Өндірістегі еңбекті қорғау



жүктеу 81,5 Kb.
бет4/4
Дата20.01.2022
өлшемі81,5 Kb.
#33782
түріСабақ
1   2   3   4
№10 зертханалық жұмыс-Өндірістегі еңбекті қорғау

еңбекті қорғау дегеніміз – бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау:

  1. құқықтық

  2. медициналық

  3. экономикалық

  4. техникалық құрамдас элементтерден тұрады.

Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.

  1. Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.

  2. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.

  3. Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.

  4. Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.

Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз – бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.

Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:

• еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;

• ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;

• әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;

• өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;

• қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден.

Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. ХЕҰ 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.

Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі –қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі – еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.



Ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтауға ішкі бақылауды жүргізу, жұмыс берушінің міндеті болып, еңбек қауіпсізідігі және еңбекті қорғау саласында мамандардың қатысуын, ал белгілі бір жағдайларда арнайы бөлімшені құруды талап ететін, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік факторлардың мониторингі, кәсіптік тәуекелдерді басқару және бағалау бойынша белгілі бір міндеттер мен шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі деп аталатын, бұл бөлімше, жұмыскерлерінің саны елуден асатын,өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда құрылуға тиіс.

Бұл ретте, «өндірістік қызмет» ұғымы ҚР ЕК және ҚР-ның басқа заңнамалық актілерінде жоқ, соған байланысты жұмыс берушінің қалауы бойынша түсіндіріледі, бірақ, көптеген кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі құрылмайды.

Дегенмен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген, Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында, өндірістік объектілер ұғымына, олардың өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек тұрған өндірістік бөлімшелері екенін түсіндіретін анықтама берілген.

Тиісінше, өндірістік қызметті, өнімді шығаруға және дайындауға, пайдалы қазбаларды әзірлеуге, өндіруге және өңдеуге, және құрылысқа байланысты қызмет ретінде түсінуге тиіс.

Осы тармақтың ережелеріне сәйкес, жұмыскерлерінің саны елуден асатын, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады.

Қызмет ұйымның бірінші басшысына немесе оның өкілетті тұлғасына бағынады, өзінің дәрежесі бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі. Қызметті ұйымның бірінші басшысы тағайындаған адам басқарады. Қызметтің құрылымы мен санын, ұйымда жұмыс істейтіндердің санына, сондай-ақ өндірістің қауіптілігі мен зияндылығына байланысты, жұмыс берушінің өзі белгілейді.

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу — қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.
Ж ұ м ы с т ы о р ы н д а у т ә с і л і
Кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайын, еңбектің оңтайлы жағдайын, сондай-ақ адамдардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын білу.
жүктеу 81,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау