16
тұрғыдан үш басты сапа талданып, көрсетілген: салауатты өмір салты, білім
деңгейі және нақты адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).
Қазіргі Қазақстандағы білім беру әлеуеті қоғамдық дамудағы
әлеуметтік-экономикалық
деңгейдің
жоғары
көрсеткішімен
тығыз
байланысты. Ғылым, білім және мәдениет сияқты салалардың дамуы жеке
интеллектуалдық әлеуетке тікелей және жанама ықпал етеді. Білімге
салынған қаражаттың өтемін нақты тәжірибеде көру жеке интеллектуалдық
дамуға ден қою құбылысын жандандырады. Білім деңгейі жеке адамның
мәртебесін көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ ұлттың (мемлекеттің)
мәртебесін арттыратын көрсеткіш болып табылады.
Мемлекеттердің өндірістік саладан жаңа технологиялар, білім беру
салаларын дамытуы, олардың өзара экономикалық бәсекеге түсуіне және
бәсекеге қабілеттілігіне байланысты мемлекеттің әлемдегі жағдайы
анықталатын болады. Олар нарықтық табыстың, экономикалық және
ғылыми-техникалық дамудың шешуші факторы болып табылады. Өнеркәсібі
дамыған мемлекеттерде экономикалық өсуді қамтамасыз етуде жаңа техника,
әсіресе, жаңа технологияларды енгізу процесінде өндірістің екі негізгі
факторы – еңбек пен капиталдың үлесі артады. Осы факторлардың үлесі
соғыстан кейінгі жылдары орташа алғанда 24-32% деңгейде болған.
Болашақта
әлемдік
экономикада
білім
және
ғылыми-техникалық
факторлардың рөлі тек артпақ.
«Қазақстан Республикасы еңбек нарығындағы жоғары білімді жас
мамандарды зерттеудің әдістемелік негізі» атты екінші бөлімшеде нақты
қолданбалы зерттеудің негізгі нәтижелері орын алды.
Әлеуметтанулық деректермен жұмыс жасау әлеуметтанулық зерттеудің
маңызды бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы еңбек
нарығындағы жоғары білімді жас мамандарды зерттеудің бастапқы кезеңде
қазақстандық еңбек нарығы бойынша барлық қолжетімді деректерді анықтау
және бағалауды, талдауды қажет етті. Эмпириялық деректердің мәселені
кешенді қарастыруға мүмкіндік бермеуі қазақстандық еңбек нарығы мен
білім беру жүйесін зерттеудің әдістемесін жасауды талап етті . Әрине, еңбек
нарығында жоғары білімді және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді
мамандардың қаншалықты қажет екендігін түрлі тұрғыдан зерттеуге болады.
Диссертациялық зерттеудегі басты мақсат - еңбек нарығындағы жағдайға
жоғары білім туралы құжатқа енді ғана ие болып отырған жас мамандар
тұрғысынан баға беріп, сипаттау. Сонымен, еңбек нарығы мен жоғары білім
беру жүйесі арасындағы байланыстың негізгі бағыттары мен олардың өзара
ықпалы мен өзара тәуелділігін анықтау, ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі
талдауға, бүгінгі еңбек нарығында қандай түбегейлі өзгерістер болып
жатырғанын және осы өзгерістердің қаншалықты дәрежеде кәсіптер мен
мамандықтар иерахиясы құрылымына әсерін айқындау үшін зерттеу
стратегиясына сәйкес зерттеу әдістемесі дайындалды.
Зерттеу әдістемесінде зерттеу мақсатына орай айнымалы шамалар
анықталды және осы шамалардың өзара корреляциясы беретін мәліметтерге
алдын ала жұмысшы болжамдар жасалды. Болжамдар екі блоктан тұратын
17
сұрақтарға негізделді. Бірінші бөлікте респонденттер өздері таңдап алынған
кәсіпке баға беруі қажет болды. Ал екінші блокта респонденттерге
қазақстандық еңбек нарығындағы кәсіптердің мәртебесі, олардың бәсекелесе
алу қабілеті және еңбек нарығындағы сұраныс пен қажеттілігін бағалау
ұсынылды. Осы блоктағы сұрақтар респонденттің тек өзі таңдаған кәсіптің
емес, жалпы қазақстандық еңбек нарығындағы кәсіптердің бәсекелестік
деңгейін, олардың кәсіптер иерархиясындағы орнын анықтау арқылы
қазақстандық нарықтағы жоғары білімді талап ететін кәсіптерге сұраныстың
жалпы сипаттамасын жасауға мүмкіндік береді.
Еңбек нарығындағы кәсіптердің иерархиялық құрылымын анықтау
үшін қатар зерттеуде «қажет етілетін кәсіп», «бәсекеге қабілетті кәсіп»,
«мәртебелі кәсіп» айнымалы шамалары қолданылды. Мамандықтар
классификаторына сәйкес респондент осы айнымалы шамаларды пайдалана
отырып, әрбір топтан айнымалы шаманың мазмұнын толық ашып көрсете
алатын бес кәсіпті белгілеуі тиіс болды.
«Жоғары білімді Қазақстан жастарының еңбек нарығында
мамандықты таңдауға ықпал ететін факторлар» атты үшінші бөлімше
әлеуметтанулық әдістерге (сауалнама, контент-талдау) сүйене отырып
алынған мәліметтердің сипаттамасы мен сараптамасы негізінде пайда болды.
Сауалнама нәтижелері бойынша талапкерлердің қандай да бір
мамандықты таңдауы эндогендік жән экзогендік сипаттағы факторлардың
басымдылық деңгейімен байланысты деп қорытындылауға болады:
мамандықтың қоғамдық пікірдегі беделі, келешегі;
отандық еңбек нарығындағы мамандыққа сұраныс;
мамандықтар бойынша гранттар саны;
ата-аналарының, туысқандарының, мұғалімдерінің кеңесі немесе жеке
үлгісі.
Осыдан, мамандарды оқытуға мемлекеттік қаржыландыру көлемі мен
(мемлекеттік тапсырыс) еңбек нарығындағы қандай-да бір мамандыққа
сұраныс пен талапкер таңдаған мамандық арасындағы каузалды, яғни себеп-
салдарлық байланысты анықтауға болады. оларға өзінің мамандығы
бойынша өз біліміне әр түрлі өлшем бойынша жеке баға беру ( 5 баллдық
шкала бойынша) ұсынылды. Алынған эмпириялық деректер талдауы,
отандық жоғарғы оқу орнының бүгінгі таңдағы түлегі өзінің практикалық,
қолданбалы біліміне қарағанда теориялық біліміне сенімді екендігін
көрсетеді. Біршама себептерге байланысты білім сапасына қанағаттанатын
және қанағаттанбайтын респонденттер саны шамамен бірдей екенін атап өту
қажет. Мысалы, 4,3% түлек жоғарғы оқу орнындағы білім сапасына
толығымен қанағаттанатын болса, дәл осынша- 4,6% түлек, өздері оқып
жатқан жоғарғы оқу орнын «республикамыздың басқа жоғарғы оқу
орындармен салыстырғанда, беделді емес» деп санайды. Осыған орай,
қазақстандық жоғарғы оқу орындары түлектерінің өз білімінің сапасына
қанағаттанбауының негізгі себептері анықталды:
1. Жоғары білім беретін мекемелердің материалдық-техникалық
базасының нашар болуы. Шынында кейбір оқу орындары кеңестік