Қолжазба құқында



жүктеу 274,46 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата25.05.2018
өлшемі274,46 Kb.
#17556
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

оқу  орнының  түлегі  үшін  кәсіби  мансап  құру  мүмкіндігін    және  одан  кең 



тұрғыда  -  өз  тағдырын  құру  мүмкіндігін  анықтайды.  Мамандарды  даярлау 

және  экономика  салаларының  даму  процестерін  үйлестіру  мүмкіндігін 

анықтайтын  негізгі  шарт    -  еңбек  нарығының  қажеттіліктерін  болжау 

процесін сауатты ұйымдастыру.    

     Отандық  білім  беру  жүйесі  жоғары  оқу  орындары  студент-мамандарды 

дайындауды  көбейтті.  Осылайша,  Қазақстан  Республикасының  Статистика 

агенттігінің  мәліметтері  бойынша,  жоғары  оқу  орындарын  бітірген 

студенттердің  саны  2000-2005  жылдар  аралығында  2  есе  артқан  (2000-2001 

оқу жылы – 64,6 мың адам, 2004-2005 оқу жылы 123,9 мың адам, 2005 – 2006 

оқу жылы – 154,2, 2006 – 2007 оқу жылы – 165,6 мың адам, 2007 – 2008 оқу 

жылы – 178,5 мың адам,  2008-2009 оқу жылы  - 196,7 мың адам, 2009- 2010 

оқу жылы – 176016 адам) [1].  

     Еңбек  нарығында  дипломы  бар  мамандардың  шамадан  тыс  көбеюі  еңбек 

нарығының  қажеттіліктерін  ескерусіз  жүруде,  себебі  «нарық  бәрін  де  өзі 

реттейді» деген қатынас қалыптасқан. Сол себепті  мамандарды даярлаудың 

құрылымы  мен  көлемінің  және  жұмыс  күшіне  деген    кәсіби-біліктілік 

сұраныстың  арасындағы  сәйкессіздік  сандық  және  сапалық    дисбаланс 

параметрлерін тудыратын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ал 

шетелдік  әдебиетке  талдау  жасайтын  болсақ,  дамыған  елдер  еңбек 

нарығындағы  жұмыс  күшіне  деген  қажеттілікті  жоспарламағанның  өзінде, 

кем  дегенде  мұндай  қажеттілікті  болжаумен  айналысатын  арнайы 

агенттіктерді  құрған.  Осыған  байланысты  еңбек  нарығындағы  білікті 

кадрларға  деген  сұранысты  болжау  мәселесі    қазақстандық  жоғары  және 

жоғарыдан кейінгі  білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналуда. Жұмыс 

күшіне  деген  сұраныс  пен  ұсыныстың  тепе-теңдігін  қамтамасыз  ету 

мемлекеттік  еңбекпен  қамту  саясатының  аса  маңызды  міндеті  болып 

табылады,  бұл  мәселені  шешудің  негізгі  механизмдерінің  бірі  –  білім  беру 

институтының еңбек нарығымен өзара әрекеттесуі.  

     Бұған  дейінгі  кеңестік  тәжірибенің,  мәдени  ерекшеліктердің  болуына 

байланысты  білім  беру  қызметі  нарығының  еңбек  нарығымен  қатынасы 

мардымсыз  болды,  халықтың    білім  алудағы  қажеттіліктері    еңбек 

нарығындағы  белгілі  мамандыққа деген әлеуетті сұранысы факторларымен 

әлсіз  байланысқан.  Еңбек нарығы  мен  білім  беру  қызметі  нарығының  өзара 

әрекеттесу    мәселесін  шешу  өз  мақсаттары,  кәсібі  мен  еңбек  қызметінің 

салаларын  таңдау  мотивациясына  ие  білім  беру  қызметтерін  тікелей 

тұтынушы мүдделерін ескермей жүзеге аспайды.    

     Осыған  байланысты  кімнің  және  қай  жерге  жұмысқа  тұрғандығын    біліп 

қана  қоймай,  ең  болмағанда  ұлттық  экономикаға,  жақын  арада  (3-5  жыл) 

және  орта  мерзімдегі  (5-12)  келешекте  қандай  мамандар  қажет 

болатындығын білу маңызды.      

Жоғары  оқу  орындарын  бітірген  түлектердің  жұмысқа  орналасуы, 

сондай-ақ  мамандарды  оқытудың  нәтижеcі  мен  оларды  даярлаудың  сапасы 

көбіне  тек  ағымдағы  жағдаймен  ғана  емес,  келешекке,  орта  мерзімдік 

келешектегі  жоспарлармен  анықталады.  Оқу  орындары,  білім  беру 




 

қызметтерін  ұсына  отырып,    жұмыс  берушілердің  талаптарын,  аймақтық 



еңбек  нарықтарындағы  жұмыспен  қамтылу  саласындағы  жағдайды  ескеруі 

қажет.  


Тақырыптың зерттелу деңгейі.  

Жоғары  білімді  мамандарды  әлеуметтік  топ  ретінде  гуманитарлық 

ғылымның  өкілдері  қарастырады.  Қазақстандық  ғылыми  әдебиетте  бұл 

тақырыпты 

негізінен 

философтар, 

педагогтар, 

тарихшылар, 

әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылар зерттейді. Біздің саламызға және 

диссертация  тақырыбына  байланысты  білім,  жоғары  білімді  мамандар 

шетелдік,  ресей  және  отандық  ғалымдардың  еңбектерінде  көрініс  тапқан.  

Білім  жүйесінің,  жоғары  білімнің  өзекті  мәселелері  ғылыми-техникалық 

прогреспен байланысты кеңес кезіндегі ресей және отандық ғалымдар– Н.А. 

Аитов [2],   М.С. Әженов [3],   Н.Ж. Асылов, О. Нұсқабаев,  Т.Ж. Қалдыбаева 

[4], Л.Я. Рубина, М.Н. Руткевич, Д. Константиновский , В.Н. Турченко , Ф.Р. 

Филлипов,  Н.В.  Шубкин,  В.А.  Ядов,  Т.Н.  Кухтевич  ,А.Г.  Қалманов,  Ж. 

Амантаев, М.Ж.Арғынбаев,  К.Ж.Жаманбаев, В.П.Соскин,  Х.М.Әбжанов [5],  

Т.К.  Қатаев  және  басқалардың  еңбектерінде  жоғары  білім  институтының 

қалыптасу тарихы, жоғары білім мәселелері және оқу үрдісін жоспарлаудың 

әр түрлі жағы қарастырылған. 

Белгілі  шетел  ғалымдарының  арасында  білім  институтын  және  білім 

саласындағы мәселелерді зерттеген авторлардың арасында Батту Х., Белфилд 

К., Слоан П. , Фриман Р.  сияқты ғалымдарды атап өтуге болады. 

 Қазіргі  ресей  ғалымдарының  арасында  білім  саласындағы  реформалар, 

әлеуметтік  мобильділікті  өз  еңбектерінде  қарастырған  В.Е.Гимпельсон,  Р.И 

Капелюшников,  С.Ю  Рощин,  Н.Е.Тихонова,  О.И.  Шкаратан,  М.А.Карцева, 

Ю.Андриенко, С. Гуриев, И.Денисова. 

Тәуелсіз  Қазақстанда  білім  жүйесінің  жаңарту  және  реформалау 

мәселелерін  зерттейтін  бірқатар  отандық  ғалымдар  бар.  Қазақстандық 

ғалымдар  білімнің  әлеуметтік  мәселесін  қазіргі  Қазақстанның  реформалану 

жағдайында  мазмұндауға  талпынады.    Мысалы,  философтар,  білімнің 

теориялық-әдістемелік  әдістерін  оның  ғылыми  негіздері  тұрғысынан 

қарастырады.  Бұндай  сипаттағы  жұмыстарға  А.Н.  Нысанбаевтың,  Р.Қ. 

Қадыржановтың,  А.Г.  Косиченконың,  Ю.А.  Брязгаловтың  және  З.А. 

Мұқашевтың,  Е.Е.  Бурованың,  А.Г.  Қарабаеваның  және  Г.Р.  Кириллованың    

еңбектері  жатады.  Педагогтар,  К.К.  Құнантаева  және  Г.М.  Храпченков 

білімді оқу процесі ретінде қарастырып, оны жетілдіруге өздерінің әдістерін 

ұсынады.  Қазақстандағы  білім  жүйесіндегі  реформаларды  тарихшылар  да, 

саясаттанушылар  да,  және  жоғары  білім  жүйесінің  басшылары    Е.А. 

Мәмбетқазиев, 

О.С.Сабденов, 

Т.С.Садықов, 

Т.А.Қожамкұлов, 

А.Қ. 


Құсайынов және т.б. жазады. Сондай-ақ Қазақстанда жоғары білімге, жоғары 

білімді  мамандарға  арналған  конференциялардың  материалдары  мен  мақала 

жинақтары  жарық  көрді.  Соның  ішінде    отандық  ірі  әлеуметтанушы  Л.Я. 

Гуревичтің  монографиясында  Қазақстанның  жоғары  білім  беру  жүйесінің 

құрылуы  мен  қалыптасуына  кеңестік  оқыту  жүйесі  шеңберінде  талдау 

жасалған.  Ол  Кеңес  кезеңінде  Қазақстанның  жоғары  білім  беру  жүйесінің 




жүктеу 274,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау