Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді. Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды көрсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді. Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді. Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми көрсеткіштерге сүйенсек, еліміздің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Ескере кететін жәйт, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары. - Жыл өткен сайын жастар арасындағы жұмыссыздық қысқарып келеді. Ресми көрсеткіштер бойынша, жұмыссыздық 2016 жылдың ІІ тоқсанында 4,2 пайызды көрсеткен, бұл 2015 жылғы көрсеткіштің едәуір төмендегенін білдіреді. Өткен жылы ресми түрде қызметтік кәсіппен жастардың ішінен Қазақстанда 2,1 млн азамат қамтамасыз етілді. Бір сөзбен айтқанда 14 жас пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтардың тең жартысының қызметі бар. Ағымдағы жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми көрсеткіштерге сүйенсек, еліміздің 115 мыңға жуық жас тұрғындары бұл бағдарламаға қатысып, жұмыспен қамтамасыз етілген. Ескере кететін жәйт, бұл көрсеткіштің жартысынан көбі ауыл тұрғындары.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты.
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады. Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді. Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |