Сыртқы құрылғылар.
Сыртқы құрылғылар – кез келген есептеуіш машинаның маңызды құрауыш бөлігі.
ДК-дің сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару обьектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қаттынасын қамтамасыз етеді.
Сыртқы құрылғыларды былайша жіктеуге болады:
сыртқы жадтайтын құрылғылар немесе ЭЕМ-нің сыртқы жады;
пайдаланушының диалогтік құралдары;
ақпарат енгізу құралдары;
ақпарат шығару құралдары;
байланыс және телекоммуникация құралдары:
Ақпарат енгізу құралдарына мыналар жатады:
пернетақта,
Графикалық планшеттер,
Сканерлер,
Манипуляторлар: джойстик, маус, трекбол, сәулелік қаламұш т.б.
Ақпарат шығару құралдарына мыналар жатады:
принтерлер,
графиксалғыштар (плоттерлер);
Байланыс және телекоммуникация құралдары ДК-ді байланыс арналарына, басқа ЭЕМ-дерге және есептеу желілеріне қосуға арналған.
Желілік контроллер ЭЕМ-ді басқа ЭЕМ-дермен ақпарат алмасу желісінде жұмыс істеу үшін байланыс арнасына қосу қызметін атқарады. Ауқымды желілерде контроллер қызметін модем атқарады.
Жоғарыда аталған құралдардың көбі шарты түрде ерекшеленген топ - мультимедиа құралдарына жатады.
Мультимедиа құралдарына, бұл адамға әр түрлі, өзі үшін табиғи орталарды: дыбысты, бейнен, графиканы, мәтінді, анимацияны және т.б. қолдана отырып, компьютермен қарым қатынас жасауға мүмкіндік беретін программалық және аппараттық құралдар кешені.
Қосымша құрылғылар.
Жүйелік шинаға және ДК-дің микропрооцессорына микропроцессордың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және жақсартатын , интегралдық микросхемалары бар қосымша тақшалар: математикалық сопроцессор, жадқа тікелей қаттынау контроллері, енгізу-шығару сопроцессоры және т.б. қосылуы мүмкін.
Өңдеу принципі.
Компьютердің жұмыс істеу принципін жалпы түрде алғаш рет 1946 жылы американдық ғалым Джон Фон Нейман сипаттап жазған.
Программалық басқару деп аталатын жұмыс істеудің бұл принципі мыналардан тұрады:
енгізу құрылғыларының көмегімен компьютердің ішкі жадына программа жазылады;
процессор программаның бастапқы нұсқаулары бар ішкі жадтың ұяшықтарындағыны шығарып оқиды;
деректермен операциялар (арифметикалық немесе логикалық);
жадтан деректерді оқу (арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындау үшін);
деректерді жадқа жазу (арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындау нәтижесі);
Егер алдыңғы ұяшықта жазылғанда орындау нәтижесінде өту болса, онда тура алдыңғы ұяшықтан кейін орналасқан немесе басқа ұяшықтағыны шығарып оқуға ауысу.
Осылайша процессор нұсқаулар мен программаларды автоматты түрде орындайды – бұл программалық басқару принципі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Сандық техниканың логикалық және арифметикалық негіздері (helpiks.org)
Достарыңызбен бөлісу: |