Қонақ үйі ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады



жүктеу 1,88 Mb.
бет1/9
Дата10.12.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3724
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Кіріспе

Қазіргі кездегі біздің қоғамның даму кезеңдерінің негізгі тапсырмалары тұрақтылық негізінде халықтың жағдайының әрі қарай өсуінің қамтуынан, халықтық шаруашылықтың жылжымалы келуінен, ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауынынан және экономиканың интенсивті даму жолына ауысуынан тұрады.

Қонақ үйі ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады. Сыйымдылығы 100-ден 3000 орынға дейін болуы керек, ал биіктігі 3-тен 5-ке дейінгі қабатта оданда көп болуы мүмкүн. Қазіргі уақытта 800-1000 орынға дейін тұрғызып жатыр. Жаңа қонақ үйлерде қабаттарының биіктігі 3,3 м.

Қазіргі кезге дейін 3-4 өрт төзімділік дәрежелі қиын жанатын және жанғыш материалдардан салынған ескі құрылыстағы мектептер көп.

Ғимаратының ішкі жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасуымен. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттарда бөлме, компьютер кабинеті, спорт зал, кітапхана, асхана, дәрігерлік көмек көрсету пункті орналастырады.

Қонақ үйлердің көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауаны жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радио қондырғылар, теледидар және т.б. кеңінен қолданылады. Қонақ үйлерде өрт ауыртпалығы бірдей емес, ол 300 құрайды, 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2.

I және II өрт төзімділік дәрежелердегі ғимараттарда от 0,5-1,5 м/мин жылдамдақта бөлмедегі қондырғылармен, жиһаздармен және жанғыш материалдармен тарайды. Бөлмеден от және жану өнімдері коридорға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғары орналасқан қабаттарға тез тарайды және науқастарға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қосылған, бұл олардың тез түтіндеуіне әкеп соғады.

Жалынның және түтіннің тез тарауына желдету, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді, сонымен қатар Ш және IV өрт төзімділік дәрежелі ғимараттарының конструкциясының бос орындары әсер етеді. Мұндай ғимараттарда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин.
1. Өрт сөндіу тактикасы


    1. Өрт статистикасы және олардың себептері


Қонақ үйі мекемелерінде өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері көп адамдардың өліміне байланысты оның пайда болу себептерін көп уақыт бөліп толық меңгеруде. Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:

  • отпен дұрыс қолданбау;

  • электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;

  • электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;

  • құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады.

Қонақ үйі мекемелеріндегі өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші персоналының барына байланысты, өртке қарсы қызметі бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 мин-қа дейін (орташа мағынасы 12 мин).

Ғимараттарының өрт төзімділік дәрежесі I және II болғанда өрттің сызықтық даму жылдамдығы 0,5-тен 1,5 м/мин дейін, ал өрт төзімділік дәрежесі III және IV ғимараттарда 2-ден 3 м/мин дейін, бұған жанғыш материалдардың көп мөлшерде бары әсер етеді, ол кітапханаларда 80-100 кг/м2, кластарда 40-50 кг/м2, басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2 құрайтын өрт ауыртпалығы куәландырады.

Бұның бәрі өрттің ауданының үлкен жылдамдықта өсуіне әсер етеді, ол келтірілген өрттерде 3-тен 45 м2/мин-қа дейін өзгереді.

Өрт ең алдымен адамдарға қауіп төндіреді.

ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, адамдарды көшіру бойынша, көшіруге жататын адамдардын санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез адамдарды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.

Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, мемлекет пен қоғамның қызығушылығына, адамдарға материалдық шығындар әкелетін бақылаусыз жану.

Өрт жанудан басқа уақыт пен кеңістікте дамитын массо- және жылу алмасу құбылысын қосатын қиын физико-химиялық процесс. Бұл құбылыстар өзара тығыз байланысты және өрт параметрлерімен сипатталады: жану жылдамдығы, температурасымен, және т.с.с. жағдайлар қатарымен анықталады.

Массо- және жылу алмасу құбылысын өрттің өлшемі мен пайда болу орнына тәуелсіз жалпы құбылыстар деп атайды. Өрт кезінде жану процессі жеткілікті үлкен уақыт аралығында адаммен басқарыла алмайды. Бұл процестің әсері үлкен материалдық шығындарға әкеледі.

Жалпы құбылыстар жеке құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін, яғни өртте болатын немесе болмайтын. Оларға жататындар: жарылыстар, құрылыс конструкцияларының, технологиялық аппараттар мен қондырғылардың деформациясы және бұзылуы, резервуарлардан мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы және басқа да құбылыстар.

Жеке құбылыстардың пайда болуы тек өртте қолайсыз жағдайларда ғана пайда болуы мүмкін. Осылайша, өрттің үлкен ұзақтылығы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы тек ғимараттарда және ашық өндіріс орындарында өтеді; мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы – тек қара және суланған мұнай өнімдерінің жануы кезінде.

Өрт сонымен бірге қоғамға тек материалдық емес, сонымен қатар моральді шығындарға әкелетін әлеуметтік құбылыстармен өтеді. Адамдардың өлуі, термиялық зақымдалу және токсикалық жану өнімдерімен улану, адамдар көп келетін объектілерде үрейдің пайда болуы және т.б. - өртте болатын құбылыстар. Бұл ерекше құбылыстар тобы психологиялық ауыртпалыққа және адамдарды стресс күйіне әкеледі.

Біздің және дамыған елдердің статистикалық есептеулері бойынша, түрлі тағайындаулы ғимараттарда адамдардың өлімі мен шығыны өрттің қауіпті факторларына байланысты. Қауіпті факторлар зақымдалуға, адамдардың өлімі мен улануына, сол сияқты материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін өрт факторларымен түсіндіріледі.

Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары (ӨҚФ) болып табылады:

Ашық от және ұшқындар; заттардың, қоршаған ортаның жоғары температурасы; токсикалық жану өнімдері, түтін; оттегінің төмендетілген концентрациясы; агрегаттардың, қондырғылардың құрылыс конструкцияларының құлайтын бөліктері және жарылыстың қауіпті факторлары.

Өндірістік және қойма ғимараттарындағы өрттер ең үлкен материалдық шығындарға әкеледі, ӨҚФ адамдардың өлімі тұрғын ғимараттарда өтеді. Көп қабатты өндірістік ғимараттарында өрттер сирек болады, бірақ вертикаль бағытта тез таралады, олардың материалдық шығындары бір қабатты ғимараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Үлкен материалдық шығындар мен адамдардың өлімін ірі өрттер әкеледі.

Адамдардың өлімі, негізінен, өрт дамуының бастапқы кезеңдерінен басталады. Өртте ең жиі балалар, қарт кісілер және мүгедектер қайтыс болады.

Өрттер санының өсуі, адамдар мен өлімі материалдық шығындар шамасы өндіріс концентариясымен, өртке қатысты жаңа қауіпті технологияларды құрумен, өрт бөлімдерінің қамтамасыз етілу деңгейімен және уақытында шараларды қолданылмаумен анықталады.

Осылайша, өртте бір-бірімен өзара байланысқан түрлі құбылыстар өтеді. Олар жалпы физико-химиялық және әлеуметтік-экономиялық заңдар негізінде жүреді, оларды білу арқылы өрттегі жағдайды сапалы бағалауға және өртті сөндіруге қолайлы шешімді енгізуге тиімді. Өртті детальді оқу және олармен күрес тактикасын өңдеу мақсатында, барлық өрттер топтар, класс және түрлер бойнша топтастырылады. Олардың топтастырылуы ұқсастық әсерлері негізінде өткізіледі.

Қоршаған ортамен массо- және жылу алмасу шарты бойынша барлық өрттер үлкен екі топқа бөлінген – ашық кеңістікте және қоршауларда.

Жанғыш заттар мен материалдар түріне байланысты өрттер А, В, С, Д класстарына және А1, А2, В1, В2, Д1, Д2 және ДЗ подкласстарына бөлінген.

А классты өрттерге қатты заттардың жануы жатады. Бұл жағдайда егер ағаш, текстильді өнімдер, қағаз бықсушы заттары жанатын болса, онда өрттер А1 подклассына жатады; ал бықси алмайтын заттар, мысалы пластмассалар А2 подклассына жатады.

В классына жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар жатады. Олар В1 классына жатады, егер суда ерімесе (бензин, дизтопливо, мұнай және т.б.) және В2 классына суда еритін (мысалы, спирттер).

Егер жануға газдар, мысалы сутегі, пропан және т.б. қатысса, онда өрттер С классына жатады, металлдар жануы кезінде – Д классына. Д1 — жеңіл металлдардың жануын бөледі, мысалы, алюминий, магний және т.б.; Д2 – сілті және басқа да ұқсаса металлдарды, мысалы натрий, калий. ДЗ — металлоқұрамды қосылыстардың жануы, мысалы металлоорганикалық немесе гидридтердің.


Өрттің негізгі параметрлері

Өртке қарсы қорғау жүйесінде өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешу үшін, оның даму процесінде өрттің тәртібін, өрттегі жағдайды дұрыс бағалауды білу қажет. Өрт дамуының жобалауы жанудың таралу жылдамдығы мен бағытын, өрттің даму ұзақтылығын, температураның уақытта өзгеру және газ ортасының компоненттерін, газ алмасу қарқындылығының есептеу әдістерін және өрттің басқа да параметрлерін қолдануды ұсынады.

Әрбір өрт, түрлі құбылыстарды анықтайтын жағдай түрінде болады, мысалы, өрт кезінде жел жылдамдығы мен бағытының өзгеруі. Сондықтанда өрттің дамуын жобалау мүмкін емес. Бірақ өрттер жалпы заңдылықтарға ие.

Өртте болатын негізгі құбылыстар – бұл газо- және жылуалмасу процесстерінің жануы. Олар уақыт пен кеңістікте өзгереді және өрт параметрлерімен сипатталады. Өрт қоршаған орта заттары және энергиясымен ашық термодинамикалық жүйе ретінде қарастырылады.

Өртте болатын процесстерді және оларды сипаттайтын параметрлерді қарастырайық.

Өртте жанғыш заттар мен материалдардың жану процесі тотығудың химиялық реакциясы және физикалық құбылысы түрінде өтеді, онсыз жану мүмкін емес.

Жанудың негізгі шарттары болып табылады: жанғыш заттардың болуы, тотықтырғыштың химиялық реакция аймағына өтуі және жылудың үзіліссіз бөлінуі.

Заттар мен материалдар бойымен жану процесінің таралуы және пайда болуы біртіндеп өтеді. Жану көзі жанғыш затқа әсер етеді, оның қызуын тудырады, бұл жағдайда беттік қабат қатты қызады, беттіктің белсенділігі өтеді, термиялық және физикалық процесстерден заттар мен материалдар буланады, аэрозольді қоспалардың түзілуі өтеді. Түзілген газ тәрізді өнімдер экзотермиялық айналымға өтуге қабілетті, ал жанғыш материалдардың қатты бөлігінің дамыған беттігі оның ыдырауына қабілетті. Газ тәрізді өнімдердің бу концентрациясы, булану деструкциясы критикалық мәнге жетеді, заттар мен материалдардың қатты бөліктерінің газ тәрізді өнімдері тұтанады. Бұл өнімдердің жануы жылу бөлінуге, беттік температурасының өсуіне және жану өнімдері концентрациясының өсуіне әкеледі. Тұрақты жану, химиялық реакция аймағында термиялық ыдыраудың жану өнімдерінің түзілу жылдамдығы тотықсыздану жылдамдығынан кіші болғанда басталады. Онда жану аймағында бөлінетін жылу әсерінен жанғыш заттар мен материалдардың келесі аумақтарында қызу, деструкция, булану және тұтану өтеді.

Өртте жану процесінің дамуын сипаттайтын факторлаға жататындар: өрт ауыртпалығы, жану жылдамдығы, материал бетінен жалын таралуының сызықты жылдамдығы, өрт ауданы, жанғыш материалдардың беттік ауданы, жылу бөліну қарқындылығы, жалын температурасы және т.б.



Өрт ауыртпалығы еден бетінің бірлігіне қатысты жылу мөлшері түрінде түсіндіріледі, ол өрт кезінде бөлме немесе ғимарат ішінде бөлінеді.

Өрт ауыртпалығын Р, МДж/м2, тұрақты және уақытша өрт ауыртпалықтарының қосындысы түрінде анықтайды. Тұрақты өрт ауыртпалығына құрылыс конструкцияларындағы жануға қабілетті заттар мен материалдар жатады. Уақытша өрт ауыртпалығына өндірістердегі заттар мен материалдар жатады, соның ішінде жануға қабілетті технологиялық және санитарлы-техникалық қондырғылар, оқшаулағыш, шығынды қоймалардағы материалдар, жиһаз және т.б.

Өрт ауыртпалығын және есептелген өрт ауыртпалығын сол сияқты кг/м2 анықтауға жіберіледі. Онда, объектінің өрт ауыртпалығы 1 м2 ауданға немесе бөлме еденінің ауданына келетін барлық жанғыш және қиын жанатын материалдар массасымен түсіндіріледі.

Есептелген өрт ауыртпалығы өрт ұзақтылығын сипаттайды (ауыртпалық үлкен болған сайын, өрт соғұрлым ұзақ).



Жану жылдамдығы жану кезінде уақыт бірлігінде материал массасының жоғалтуымен түсіндіріледі. Термиялық ыдырау процесі заттар мен материалдар массасының төмендеуімен жүреді, есептеуде ол уақыт және аудан бірлігінде массалы жану жылдамдығы кг/(м2*с) тәрізді болады және мына қатынаспен анықталады

Жанудың массалы жылдамдығы заттың немесе материалдың агрегаттық күйіне, бастапқы температурасына және басқа да жағдайларына тәуелді. Жанғыш және жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың массалы жану жылдамдығы олардың булану қарқындылығымен анықталады. Қатты заттардың массалы жану жылдамдығы жанғыш түріне, өлшеміне, бос беттік шамасына; өрт температурасына және газалмасу қарқындылығына тәуелді. Массалы жану жылдамдығына қоршаған ортадағы оттегі концентрациясы өз әсерін тигізеді.



Жалынның сызықты таралу жылдамдығы (өрттің) берілген бағытта уақыт бірлігінде жалын майданының қозғалысымен сипатталады. Ол жанғыш заттар мен материалдар түрі және табиғатына, бастапқы температураға, жанғыштың тұтануға қабілеттілігіне, заттар мен материалдар бетіндегі жылулық ағын тығыздығына тәуелді.

Бұл, өз кезегінде, сөндіру параметрлерінде және қажетті от сөндіргіш заттарды беруді, сөндіру уақытын, сол сияқты өртті жоюға қажетті жалпы күштер мен құралдар санын керек етпейді.

Қоршаулардағы өрт температурасы бөлмедегі газды ортаның орта көлемді тнмпературасымен түсіндіріледі, ашық кеңістіктердегі өрт температурасы – жалын температурасымен. Қоршаулардағы өрт температурасы, ереже бойынша, ашық кеңістіктегіге қарағанда төмен болады.

Жану процесін сипаттайтын ең басты параметрлердің бірі өрт кезінде жылу бөлудің қарқындылығы болып табылады. Бұл шама өрт кезінде бөлінетін жылу мәніндегі уақыт бірлігіне тең. Ол заттар мен материалдардың жану жылдамдығымен және жылу құрамымен анықталады. Жылу бөлу қарқындылығына оттегі құрамы және орта температурасы әсер етеді, ал оттегі құрамы қоршаулардағы өрттер кезінде бөлмеге ауа қарқындылығының енуіне және ашық кеңістіктердегі өрттер кезінде жалынды жану аймағына ауаның өтуіне байланысты. Ауа ағынымен реттелетін өрттер кезінде, жылу бөліну қарқындылығы келетін ауа шығынына пропорционал:

Егер өртте жану ауа ағынымен шектелмесе, жылу бөліну қарқындылығы жалынмен қамтылған материал бетінің ауданына байланысты. Жалынмен қамтылған заттар мен материалдар бетінің ауданы өрт барысында тұрақты шама болып қала беруі (мысалы, сұйықтықтың резервуарда жануы, құлатылу және т.б.) немесе өзгеруі мүмкін (мысалы оттың жиһаз және басқа жанғыш материалдар бетімен таралуы). Өрттегі жылу бөліну қарқындылығы газ алмасуға байланысты және мына формула бойынша анықталады:

Өрт кезінде газ тәрізді, сұйық және қатты заттар бөлінеді. Оларды жану өнімдері деп атайды, яғни жану нәтижесінде түзілген заттар. Олар газды ортада таралады және түтіндену құрады.



Түтін – бұл газ, бу және қатты бөлшектерден тұратын ауаның және жану өнімдерінің дисперсті жүйесі. Бөлінген түтін көлемі, оның тығыздығы және улылығы жанғыш материал қасиеті мен жану процесінің өту жағдайына байланысты.

Бөлме көлемінен басқа, осы формулаға кіретін барлық шамалар уақыт аралығында өзгереді. Сондықтан да практикалық есептеулер үшін, берілген мәндерді дифференциалды түрде жазып алу қажет. Онда бөлмедегі түтін концентрациясына сүйене отырып, өрт анализі немесе белгілі бір объектінің жедел құжаттарын өңдеу кезінде жеңілдік береді.

Түтін концентрациясы – бұл бөлме көлеміндегі жану өнімдерінің мөлшері. Оны зат мөлшерімен сипаттауға болады г/м3, г/л немесе көлем үлесінде.

Түтін тығыздығынан көру қабілеттілігі экспериментальды жолмен дәлелденген, мысалы, егер заттар 3м арақашықтықта 21 Вт топтық шамның жарықтандырылуымен көрінсе (көміртегінің қатты бөлшектері 1,5 г/м3)– түтін оптикалық тығыз; 6 м дейін (0,6–1,5 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін орта оптикалық тығыз; 12 м дейін (0,1–0,6 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін оптикалық әлсіз.

Өрттегі газ алмасу – бұл жану кезінде жылу бөлінумен шақыртылған газ тәрізді массалардың қозғалысы. Газдар қызған кезде, олардың тығыздығы төмендейді, және олар суық атмосфералық ауаның тығыз қабаттарымен шығарылады және жоғарыға көтеріледі. Жалын факелының негізінде жану аймағына ауа ағынының енуіне қабілетті сирету пайда болады, ал жалын факелының үстінде – артық қысым. Ашық кеңістіктерде және үлкен емес ауданды бөлмелерде газ алмасу аэродинамика заңы негізінде өткізіледі, және газ алмасу процесін қарастыру арнайы білімдерді қажет етеді.

Бөлме ішіндегі өрт кезінде, газ алмасу процессі термодинамикалық параметрлер көлемінде (Рτ, r, Тτ – қысым, тығыздық, температура) табиғи газ алмасу заңының негізінде базаланады.

Бөлмедегі газ алмасу процесіне бөлме биіктігі, ойықтардың геометриялық өлшемдері, жел бағыты мен жылдамдығы көп әсер етеді.

Өртте газ алмасу процесі бөлмелерде, сонымен қатар ғимараттарда да түтінденуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Өртте газ ағындарын басқару бойынша ұйымдастыру жұмыстары ғимараттар мен қос бөлмелерде түтінденуді тоқтатуға қабілетті, ол өртті жою және тоқтату жұмыстарын жеңілдетеді.

Өртте болатын ең басты процесстердің бірі жылу алмасу болып табылады. Жану кезіндегі бөлінетін жылу, біріншіден, өрттегі жағдайды қиындатады, екіншіден, өрттің даму себептерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа, жану өнімдерінің қызуы, газ ағындарының қозғалысын тудырады (жану аймағының жанында орналасқан бөлмелер мен территориялар).

Жанудың жалғасуы үшін жылудың белгісіз бөлігі қажет етіледі. Бөлінетін жылудың барлығы 3 % дейін сәулелену жолымен жанып жатқан заттарға және булануға беріледі. Бұл жылу мөлшерін өрт кезіндегі жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін тоқтату және сөндірудің нормативты параметрлерін анықтау кезінде қолданады.

Сыртқы ортаға берілетін жылу өрттің таралуына жағдай жасайды, температураның жоғарылауын, конструкциялардың деформациясын тудыртады және т.с.с.

Өрттерде жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Осылайша, бұл әдіспен резервуарда бензиннің жануы кезінде жылудың 57–62 % беріледі, ал орман штабельдері жанғанда 60–70 %.

Әлсіз жел кезінде жылудың көп бөлігі атмосфераның жоғарғы қабаттарына беріледі. Қатты жел кезінде жағдай қиындай түседі, өйткені қызған газдар ағыны көлденең таралады.

Ішкі өрттер кезінде (яғни қоршаулардағы өрттер) сыртқы өрттерге қарағанда жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Ғимараттар ішіндегі өрттер кезінде жану өнімдері корридорлар, саты торлары, лифт шахталары, вентканалдар бойымен қозғала отырып, жылуды кездескен конструкциялар мен материалдарға береді. Мынаны ескеру қажет, конвекционды ағыстар жылдамдығы мен жану өнімдерінің қызу температурасы жоғары болған сайын, жылу қоршаған ортаға соғұрлым көп беріледі.

Жылудың сәулеленумен берілуі сыртқы өрттер үшін тән. Жалын беті үлкен болған сайын, оның қаралық дәрежесі соғұрлым төмен, жану температурасы жоғары болған сайын, жылу соғұрлым көп беріледі. Қуатты сәулелену газмұнай фонтандары, резервуарларда ЖТС және ЖС, орман штабельдерінің жануы кезінде байқалады. Бұл жағдайда жылудың 30-дан 40 % - дейін үлкен арақашықтарда беріледі.

Қоршаулардағы өрттер кезінде сәулелену қимылы жанып жатқан бөлмелердегі құрылыс конструкциялары және жылу экраны тәрізді түтіндеумен шектеледі. Жану аймағынан алыстатылған участоктарда сәулеленудің жылулық әсері өрттегі жағдайға әсер етпейді. Бірақ, жану аймағына жақын болған сайын, оның жылулық әсері қауіптірек болады.

Практика көрсеткендей, 80–100 °С тең құрғақ және 50–60 °С ылғал ауа температурасы кезінде, адам арнайы жылу қорғағышсыз тек саналған минуттар аралығында жүре алады. Ең жоғарғы температура және бұл аймақта ұзақ уақыт бойы болу, жылулық соққыға, естен тануға және өлімге душар етеді.

Түсетін жылулық ағын жалын факелы мен объект арасындағы қашықтыққа тәуелді. Бұл параметрмен сәулеленуші объект үшін қауіпсіз жағдай байланысты.

Кейбір материалдар үшін жіберілетін жылулық ағын тығыздығы мен температурасы анықтамалық әдебиеттерде көрсетілген. Мысалы, адам үшін сәулеленудің шекті қарқындылығы 1050 Вт/м; адамның қорғалмаған дене бөлігінің қызу температурасы 40 °С аспауы тиіс. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі үшін 7500 Вт/м және 393 °С тең.

Бөлмедегі өрттер кезіндегі жанғыш газдар, жалын факелы және қорғағыш конструкциялардың жылу алмасу процесі бір мезгілде жылулық сәулелену, конвекция және жылу өткізгіштікпен жүзеге асырылады.

Ішкі өрттерде сәулеленумен берілетін жылу бағыты конвекцияның жылу беруімен сәйкес келмейді, сондықтан да бөлмеде қорғағыш конструкциялардың беттік аймақтарына ғана әсер ететін аймақтар болуы мүмкін.

Жану аймағы деп, жалынның диффузионды факелінде термиялық ыдырау процесстері немесе жанғыш заттар мен материалдар (қатты, сұйық, газ, бу) булануы өтетін кеңістікті айтады. Жану жалынды (гомогенді) және жалынсыз (гетерогенді) болуы мүмкін. Жалынды жану кезінде жану аймақтарының шектері жанғыш материал беті және жалынның жұқа қабаты болып табылады, жалынсыз – жанғыш заттың қызған беттігі.

Жалынсыз жанудың мысалы ретінде кокстың, ағаш көмірінің жануы, талшықтардың, торфтың бықсуы бола алады.

Жалынды жану аймақтарының шегі сызба түрінде сур. 1.4 (а. б. в) көрсетілген.



Жылулық әсер аймағы жану аймағының шектеріне қосылады. Кеңістіктің бұл бөлігінде жалын бетінің, қоршаған қорғағыш конструкциялар және жанғыш материалдар арасында жылу алмасу процесстері өтеді. Қоршаған ортаға жылудың берілуі жоғарыда қарастырылған әдістермен жүзеге асады: конвекция, сәулелену, жылуөткізгіштікпен.

Түтіндену аймағы адамдардың дем алу органдарының қорғау құралдарынсыз келуі және көру қабілетінің жетіспеушілігінен өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды қиын орындалуымен түсіндірілетін, жану аймағына қосылатын кеңістік.

Ғимараттар мен имараттардағы өрттер кезінде өрттің қауіпті факторлары түтіндену аймағында қалып қойған адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жеке құрамның жауынгерлік жұмыстарды орындау қиындығы болып табылады. Бұдан басқа, түтінденген бөлмелердегі жеке құрам жұмысы белгілі дағдыларды, жоғары физикалық және психологиялық дайындықты қажет етеді.

Түтіндену аймағына жылулық әсер аймағы жатады.

Түтіндену аймағының шектері деп түтін тығыздығы 1-10-4÷6-10-4 кг/м3 құрайтын, заттар көрінуі 6-12 м, түтіндегі оттегі концентрациясы 16% және дем алу органдарын қорғау құралдарынсыз адамдардың өмірі мен денсаулығына улы газдар қауіп төндірмейтін шектер саналады.

Өрт кезінде жану аймақтарының шегін орнату мүмкін емес, өйткені олар әрдайым өзгеріп отырады.

Өрттің даму процессінде үш стадияны ажыратады: бастапқы, негізгі(дамыған) және соңғы. Бұл стадиялар өрттің қай жерде өткеніне байланысты емес: ашық кеңістікте немесе бөлмеде.



Бастапқы стадияға өрттің жану көзінен дамуы сәйкес келеді; бөлме толығымен жалынмен қамтылған сәтке дейін. Бұл стадияда бөлмедегі температураның өсуі және онда газ тығыздығының төмендеуі өтеді. Бұл жағдайда ойықтар арқылы газдардың жойылуы, келетін ауа мөлшерінен жоғары.

Өрттің бастапқы стадиясында ауа және бөлмедегі жану өнімдері көлемде өзгереді, бірнеше ондық паскальге дейін артық қысым пайда болады, оның нәтижесінде газ қоспасы құрылыс конструкцияларының, терезе, есік және басқа да саңылаулар арқылы сыртқа шығады. Жану концентрациясы біртіндеп төмендейтін бөлмедегі ауа оттегісімен әрекетке түседі. Егер бөлме қоршаған ортадан оқшауланған болса, мысалы терезе ойықтарының шынылануы бұзылмаса немесе мүлдем жоқ болса, есіктер тығыз жабық болса, жану процесінің дамуы баяулайды немесе мүлдем тоқтатылады. Кері жағдайда өрттің бастапқы стадиясында жану белгілі бір бөлме ауданына таралады, конструкциялар мен материалдар қыздырылады, бөлменің орта көлемді температурасы 200–300 °С дейін көтеріледі, түтінде көміртегінің оксид және диоксид құрамы өседі, қарқынды түтін бөліну өтеді және көру қабілеттілігі төмендейді. Бөлменің көлемі, оның герметизация дәрежесі және өрт ауыртпалығының таралуына байланысты өрттің бастапқы стадиясы 5–40 мин жалғасады. Бірақ адамға қауіпті жағдайлар 1-6 минуттан кейін пайда болады.

Өрттің бұл стадиясы, ереже бойынша, құрылыс конструкциялардың от төзімділік дәрежесіне әсер етпейді, температурасы төмендеу болғандықтан.

Жалынның сызықты таралу жылдамдығының шамасы тұрақсыз және көптеген факторларға, сол сияқты өрт даму стадиясына тәуелді болғандықтан, сөндірудің күштері мен құралдарын есептеудің өрт геометриялық параметрлерін практикалық есептеу кезінде жабық бөлмелердегі дамудың алғашқы 10 минутында ол 0,5 коэффициентімен алынады. Өрт дамуының сызықты жылдамдығы бастапқы стадиядағы жану процесіне қарағанда екі есе баяу жүреді.

Бөлменің өрт дамуының негізгі стадиясына орта көлемді температураның максимумға дейін жоғарылауы сәйкес келеді. Бұл стадияда, жанғыш заттар мен материалдардың көлемді массасының 80–90 % жанып кетеді, бөлмедегі газдар тығыздығы мен температурасы уақыт аралығында біршама өзгереді. Өрт дамуының берілген режимы квазистационарлы (орнатылған) деп аталады, бұл жағдайда бөлмеден шығарылатын газдар шығыны келетін ауа ағынына және пиролиз өнімдеріне тең.

Өрттің соңғы стадиясында жану процессі аяқталады және температура біртіндеп төмендейді. Шығарылатын газдар мөлшері, жану өнімдерінен және келетін ауа мөлшерінен төмен болады.


Өрттегі газалмасу

Өртті сөндіруде газ ағындарымен басқару жедел-тактикалық іс-қимылдардың ең негізгісі болып табылады, ол өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын табысты жүргізу мақсатында орындалады.

Өртте газ алмасудың өзгеру көмегімен түтіндену аймақтарының өлшемдерін азайтуға, жану бағытын өзгертуге, жану аймағында өтетін процесстер жылдамдығына әсер етуге болады.



Газ алмасу қарқындылығын, жану аймағына келетін ауа ағынының жылдамддығымен түсіндіруге болады. Қызған жану өнімдері, реакция аймағында бөлмеге енетін ауа тығыздығымен салыстырғанда артық қысымды тудырта отырып, жоғарыға көтеріледі. Бөлменің төменгі бөлігінде тотығу реакциясына қатысатын ауадағы отттегі қысымының парционалды өзгеруінен, сирету пайда болады. Қысым сыртқы бөлме көлеміне немесе көршілес жанып жатқан бөлме қысымына тең бөлме биіктігі тең қысымдар деңгейі деп аталады. Осы бөлме деңгейінің жоғары бөлігі түтінмен толтырылса, төменгісі – жану өнімдерінің концентрациясы, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамына дем алу органдарын қорғау құралдарынсыз жұмыс істеуге бөгет келтірмейді. Егер тең қысымдар деңгейінде бөлмеде шартты тығыздықты өткізсек, онда оны тең қысымдар тығыздығы деп атауға болады. Жану аймағына таза ауаны енгізіп тұрған ойық жану өнімдерін сыртқа шығару сәті басталады, бұл жұмыс аймағын қиындатады.

Тең қысымдар деңгейінің түсіріруі, өрт бөлімшелері жеке құрамының дұрыс емес іс-қимылдарынан басталуы мүмкін. Мысалы, келетін және шығарылатын ойықтар аудандарының бұзылуынан, жауынгерлік қанат жаю және оқпаншылардың жану ошағына өтуін қиындатады.

Тең қысымдар деңгейі төмен орналасқан сайын, соғұрлым түтіндену аймағы көп көлемді алады, жану өнімдерінің қос бөлемелерге таралу қауіптілігі пайда болады.

Өрттермен табысты күресу үшін, өрт бөлімдерінің жеке құрамы өртте газ ағындарымен басқару әдістерін жетік білулері тиіс.

Олардың алғашқысын ғимарат аэрациясының өзгеруі деп атауға болады, яғни ғимараттағы терезе, есік, қоршағыш конструкциялардағы саңылауларды ашу және жабу.

Тең қысымдар деңгейі әрдайым тартпалы немесе енетін ойықтар аудандарына жақын орналасады. Сәйкесінше, өрт сөндіру жағдайларында, бөлмедегі тең қысымдар деңгейін реттеуге, түтіннен бос жұмыс аймағын жасауға болады. Бірақ, мынаны ұмытпау қажет, бдөлмедегі шығармалы және тартпалы ойықтар белгілі бір қатынаста орналасуы тиіс. Мысалы, шығармалы ойықтар үстінде тартпалы ойықтар ауданының өсуі бөлменің іші және сыртындағы қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл мақсатта шығармалы ойықтар уаданы тартпалы ойықтар ауданынан 1,5-2 есе көп болуы ұсынылады. Жауынгерлік жағдайда бұл қатынас тең қысымдар деңгейімен байқалады және бөлменің қоршағыш конструкцияларында қосымша саңылауларды жасаумен реттеледі.

Егер де өрт жағдайында қосымша төменгі ойықтар арқылы күшиер мен құралдардың енгізілуі қажет етілетін болса, жоғарыда ұсынылған қатынастармен жоғарғымойықтарды үлкейту қажет.

Өрт түтін сорғыштарын желдетумен қолдану, екінші әдіс болып табылады. Соңғылардың қолданылуы қорғалатын объектте өңделетін жедел-тактикалық құжаттарда айтылуы тиіс.

Қозғалмалы желдету қондырғылары өрттің түрлі мүмкін нұсқауларында қолданылады: жанып жатқан бөлмеге таза ауаны жіберу; жанып жатқан бөлмеден жану өнімдерін шығару; түтін сорғыштарды қиылыстырып қолдану, яғни олардың бір бөлігін жанып жатқан бөлмеге ауаны кіргізу үшін қолдану, ал қалған бөлігін – одан түтінді шығаруға.

Үшінші әдіс өрт бөлімшелері жеке құрамының сәйкес от сөндіргіш заттарды қолданумен қорытындыланады. Мысалы, бөлмелердегі өрттерде газ тәрізді массалардың қозғалыс бағытын ойықтардағы ұстатқыштармен өзгертуге, түтіннің таралуын болдырмас үшін орташа және жоғары қысқалықты ауа-механикалық көбікті қолдануға болады. Көбік түтінді бөлмеден шығару үшін де кең қолданылады. Бірақ бұл әдісті орындау кезінде бөлмеге оның бөгетсіз кіру шараларын қарастыру қажет.

Сөндіру процесінде өрт бөлімшелерінің жеке құрамы шашыранды суды жиі қолданады. Бұл жағдайда түтінде орналасқан көміртегінің қатты бөлшектері ылғал әсерінен қоршалады, бөлме температурасы төмендейді, кейбір суда ерігіш улы жану өнімдерінің концентрациясы азаяды, ал бұл, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге қолайлы болып табылады.

Жану ауданының өзгеру белгісі бойынша өрттерді таралатын және таралмайтын деп бөлуге болады.

Өрттер өлшемі және материалдық шығыны, ұзақтылығы және басқа да ұқсастық пен айырмашылықтар бойынша топтастырылады.

Бұдан басқа, топтастыруда жеке топшаны атап өту қажет, ашық кеңістіктегі өрттер – массалы өрттерді, ол жанғыш материалдар ірі қоймаларында және өнеркәсіп өндірістеріндегі болатын өрттер жиынтығымен түсіндіріледі. Жеке өрттер, жеке ғимараттар мен имараттардағы өрттермен жобаланады. Бір участокта ғимараттар мен имараттардың қарқынды жануы жаппай өрт деп аталады. Әлсіз жел немесе ол мүлдем болмаған кезде жаппай өрт отты шабуылға ауысуы мүмкін. Отты шабуыл – бұл турбулентті жалын факелы жану өнімдерінің қуатты конвективті колонкаларымен 14-15 м/с жылдамдығымен шығарылатын өрттің негізгі формасы.

Қоршаулардағы өрттерді екі түрге бөлуге болады: ауа алмасумен және өрт ауыртпалығымен реттелетін өрттер.

Ауа алмасумен реттелетін өрттер бөлменің газды ортасында оттегі құрамының өтуімен және жанғыш заттар мен материалдардың артып қалуымен түсіндіріледі. Бөлмедегі оттегі құрамы оның желдету шарттарымен анықталады, яғни өрттің бөлмеге механикалық желдету жүйелерімен және ауа шығыны немесе шығармалы ойықтар ауданымен.

Өрт ауыртпалығымен реттелетін өрттер бөлмеде артық ауа оттегісінің өтуі және өрт ауыртпалығынан өрттің даму тәуелділігімен түсіндіріледі. Бұл өрттер, өздерінің параметрлері бойынша ашық кеңістіктегі өрттерге жақындайды.

Қоршауға әсер ету сипаты бойынша өрттер жергілікті және көлемді болып бөлінеді.

Жергілікті өрттер қоршаулардағы әлсіз жылу әсерімен сипатталады және жануға қажетті артық оттегі кезінде дамиды, және жанғыш заттар мен материалдар, олардың күйі мен бөлмеде орналасуына тәуелді.

Көлемді өрттер қоршаулардағы қарқынды жылу әсерімен сипатталады. Желдетумен реттелетін көлемді өрт үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатты, жану процесі ауа оттегісінің артық қысымы кезінде өтеді және ашық кеңістіктегі жану жағдайларына жақындайды. Өрт ауыртпалығымен реттелетін көлемді өрттер үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатсыз.

Қоршаулардағы көлемді өрттерді ашық өрттер деп аталады, ал есік және терезе ойықтары жабық кезінде өтетін жергілікті өрттерді – жабық деп атайды.

Түрлі айырмашылық және ұқсастық белгілері бойынша келтірілген өрттер топтастырылуы шартты болып табылады, өйткені өрттер өзінің даму барысында бір класс, түр, топ түрінен басқаға өтуі мүмкін. Бірақ өрт сөндіру практикасы үшін, қарастырылған топтастырылу қажет, өйткені жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін, от сөндіргіш заттар түрін, өрттің даму сәтінде бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Өртті сөндіру кезінде мүмкін болатын жағдайлар:



  • көмекті қажет ететін адамдардың көп болуы және олардың арасында үрейдің пайда болуы;

  • бөлмелердің қиын жоспарлануы;

  • оттың конструкциялар, канал, желдету және пневмотранспорт жүйелері бойымен, терезе ойықтары, лоджия, балкондар, жанғыш материалдар, технологиялық құрылғылар арқылы көлденең және тік бағытта таралуы;

  • температураның тез өсуі және жылу ағындарының ашық ойықтар арқылы орын ауыстыруы;

  • заттар мен материалдардың термиялық ыдырауы нәтижесінде газоауалы және буауалы қоспалардың түзілуі;

  • түтін, улы өнімдердің бөлінуі және олардың тез таралуы;

  • электр кернеуінің астындағы құрылғылардың бар болуы;

  • ҚӘУЗ, бактериялық зақымдалу, жарылысты және радиоактивті заттар мен материалдардың бар болуы;

  • жоғары қысымды баллондар, ыдыстар, аппараттардың бар болуы;

  • технологиялық құрылғы, ғимараттар мен имараттардың конструктивті элменттерінің деформациялануы және бұзылуы;

  • ғимараттарда материалды, ғылыми және басқа да құндылықтардың көп мөлшерде болуы;

жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау