Қалпына келтіру
Қатты диск ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені бастапқы зауыттық күйіндегі қалпына
келтіру үшін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып жасауға болатын
қалпына келтіру дискілерінің жинағы немесе қалпына келтіру флэш-жады керек болады. НР
компаниясы бағдарламалық құралды орнатқаннан кейін, қалпына келтіру дискілерінің жинағын
немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін, HP Recovery Manager құралын бірден
пайдалануды ұсынады.
Егер қатты диск ақаулығынан басқа себептермен жүйені бастапқы қалпына келтіру керек болса,
бұны қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан, HP
қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы жасауға болады. Қалпына келтіру
дискілерінің бар екенін тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін
Управление дисками (Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар
болса, қалпына келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ:
HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш-жад) бағдарламалық құралы
зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді. Компьютермен
берілмеген бағдарламалық құралды қолмен қалпына келтіру керек.
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілері, егер қалпына келтіру бөлімі компьютерде болмаса,
жеткізіледі.
36
Бап 5 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Қалпына келтіру құралын жасау
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда,
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре атаныңызға сенімді болу үшін қалпына келтіру
дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасауға кеңес береді. Бұл дискілерді немесе
флэш-жадты компьютерді бірінші рет орнатқаннан кейін жасаңыз.
ЕСКЕРІМ:
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру дискілерінің тек бір
жинағын немесе бір қалпына келтіру флэш-жадын жасауға мүмкіндік береді. Бұл дискілерді
немесе флэш-жадты қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалана
аласыз немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан сатып
алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы
сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
●
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD-R DL дискілерін сатып алыңыз.
ЕСКЕРІМ:
CD-RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілері жəне BD-RE (жазылатын
Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу дискілері НР Recovery Manager бағдарламалық
құралымен үйлеспейді.
●
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
●
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын немесе бір қалпына келтіру
флэш-жадын жасауға болады.
ЕСКЕРІМ:
Қалпына келтіру дискілерін жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш
дискісіне салмай тұрып нөмірлеңіз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің немесе қалпына келтіру флэш-жадының
жасалуы аяқталғанша бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесіде ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылады.
Қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Справка и поддержка НР
(НР анықтамасы жəне қолдау) > HP Recovery Manager > HP Recovery Media Creation (HP
қалпына келтіру дискісін жасау) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру
дискілерінен, қалпына келтіру флэш-жадынан немесе қатты дискідегі арнайы қалпына келтіру
бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) жұмыс істейді.
Қалпына келтіру құралын жасау
37
ЕСКЕРІМ:
Жүйені қалпына келтіру компьютердің қатты дискісінде ақаулық орын алған
жағдайда немесе компьютердің қызмет ету мəселелерін шешу əрекеттері нəтиже бермегенде
орындалуы тиіс. Жүйені қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті
ретінде ғана пайдаланған жөн.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру кезінде келесі мəліметтерді ескеріңіз:
●
Сақтық көшірмесі бұрын жасалған жүйені ғана қалпына келтіруге болады. НР компаниясы
компьютеріңізді орнатқаннан кейін қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына
келтіру флэш-жадын жасау үшін HP Recovery Manager бағдарламалық құралын
пайдалануды ұсынады.
●
Windows жүйесінде Жүйені қалпына келтіру сияқты жөндеу мүмкіндіктері бар. Егер бұл
мүмкіндіктерді əлі сынап көрмесеңіз, HP Recovery Manager құралын пайдаланбас бұрын
оларды сынап көріңіз.
●
HP Recovery Manager бағдарламасы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды
қалпына келтіреді. Осы компьютермен берілмеген бағдарламалық құралдарды өндірушінің
веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет.
Арнайы қалпына келтіру бөлімі арқылы қалпына келтіру (тек
таңдаулы үлгілерде)
Арнайы қалпына келтіру бөлімін пайдалану кезінде суреттердің, музыканың жəне басқа да
аудио файлдардың, бейнелердің, фильмдердің, жазылған теледидар шоуларының,
құжаттардың, электрондық кестелердің, көрмелердің, электрондық пошта хабарларының,
Интернеттегі таңдаулы элементтердің жəне параметрлердің сақтық көшірмесін жасау мүмкіндігі
бар.
Компьютерді бөлімнен қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.
HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
●
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита
(Қауіпсіздік жəне қорғау) > HP Recovery Manager > HP Recovery Manager
тармақтарын таңдаңыз.
– немесе –
●
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc
пернесін басыңыз. «F11 (System Recovery)»
(F11 (Жүйені қалпына келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде
f11
пернесін басыңыз.
2.
HP Recovery Manager терезесінде System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
38
Бап 5 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру