Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2015.09.09 № 3/539 ҚАУЛЫСЫНА 13-ҚОСЫМША
Дата: 06.02.2017 16:37:01
Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 3/539 қаулысына
13-қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.31.08. № 3/420 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.31.08. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Жеке тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілетін қажетті құжаттар мен өтінішті алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауына негіз болып табылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдірісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының құжаттарды қабылдауы және өтінішті тіркеуі, 30 минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының өтінішті қарап, тапсырылған құжаттарды тексеруі, 8 жұмыс күн ішінде;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі маманының мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ресімдеуі, 1 жұмыс күн ішінде;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру 1 жұмыс күн ішінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдірісіне қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің аудандық бөлімінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы.
9.Мемлекеттік қызмет көрсетуде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының қосымшасына сәйкес үлгі бойынша өтініш береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің маманы 30 минут ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысына қарастыруға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы өтінішті қарағаннан кейін 1 жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексеріп, 7 жұмыс күн ішінде қағаз түрінде мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету туралы хабарламаны ресімдейді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлім басшысына қол қоюға жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің басшысы 1 жұмыс күн ішінде қағаз түрінде мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күн ішінде мүгедектерге санаторий-курорттық емдеу ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны жібереді.
10. Қызмет берушінің жұмыс кестесі: www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
11. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) құжаттардың топтамасын тіркеу сәтінен бастап - 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты- 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімі тіркелген күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді.
13. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімінің мамандары арасында рәсімдер реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің қосымшасына сәйкес блок-схемада берілген.
«Мүгедектерді санаторий-
урорттық емдеумен
қамтамасыз ету» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
Регламентіне
қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Достарыңызбен бөлісу: |