8
мүмкіндіктері қарастырылып шетелдік тәжірибелерге әдіснамалық
және әдістемелік талдау жасау;
3. Жоғары білімді мамандар мен оларға еңбек нарығындағы сұранысты
болжаудың алғашқы қазақстандық әдістемесі ұсынылып отыр;
4. Қазақстандық әлеуметтануда алғаш рет «білім қайтарымы» және
жоғары білімге қарым-қатынастың кеңестік кезеңдегі стратегиясынан
ерекшелігі мәселесінің өзектілігі дәлелденіп, жоғары білім алу
стратегиясының өзгеруіне ықпал ететін негізгі факторлар анықталып,
сараланды;
5. Қазақстанда жоғары білімнен кейінгі білім мен екінші жоғары білімнің
әлеуметтік статусына баға берілді;
6. Нарықтық
қарым-қатынастардың
дамуына
байланысты
жаңа
«нарықтық кәсіптердің» пайда болуы мен оларға деген сұраныстың
сәйкестігі мәселесін зерттеу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеуіміздің мәнін
ашуға осы мәселе төңірегінде ой-тұжырымдар жасаған шетелдік, ТМД
зерттеушілерінің және отандық ғалымдардың еңбектері көп септігін тигізді.
Зерттеудің деректік көздерін Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің
мәліметтері, БАҚ материалдары, отандық және шетелдік зерттеушілердің
еңбектері құрайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңызы. Зерттеу
жұмысындағы болжамның жалпы жүйесіндегі кәсіби-біліктілік тұрғысынан
жоғары білімді мамандарға деген болжамдық интеграцияланған сұраныс
әдістемесі берілген. Осының барлығы мамандардың құрамындағы еңбекпен
қамтудың салааралық бөлінісінің нәтижесінде негізгі құрылымдық
жылжуларды байқау және салалардың шынайы қажеттіліктерін ескеретін
жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесінің даму бағыттарын
негіздеу мүмкіндігін береді.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
Қазақстандағы еңбек нарығы мен жоғары білімді мамандарға деген
сұраныс өзара тығыз байланыста, сондықтан жоғары білімді мамандарға
деген сұранысты болжаумен айналысу - аса өзекті мәселе;
Жоғары білімді мамандар мен еңбек нарығы арасындағы үйлесім
мәселесін болжау жөніндегі шетелдік тәжірибелерге әдіснамалық және
әдістемелік талдау жасау арқылы шетелдік әдістемелерді қазақстандық
болмысқа бейімдеп, ұлттық әдістеме жасау қажет;
Жоғары білімнен кейінгі білім мен екінші жоғары білімнің әлеуметтік
статусына баға беру қазақстандық қоғамдағы дамыған елдерге тән
постиндустриялық қоғам элементтерді көрсетіп отыр. Қазақстандық
қоғамның жедел дамуы мен оның индустриялық инновациялық
бағыттағы саясаты еңбек нарығын болжауды талап етеді. Олай болса,
Қазақстан халқының білім және кәсіби әлеуетіне талдау және болжау
жасаумен айналысу институттарын дамыту (ресми / тәуелсіз) қажет;
9
Еңбек нарығындағы қазақстандық жастардың кәсіби бағдарларындағы
мақсаттары мен күтулеріне нарықтық қарым-қатынастардың
интенсивтілігі мен жаһандану процесі ықпал етуде. Нарықтық қарым-
қатынастардың дамуына байланысты жаңа «сәнге айналған нарықтық
кәсіптердің» пайда болуы мен оларға деген сұраныстың сәйкестігі
мәселесі
өзекті.
Мемлекеттік
даму
стратегиясына
және
ел
экономикасының даму мүмкіндіктеріне сәйкес жоғары білімді
мамандарды даярлауды болжау арқылы жастарға кәсіби бағдар беру
бағытындағы іс - шаралар үйлестірілуі тиіс;
Диссертациялық
зерттеудің
сыннан
өтуі
мен
мақұлдануы.
Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары мен қорытындылары ғылыми
мақалалар мен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда
баяндалды. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері «Қазақстанның
дағдарыстан кейінгі дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияда (Астана, наурыз, 2010 жыл); «Еуразиялық аймақта
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында Қазақстанның
ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі» (Астана, мамыр, 2010 жыл); «Научно-технический
прогресс: техника, технологии, образование» (Ақтөбе, маусым, 2010 жыл);
«Қазақстан
еңбек
нарығындағы
қажетті
кәсіптер
(контент-талдау
нәтижесінде)» (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы, №3 (76), 2010 жыл);
«Жоғарғы білімді жас мамандарға сұраныстың өзгеру факторлары мен
ағымдары» (Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет) (№3, 2010 жыл)
«Қазіргі қоғамда жастардың кәсіби өзіндік айқындалуы мен мамандықты
таңдау факторлары» (Қазақ Гуманитарлық Заң университеті хабаршысы),
«Философия, әлеуметтану, саясаттану сериясы» (№9, 2010 жыл) баяндалды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі
Диссертацияның құрылымы мен көлемі алға қойылған мақсаттар мен
міндеттерге байланысты анықталды. Диссертация кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімінен,
қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп,
ғылыми зерттеу деңгейі, теориялық және әдістемелік негіздері, зерттеу
жұмысының мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдер, қорғауға
ұсынылған негізгі тұжырымдар, зерттеу нәтижесінде алынған ғылыми
нәтижелер, зерттеудің қолданбалы маңызы, оның сыннан өтуі мен
мақұлдануы, құрылымы мен көлемі жөнінде мәліметтер келтірілген.
Диссертацияның «Жоғары білімді мамандарға сұранысты
зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімінде
жоғары білімді мамандарға сұранысты зерттеудің теориялық және
әдіснамалық мәселелері қарастырылады.
Аталған бөлімнің «Жоғары білімді мамандарға сұранысты
болжаудың теориялық- әдіснамалық мәселелері» атты бірінші