р/с №
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
|
2.
|
Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі
|
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 41-бабының 4-тармағына сәйкес
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары
|
3.
|
Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
|
Республикалық бюджеттік комиссияның 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 2 шешімі
|
4.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
Жобаны қабылдау бюджеттік қаражатты үнемдеуге ықпал жасайтын болады, өйткені Инвестициялар негіздемелері негізінде жылумен жабдықтаудың қалалық жүйелеріннің кейбір учаскелерінде жұмыс жобалары әзірленетін болады, бұл өз кезегінде, одан әрі учаскені жаңғыртуға және реконструкциялауға жоспарланатын ТЭН қосымша әзірлеуді қажет етпейді
|
5.
|
Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі
|
Мемлекеттік тапсырманың орындалуына жауапты заңды тұлғаны «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ деп айқындай отырып, 934 993 мың теңге сомада 3 іс-шараны 2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу.
Күтілетін нәтижелердің мерзімі ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларымен айқындалады
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысы
|
7.
|
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
|
Талап етілмейді
|
8.
|
Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)
|
Талап етілмейді
|
9.
|
Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
|
Сәйкес келеді
|
10.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері
|
Талап етілмейді
|
11.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
|
Рұқсат етіледі
|
12.
|
Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz сайтында, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (2018 жылғы _ қаңтардағы, __ кбайт) орналастырылған
|
13.
|
Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
|
Жоба тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты емес және әлеуметтік мәні жоқ.
|
14.
|
Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
|
Жоба халықаралық шарт болып табылмайды
|