Қалпына келтіру құралынан қалпына келтіру
1.
Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2.
Бірінші қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне немесе қосымша
сыртқы оптикалық диск жетегіне енгізіңіз, одан кейін компьютерде қайта бастаңыз.
– немесе –
Қалпына келтіру флэш-жадын компьютердің USB портына салып, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
3.
Жүйені бастау кезінде
f9
пернесін басыңыз.
4.
Оптикалық дискіні немесе флэш-дискіні таңдаңыз.
5.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Қалпына келтіру дискілерінің жүктелу тəртібін өзгерту үшін төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
1.
Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2.
Компьютер қайта іске қосылып жатқанда
esc
пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін
f9
пернесін басыңыз.
3.
Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі CD/DVD диск жетегі)
тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру флэш-дискісін бастау ретін өзгерту үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1.
Флэш-жадты USB портына жалғаңыз.
2.
Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3.
Компьютер қайта іске қосылып жатқанда
esc
пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу
үшін
f9
пернесін басыңыз.
4.
Жүктелу параметрлері терезесінен флэш-жадты таңдаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
39
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру
Файлдардың сақтық көшірмесін жасау жəне барлық жаңа бағдарламалық құралдарды қауіпсіз
жерде сақтау өте маңызды болып табылады. Жаңа бағдарламалық құралдар жəне деректер
файлдары қосылған сайын, сақтық көшірмелерді жүйелі түрде жасауды жалғастырыңыз.
Жүйенің қаншалықты толық қалпына келтіруін жасау мүмкіндігі сақтық көшірме соңғы рет қашан
жасалғанына байланысты болады.
ЕСКЕРІМ:
Ең соңғы сақтық көшірмеден қалпына келтіру компьютерге вирустық шабуыл
жасалған немесе жүйе құрамдас бөліктерінің елеулі ақаулығы орын алған жағдайда жасалуы
тиіс. Компьютер ақаулықтарын түзету үшін, жүйені қалпына келтіру əрекетіне кіріспес бұрын
қалпына келтіруді орындауға тырысыңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск, желілік диск немесе дискілерде
жасауға болады. Мына жағдайларда жүйенің сақтық көшірмесін жасаңыз:
●
Жүйелі жоспарланған кесте бойынша
КЕҢЕС:
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жүйелі түрде жасау үшін еске салғышты
орнатыңыз.
●
Компьютер жөнделмес немесе қалпына келтірілмес бұрын
●
Жабдықты немесе бағдарламалық құралды қоспас немесе өзгертпес бұрын
Нұсқаулар:
●
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін Windows® жүйесін қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдалану арқылы жасаңыз жəне оларды оптикалық дискіге немесе сыртқы
қатты дискіге жүйелі түрде көшіріңіз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
пайдалану туралы қосымша ақпаратты
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру
нүктелерін пайдалану 41-бетте
бөлімінен қараңыз.
●
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасында сақтаңыз да, бұл қалтаның сақтық көшірмесін
жүйелі түрде жасаңыз.
●
Бейімделген параметрлерді терезеде, құралдар тақтасында немесе мəзір жолында
параметрлеріңіздің экран суретін жасау жолымен сақтаңыз. Параметрлерді қалпына
келтіру қажет болған кезде, экран суреті уақытыңызды үнемдеуі мүмкін.
Экран суретін жасау үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1.
Сақталатын экранды ашыңыз.
2.
Экран суретін көшіріңіз.
Тек белсенді терезені көшіріп алу үшін,
alt
+
prt sc
пернелер тіркесімін басыңыз.
Экранды толық көшіру үшін,
prt sc
пернесін басыңыз.
3.
Мəтіндерді өңдеу құжатын ашып, Правка (Өңдеу) > Вставить (Қою) пəрменін таңдаңыз.
Экран суреті құжатқа қосылады.
4.
Құжатты сақтап, басып шығарыңыз.
40
Бап 5 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
мүмкіндігін пайдалану
Нұсқаулар:
●
Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
●
Сақтық көшірме жасау үрдісін аяқтауға қажет уақыт беріңіз. Файлдар өлшемдеріне
байланысты оған бір сағаттай уақыт алуы мүмкін.
Сақтық көшірме жасау үшін
1.
Пуск (Бастау)
> Панель управления (Басқару тақтасы)
> Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме
жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Windows® жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін пайдаланушы жазбасын
басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу немесе
Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат немесе
құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, Анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз.
Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру нүктелерін пайдалану
Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі қатты дискінің суретін белгілі бір сəтте сақтауға жəне
атын беруге мүмкіндік береді. Егер енгізілген өзгертулердің күшін болдырмауды қаласаңыз,
осы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз.
ЕСКЕРІМ:
Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі
соңғы рет жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық
пошта хабарламаларына əсер етпейді.
Сонымен қатар, файлдар мен параметрлерді жоғары деңгейде қорғау үшін бастапқы қалпына
келтірудің қосымша нүктелерін жасай аласыз.
Бастапқы қалпына келтіру нүктелерін жасау уақыты
●
Бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын
●
Мерзімді түрде, компьютер тиімді түрде жұмыс істеп отырған кезде
Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру
41