Күш моменті және инерция моменті
Айналу осі бар денелердің тепе-теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізілді. Күш моменті - күш модулі мен күш иінінің көбейтіндісіне тең векторлық шама. Оның бағыты күштің бағытымен сәйкес келеді. Күш моментінің бірлігі үшін иіні 1 метрге тең 1 Hьютон күштің моменті алынады .M[H*m]
M=Fd
F-күш модулі d-күш иіні
Моменттер ережесі: айналатын дененің тепе‒теңдігін сақтау үшін, денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттердің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болу керек. Екінші сөзбен айтсақ: дененің сол жағындағы күштердің моменттерінің қосындысы дененің оң жағындағы күштердің моменттерінің қосындысына тең болу керек.
Қатты дененің оське қарағандағы инерция моменті формула бойынша осы денені құраушы эрбір бөлшектің массасы мен бөлшектен оське дейінгі кашықтық квадраты көбейтінділерінің қосындысына тең физикалық шама.Таңдап алған оське сәйкес инерция моменті тек дене массасына тәуелді емес, сонымен қатар массаның оське салыстырмалы үлестірілуіне де тәуелді. Мысалы:дене бөлшектерін осьтен алыстата отырып, дене инерция моментін өсіреміз.
Халықаралық бірліктер жүйесінде инерция моментінің өлшемдігі — кг-м2.Түтас дененің инерция моментін есептеу үшін оны әуелі жеткілікті кішкентай бөлшектерге бөліп, әр бөлшектің оське дейінгі қашықтығын анықтау керек. Содан кейін әр бөлшектің массасын оське дейінгі сол бөлшекке сәйкес қашықтык квадратына көбейтіп, барлық көбейтінділерді қосу нәтижесінде толық инерция моментін табамыз.Көптеген жағдайларда инерция моментін есептеуді жеңілдету үшін Гюйгенс-Штейнер теоремасын, нүктеге сәйкес инерция моменті түсінігін, массалардың жазык үлестірілуін, т.б. мүмкіндіктерді қолданған қолайлы.Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Бүл теорема бойынша, кез келген оське салыстырмалы инерция моментін есептеу дененің инерция центрі арқылы өткен оське сәйкес инерция моментін есептеумен айыр- басталады. Гюйгенс-Штейнертеоремасын былай тұжырымдауға болады: Кез келген оське қарағандағы 1 инерция-моменті сол оське параллель және дененің инерция центрі арқылы өткен басқа осъке сәйкес инерция моменті мен дененің толық массасының осътер арасындагы квадратына көбейтіндісінің қосындысына тең:І = І0+тсІ2.
Достарыңызбен бөлісу: |