«ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№3 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қәзіргі заман тарихы пәні
Тақырып: Қазақстан республикасы және НАТО
Мамандығы: Электротехника және Энергетика
Орындаған: Рамазанов Дарын
Тобы: ЭЭк 20-12
Тексерген: Берлiбаев Б.Т.
« » 2020 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2020
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-3
1.1 Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы-4
1.2. Нато құрылымы-5
1.3.Нато мүшелері 5-7
1.4.Бейбітшілік үшін ынтымақтасты-7
1.5.Нато және Қазақстан 8-10
1.5. Қазақстан жəне НАТО: ынтымақтастық даму үстіндe 11-15
ҚОРЫТЫНДЫ-16
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ-16
Кіріспе.
Бүгінгі таңда Қазақстан дүние жүзінде болып жатқан үдерістерге қaтысып, əлемнің көптеген елдерімен тұрақты сaяси жəне экономикалық байланыс орнaту арқылы халықаралық қоғамдық институттaрдың беделді мүшесіне айнaлды жəне күрделі экономикалық жəне саяси мəселелерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатындай деңгейге көтерілді. Қaуіпсіздікті қамтамaсыз ету саласындағы əртүрлі халықаралық құрылымдармен берік əрі тығыз байланысты дaмыту жəне тереңдету Қазaқстанның көпвекторлық сыртқы саясатына сəйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында халықаралық ұйымдармен өзарa тиімді серіктестікті дамыту жолындағы мемлекет aлдындa тұрған едəуір перспективті жəне ұзақ мерзімді міндеттер белгіленген болатын. Қазақстанның əскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің қорғаныстық бағыттылығын айқындайтын жəне кез келген мемлекетаралық қайшылықтар мен қақтығысуларды шешудің əскери емес шараларына мемлекетіміздің принципті бейімділігін растайтын жаңа Əскери доктринасында халықаралық құқық нормалары негізінде əскери қақтығысуларды болдырмау, республиканың халықаралық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту ісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Солтүстік Атлантика шарты ұйымы (Іс-қимыл серіктестігінің жеке жоспары жəне “Бейбітшілік жолындағы серіктестік” бағдарламасы аясында), Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйым форматтарында мемлекеттермен ынтымақтастық жасайды деп атап көрсетілген болатын. Солтүстік Атлантикалық Одақпен (НАТО) сындарлы ықпалдастықты дамыту Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының стратегиялық бағыттарының біріне жатады. Қазақстан өзінің қорғаныс қабілеттілігін арттыру жəне аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында НАТО-мен тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |