Өмірбаяны садуақас қазіретінің отбасы


Смағұл Садуақасұлы – халық ағарту комиссары



жүктеу 1,09 Mb.
бет4/5
Дата29.05.2018
өлшемі1,09 Mb.
#18376
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5

2.3. Смағұл Садуақасұлы – халық ағарту комиссары
Ф.И.Голощекин Қазақстанға Өлкелік комитетке келгенде С.Садуақасұлы халық ағарту комиссары және «еңбекші қазақтың» жауапты редакторы қызметтерін қатар атқарып жүрген болатын. Халық ағарту комиссариатыбұл кезде республикадағы ең ірі комиссариаттардың бірі еді. Оған оқу орындары түгелдей, театр және өнер, ғылым және баспа өндірісі қарады. Республика өмірінде бұл комиссариаттың рөлінің жоғары болуы, сондай-ақ оның әлі де болса ұлттық көпшілік құратын жергілікті халықтың күнделікті тыныс тіршілігімен, ұлттық санасының жаңғыру, өсу процесін бастан кешіруімен тығыз байланысты болуында еді. Міне, осы тұрғыдан алғанда, бұдан бұрын А.Байтұрсынов, А.Кенжан сияқты белгілі қайраткерлер істеген оқу-ағарту қызметіне С.Садуақасовтың келуі де әрине, кездей соқ емес-тін. Тура сол тарихи кезеңде қазақстанда оқу-ағарту жүйесінің ең өзекті мәселелерін, даму тенденцияларын жақсы білетін және оларды тарихи және сол жылдардағы әлеуметтік ахуал контекстіне қарап, тура шешімдер қабылдай алуға даяр басқа қайраткерді табу қиын еді [18,305-б].

Бірақ С.Садуақасұлына бұл мемлекеттік қызмет саласында өзінің шығармашылық қабілетін толық ашуға, сол арқылы өз идеяларын өмір жүзінде іске асыруға қажет алғы шарттар бар ма еді? Өкінішке орай, олар жоқ болатын. Бұл кезде оқу-ағарту ісіне қажет көлемде қаржы бөлуге мемлекеттің мүмкіншілігінің шектеулігі, мұғалімдер тапшылығы, оқулықтар мен оқу құралдарының жоқтығы сияқты көртеген объективті қиыншылықтар мен қатар, жаңа қалыптасып келе жатқан әмір-әкімшіл басқару жүйесінің де көлденең тартқан қиындықтары баршылық еді. Олардың ішінен, партияның оқу-ағарту ісіне ұйымдық – кадрлық тұрғыдан да және мазмұндық тұрғыдан да барған сайын терең араласуын бөліп айту қажет. Сондай-ақ ол тар таптың мүдде тұрғысынан іске асырылды. Бірақ бұл аталған жәйттердің бәрінен же жас халқының белсенді қызметіне кері әсерін тигізген нәрсе.

С.садуақасов ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында ашыла бастаған орыс-қазақ мектептері жұмысының барысын нақты деректерге сүйеніп әңгімелейді. Смағұлдың: «Тіпті қазақ зиялыларының барлығы болмаған күнде де, басым көпшілігі ауылдағы орыс-қазақ мектептерінің түлектері десек, ешбір асыра айтқанды емес», - дейді. Мұндай ойды ол «Қазақ әдебиеті мақаласында да айтқан. Шындығында алаш ұранды орыстарымыздың баршасы сол орыс-қазақ мектептерінің түлегі еді.

С.Садуақасов өз тұсындағы мектептердің жайын Омбы уезі және Ақмола мен Семей облыстары бойынша қарастырады. Мысалы, қаламгердің айтуына қарағанда, Омбы уезінде бірінші қазақ мектебі 1902 жылы ашылған. Сөйтіп, жыл өткен сайын мектептердің саны өсе түсіп, 1918-1919 оқу жылында 31-ге жеткен. 1915 жылы Ақмола облысында оқу жасындағы балалардың саны 50670 болса (Семей облысында – 60840), оның 2530-ы оқыған (Семейде – 1764-і), Омбы уезіндегі 31 мұғалімнің 36-сы 2 кластық орыс-қазақ училищесін бітіргендер, 8-нің мұғалімдік стажы бар, 1-уі оқытушылар семинариясын және 1-уі 6 кластық қыздар гимназиясын тәмәмдаған [18,308-б].

Смағұл халық ағарту комиссары болмай тұрып-ақ оқу, білім, тәрбие мәселесіне жіті назар аударады. Ол алғашқы еңбек жолын (1915 жылы) мұғалімдіктен бастады. 1918-1919 жылдары қазақ курстарында кооперация қисыны, табиғаттану, жаратылыстану, физика пәндерінен сабақ береді. 20-жылдары баспасөз бетінде оқу мәселесіне арнап көптеген мақалалар жазды. Ал халық ағарту комиссары болғасын сансыз игілікті істер жасайды. Мысалы: тұңғыш университет (Ташкенттегі Казпедвуз алғаш осылай аталған) ашуға, «Жаңа мектеп» (қазіргі Қазақстан мектебі) журналын шығаруға мұрындық болады. 1927 жылы шыққан «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» атты Смағұлдың кітабынсыз 20-жылдардағы оқу-ағарту ісіне лайықты баға беру қиын еді.

Смағұлдың ерекше еңбек сіңірген саласы оқу-ағарту көркемөнер мәселелері. Оның ішінде жер-жерде мектеп ашу, қазақтың алғашқы жоғарғы оқу орындарын ұйымдастыру, мектеп, техникум, институттардың оқулықтарын жаздыру. Қазақтың мемлекеттік ұлттық театрын ұйымдастыруда сіңірген еңбегі ұшан теңіз [3,18-б].

Ең алғашқы «Жастарға жаңа жол» деген еңбегінен бастап, ол қазақ ауылындағы мектеп мәселесіне баса назар аударды. Халықтың жаңа заман тұсындағы даңғыруы, басқа халықтармен иық теңестіре алатын дәрежеге жетуі оның мектебінің көбеюімен, жеткіншектерге сапалы білім бере алуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді.

С.Садуақасовтың мемлекеттік қазақ театрын ұйымдастырудағы еңбегі мол. Ол театр 1926 жылы Қызылордада ашылады. С.Садуақасов қазақтың ұлттық театрының шымылдығы ашылу жолында бар ниетін тынышсыз жұмыс істейді.

Өзінің халкомдық қызметінде С.Садуақасов негізгі буын ретінде екі мәселеге аса үлкен назар аударғанын байқауға болады. Олар жаңа талапқа сай мұғалімдер қалыптастыру және қазақ мектептерін оқулықтар, оқу құралдарымен қамтамасыз ету еді. Оқу ағарту халкомның сол тарихи кезеңдегі қазақ мектебінің өзек жарды мәселелері туралы, соның ішінде қазақ мұғалімдерінің негізгі міндеттеріне байланысты негізгі пайымдауларын оның «Еңбекші қазақта» жарияланған «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» атты мақаласынан айқын аңғаруға болады [1,110-б].

Онда былай делінген: «Жалпы білім беру мәселесі ең алдымен бастауыш мектебінен басталатыны мәлім. Ауыл мектебін ашпай тұрып талапқа сай орта және жоғарғы оқу орындары жөнінде сөз болуы, тіпті мүмкін емес». 1925 жылы 6 желтоқсанда КЦИК-тің ІІІ сессиясында жасаған баяндамасында С.Садуақасов: «Қазақстанда төңкеріске дейін 16 мың оқушысы бар 530 ауыл мектебі жұмыс істейді», -деген еді.

Қазақстанда төңкеріске дейін мектепке дейін тәрбие орындары жоқ еді. Олардың қатары алғаш 1920 жылдары бой көтере бастады. Ал 1926-27 жылдары олардың саны 42-ге жеткенін атап көрсетеді.

Алайда сол кездегі мектепке дейінгі мекемелердің барлығы мектеп жасына дейінгі балалардың 0,7% ғана қамтыған [21,270-б].

Тарихи шындық сондай, 20-30 жылдары қазақ мектептері мен педагогикалық оқу орындарында пайдаланылған оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары негізінен партияда жоқ, кезінде алаш қозғалысына белсенді ат салысқан ұлттық интеллигенция өкілдері болатын. олардың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, С.Асфендияров аталған интеллигенттердің үлкен тобы оқу-ағарту комиссариаты жүйесінде, ғылым, өнер, баспа орындарында, ұлттық баспасөзде жұмыс жасап жүрді [23,107-б].

Оқу-ағарту халық комиссары оларды өзі басқаратын жұмыс саласына кеңірек тартуды ашық және белсенді тұрде жақтады. Одақ көлемінде, Голощекин басшылыққа келген соң республикада партияда жоқ интеллигенцияға қырын қарау, оларды белсенді қызметтен ығыстыру науқаны басталып кеткенде С.Садуақасов, керісінше, партияда жоқ, алаштық интеллигенция өкілдерін қамқорлығына алып, қызмет берді.

Оның бұл әрекеті Қазақ өлкелік комитетіндегі Голощекин бастаған солшыл топ тарапынан алашордашылдықтың, ұлтшылдықтың көрініс есебі ретінде бағаланады.

Халық комиссары жұмысымен қатар «Еңбекші қазақтың» редакторы болағн еді.

Жауапты редактор газеттің негізгі авторларының біріне айналды, оның қаламынан туған бас мақалалар сол тұстағы қазақ қоғамының ең өзекті мәселелерін көтеріп, газеттің бағытын анықтап отырды [29,47-б].

Голощекин басшылыққа келген соң республикада партияда жоқ, алаштық интеллигенцияға қырын қарау, оларды белсенді қызметтен ығыстыру науқаны басталып кеткенде С.Садуақасов, керісінше, партияда жоқ, алаштық интеллигенция өкілдерін қамқорлығына алды, қызмет берді. Оның бұл әрекеті Қазақ Өлкелік комитетіндегі Голощекин бастаған солшыл топ тарапынан алашордашылықтық, ұлтшылдықтың көрінісі ретінде бағаланды, ал С.Садуақасовтың өзі болса алашордашылардың советтік және партиялық аппараттағы өкілі санатына жатқызылды.

Міне, сондықтан да Голощекин Өлкелік комитет құрамынан орталықтың көмегімен Қожановты ығыстырғаннан соң, енді қаруын келесі «ұлтшыл» С.Садуақасовқа қарай бұрды және бұл әрекетінде қазақ қайраткерлері арасындағы алауыздықты ұтымды пайдаланып отырды [22,197-б].

Голощекин С.садуақасовпен есеп – айырысуды көпке созған жоқ. Өзі келген жылдың соңына қарай өлкелік бесінші партия конференциясын 1925 жылы, желтоқсан айында өткізіп, жергілікті жағдайға біршама үйреніп алған соң, келесі 1926 жылдың 17 және 24 ақпанында өткен Бюро отырыстарында алдымен оқу-ағарту комиссариаты жұмысын, артын ала «Еңбекші қазақтың» ұстанған бағытын талқыға салды. Бюро материалдарымен мұқият таныса отырып бұл талқылаулардың алдын ала даярланғандығын, түпкі мақсаты Өлкелік комитетте, көпшілік арасында халком және редактор С.Садуақасов туралы жағымсыз пікір туғызуды көздегенін байқау қиын емес еді.

Оқу-ағарту комиссариатында жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша баяндама жасаған жұмыс – шаруа инспекциясы комиссариатының өкілі Смирягин бюро мүшелерінің назарын негізінен көлеңке жағына аударды. Әсіресе оған ұнамағаны қазақ мектептеріндегі оқулықтардың мазмұны еді. А.Байтұрсынов әліппесінің талапқа сай еместігін айтты. Бірақ бұлар істің байыбына бармастан айтылған сын еді. Баяндамашының оқулықтарды оқып шықпағандығы, олар туралы «көмекшілердің» пікірін айтқандығын түсінкті болатын.

Тексерушілердің пікірлеріне сәйкес С.Садуақасов мынадай түсініктер берді: «Осында сөйлеген үгіт-насихат бөлімінің өкілі біздің жағдайымызды біршама жете түсінбеді. Байтұрсыновтың оқулықтары қаншама жарамсыз дегенімен, бізге қазір солардың өзі де жетпей отыр. Ал енді, ешқандай да негізсіз олар жазған оқулықтарды сынау мүлдем түсінксіз. Мен ескіні ауыстыра алатын жаңа ештеңе бермей тұрып, барды жамандай беруді негізсіз қысыр сынға жатқызамын» [24,95-б].

Бюро мүшелеріне мәселе туралы толығырақ түсінік беру үшін С.садуақасов оқулықтар жазуға коммунистердің де шақырғандығын, бірақ, өкінішке орай, одан әзірге ештеме шықпай отырғандығын да айтып: «Жалпы бұл жұмыс өте мұқияттылықты талап ететін, өз ерекшелігі бар, қыруар жұмыс. Біздің коммунистер бұл жұмысқа баруға қулықсыз, олар өздерін жер аударылғандай сезінеді», - деді.

Халком өз сөзінде оқу-ағарту саласындағы қиындықтардың жалпы Қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдаймен, деңгеймен өзектесіп жатқандығын, басшылыққа жаңа адамдар келген күнде де аталған қиыншылықтардың олардың алдына көлденең шығатындығын, сондықтан комиссариаттың жұмысына ерекше шүйлігудің орынсыздығын ашық айтты [19,20-б].

1926 жылы 17 ақпанда өткен Қазақ Өлкелік комитеті бюросының бұл отырысы өз жұмысын жабық түрде жалғастырды. Оны жүргізуші Голощекин бюро мүшелерін С.Садуақасовтың атқарып жүрген қызметтерінен босатып, біржола шығармашылық жұмысқа көшуге рұқсат сұраған арызымен танысты. Жауапты хатшы кіріспе сөздерінде С.Садуақасовтың мұндай арыз беруін дұрыс еместігін және үгіттеп көндіре алмағандығын білдірді.

Өз ретінде С.Садуақасұлы арыз беру себептерін былайша түсіндірді: «әкімшілік жұмысты менен қабілетті, жоқ дегенде төмен емес деген адамдарға беру, ал мені әдеби жұмыс саласында пайдалану орынды болар еді, өйткені менің кішкене болса да жазуға бейімділігім бар. Бұл біріншіден.

Екіншіден менің арызым белгілі бір жоғарғы саяси мүдде тұрғысынан жазылмағандығын айтқым келеді. Қалай болғанда да оған саяси орын беруді қаламас едім. Мен Қазақ өлкелік комитетінде оданда тыс жетерліктей өзара қатынас қалыптасқанын, осы себепті бас сауғалап қашып бара жатпағанымды, керісінше, біздің қызметкерлеріміздің белгілі бір бөлігінің шығармашылық қара жұмысқа әдейі аударылатын мезгілі жетті деп санаймын. Осыған байланысты бірінші кезекте өз қызметімді ұсынып отырмын. Сондықтан да оқу-ағарту халкомындағы және газеттегі жұмыстан босатуды көптен-көп сұраймын» [6,120-б].

Бюро отырысында болсын, пленум, конференция жұмыс барысында болсын С.Садуақасов сөздері ылғи да түрлі өзара ымырасыз позицияларын, олардың білдіруші сол тұстағы саяси қайраткерлердің ара жігін ашуға түрткі болып отырды. Өйткені, ел тағдыры таразыға түскен бұл тарихи кезеңде жеке бас, топ мүддесінен ада С.Садуақасов сөзі жалпы өзекті мәселелер қоюда батыл және табанды, терең және турашылдығымен ерекшеленді. Сол тұстағы қазақ басшылары үшін белгілі дәрежедегі емтиханға айналған күрделі ұлттық мәселелерді басқа интернационалдық, таптық мәселелерге қарсы қоймай, сонымен бірге оларды болашақ өмір тұрғысынан өз дәрежесінде бағалай білуде С.Садуақасовтың орны алыстан көз тартты ал билікте жүрген, өз мүддесінен арғыны көп ажырата алмайтын қайсыбір басшыларға ол тіптен түсініксіз болып көрінді [18,228-б].

Смағұл Сәдуақасов арызын талқылау барысында бюро мүшелерінің қойылған мәселеге енжар емес, тіптен айтарлықтай мүдделі екендігі тағы да байқалды.

О.Исаев С.Садуақасовтың арызын мектепке оқулық жазу немесе шығармашылық жұмыспен айналысу ниетінен туған қадам емес, саяси қыр көрсету есебінде бағалады. Құрамысов та оны қуаттап: «Біз Ильичсіз де өмір сүріп келеміз, Садуақасовсыз да өмір сүре аламыз, сондықтан да оның өтініші қанағаттандырылсын», - деді [17,215-б].

Бұларға қарсытұрғандар қатарында Тәтімов, Нұрмақов, Мыңбаев және Жолдасов болды. Талқылау нәтижесінде үстемдік алған олардың пікірі: «С.Садуақасов өзіне тапсырылған міндетті өз дәрежесінде атқара алатын, қабілетті қайраткер. Оның мұндай шешім қабылдауына соңғы уақытта қалыптасқан жағдай түрткі болып отыр. Шын мәнінде оны қызметтен босатуға негіз боларлық себептер жоққа» сайды. Мәселен, тәтімов: «Мен Сәдуақасов жолдастың Қазақстандағы бұрынғы қызметтерімен де танысып және оны өлкедегі қабілетті қайраткерлердің бірі деп санаймын. Ол тек оқу-ғарту комиссариатында ғана емес, басқа да қызметтер де істей алады. Мен оны не қинап жүргенін түсіне алмай отырмыз?... С.Сәдуақасов жолдас – бұл қызметке лайық және көргендігі жағынан бәрімізден әлденеше рет жоғары тұрған ірі масштабты қызметкер», - деді. Нұрмақов: «...Мен оқу-ағарту ісінде С.Садуақасовты ауыстыра алатын адам жоқ дей алмаймын, бірақ ол бұл жұмысқа өзінің жалпы деңгейі жағынан да, қабілеттілігі жағынан да лайық және сәтті кандидатура. Оқу-ағарту комиссариаты басына тек жақсы қкімді қоюмен шектелетін орын емес. Мұнда оқу-ағарту комиссариаты алдында тұрған барлық міндеттерді терең түсіне алатын, жоғары мәдениетті адам керек».

Сонымен, 1926 жылдың ақпанында Смағұл Сәдуақасов өзін оқу –ағарту халық комиссары және «Еңбекші қазақтың» редакторы қызметінен босату туралы арыз берді. Оған мұндай қадамға баруға мәжбүр еткен Голощекин бастаған солшыл күштердің шабуылы еді. Бірақ әзірге жеңіс қызығын тойлауға бұлардың да күші жетпеді. Оған одақ және республика көлемінде әлі де болса қолайлы сәт қалыптаса қойған жоқ болатын [12,194-б].


2.4. Смағұл Сәдуақасұлы – сындарлы жазушы, жауапты

редактор және публицист
мағұл Сәдуақасұлы 20 жасында үлкен саясат айдынында өз желкенін көтерді. 20 жасында «Жастарға – жаңа жол» атты бағдарламалы деректі туындысын замандастарына ұсынды. Ал осыншама аз ғана жаста ел тұтқасына жарауы, өзіндей сан мыңдаған жастарға бағыт сілтер шығарма жазуы жас қайраткердің аспаннан салбырап түсе қалмағандығын, тақырға шықпағандығын айғақтаса керек. Шынтуайтында С.Садуақасұлы алаш ұранды алдаңғы толқыннан үлгі- өнеге алды. Олардың қателіктері оған сабақ болды. Ағалардық-ақ, адал ісіне мысқылдай үлес қосуды өзіне бақыт санады. Бір сөзбен айтқанда, құрбы-құрдастарын алашқа тыныс беруге шақырды. 1916 жылы Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсісімен қазақ жастарының тұңғыш мәдени – ағарту ұйымы «Бірлікке» мүше болып кірді. Ұйымның «Балапан» қолжазба журналында қаламын ұштады. Алашорда үкіметі тұсында ұжымдасқан «Бірлік» шала бүліне бастады. Смағұл ұйытқы болып, 1918 жылы «Жас азамат» атты алашшыл жастар ұйымын құрды. Алаш идеологиясын ұйымның үні – «Жас азамат» газетінде насихаттады. Смағұл орыс басылымға өткір – өткір мақалалар жазып, саясат пен әдебиетке болашағынан үміт күткізер жас талаптың келе жатқанын танытты. «Жас азаматтың» басшыларының бірі болып жүріп, сол 1918 жылы Алашорда үкіметінің Ақмола облыстық комитетін құруға ат салысты. 1918 жылдың соңы мен 1919 жылы Батыс Сібірдің «Кіндік Сібір» кооперативтер берлестігі одағында нұсқаушы болып қызмет жасады. Қазақтың әдебиеті мен мәдениеті, шаруашылығы мәселелерін арқау етіп, орыс тілінде одақтың үні «Трудовая Сибирь» журналына мақалалар жазды... Жиырма жасар саясаткердің саяси және қаламгерлік жолы осылай басталды.

Халық ісі жолында бар қабілетін жұмсаған, өнер-ілімнен тапқан – таянғанын аянбаған С.Сәдуақасов осынау аз мерзім ішінде «Еңбекші Жастар», «Кедей сөзі», «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының (Орынбор) жауапты шығарушысы болды. Жазған мақалалары саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін қамтыды. Көркем әңгімелері де басылып тұрды. Осы жылдары Смағұлдың «Кооперация һәм қазақ шаруасы» (Орынбор, 1924 жыл), Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?» (Орынбор, 1924 жыл. Бұл көркем туынды), «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жыл), «Ұлт театрытуралы» (Қызылорда, 1926 жыл), «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жыл) сияқты үлкенді – кішілі кітаптары жарық көрді. Сонымен бірге ол Твитерин аударған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының орысша нұсқасында және қазақтың үш талантты жас жазушысының (Жүсіпбек, Мұжтар, Бейімбет) орыс тіліне тәржімаланған бір топ шығармаларына алғы сөз жазып, бастыртты. Саясаттан, республикадан қуылып, Мәскеуді паналаған жылдары Смағұл ХХ ғасыр басындағы қазақ халін, 1916 жылғы оқиғаны, төңкерістің алды – артындағы жағдайды арқау еткен романын жазады. Бұл шығармасы қолжазба күйінде әйелі Елизавета Әлиханқызының қолында ұзақ сақталып, 50 жылдардың соңында М.Әуезов қолына тиген. Қолжазбасы қазір М.Әуезов мұражайында сақтаулы тұр [7,192-б].

Оның көптеген еңбектері осы мәселелердің қазақ топырағындағы күрмеуін шешуге арналған. «Трудовая Сибирь» журналындағы, кеңес тұсындағы орыс, қазақ тіліндегі жүздеген мақалалары осыны айғақтайды. «Кооперация һәм қазақ шаруасы» атты арнайы еңбек жазуы, тіпті кооперацияны насихаттап көркем шығарма жариялауы қайраткердің шаруашылық ісін дамытуға қосқан үлесін көрсетеді.

Біртұтас Қазақстан болып біріккен республиканың оқу-ағарту жұмысын жандандыру, жергілікті кадрларды тәрбиелеу, мекемелерді қазақыландыру және тағы басқа толып жатқан мемлекеттік мәселелердің басы қасында С.Садуақасұлы жүреді. С.Садуақасұлы қоғам қайраткерлеріне қоса сындарлы жазушы, публицист.

Оның әдебиет саласында жазған «Күлпәш», «Күміс қоңырау», «Салмақбай-Сағындық» атты тамаша еңбектері бар [24,75-б].

Ғылыми – публистикалық еңбектеріне «Жастарға жаңа жол», «Кооперация һәм қазақ шаруасы», «Жастармен әңгіме» атты кітапшалары мен «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» деген баяндамасы жатады. Бұл баяндаманы С.Садуақасұлы І-мұғалімдер съезінде оқыған. Бұл баяндаманың жартысы «Жаңа мектеп» журналының 1927 жылы 3-4 сандарында басылған. Ол түгелдей сол жылы жеке кітапша болып шықты [25,94-б].

«Кооперация һәм қазақ шаруасы» 1924 жылы Орынборда жеке кітапша болып басылған. Он екі тараудан тұрады. Бұл еңбегінде ол былай дейді: «Кооперация – шаруа ұйымы, шаруаның ішінде сауда-саттық жолындағы ұйым. Кооперацияға жүз жыл болды, ең алғаш коопераци ұйымы Англияда болған, оны ашқан Роберт Оуэн деген кісі».

С.Сәдуақасұлының көсемсөздік мұрасының ішіндегі ендігі бір ғылыми – көпшілік еңбегі «Жастарға әңгіме» деп аталады. Ол 1925 жылы Орынбордан жеке кітапша болып шыққан. Кітапша алты тарауға бөліп қарастырылған. Бұл мұраның құндылығы көп- аздылығымен, емес, кейінгіге бере алатын өнегесімен, мәңгілік қасиетімен өлшенсе керек [10,83-б].

С.Садуақасұлының мерзімдік басылымдар жарияланған көптеген әртүрлі мәселеде жазылған мақалалары жарық көрді. Мысалы: «Жоғарғы оқу орнының Қазақстан үшін маңызы», «Халық ағарту мәселелері», «Мен Голощекин жолдастың сөзіне қосыла алмаймын», «Ұлттар және Ұлт өкілдері туралы».

Жиырма бес жасар жас жігіт осыншама жауапты жұмыстарды үлкен қажыр қайратпен атқара бастайды. Әрине сол кездегі республика басшылығы, әсіресе Ф.И.Голощекин С.Садуақасовтың бірбеткей, ожат тура мінезін жақтыра бермеді. Әсіресе оның талас мәселелерді бір айтқаннан қайтпайтын қасарыспа мінезі де оған Голощекиндер тарапынан жақсы атақ әкеле қоймады. Ол халықтың тағдырына байланысты үлкен де күрделі мәселелерге ерекше мінез танытып, өзінің позициясын бермей, Ф.И.Голощекиннің икеміне көнбей, ұстаған платформасынан қайтпай отырып алған болатын.

С.Садуақасұлы еңбектерінің дені жиырмасыншы жылдарда жазылса да ең алғашқы тырнақ алды туындылары оныншы жылдардың аяғында баспа жүзін көрді. Осы тұңғыш туындыларының өзінен жас қаламгердің ұлт – тарихына терең еніп, оқиға – айғақтарға сындарлы талдау жасай алатындығы байқалды. Айталық, 1918 жылдың қараша айында жазып, 1919 жылы «Трудовая Сибирь» журналының 1-санында жариялаған «қазақ әдебиеті» «тарихи – сыни очерк» атты еңбегін тек әдеби сын дүниесі ғана емес, қазақтың әлеуметтік өміріне байлап, нақты деректерге барлау жасаған тарихи әліптеме деуге болады. Мұндағы автордың қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің дәуір бедеріндегі ара жігін анықтауға талпынуы, ұлт баспасөзінің дүниеге келу, қалыптасу кезеңнің тарихына шолу жасауы, қазақ қауымындағы қоғамдық-саяси ой-аңсарларға баға беруі еңбектің тарихи құндылығын арттыра түседі.

Егер бұл шақта немесе оған дейін қазақ тарихы көбінесе жат жұртшылықтың көзімен қаралып, олардың пайымымен шешіліп келгенін ескерсек, халық рухымен біте қайнасқан Ә.Бөкейханұлы, С.Садуақасұлы сынды бірер қазақ азаматының деректерге құрылған тарихи әліптемелердің маңызы айрықша екеніне көз жетеді.

С.Садуақасұлы 1919 жылы аталған журналға «Ауыл мұқтаждығы (қазақ өмірінен очерк)» атты тағы да бір көлемді әліптеме жариялады. Бұл еңбегі қазақ еліндегі оқу-ағару ісі мен денсаулық сақтау жайын қымтыған екі бөлімнен тұрды. Ол қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысына талдау жасай отырып, ерекшеліктеріне тоқталады.

Қазақ елінің денсаулығы туралы жазғанды, қаламгер сол жылдардағы халықты меңдеген аурулардың себеп салдарын тарата айтқан. Кейбір сытқар түрлерін жат жұрттан жұққан дәлелдей отырып, қараңғылығының кесірінен науқасын асқындырып жіберген бұқаралық және татардан шыққан «тәуіптердің» оспадарлығына тыйым салыну керектігін алға тартады. Автор Ақмола облысы көлемінде жасалып жатқан медициналық шаралардың есебін жылдарға шалып көрсеткен. Бұл да – таптырмас тарихи факт.

1920 жылдың кезінде С.Садуақасұлы Орынбордағы қазақ жастары курсында ұйымдық, іскерлік, шаруашылық мәселелері бойынша дәріс оқиды. Осы дәріс негізінде ол 1921 жылы «Жастарға жаңа жол» атты кітапша жазды. Бұл еңбектегі «Жастардың бұрынғы һәм қазіргі ұйымдары» атты ХІ тарауды айрықша сөз етіге болады. Қаламгер мұнда 1914 жылдан бері жандана бастаған алашшыл жастардың саяси қозғалысы тарихын әңгімелейді. Бүгінде шырақ алып іздесең таптырмайтын «Бірлік» ұйымы бағдарламасының үзінділерін тек осы туындыдан ғана табуға болады. Қазақстанның жер-жерлерінде 1917 жылы ашылған ұзын саны 21 мәдени-ағарту ұйымдары хақындағы деректер де осы аталған кітаптан табылады.

1913 жылы С.Садуақасұлы республикалық Жоспарлау комитетінің жерді аудандастыру бөлімін басқарады. Осы жыл «Советская Киргизия» журналына мақала жариялай бастайды. Мақалада қаламгер қазақ жерін аудандастыру мәселесін көтерді. Кеңес билігі тұсында аса нәзік территориялық айырым мәселесі туралы салиқалы пікірді Смағұл сынды санаулы қайраткерлер айта алғаны белгілі. Бұл аталмыш мақала С.Садуақасұлының ұстаған концепциясын көрсететін еңбек. Жер мәселесі жөніндегі Смағұлдың осы жазбасынан Петропавл, Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар қалаларының дүниеге келу тарихын біле аламыз.

С.Садуақасұлының 1923 жылы «Жас қайрат» газетіне жазған «Күнбатыс һәм күн шығыстың бостандық жолында күрестерінің тарихы» атты зерттеуі тарихнама ғылымына қажетті дүние. Қаламгер қазақ тарихын тұңғыш рет әлемдік бостандық жолындағы күрестің бағыт-бағдарына, жөн-жосығына шолу жасайды. Сол күрестегі Шығыс пен Батыстың айырым өзгешеліктерін тілге тиек етеді. «Бостандық ақ білектің күшімен, көк найзаның ұшымен келеді» - дейді ол. Сөйтіп астарлап қазақты оянуға шақырады.

Қазаққа бас болған қайраткерді әлімсақтан толғандырған жер мәселесі кеңес билігі орнаған жылдары тым ушығып кетті. Міне осы кезде қазаққа «Сенің жерің мынау», «Сен басқан жердің тарихы әне», деп қарапайым әрі нақты ұғыммен түсіндіретін кітаптар қажеттілігі анық байқалады. Осы жылдары қазақ оқығандары Ж.Сұлтанбекұлы «Бұрын һәм қазірде жер саясаты» (1925), Т.Шонаұлы «Қазақ жері мәселесінің тарихы» (1926) атты зерттеулер жазды. С.Садуақасұлы алдыңғы кітап шығысымен іле-шала «Еңбекші қазақ газетіне «Керекті кітап» атты мақала жариялайды. «Қазақстан жер мәселесі ең үлкен әңгіменің бірі, - дейді Смағұл. - ...Біз соңғы уақытқа дейін өз жерімізді өзіміз жөнді біле алмай келеміз. Сондықтан «қыс ішінде» келіп қалған бірер қазды қазақ оқушылары құттықтап қарсы алатын жөні бар.

С.Садуақасұлының аз ғана жасында ел тұтқасына жарауы, өзіндей сан мыңдаған жастарға бағыт сілтер шығарма жазуы жас қайраткердің аспаннан салбырап түсе қалмағандығын, тапқырға шықпағандығын айғақтаса керек. Шынтуайтында С.Садуақасұлы алаш ұранды алдыңғы толқыннан үлгі өнеге алды. Олардың қателіктері оған сабақ болды. Бір сөзбен айтқанда, құрбы-замандастарын алашқа тыныс беруге шақырды. Сөйтіп, 1918 жылы «Жас азамат» атты алашшыл жастар ұйымын құрды. Алаш идеологиясын ұйымның үні – «Жас азамат» газетінде насихаттады. Смағұл осы басылымға өткір-өткір мақалалар жазып, саясат пен әдебиетке болашағынан үміт күткізер жас талаптың келе жатқанын танытты.

1920 жылы ол «Жұмыскер қара халықтың ұйым дүкендерінің Ережесі» атты көлемді құжат жазады. 1923 жылы қазақ жерін аудандау ісін басқаруды өкімет Садуақасұлына маман ретінде арнайы тапсырды. Сол жылдары жазған «Основные проблемы, возникшие при районировании Киргизии», «Итоги проделанной работы в области земельной политики», «Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір», т.б. еңбектері Смағұлдың сындарлы жазушы және экономист екендігін көрсетеді.

«Еңбекші қазақ» газетінің редакторлығына С.Садуақасұлы 1925 жылы келді. Осы жылы 8 қаңтарда «Еңбекші қазақ» газетінің 274 саны Смағұлдың қолымен шықты. Құжаттардың көрсетуіне қарағанда газеттің беделі бұл уақытқа дейін жоғары болмаған. Тартымсыздығынан оның тиражы барған сайын төмендей түскен. Сондықтан да басшы орындар оған жазылуға міндеттеу әдісіне көшкен.

С.Садуақасұлы келген бетте республикалық орталық газеті қалың бұқараның үніне және оның белсенді қоғамдық санасының қалыптасуына пәрменді қимыл жасай алатын қуатты құралға айналдыруға тырысты. Жаңа редактор келген соң көп ұзамай, яғни 17 ақпаннан (№290) бастп газет «еңбекшіл» емес, «еңбекші» атала бастады. Жаңа редактор бірінші кезекте газет авторларының құрамына үлкен назар аударды. Осыған орай, кезінде С.Садуақасұлы «Еңбекші қазақ» бетінде негізінен «ұлтшыл» партияда жоқ интеллигенцияға орын беріп, таптық позициясы анық, коммунист авторларға жол бермеуге тырысты деген пікірдің жала екендігін атап айту қажет. С.Садуақасұлы редакторлық жасаған мезгілдегі «Еңбекші қазақ» беттерінен жаңа билікке сын көзбен қарап, бірден бой айдырмаған М.Әуезовтың, Ж.Аймауытовтың, жаңа қоғамның көрігін қыздырушылар С.Сейфуллин мен С.Мұқановтың әдебиет мен өнердегі «ауытқушылыққа» қарсы күрестің сарбаздары Ә.Байділдин мен Ғ.Тоғжановтың мақалаларын, шығармаларын кездестіруге болатын еді. Яғни, С.Садуақасұлы баспасөз бетінде көп пікірлікті қолдаушы және оны іске асырушы да бола алды.

Сонымен бірге, С.Садуақасұлы тұсында «Еңбекші қазаққа» партияда жоқ, бұрынғы алаштық интеллигенцияның да көптеп тартылғаны рас. Смағұл Сәдуақасұлы жаңа жағдайға бейімделіп, оларды халықтың рухани өмірінде алатын табиғи орнына да түсірерлік жарты ауыз сөз айтқан емес. Керісінше, ол ескіні интеллигенция өкілдеріне шамасы келгенше көмегін берді, өзі редакторлық жасайтын басылым арқылы алаштық интеллигенцияға да пікір білдіруге жағдай жасады.

Смағұл Садуақасұлы редакторлыққа келген күннің ертеңіне газетке (№275) бүркеншік атпен материалдар жариялау тәртібін енгізді. Бұл революцияға дейінгі «Айқап», «Қазақ» басылымдарында қалыптасқан дәстүрлі жалғастыру және қоғамдағы түрлі көңіл-күйді толығырақ қамтуға бағытталған әрекеттердің бірі болатын. Газеттің тілі де өзгеріске ұшырай бастады. Біріншіден, шығарушылар газет материалдарын қалың бұқараға түсінікті қазақ тілінде жеткізуді көздесе, екіншіден, газетті халық тілін шұбарлаудан басқа берер пайдасы күмәнді шетелдік сөздерден таза ұстауға күш салды. Редактордың ұйғарымы бойынша осы аталған шаралар арқылы газет сол кезеңдегі қазақ өмірінің ең өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешудегі құралға айналуға тиіс болды. Ал газет бетінде жарық көрген материалдар негізінен жер басқару аппаратын қазақтандыру, оқу-ағарту, рухани мәдениет (мектеп, әдебиет, өнер, тарих) мәселелері төңірегінде шоғырланды. Міне, осы атқарылған істер «Еңбекші қазаққа» сұранысты өзгертті. Аз уақыттың ішінде газеттің тиражы өсті (3 мыңнан 8 мыңға), ал оның ауылдық жерлердегі тілшілердің саны 300-ге жетті.

Жауапты редактор газеттің негізгі авторларының біріне айналды, оның қаламынан туған бас мақалалар сол тұстағы қазақ қоғамының ең негізгі мәселелерін көтеріп, газеттің бағытын анықтап отырды. Смағұл Садуақасов мақаласында қазақ қоғамын, алдымен интеллигенцияны даңғазалықтан, республика басшыларын тар таптық мүддені жалпы ұлттық, гуманистік мүдделерге қарсы қоймауға, қазақ қоғамының барлық ерекшеліктерін тура тани білуге, мемелекеттік мәні бар мәселелерді шешкенде сол ерекшеліктерді негізге алуға шақырды. Мәселен, ол «Ауыл саясатының негізі» атты бас мақала (1926, 17 қаңтар) партияның 14 съезі ауыл шарасында тым солақай пікір де, тым оңқай пікір де – екеуі де теріс деді, дұрыс саясат кедей мен орта шаруаны ұйымдастыра білуде деді.

Смағұл Садуақасұлының кезінде қатал сынған ұшыраған «Оқу ісінің кешшіліктері, оларға қарсы шаралар», «Ойланатын уақыт жетті» және басқа мақалалары ой еркіндігімен, батылдығымен ерекшеленді. Мәселен ол жастардың арасында ескінің бәрінен бас тарту бар екендігін, ал шын мәнінде ескінің бәрі де жаман емес, тіптен сол капитализмнің өзі де ортағасырлық феодалдық тәртіппен күресуде прогрессивті роль атқарғандығын, демек өткен мен жаңаның ара байланысын тани білу білімдік деп көрсетті. Ойыс ойды айта келіп С.Садуақасұлы қазір бардың брін бұзу, қирату қателік, оны біртіндеп, жаймен өзгерту керектігін айтты.

Әрине, бұл мақалалар елеусіз қалған жоқ. Партиның Қазақ Өлкелік комитетінің баспа істермен айналысатын бөлімі даярлаған құжаттарда олар партиялық тұрғыдан ұстамсыз, ал авторы идеологиялық іске нұқсан келтіруші есебінде бағаланды. Осы тұжырымды негізге ала отырып Смағұл Садуақасовты редакторлық қызметтен босатып, оның орнына Ғ.Тоғжановты қою туралы ұсыныс жасалынды.

Голощекин мен оның серіктерін қалыбынан шығарған «Торғай ісі» болды. «Еңбекші қазақ» газеті 1926 жылы 15-26 наурыз аралығында «Астанадағы сотта» айдарымен Қызылордада өтіп жатқан сот процесінен оқырмандарға үздіксіз хабар беріп тұрды. С.Садуақасұлы сот процесінің негізінде саяси мүдделер қайшылығы жатқандығын, әрине, жақсы білді. Сотқа тартылған адамдардың бәрінің бірдей кінәлі еместігін де түсінді. Сот барысынан неғұрлым объективті және толық хабар беріп тұруды көздеуі де сондықтан еді.

С.Садуақасұлы редактор ретінде «Еңбекші қазақ» әдеби шығармалардан көркемдік сапасы жоғары дүниелер басылуға тиіс деп санайды. Ол жалпы әдебиеттегі жалаң ұраншылдыққа, тар тапшылдыққа үзілді-кесілді қарсы шықты. «Партиялық принциппен» қаруланған Ғ.Тоғжанов, Ә.Байділдин сияқты сыншылар кешегі алаш қозғалысына араласқан таланттарға күйе жағып жатқанда, садуақасов сын мақалалар жариялап оларға араша түсті. Дулатов, Жұмабаев, Әуезов, Кемеңгеров, Аймауытовтарға «Еңбекші қазақтың» есігін кең ашып қойды. «Еңбекші қазақта» (1927,15,16 ақпан) жариялаған мақаласында: «Мағжан туралы былтыр Ғаббастың кітабы шықты. Бірақ бұл да Мағжанды бізге толық көрсеткен жоқ. Ғаббастың бізге айтқаны Мағжанның «жұмбағы», «дағдарысы» болды... Мағжанды қайтсе де жақсылайтын деген ойдан мен сірә аулақпын. Бірақ барын бар, жоғын жоқ деу керек. Мағжанды күйдідірсек, біз бәрін де күйдіреміз. Қайткенде де мен Мағжанды «доңызданып, қоңыздатушыларға» қарсымын, - деп жазды.

Сондай-ақ нәзік сыншы С.Садуақасұлы «біздің тапшыл ақындарымыздың жазғанынан айқайы көп» деп, С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың шығармасын ашық сынға алды, кешмшіліктерін көрсетті. Осы негізде, мәселен, жауапты редактор мен С.Сейфуллиннің арасында ірі дауға ұласқан кикілжіңдер де орын алды. Сондай кикілжіңдердің бірінен соң С.Сейфкллин Голощекинге кіріп С.Садуақасов бастаған «ұлтшылдардың» зиянкесті әрекеттерін әшкерелеп, оларды қызметтен аластауды талап етпек болды. Бірақ, белгісіз себептермен С.Сейфуллиннің бұл әрекетінен ештеңе шықпайды да ол Өлкелік комитетінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ә.Байділдинге арыз жазумен тоқтайды. Арызын «Еңбекші қазақтың» оның берген шығармаларына («қара жер», «Советстан», «Күзгі далада»), мақалаларына оң қабақ танытпағанын айтып налиды.

Бірақ, гығармалардағы Атарқаны – Советтік Қазақстан, ал кондукторды сол тұстағы республиканың бастаушы Өлкелік Комитет пен оның бірінші хатшысы – Голощекин деп алсақ, онда ақын нұсқап отырған «уклоннан» аман-есен өткен бұл атарбаның бет алған межесі 32 жылдық нәубеті еді. Мұны жоққа шығару қиын. Демек, шындыққа жүгінсек, Сейфуллинмен болған күрсесте С.Садуақасов айтқан пікірлер негізсіз емес болатын.

Партияда жоқ интеллигенцияның «ықпалында» болуы, саяси «ұстамды есем», партиялық бағытқа қарсы мақала, фельетон, өлеңдерді жариялау, «Өлкелік комитет директиваларын орындаудағы ұқыпсыздығы», қайсыбір жолдастардың материалдарын негізсіз баспай ұстауы міне осы сияқты «кемшіліктер» редактор үшін, әрине, ізсіз өткен жоқ. 1926 жылы 18 сәуірінде Қазақ Өлкелік партия комитетінің бюросы «Еңбекші қазақтың редколлегиясы туралы мәселеге қарап С.Садуақасовты редакторлық қызметтен босатып, оның орнына жауапты редактор және Өлкелік комитеттің баспасөз бөлімінің меңгерушісі қызметіне Тұрар Рысқұловты бекітті [25,76-б].



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау