Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс.
Дене түзу бойымен қозғалса, қозғалыс түзу сызықты деп аталады.Егер қозғалған дене кез келген өзара тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.Сондықтан қарастырылатын дененің қозғалысы түзу сызықты бірқалыпты болады.Қозғалыстардың бір-бірінен айырмашылығы болады,өйткені әр түрлі дене бірдей уақыт аралығында түрліше жол жүруі мүмкін.Қозғалыстардың осындай өзгерісін біз жылдамдық деген ұғым енгізу арқылы сипаттаймыз,Жылдамдық деп орын ауыстыру векторының уақыт бойынша алынған туындысына тең және траекторияға берілген нүктеде жүргізілген жанамамен бағыттас векторды айтады.Яғни дене берілген уақыт аралығында неғұрлым көп жол жүрсе,ол шама соғұрлым үлкен болады.Сонымен бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы жүрілген жолға тура пропорционал,ал сол жолды жүруге кеткен уақытқа кері пропорционал:
Достарыңызбен бөлісу: |