Қорытынды мемлекеттік аттестацияға арналған әдістемелік нұсқаулардың



жүктеу 276,8 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі276,8 Kb.
#6348
түріНұсқаулар

Қорытынды мемлекеттік аттестацияға арналған әдістемелік нұсқаулардың

титулдік парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/24


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Тарих, археология және этнология кафедрасы
5B020300– Тарих мамандығының студенттеріне үшін

ҚОРЫТЫНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной



Қорытынды мемлекеттік аттестацияға арналған әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/25



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті







БЕКІТЕМІН

ОЖ жөніндегі проректор

____________Н.Э. Пфейфер

20___ж. «___»__________

5B020300– Тарих мамандығының студенттеріне үшін

қорытынды мемлекеттік аттестацияға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Әдістемелік нұсқаулар мамандықтың Мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.273-2006, Жоғары оқу орындарында оқитындардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестациясын өткізудің типтік ережелері 2008 жылдың 18 наурыздағы №125, 2010 жылдың 13 сәуірде №168 және 2010 жылдың 1 қарашада №506 бұйрықтары негізінде еңгізілген өзгерістермен және ҚР МЖМБС 5.03.016 – 2009 «Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмыс (жоба) орындау ережелері. Негізгі нұсқаулар» негізінде жасалған.


Құрастырушы: ___________ аға оқытушы Қасқабасова А.А.
Тарих, археология және этнология кафедрасы

Кафедра отырысында қолдануға ұсынылды 20__ ж. «___» _____________ хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі ________ Мамытова С.Н. 20__ ж. «___» ____________
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

20__ ж. "___" _______ хаттама №__

ОӘК төрағасы _______________ Батталов К.К. 20__ ж. «___» ____________
КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы ___________ Акишев А.А. 20__ ж. «___» ____________


КЕЛІСІЛДІ

ОПСМБ бастығы ______________ Крюкова Е.В. «____» ________20__ж.


ЖжӘҚБ ҚҰПТАЛДЫ

ЖжӘҚБ бастығы ______________ Варакута А.А. «____» ________20__ж.


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

20__ ж. "___" _______ хаттама №__



1. Жалпы ережелер

Оқитындарға жоғары білім беретін қорытынды мемлекеттік аттестаттау Білім беру ұйымдарында оқу үдерісінің кестесі (академиялық күнтізбесімен) мен жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының жоспарымен қарастырылған мерзімде өткізіледі.



Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың мақсаты.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттауды өткізудің мақсаты арнайы теориялық білім деңгейін және түлектің таңдалған мамандық бойынша практикалық іс-әрекетке дайындығын анықтау болып табылады.



Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың міндеттері.

Алға қойылған мақсат мынадай міндеттерді шешуді талап етеді:

- студенттердің негізгі мемлекеттік емтихандар талаптарына дайындық деңгейінің сәйкестігін анықтау;

- студенттер үшін дипломдық жұмыстарды орындау және оны қорғау тәртібіне қойылатын міндетті талаптарды, ережелерді және ұсынымдарды анықтау;

- бітіру жұмыстары тақырыптарының өзектілігін, олардың ғылыми деңгейін және сапасын жүйелі түрде арттырылуын, сондай-ақ практикалық мәнділігін сипаттайтын жұмыс үлесін ұлғайту;

- алдыңғы оқыту үдерісі барысында студенттердің өздік жұмыстарының сабақтастығын дамытуды ынталандыру;

- бітіру жұмысының сапалы мен уақытылы даярлаудың, өз ойын дұрыс түсіндіру дағдыларын, негізгі ұсыныстар, қорытындылар мен ұсынымдардың нақты көріністерін қалыптастыру.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың нысандары.

Түлек-студенттерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау екі пән бойынша кешенді мемлекеттік емтиханды (мамандық бойынша Қазақстан тарихы және Жалпы тарих) және дипломдық жұмысты қорғауды болжайды.



Мемлекеттік емтихан түлектің мамандық бойынша бекітілген бағдарламасына сәйкес екі түрде, яғни пән бойынша тестілеу мен ауызша жауап беру түрде өткізіледі.

Қорытынды жұмыс (жобаның) орнына мамандықтың профильді пәндері бойынша екі мемлкеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі келесі жағдайларда:

1) стационарда ұзақ мерзімді (бір айдан кем емес) емдеу алған кезде және медициналық анықтама негізінде;

2) 3 жасқа дейін баласы бар жағдайда баланың туу жөнінде күәлігі негізінде;

3) ауыр сырқатқа шалққан ат анасын күту жағдайында ата анасының медициналық хал ахуалы жөніндегі медициналық анықтама негізінде;

4) мүмкіншілігі шектеулі мегедектігі бар студенттер, мүгедектік жөнінде анықтама негізінде

Бұл бағытта оқытушы жоо басшлығы атына өтініш жазып сайкестірілген құжатты ұсынады. Басқа жағдайда дипломдық жұмысты мемлекеттік емтихан тапсыруымен алмастыруға рұқсат етілмейді

Дипломдық жұмыс студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен көпшілік алдында қорғау түрінде ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.

2 Мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу

Мемлекеттік емтихан алдында пән бойынша шолу дәрістерді оқу қарастырылған, ол дәрістердің тізімі алдын ала әрбір мамандық үшін бекітіледі. Әрбір пән бойынша дәріс материалдарын оқу уақыты 4 сағаттан тұрады (бірақ сомасы бойынша 20 сағаттан аспауы қажет).

Дипломдық жоба бойынша кеңестер өндірістік практика мен осы жұмыстың жетекші – оқытушының кеңес беру кестесі бойынша бітіру жұмысын орындау кезеңі бойы беріледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттауға оқу жоспары мен оқу бағдарламасына сәйкес білім беру үдерісін аяқтаған білім алушылар рұқсат етіледі.



Білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критерийі бакалавриат мамандығының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру сатандартына сәйкес теориялық курстың қажетті көлемін білім алушылардың игеруі.

Мемлекеттік емтханға дайындалу үшін біп апта беріледі.



Білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауға рұқсат қағазы білім оқитындардың тізімі бойынша факультет деканының өкімімен ресімделеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясына табыс етіледі.

Факультет деканына мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмыс істеу кестесін құрастыру міндеті жүктеледі.



Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмыс істеу кестесі ректеормен бекітіледі және аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуі алдында екі жұма бұрын оларға мәлімденеді. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.

Мемлекеттік емтиханды өткізу тәртібі оның бағдарламасының мазмұнын есепке алумен анықталады. Емтихан екі түрде өткізіледі, яғни тестілеу мен ауызша билеттерге жауап беру түрінде. Бұнда бір уақытта емтиханды тапсыратын студенттердің максималды саны 15 адамнан аспауы қажет.



Тестілеуді ОҮСМБ ұйымдастырады. Тест тапсырмаларына пән бойынша 30 сұрақ енеді, олар жалпы 100 сұрақ базадан тұратын кезкелген тәртіпте қалыптастырылады. Тестілеу уақыты - 45 минут. Үлестік бөліктер: тестілеу -0,4; ауызша сұрау - 0,6 құрайды.

Ауызша емтиханды 5 адамнан тұратын мемлекеттік емтихан комиссиясы өткізеді. Билет құрамына мемлекеттік емтихан бағдарламасындағы пән бойынша жалпы сұрақтардан кезкелген таңдалған 3 сұрақ кіреді. Ауызша емтиханды өткізу уақыты -2 сағат.

3. Бітіру жұмысын қорғау тәртібі

Дипломдық жұмыстардың тақырыбын таңдаған кезде өндірістің, білім берудің, ғылымның және мәдениеттің нақты міндеттерін және мәселелерін есепке алған жөн. Дипломдық жұмыстардың тақырыбы мамандыққа және мамандарды даярлау профиліне сәйкес келуі қажет.



Дипломдық жұмыстардың тақырыптарын шығарушы кафедра әзірлейді, факультет кеңесімен қаралады және бекітіледі. Студент дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды. Студентке дипломдық жұмысты бекітілген тақырыптардан тыс тақырыпқа орындау құқығы беріледі. Бұл жағдайда студент кафедраға ұсынылған тақырыпты зерттеу қажеттілігінің негіздемесін немесе тапсырылған тақырыпты орындау жөніндегі бөтен ұйымның хатын ұсынады. Дипломдық жұмысқа тапсырма оны аяқтау мерзімін белгілеумен кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық уақытқа жұмыстың бөлек бөлімдерін орындау тәртібін белгілеумен және ғылыми жетекшімен келістіріледі. Кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысты орындау жөніндегі мерзімді уақытын белгілейді. Бұл мерзімде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында есеп береді, олар дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесін анықтайды және ол жайлы факультет деканына хабарлайды.

Дипломдық жұмысты жазу мен қорғау үшін төрт кредит беру немесе бес күнтізбелік апта бөлу қарастырылған. Бұнда білім алушының диплом алды практикада (өндірістік) жинаған материалдар дипломдық жұмыстың екінші бөлімін (аналитикалық) жазуға негіз болуы қажет.

Дипломдық жұмыс шығарушы кафедраға диплом алды практиканың соңғы аптасында дипломды алдын ала қорғау рәсімінен өту үшін ұсынылады.

Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау студенттердің, міндетті түрде ғылыми жетекшінің және қажет болған жағдайда ғылыми кеңес берушілердің қатысуымен кафедраның ашық отырысында өткізіледі.

Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен ресімделеді.



Дипломдық жұмысты қорғау мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық отырысында осы комиссияның жартысынан көп мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Дипломдық жұмысты қорғау мына тәртіпте өткізіледі:



  • Қорғау алдында МЕК хатшысы дипломдық жұмысты комиссия төрағасына береді де, студенттің тегін және дипломдық жұмыстың тақырыбын жариялайды;

  • Ұзақтығы 15 минут дипломниктің баяндамасы тыңдалады;

  • баяндаманы аяқтаған соң комиссия мүшелері сұрақ қояды, ал диплом қорғаушы осы сұрақтарға нақты, дәлелденген және қысқа жауаптар қайтаруы қажет;

  • сұрақтарға жауап бергеннен кейін МЕК хатшысы ғылыми жетекшісінің, рецензенттің пікірлерін оқиды да ескерпелерге жауап қайтару үшін соңғы сөз диплом қорғаушыға беріледі.

Дипломдық жұмысты қорғау жариялы түрде студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға сонымен қатар ғылыми жетекші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.

  • Дипломдық жұмысты талқылауға қорғауға қатысып отырған барлық тұлғалар сұрақ қою немесе сөз сөйлеу түрінде қатыса алады.

Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы әдетте, бір студенке шаққанда 50 минуттан аспауы қажет. Бір күнде диплом қорғаушылардың саны - 10 адамнан аспайды.

Студенттер қорытынды мемлекеттік аттестаттауға рұқсат қағазын алуы қажет, бұл қажетті есеп беру құжаттарының ресімделуімен барлық алдындағы оқу үдерісі кезеңдерінің табысты аяқталуын болжайды. Барлық шолу дәрістерге және кеңестерге толық қатысу, мемлекеттік емтихандарға дайындалу және табысты тапсыру, сондай-ақ барлық талаптарды орындау және дипломдық жұмысты қорғау.
4. Мемлекеттік емтихандарды және бітіру жұмысын бағалау тәртібі

Екі түрде өткізілетін мемлекеттік емтихан нәтижелерін бағалау мына тәртіпте жасалады.

Тестілеудің нәтижелерін ОҮСМБ 100 балдық шкала бойынша береді. Нұсқалар бойынша тестілік тапсырмаларды тиісті кілттерді қолданумен бағалау автоматты түрде жасалады. Бұндағы тестілеу нәтижелерінің қорытынды мемлекеттік емтихан бағасындағы үлестік салмағы 0,4 құрайды.

Билет бойынша өткізілетін ауызша емтиханның нәтижелерін 100 балдық шкала бойынша емтихан комиссиясы бағалайды. Ауызша емтиханды бағалау кезінде жауаптың дұрыстығы мен толықтығы есепке алынады. Қорытынды бағадағы ауызша емтиханның үлестік салмағы — 0,6.

Мемлекеттік емтиханның қорытынды бағасы (Қ) тестілеу (Т) мен ауызша емтиханның (А) нәтижелерін есепке алумен формула бойынша есептеледі:

Қ = Т х 0,3 + А х 0,7.

Мемлекеттік емтиханның қорытынды нәтижелері студенттерге емтихан өткізілген күні емтихан комиссиясының кеңесінен кейін жарияланады.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері балдық-рейтингтік және әріптік жүйе бойынша бағаланады. Бұнда назарға теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтың деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензент бағасы алынады.

Дипломдық жұмысты бағалаудың негізгі сапалы критерийлері:



  • тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы;

  • тақырып бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерді қолдану толықтығы;

  • дипломдық жұмыстың практикалық мәні;

  • дипломдық жұмыста белгіленген міндеттерді орындау үшін жиналған эмпирикалық мәліметтердің толымдылығы;

  • талдаудың тереңдігі мен негіздемелілігі және алынған нәтижелердің түсіндірілуі;

  • материалды баяндау нақтылығы мен сауаттылығы, жұмысты ресімдеу сапасы;

- дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық мәселелері бойынша талқылауды жүргізу дағдысы, МЕК мүшелерінің сұрақтарына және рецензенттердің ескертпелеріне жауап беру толықтығы мен дұрыстығы бағаланады.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижелері мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасымен жеке әрбір студент бойынша ресімделеді және оны өткізу күні жарияланады.
5. Қайта аттестаттаудан өту тәртібі

Бағаны оң бағаға арттыру үшін мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыру және дипломдық жұмыстарды қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы кезеңінде “қанағаттанарлықсыз” бағасын алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

Дипломдық жұмыс қанағаттанарлықсыз деп саналған жағдайда мемлекеттік аттестаттау комиссиясы студенттің осы жұмысты өңдеумен комиссия алдында тағы да қорғауға ұсыныла алатындығын немесе шығарушы кафедрамен анықталған жаңа тақырыпты әзірлей алатындығын анықтайды.



Білім алушылардың қайталанбалы қорытынды мемлекеттік аттестаттауы қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың келесі кезеңінде тек қана алдыңғы қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың қанағаттанарлықсыз баға алынған формалары бойынша жасалады. Бұнда мемлекеттік емтиханға шығарылған пәндер тізімі теориялық курс бойынша білім алушының бітіру жылындағы қолданыстағы оқу жоспарымен анықталады. Қорытынды мемлекеттік аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алаған білім алушы жоғары оқу орнынан ректор бұйрығымен шығарылады және оған белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

6. Университетті аяқтау жөніндегі құжаттарды ресімдеу және берілу тәртібі

Дипломдық жұмысты қорғаған және мемлекеттік емтихандарды тапсырған білім алушыға мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен тиісті мамандық бойынша бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Дипломға қосымша факультет деканының білім алушының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартымен қарастырылған көлемде, барлық пәндер бойынша алған бағалары, тапсырылған курстық жобалары (жұмыстар), практика түрлері мен қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері негізінде, оқу жоспарын орындау жөніндегі анықтамасына сәйкес толтырылады.



Емтихандарды және дифференциалды сынақтарды А, А- «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы» және үлгерімнің орташа баллдары барлық оқу мерзімінде (GPA) 3,5 кем емес болған жағдайда және мемлекеттік емтихандарды тапсырған және бітіру жұмысын “үздік” деген бағаға қорғаған студентке үздік диплом (әскери дайындық есепке алынбайды) беріледі.

Құжаттар түлекке қол қойылған кету парағын тапсырғаннан кейін университеттің студенттер кадрлар бөлімінде қолына беріледі.
жүктеу 276,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау