Санамақ арқылы топқа бөліну
Мұғалім оқушыларға санамақты айтып жүріп топқа бөледі:
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш!
Тауықтарғы тары шаш!
Бас бармақ,(балаларды меңзеп айтып отырады)
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шүлдір шүмек,
Кішкене бөбек!
Бұл санамақты бірнеше рет оқушылардың бәрін көрсетіп шыққанша қайталайды.Оқушылар сонда саусақтардың аталуы бойынша бес топқа бөлінеді: «Бас бармақ » тобы, «Балалы үйрек » тобы, «Ортан терек » тобы, «Шүлдір шүмек»тобы, «Кішкене бөбек» тобы.
Санамақтың басқа да түрлерін қолдануға болады.
Мағынасына қарай құрастыру арқылы топқа бөліну
Оқушыларға өлең жолдары,анықтамалар,мәтін немесе мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш сөздерін бөліп,қиып тастап,қиындыларынан сол мақалды,өлеңді,мәтінді не басқа құрастыру арқылы топқа бөлуге болады.Мысалы зат есімнің анықтамасын құрастырғандар бір топ,сын есімнің анықтамасын құрастырғандар бір топ сияқты топтасады.
Достарыңызбен бөлісу: |