Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ
2017 жылдың 1 жартыжылдығының есебі бойынша қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 42 446,4 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 10648,3 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 25,1% құрайды.
Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 87,3% құрап отыр, соның ішінде, республикалық салықтар бойынша 77,7% және реттейтін салықтар бойынша – 106,9%.
Ағымдағы жылдың есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 110,3% орындалып, немесе жоспардағы – 12987,7 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 14323,2 млн.теңге, соның ішінде бюджеттің бос қалдықтар сомасы – 1 340,7 млн.теңге.
Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 104,6%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 9603,4 млн.теңге, қала қазынасына нақты түскені – 10044,9 млн.теңге.
Реттейтін салықтар бойынша жоспар 105,6% орындалды, немесе жоспардағы – 7046,8 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 7439,9 млн.теңге соның ішінде, жоспардың орындалуы жеке табыс салығы бойынша 104,5%, әлеуметтік салық бойынша –107% құрады.
Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 100,4% 2119,9 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық бюджеттің кірістер түсімінің жалпы сомасы 14323,2 млн.теңгені құрады немесе былтырғы жылдың нақты деңгейінен 1785,8 млн.теңгеге жоғары ол негізінен бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен құралған.
Сонымен бірге, былтырғы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар бойынша түсім 1332,1 млн.теңге, 6107,7 млн.теңгеден 7439,9 млн.теңгеге дейін өсті, ол реттейтін салықтар бойынша норматив аударымдарының 8,5% өсуімен және еңбек ақы қорының өсуімен байланысты, атап айтқанда жеке табыс салығы бойынша өсу қарқыны – 125,3%, немесе түсімдер 843,5 млн.теңгеге өсті, әлеуметтік салықтар бойынша өсу қарқыны 117,6% құрап, немесе 488,7млн.теңгеге өсті.
Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша өсу қарқыны ағымдағы 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда -109,2% құрады.
2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы (республикалық салықтар есебімен) контингентте – 5,6млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджет бойынша аударымдар кезінде белгіленген норматив есептеу үшін реттелетін салықтар 69,5%, толық алынбаған салықтың сомасы – 765,5 млн, теңгені құрады.
Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТШЫҒЫНДАРЫ
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 99,7% орындалды немесе жоспарланған 12 907 684,8 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 12 864 567,4 мың теңге құрады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 178 421 мың теңге жоспарланса, одан 178 190 мың теңге немесе 99,8% игерілді;
- қорғаныс саласына 20 194 мың теңге жоспарланып, 20 131,1 мың теңге немесе 99,7% орындалды;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 66 118 мың теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 65 938,3 мың теңге орындалды;
- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 7 389 098 мың теңге сомадан 7 387 672,2 мың теңге игерілді;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 815 276 мың теңге жоспарланып, одан 99,8% немесе 813 386,4 мың теңге атқарылды;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 3 262 161 мың теңгеден 3 224 842 мың теңге орындалды немесе 98,9%;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған
477 555,8 мың теңгеден 476 263,7 мың теңге орындалды немесе 99,7%;
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 38 224 мың теңге жоспарланып, оның 99,8%-ы игеріліп, 38 151,6 мың теңге құрады;
- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 28 632 мың теңгеден 98,9% игеріліп, атқарылған сома 28 303,8 мың теңге құрады;
- көлік және коммуникация саласына жоспарланған 347 837 мың теңгеден 347 726,2 мың теңге немесе 100% орындалды.
- басқалар функционалдық тобы бойынша 7 880 мың теңгеден атқарылған сома 7 775,1 мың теңге (98,7%) құрады.
- трансферттер функционалдық тобы бойынша жоспарланған 276 288 мың теңгеден атқарылған сома 276 286,9 немесе 100% құрады.
Орал қаласының экономикасы
ДЕМОГРАФИЯ
Қала халқының саны 290,5 мың адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 45,5% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,3% өскені байқалады.
Соңғы оң жыл ішінде халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады, тек 2005 жылдан 2015 жылға дейін Орал қаласының халық саны 24% өсті.
Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.
Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Теректі.
Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Есепті кезеңге АХАЖ органдарында 2173 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 10,1% артып отыр.
Өлгендер саны 906 адамды құрап отыр, былтырғы жылдан 3,1%, ал бір жасқа дейін өлгендер балалар саны 22% азайып, 14 адамды құрап отыр.
Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып отыр.
Есепті кезеңге халықтың табиғи өсімі 1267 адамды құрады, былтырғы жылдың деңгейінен 22% көбейіп отыр.
Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ
адам
Орал қаласының экономикасы
ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 4689 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 125% құрайды.
Тіркелген жұмыссыздар саны 895 адамды құрайды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16% азайып отыр.
Есепті мерзімде 1993 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 180% құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға -816 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 19% азайып отыр. Қоғамдық жұмыстарға бағытталған адамдар санының кемуі қоғамдық жұмысқа бағытталған уақытына байланысты, 2016 жылы бір жұмыссыздың аталған жұмыс түріне (азаматтардың санаттарына байланысты емес) тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігі 2 ай мерзім болса, ал 2017 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға орналастыру мерзімі 3 айға ұлғайтылды.
Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 1959 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе былтырғы жылға 115% құрап отыр. Оның ішінде: саудада - 267, ауыл шаруашылығында-36, өнеркәсіптікте-76, көлік және байланыста-19, білім саласында-99, деңсаулық саласында – 937, коммуналдық шаруашылық саласында –273, басқа салаларда-174 және уақытша жұмыстрада-78 адам.
Бір жұмысшының есепті кезеңінде орташа еңбек ақысы 109715 теңге құрады, былтырғы жылға 108% құрап отыр.
Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы маусым айына 22525 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 14% өскені байқалады.
Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |