Достық туралы
«Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер.»
Жүсіп Баласағұн
***
«Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.»
(Абай)
***
«Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.»
(Абай)
***
«Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай?»
(Абай)
***
«Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату,
Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.»
(Абай)
***
«Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең - істің бәрі бос.»
(Абай)
***
«Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.»
(Абай)
***
«Жау қожандап бұртиып,
Дос құбылып әуре етер»
(Абай)
***
«Жауға - мылтық, досқа - ынтық.»
(Абай)
Достарыңызбен бөлісу: |