Акустикалық деңгей өлшегіштердің құрастырылуының əртүрлі принциптері бар. Ең көп тарағаны - локация принципі: сəулелегіштен екі ортаның шекарасына дейін жəне кері қарай қашықтықты ультрадыбыс тербелістердің өту уақыты бойынша деңгейді өлшеу.
Екі ортаның шекарасының орнатылуы газ арқылы жүзеге асырылса деңгей өлшегіштер акустикалық деңгей өлшегіштер деп, ал екі ортаның шекарсының орнатылуы жұмыс ортаның қабаты арқылы жүзеге асырылса ультрадыбыстық деңгей өлшегіштер деп аталады.
Акустикалық деңгей өлшегіштердің артықшылығы – олардың өлшеу дəлдігі, жұмыс ортаның құрамына жəне физика-химиялық қасиеттеріне тəуелді емес болатыны. Кемшілігі – өлшеу дəлдігі температураға, қысымға жəне газдық құрамына тəугелділігі.
Əдетте акустикалық деңгей өлшегіштер бастапқы, аралық, ал кей кездерде беріліс түрлендіргіштердің комбинациясы болып табылады. Сондықтан қатаң айтқанда акустикалық деңгей өлшегіштерді акустикалық өлшегіш түрлендіргіштері бар өлшеу жүйенің бір бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Сұйық ортадағы акустикалық деңгей өлшегіштері бастапқы жəне аралық түрлендіргіштерден тұрады. Бастапқы түрлендіргіш ультрадыбыстық тербелістерінің көзі жəне қабылдауыш функцияларын бір уақытта орындайтын пъезоэлемент болып табылады. Аралық түрлендіргіште өлшеулер барысында генератор белгілі бір жиілікпен пъезоэлементке берілетін жəне ультрадыбыстық импульске түрленетін электрлік импульсті тудырады. Бұл импульстер акустикалық трактының бойымен таралады, сұйықтық – газ шекарасында шағылады жəне оларды электрлік импульстерге түрлендіретін сол пъезоэлементпен қабылданады. Одан əрі импульстер сигналды уақыт бойынша шағылдыратын өлшеу сұлбасындағы аралық түрлендіргішіне беріледі. Бастапқы жəне аралық түрлендіргіштердің ара қашықтығы 25 м-ден көп болмайды. Денгейді өлшеу аралығы: 0-1; 0-2; 0-3 м. Дəлдік класы 2,5. Бақыланатын ортаның температурасы 10-500С, технологиялық аппараттағы қысым 4 МПа-ға дейін болады.
Сусымалы орталар деңгейін акустикалық өлшегіштердің əрекет ету принципі жəне құрылысы бойынша сұйықтық орталардың деңгейін акустикалық өлшегіштеріне ұсқас болып келеді. Сусымалы ортадалардың деңгейін өлшегіштер Мемлекеттік аспаптар жүйесінің номенклатурасына кіреді жəне унифицирленген токтық сигналына ие болады. Олар бір нүктелі жəне көп нүктелі болуы мүмкін. Көпнүктелі деңгей өлшегіштер коммутатор арқылы аралық түрлендіргішке қосылатын жəне технологиялық аппаратқа жекелей орналастырылатын акустикалық типтегі бірнеше (30-ға дейін)бастапқы түрлендіргіштерден тұрады. Бақыланатын орта – диаметрі 2÷200 мм болатын түйіршіктер. Өлшеу аралығы: минималды – 0÷2,5 м; максималды – 0÷30 м. Дəлдік кластары - 1,0÷1,5.
Достарыңызбен бөлісу: |