға шкаласының аудармасымен


Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдың сандық эквиваленті

%-дық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

 
Өте жақсы

А-

3,67

90-94

 В+

3,33

85-89

 
 
Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

 
 
 
 
 
Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлық емес

Мемлекеттік емтиханды тапсыру және дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы хаттамасымен рәсімделіп, олардың өткізілу күні жарияланады. Дипломдық жұмыстың қорғалуы мемлекеттік аттестациялық комиссияның жартысынан көбі мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.

Дипломдық жұмысты бағалаудың негізгі қағидалары келесі шарттар болып келеді:

- тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы;

- тақырып бойынша пайдаланған отандық және шетел әдебиеттің жеткіліктілігі;

- жинақталған эмперикалық мәліметтердің толықтығы мен сапасы;

- қойылған міндеттерге жетуінде әр түрлі әдістерді пайдалануының дәлелдігі;

- жеткен нәтижелердің талдауының тереңдігі мен дәлелдігі;

- деректер мазмұндамасының айқындығы мен сауаттылығы, жұмыстың рәсімдеу сапасы;

- дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік сұрақтары бойынша біліктілігі, МАК мүшелерінің сұрақтарына және рецензенттердің ескертпелеріне жауаптарының терендігі мен дұрыстығы.

"Өте жақсы" деген бағаға ғылыми, әдістемелік немесе тәжірибелік қызықты бар, автордың қойылған міндеттерді шешудегі дұрыс талдау әдістерін, қазіргі ақпараттық әдістерін пайдалнған студент лайықты болып табылады. «Өте жақсы» бағаланған дипломдық жұмыстың құрылымы қисынды болып, қойылған мақсаттарға сәйкес болуы тиіс. Аталмыш дипломдық жұмыстың қорытындсында студенттің алдында қойылған мәселенің шешіміне үлес қосатын және оның ары қарай өндеуінің болашағын айқындайтын дәлелденген тұжырымдардан құрастырылады. Үздік баға алудың шарттары болып студенттің кіріспе сөзінің қисындылығы мен қысқалығы, МАК мүшелерінің сұрақтарына айқын және дәлелді жауаптары болып табылады.

Дипломдық жұмыс жоғары белгіленген талаптарға сай болмаса төмен бағамен бағаланады.

Дипломдық жұмыстың бағасы келесі жағдайларда төмендетуі мүмкін:



  1. Дипломдық жұмыстың рәсімдеуі бойынша:

  • түзетілмеген жаңылыстар және байқалмай жіберілген жолдардың болуы;

  • кестелердің, графиктердің, гистограммалардың атауларының болмауы;.

  • кесте мен графиктерге берілетін түсіндірулер мен шартты белгілердің болмауы;

  • кесте мен графиктердің мазмұнына авторлық талдау болмауы;

  • жұмыста "кіріспе" немесе "қорытынды" бөлімдерінің болмауы;

  • библиографияны рәсімдеуі бойынша қателер кетуі ( сілтемелер, әдебиет тізімі және т.б. стандартқа сай болмауы);

  • дипломдық жұмыстың белгілі бір пунктері немесе бөлімдерінің мазмұнының болмауы.

  1. Дипломдық жұмыстың шолу-теориялық бөлімінің жетіспеушіліктері:

  • «басқалардың» экперименттік нәтижелерін немесе теориялық қағидаларын баяндағанда жіберілген қателіктер;

  • талқыланған мәселеге қатысты негізгі әдеби көздердің ескерілмеуі;

  • басқа жұмыстан алынған мәліметтердің көп бөлігін алынған көздері көрсетілмей пайдалануы;

  • зерттеу мәселесі бойынша отандық жұмыстардың талданбауы;

  • дипломдық жұмыстың теориялық бөлігі қорытындылар мен автордың өз бетінше эмпирикалық зерттеу тұжырымдамаларысыз аяқталуы;

  • дипломдық жұмыс бір-біріне сәйкестелмейтін теориялық және зерттеу бөлігінен тұрады;

  • тақырып бойынша талқыланған мәселенің тұжырымдамасы, мақсаты, міндеттерінің ұқсастығы.

  1. Дипломдық жұмыстың зерттеу бөлімінің жетіспеушіліктері:

  • өзгертулер мен қысқартулардың сапасы тексермеген бөтен әдiстеменiң негiзiнде құрастырылған жұмыс;

  • басқа автордан алған әдістемесіне немесе оның психометриялық тексеру нәтижелеріне сілтемесінің болмауы;

  • жұмыс зерттеудiң өткiзу процедурасының толық сипаттамасының көрсетілмеуі: берілген сипаттама бойынша зерттеу процедурасын жаңғырту мүмкін емес;

  • дипломдық жұмыста жеткен нәтижелердің талдауы болмауы, ал тұжырымдар бастапқы мәліметтердің констатациясы ретінде құрастырылған. Әр түрлі әдістемелермен алынған мәліметтердің салыстырмасының болмауы;

  • корреляциялық байланыс негізіндегі құрастырылған автордың өз зерттеу нәтижелерінің сипаттауында ол себеп-салдар талдауына ауыстыруы;

  • теориялық бөлімінде талқыланған басқа зерттеушілердің нәтижелерін өз тұжырымдамаларымен ара қатынастырмауы.

  1. Дипломдық жұмыстың этикалық астарлары:

  • автор зерттеу қатысушыларының аты-жөнін көрсетпеуін ашып, этикалық қағидаларын бұзуы;

  • дипломдық жұмыста басқа зерттеушілердің мәліметтерін, жарияланған нәтижерін сілтемесіз қолдануы;

  • автор адамдардың психологиялық игіліктеріне залалы тигізетін тәжірибелік ұсыныс беруі;

  • кәсіби құзыретінен асатын (мысалы, «басқарманы тарату», «лауазымын жоғарлату», «сый беру», т.б.) тәжірибелік ұсыныстарды беру.

Мемлекеттік емтиханды тапсыру, дипломдық жұмысты қорғау, сонымен қатар квалификацияны беру, академиялық жәрежені беру және мемлекеттік үлгі бойынша дипломды беру шешімін МАК-пен жабық отырыста комиссия мүшелерінің дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

Хаттамаға мемлекеттік емтиханда және дипломдық жұмысты қорғау кезінде алынған баға енеді, сонымен қатар МАК мүшелерінің қойылған сұрақтары мен пікірдері жазылады. Егер де МАК-тың бір мүшесінің пікірі басқа комиссия мүшелерімен тура келмесе, ол өзінің пікірін хаттамаға жазып және жеке қол қояды. Хаттамада квалификацияны, академиялық дәрежені беру, сонымен қатар студентке қандай диплом берілгені туралы жазылады.

Егер мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау түстен кейін болса, онда нәтижелері келесі күні жарияланады.

Мемлекеттік емтиханды және дипломдық жұмысты қорғауды өткізу нәтижелері бойынша бағалар балдық-рейтингтік жүйе бойынша студенттің білімін бағалайды.

Студентке, емтиханды және дифференциалды сынақты тапсырған А, А- «өте жақсы» бағасымен оқу жоспарының барлық пәндерінен 75 пайыздан кем емес, ал қалған пәндерден – В-, В, В+ «жақсы» бағаларымен, және барлық мемлекеттік емтиханды тапсырған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған А,А- «өте жақсы» бағаларымен, үздік диплом беріледі (әскери дайындық бойынша бағаны ескермей).

5. Қайта аттестацияны өту тәртібі

Студент, мемлекеттік емтиханға және/немесе дипломдық жұмысты қорғауға қабылданған кесте бойынша дәлелді себептермен келмеген, МАК төрағасының атына өтініш жазады, емтиханда жоқтығын дәлелдейтін құжатты ұсынады, және оның рұқсатымен осы комиссияның келесі күніндегі отырысында емтиханды немесе дипломдық жұмысты қорғауға рұқсат беруі мүмкін.

Қайта мемлекеттік емтиханды тапсыру және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау бағаны көтеру мақсатымен жіберілмейді.

Мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және/немесе дипломдық жұмысты қайта қорғау «қанағаттанарлық емес» бағасын алған тұлғаларға қорытынды аттестация кезеңінде рұқсат берілмейді.

Егер де, дипломдық жұмыстың қорғалуы қанағаттанарлық емес деп танылған жағдайда, МАК студент сол жұмысты қайта өндеп қорғауы туралы белгілейді, комиссиямен анықталады, немесе жаңа тақырыпты өндейді, ол кафедрамен анықталады.

Студенттің қайта қорытынды аттестациясы келесі қорытынды аттестация кезеңінде өтеді, қанағаттанарлық емес баға алынған сол қорытынды аттестацияның түрі бойынша өтеді.

Осы емтихандарды тапсыра алмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандардың пәндер кешенін студенттің теориялық курсты бітірген жылы бойынша оқу жоспарымен анықталады.

Қорытынды аттестация нәтижелері бойынша жоғарғы оқу орыннан шығарылған студент, қорытынды аттестацияның басталуына дейін екі жұма бұрын білім беру ұйымынын басшысының атына «қанағаттанарлық емес» бағасы алынған жылғы сол форма бойынша өтініш жазады.

Қорытынды аттестацияда қанағаттанарлық емес бағаны алған студенттер жоғарғы оқу орынның басшысының бұйрығымен белгіленген үлгі анықтамасымен жоғарғы оқу орыннан шығарылады.

Денсаулық жағдайы туралы МАК-ке ұсынылған құжаттар қанағаттанарлық емес баға алынғаннан кейін қарастырылмайды.

6. Университетті бітіру туралы құжаттарды рәсімдеу және беру реті

Қорытынды аттестацияны өткен студенттер және сәйкесті кәсіби жоғарғы оқу орынның оқу бағдарламасын меңгерген, МАК шешімімен квалификация және «бакалавр» академиялық дәрежесі мамандық бойынша иеленеді және мемлекеттік үлгідегі қосымшамен бірге диплом беріледі.

Дипломға берілетін қосымша бөлім анықтамасы негізінде, студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, ГОСО-мен қарастырылған барлық пәндер көлемі бойынша алынған бағалары негізінде, тапсырылған курстық жұмыс, тәжірибе түрлері мен қорытынды аттестация нәтижелері бойынша толтырылады. Қосымша дипломсыз нақты емес болып табылады.

Оқу жоспарының барлық пәндерiнiң кемiнде 75 пайыз емтихандар және дифференциалдалған сынақтарды "өте жақсы", ал қалғандарын – «жақсы» бағаға, барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырған және дипломдық жұмысты «өте жақсы» бағаға қорғаған студентке үздік диплом беріледі.

Қанағаттанарлық емес бағаны алған студенттер шығарылады. Ондай жағдайда диплом берілмейді. Қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижелері бойынша, оқудың теориялық курсы аяқталуына байланысты, шығару туралы бұйрық шығарылады.



Дипломды алу үшін шығарылу туралы бұйрық шықаннан кейін деканаттан тексеру қағазын алу керек. Осы формадағы барлық пунктерді өткеннен кейін, дипломды қолға алу үшін тексеру қағазы студенттік кадр бөліміне тапсырылады. Өзінде студенттік билет және жеке куәлік болуы керек.

  1. Тақырыптар мен сұрақтар тізімі


Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негіздері

  1. Пән түсінігінің негізгі сипаттамасы құбылысы

  2. Маршруттарды құрудағы тактикалық кестесі

  3. Туристік саяхат классификациясы

  4. Туризмнің белсенді түрлерінде тактикалық құрастыруларды құру әдісі мен мазмұны

  5. Белсенді туристік саяхаттарда тамақтандыруды ұйымдастыру

  6. Белсенді туристік саяхаттар үшін қызмет көрсететін персоналмен қатысушылардың физикалық дайындығы

  7. Белсенді туристік саяхаттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  8. Қазақстанның туристік мүмкіндігінің сипаттамасы

  9. Таулы саяхаттарды өткізу және ұйымдастыру ерекшеліктері

  10. Профилактика шаралары мен медициналық қызмет көрсету


Экскурсиятану

  1. Туристерге қызмет көрсетудегі экскурсияның маңыздылығы

  2. Экскурсия құрылымы мен классификациясы

  3. Экскурсияны дайындау және өткізу әдістері

  4. Экскурсиялық қызмет көрсету ерекшелігі

  5. Экскурсия өткізу техникасы

  6. Экскурсиялық жұмыста әдістемелік технологияларды құрастыруларды дайындау технологиясы

  7. Экскурсияларды әртүрлі тақырыптар бойынша өткізу ерекшелігі

  8. Экскурсиялық қызмет көрсетудегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру

  9. Экскурсиялық нысандар мен оның түрлері

  10. Экскурсиялық қызмет көрсету сапасы


Туризмология негіздері

  1. Заманауи туризм әлеуметтік-экономикалық кешенді, кеңістікті құбылыс ретінде

  2. Туризмология жөнінде түсінік

  3. Рекреациялық қызметтің теориялық негізі

  4. Рекреациялық географияның негізгі түсініктері

  5. Рекреациялық қызмет элеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде

  6. Туризм географиясының теориялық негізі

  7. Заманауи туризмінің классификациясы

  8. Туризмнің дамуы мен табиғатты қорғау

  9. Туристік-рекреациялық жүйе

  10. Халықаралық туризм


Халықаралық туризм тарихы

  1. Туристік қызмет және оның Адам өміріндегі әлеуметтік функциялары

  2. Адамзат тарихы және бірінші ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептері

  3. Ортағасырлықта және көне дүниеде туризмнің даму тарихы

  4. Жаңа кезеңдегі туризмнің орнығуы

  5. Біздің ауқытқа дейінгі және ХХ ғасырдағы халықаралық туризмнің дамуы

  6. КСРО туризмнің даму тарихы

  7. Қазақстандағы туризмнің дамуы мен орнығу тарихы

  8. Қазақстан мен ТМД елдеріндегі туризмнің даму проблемасы мен қазіргі жағдайы

  9. Дүниежүзіндегі туризм географиясының дамуы мен орнығуы

  10. Қазақстан туризм географиясының гүлденуі


жүктеу 350,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау