Сурет 1
Өскелең заманымыздың талабына сай оқушылардың бойында ізгілік қасиеттер мен жарқын мінез-құлық, оларды жалпы адамзаттық адамгершілікке баулу рухында, туған еліне деген сүйіспеншілік, ата-баба дәстүрінде тәрбиелеу негізгі ұлттық тәрбиенің мақсаттары болып табылады. Сондықтан, қазіргі мақсат - тәрбиені ізгілендіру (гумманизациялау), жеке тұлғаны әлеуметтік жетілдіру. Бұл жұмыстар мектептерде барлық оқу-тәрбие жұмыстары жүйесімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Еңбекке баулу оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуына бағытталған үрдіс. Еңбек әрекеті оқушының психо-физиалогиялық, ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай жүргізілуі және баланың шаршауы мен жалығуын болдырмау үшін дамыта отырып, үйрету сипатын қамтамасыз ететін еңбек жүктемелері ой-ластырылуы керек. Ғылыми-зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқушыларға технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру олардың психолого-педагогикалық мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізілуі керек деп тұжырымдаймыз. Жалпыға бірдей білім беру реформасының стратегиялық бағдарламасында жан-жақты білімді, өмірге жаңаша қарайтын, мәдениеті дамыған өркениетті халықтар деңгейіне жету туралы айтылған. Бұлардың бәрі, оқу-тәрбие үрдісінде жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізі болып табылады.
Технологиясы дамыған және бәсекелестікке негізделген ХХІ ғасырда білім берудің нақты жолы - сабақтың сапасын арттырып, әдістемелік, тәрбиелік жақтарын жетілдіру болса, қазіргі білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсатының бірі - ұлттық тәрбие беру моделін жасау. Сондықтан, мектептегі технология сабақтарын оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың негізгі қағидалары: оқушылардың халықтық қолданбалы өнерді ұлттық тәрбиемен ұштастыра меңгеруіне мүмкіндік беретін сабақтастық; халықтық қолданбалы өнерді оқудың маңыздылығы; оқытудың ақпараттық-технологияны пайдалану мүмкіндігіне қарай білім мазмұнын жаңарту. Осы қабілеттер мен біліктіліктер баланың жас кезінен қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кезеңдерінде әрі қарай дамуы керек.
Технологияны оқытудың мақсаты бұрынғыша болғанымен, қазір оны оқытуда оқушыларға ұлттық тәрбие беруге деген көзқарастар өзгерді. Ол - оқушыға белгілі көлемде білімін, біліктілігін, дағдысын, ой-өрісін, ұлттық дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Мектептегі ұлттық тәрбие еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста әрі саяси идеялық және адамгершілік тұрғыда өзара тәуелді. Ол, сабақтарда ғылым негіздерін оқуда және мектептен тыс жұмыс үрдісінде жүзеге асырылады. Соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы, сондай-ақ профессор Ж.Караевтың оқытуды дербес-тендіру мен дифференцияцалау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық, компьютерлік-ақпараттық технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Қарастырылған оқытудың жаңартылған жүйесін ұлттық тәрбие берудің мақсаттары ретінде мектеп-тердегі технология сабақтарында енгізетін болсақ, білімді демокра-тияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға болатыны ақиқат. Оқушылардың көркем шығармашылыққа деген белсенділігін арттыру барысында біз ең алдымен технология сабағында халықтық қолданбалы өнердің алатын орнын анықтап алуға тиістіміз және оқушының сана-сезімін, ойын, ұлттық және еңбек тәрбиесін, еңбекке баулу мәселелерін бір-бірімен өзара байланыста қарастыруымыз керек. Себебі, қазіргі мектептерде халықтық қолдан-балы өнерді мектеп бағдарламасына ендіруде әлі де болса шабандық байқалады, олар тұтас емес, жеке элемент ретінде ғана көрініс алады. Біздің негізгі мақсатымыз ұлттық тәрбие беру үрдісін ұрпақ игілігіне айналдыру және оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы ізгілік қасиеттерді дарыту; халықтық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбиеге жаңаша көзқарас және технология сабақтарында рухани ізгілік қасиеттердің жоғары болуы мен оқушы тұлғасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын ғылыми дәйектілікті дәлелдеу; оқушыларға технология сабақтарында халқымыздың қолданбалы өнері арқылы ұлттық тәрбие беруде олардың көркемдік қабілетін, мәдени деңгейін, ұлттық көзқарасын реттеп, қазіргі қоғамның талабына сай келтіруге әрекет жасау; халықтық өнер дәстүрі арқылы мағлұматтар ғана беру емес, оқушылардың эстетикалық талабын өтеу, әсемдік әлеміне, қолданбалы өнердің айрықша қасиетіне дағдыландыру, ұлттық рухта тәрбиелеу.
Жас ұрпақтың тәрбиесіндегі мәдени-этникалық білім туралы ғылыми зерттеулер жүргізген белгілі ғалым Ж.Ж.Наурызбай: ”жаны да, қаны да қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, туған жерін түлетуді, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу”- дейді. Біздің ойымызша, халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудегі негізгі ұстанымдар жеке тұлғаны рухани байытумен қатар жан-жақты дамытуға, қалыптастыруға әсер етеді, алған білімдерін шығармашылық іс-әрекетте қолдана білуіне бағытталады, оның тәрбиелік сипатымен қатар көркем білім берушілік функциясын түсінуге үйретеді.
Ғылыми әдебиеттер мен зерттеулерде ұлттық тәрбие ұғымына бірқатар сипаттамалар мен анықтамалар берілген. Олар мазмұндық жағынын бірін-бірі толықтыра түседі. Ғалымдардың жалпы ұлттық тәрбие туралы ой-тұжырымдарын қолдай отырып, оларды негізге аламыз және бұл ұғымға: ’’технология сабақтарында оқушыларға ұлттық тәрбие беру дегеніміз - оқу үрдісінде халықтық қолданбалы өнерді жасау жолдарын игеру арқылы білім, біліктілік, дағдыны меңгеру мен этнопедагогика негізінде оқушылардың ізгілік қасиеттері, дүниетанымы, ой-өрісінің өсуі және ұлттық танымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуы’’ – деп, өз түсінігімізді береміз.
Технология сабақтарында оқушы мұғалімнің басшылығымен қолданбалы өнер туралы ғылыми түсініктерді ұғынып, бағдарлама көлеміндегі мағлұматтарды, шығармашылық іскерлікті меңгереді. және сол түсініктерді меңгеру арқылы оқушының ойы, ұлттық таным түсінігі, эстетикалық талғамы қалыптасады және дүниеге көзқарасы, ұлттық сана-сезімі дамиды. Оның деңгейі әр оқушының даму ерекшеліктеріне, қабілетіне байланысты болады Бұл оқушының іс-әрекетінде көркем-шығармашылық өздігінен ізденуі және сабақтан тыс жұмыстар арқылы жалғасын табады. Соған сәйкес, оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мазмұндық өзара байланысын көрсете отырып, оқушыларға технология сабақтарында халық-тық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің көрсеткіштері мен өлшемдерін бердік.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде оқушыға берілетін білім іскерлік пен дағдыны меңгерту көзделсе, оқытудың жаңа технологиясында бұған қоса оқушының тұлғасын қалыптастыруда өзін-өзі дамытуы мен ұлттық танымын қалыптастыру өріс алып отыр. Дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмыстары жеке тұлғаның қалыптасуына жетекші ықпал ететіндігі даусыз.
Зерттеу жұмысымыздың міндетіне сәйкес, технология сабақтарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруді «оқу-тәрбие-білімң жүйесінде ұлттық тәрбие негізінің логикалық схемасына сүйене отырып, технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру моделін ұсынамыз. (Сурет 2)
ұлттық тәрбие
Технология сабағы
Тақырыпты анықтау
әдiс-тәсiлдер, тапсырмалар
Мақсат, мiндет
құралдар, формалар
Сурет 2 - Технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің моделі
Технология сабақтарында оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде жан-жақты дамып, қалыптасқан оқушы тұлғасы мәдени құндылықтарды бағалайды, рухани деңгейі артады және ұлттық сана-сезім деңгейі өседі, ұлттық дүниетанымы мен ой-өрісі кеңейеді, шығармашылық қабілеті жоғарылайды деп тұжырымдаймыз. Демек, оқыту үрдісінде білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып оқушыларға технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ісінде білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, білімділігіне сәйкес бағдар ұстау негізгі шарт.
Біздің зерттеуіміздегі технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіндегі белсенділікті арттырудың дидактикалық шарттары төмендегідей:
оқу үрдісінің білімділік, дамытушылық, және тәрбиелік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету;
ғылымилық, теорияның практикамен байланысы, оқытудың кәсіптік бағыттылығы;
оқытудың әдіс-тәсілдері, ұлттық тәрбие берудегі бағыттылықты қамтамасыз ету;
оқушылардың өз бетімен көркем-шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік беру;
қазіргі кездегі оқытудың жаңа технологиясын дұрыс қолдану;
оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде педагогикалық-психологиялық факторлар жиынтығын пайдалану.
Оқу мақсатын - танымдық тапсырмалармен, оқыту әдісін - дидактикалық тәсілдермен анықтауға болады. Оқушының ұлттық тәрбиесін жетілдіруде оның амал-тәсілдерін аша түсу, оның негіздерін айқындау бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр, өйткені білім беру жүйесін, яғни білім берумен қатар оқыту және тәрбие мәселесін қоғамда болып жатқан құбылыстардан бөліп қарауға болмайды. Керісінше, қайта бірлікте қарастырылады, себебі қоғамдағы күрт өзгерістер білім беру мен тәрбие ісіне әсерін тигізбей ықпал етпей отыра алмайды. Біздің міндетіміз жас ұрпаққа тәрбие беруде халықтық қолданбалы өнерді, ұлттық тәрбиені күнделікті ісіміздің негізіне одақтас ету. Сондықтан, зерттеу жұмысымыздың мәселе-сіне сәйкес, технология сабақтарында оқушыларды халықтық қолданбалы өнерге баулу арқылы ұлттық тәрбие беру ісін жүзеге асырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік құралдар жүйесін пайдалану қарастырылды. Технология сабақтарында оқушы мұғалімнің басшылығымен қолданбалы өнер туралы ғылыми түсініктерді ұғынып, бағдарлама көлеміндегі мағлұматтарды, шығармашылық іскерлікті меңгереді, сол түсініктерді меңгеру арқылы оқушының ойы, ұлттық таным түсінігі, эстетикалық талғамы қалыптасады және дүниеге көзқарасы, ұлттық сана-сезімі дамиды.
Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде халқымыздың педагогикасы мен ұлттық өнерін біріктіре оқытуды мұрат ете отырып, оларға этнопедагогикалық негізде білім беруді типті бағдарлама, оқу құралдары арқылы кешенді қарастыру керек. Мектептегі технология пәнінің мазмұнын талдау қағидаларына сәйкес технология бағдарламасының мазмұны оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қолданбалы өнер шеберлерінің еңбегімен таныстыру, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық бұйымдарды жасауға оқушыларды үйрету т.с.с. міндеттерді шешуі керек. Соған сәйкес, оқушыларға халықтық қолданбалы өнер негізінде ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мәселелерін қарастыра келіп, мынандай тұжырым жасадық:
халықтық педагогика негізін басшылыққа алып, халықтық қолданбалы өнер туындыларын ұлттық тәрбие беру ісінде дұрыс пайдалану әдіс-тәсілдерін меңгеру қажеттілігі;
теориялық білімдерді көркем-шығармашылық еңбекте қолдана білуі, оқушылардың іс-әрекетіндегі дағдыларын қалыптастыру;
халықтық қолданбалы өнер жайындағы түсінігін тереңдетіп, білімі, біліктілігі, дағдысы және іскерлік талантын жетілдіріп, байыта отырып, оны педагогикалық шеберлікпен оқушыларға жеткізудің тиімді әдістемелік жолдарын меңгеруі.
Экспериментік зертеу жұмыстары Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы №8 мектеп-гимназия, академик Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей, №27 қазақ орта мектептерінде өтті, салыстырмалы бақылау №8 мектепте жүргізілді. Зерттеудің эксперименттік бөлімі теориялық зерттеуден, ізденіс және оқу-тәжірибе эксперименттерінен тұрады. Тәжірибелі-эксперимент жұмысы үш кезеңде өткізілді (анықтау, қалыптастыру, бақылау). Бақылау тобы мен эксперименттік топтардың бастапқы дайындықтары бір-біріне жақын болатындай және саны жағынан да теңесетіндей етіп таңдап алынды. Біздің зерттеуіміз бойынша оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда эксперименттік тәжірибеге мектеп мұғалімдері және эксперименттік топта 135-оқушы, бақылау топтарында да 135-оқушы қатыстырылды.
Зерттеу жұмысымыздың алғашқы сатысында мектеп мұғалім-дерінің халықтық қолданбалы өнер және оның тәрбиелік маңызы жайлы түсініктер деңгейін байқау үшін алдын-ала сауалнама жүр-гіздік. Сауалнамаға барлығы - 45 мұғалім қатысты. Зерттеу жұмы-сымыздың мақсат-міндеттеріне қарай сауалнама сұрақтарына берген жауаптарды 2 топқа бөліп қарастырдық:
халықтық қолданбалы өнердің табиғаты мен болмысы, өзіндік ерекшеліктері туралы білім деңгейлерін анықтау;
халықтық қолданбалы өнердің тәлім-тәрбиелік мәні туралы білімін және оқушыларды қолданбалы өнерге баулудағы мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерінің мақсат-міндеттерін айқындау және тексеру. Алынған жауаптардың мазмұнын 5 балдық жүйемен бағалап, осы топтардың негізінде сұрыптап, олардың сапалық дең-гейінің көрсеткішін анықтадық. Жоғары деңгей - қолданбалы өнер туралы, оның мәні мен ерекшелігі туралы білімі біршама жетілген, адам өміріндегі мәні мен маңызын және ұлттық тәрбиедегі ерекше орнын жақсы біледі, қолданбалы өнерге байланысты білімі, іскерлік дағдысы қалыптасқан. Орташа деңгей - халықтық қолданбалы өнер туралы жалпы эмпирикалық білімі бар, бірақ жүйелі, тұрақты емес, халықтық қолданбалы өнер туындыларын қолдануға дағдысы қалыптаспаған. Төменгі деңгей - қолданбалы өнер туралы оның өзіне тән ерекшелігі мен мәнін қабылдау саласындағы білімі төмен, ұғымы таяз, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және қолданбалы өнерді игеруге деген құштарлығы мардымсыз, оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға қолданбалы өнерді үйретуге дағдыланбаған.
Біздер зерттеуіміздің мақсатын анықтау барысында технология бағытындағы оқу бағдарламаларына талдау жасағанымызда халықтық педагогиканың озық дәстүрімен сабақтастықта жүргізуде технология сабақтарының оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мүмкіндігі бар екенін айқындадық.
Жүргізілген тәжірибе жұмыстарынан жинақталған мәліметтерді талдау барысында оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туындылары туралы пайымдаулары өз-ара шамалас, халықтық қолданбалы өнер туындылары жайында жалпылама түсініктері бар екенін байқадық. Тәжірибе қорытындыларын зерделей отырып, мынандай мәселелерді анықтауға мүмкіндік алдық:
технология сабақтарындағы оқушы тәрбиесінде халықтық қолданбалы өнер туралы және олардың кейбір көп тараған түрлері туралы ғана мағлұматтар берумен шектеліп келген;
оқушылардың қабылдау, сезіну ұлттық танымдық деңгейлеріне сәйкес халықтық қолданбалы өнер туындыларының сәндік мәнері, маңызы туралы түсініктерді қалыптастыруда, ұлттық тәрбие құралы ретінде қолдануға қажетті мән берілмеген, қолданбалы өнер бұйымдарының үлгілерін көрсету, ою-өрнектерді әшекейлеуге пайдалану сияқты сыңаржақ іс-әрекеттер деңгейінде ғана жүргізіліп келген;
халықтық қолданбалы өнердің ұлттық мәнін біртұтас қабылдау, сезіну, түсіну, пайымдау сол арқылы ұлттық талғамды қалыптас-тыруда қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер ойласты-рылмаған.
Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде зерттеу жұмы-сымыздың оқушы тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз етудегі құрылған модельге сәйкес ұлттық тәрбие бағытында халықтық қолданбалы өнерді оқушыларға мақсатты таныстыру мен оларды сипаттаушы оқу материалдары, соған сәйкес іс-әрекеттер және технология пәнін оқыту әдістемесі бойынша бірқатар дайындық жұмыс-тары жүргізілгеннен кейін ұйымдастырылды. Тәжірибе жұмыс-тарының жалпы мақсат-міндеттеріне сәйкес - мектепте оқушыларға халықтық қолданбалы өнерді үйретуде игеруге тиісті мәселелер және сабақты ұйымдастыру, өткізудің педагогикалық-әдістемелік жолдарын белгілеу, 5-7 сынып оқушыларының халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық талғамын, қалыптасу деңгейін бақылау, ұлттық тәрбие көрсеткіштері мен өлшемдерін анықтау қарасты-рылды. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру бағытындағы тәжірибе жұмыстарын тәжірибе үшін белгіленген әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, ”технология” бағдарламасына сәйкес сәндік-қолданбалы өнерді оқыту мазмұны негізінде сабақтастықта жүргіздік. Әр бағыт оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай халықтық қолданбалы өнер түрлері мен өзіндік ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырудан бастап ұлттық тәрбие беруге негізделіп құрылды. Осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, сабақтың тақырыптары мен сол сабақта атқарылатын іс-әрекеттердің түрлері және оқушы-лардың халықтық қолданбалы өнерге тән игеруге тиісті мәселелері айқындалды. Қалыптастыру экспериментінде оқушыларға технология сабақтарында ұлттық тәрбие беруге ықпал жасайтын мынандай мәселелерге баса көңіл бөлінді:
оқушылардың халықтық қолданбалы өнер түрлері, ерекшеліктері туралы түсініктері мен қабылдау іс-әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра отырып, қалыптастыру;
олардың ұлттық-танымдық түйсіну мүмкіндіктерін ескере отырып, қолданбалы өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру;
оқушылардың даму ерекшелігін ескере отырып, олардың ұлттық талғампаздық өрісінің кеңеюіне ықпал ету.
Сараптау, тексеру барысында оқу бағдарламасының мазмұндық жүйесі және оқыту әдістемелерінің дидактикалық материалдарының тиімділігі, қабылдау сабақтарында пайдаланылған халықтық қолданбалы өнер бұйымдарының ұлттық тәрбие берудегі ықпалды әсер ету мүмкіндігін, оқушылар танымы мен ұлттық сезіміне сәйкес тексеру мәселелерін айқындау көзделді. Жұмыс барысында оқушы-лардың халықтық қолданбалы өнер туындыларының халық өмірімен тығыз байланысы туралы түсінік өрісінің кеңею дәрежесі; оқушыларда қалыптасқан ұлттық талғам сапасын тәжірибеге дейінгі анықталған көрсеткіштермен салыстырмалы түрде айқындау қарастырылды. Тәжірибенің қорытындысы оқушылардың эксперименттік тәжірибеге дейінгі өрнектелген көрсеткіштермен салыстырмалы тексеруден өтіп, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе сабақтары барысында оқушылардың халықтық қолданбалы өнер саласында жи-нақтаған білімдері мен түсініктері негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беруде олардың бойында ұлттық талғамның қалыптасу сапасын анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген тәжірибе бойынша оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туындыларына деген қатынастары мен олардың ұлттық өнерге қызығушылығы, қолданбалы өнер туралы естігендері мен көргендері және есте сақтау қабілеттінен туатын ұлттық-танымдық құштарлықтарының айтарлықтай ұлттық тәрбиеге ықпал ететіні анықталды.
Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде зерттеу жұ-мысымыздың оқушы тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз етудегі құрылған модельге сәйкес ұлттық тәрбие бағытында қолданбалы өнерді оқушыларға мақсатты таныстыру мен оларды сипаттаушы оқу материалдары, соған сәйкес іс-әрекеттер және технология пәнін оқыту әдістемесі бойынша бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін ұйымдастырылды және қарастырып отырған арнайы тақырыптардың қамтылуымен жүзеге асырылды.
Тәжірибе қорытындысы оқушылардың тәжірибеге дейінгі өр-нектелген көрсеткіштермен салыстырмалы тексеруден өтіп, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе сабақтары барысында оқушылардың халықтық қолданбалы өнер саласында жинақтаған білімдері мен түсініктері негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беруде олардың бойында ұлттық талғамның, ізгілік қасиеттердің, шығармашылық іс-әрекеттердің қалыптасу сапасын анықтауға мүмкіндік берді. (Кесте1, диаграмма1)
Кесте 1 - Оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туралы білім деңгейлері мен шығармашылық әрекетін, ұлттық талғамын қалыптастыру көрсеткіштері (нақты сан және % есебімен)
Деңгейлер
|
Экспериментік топ
|
Бақылау тобы
|
Тәжірибеге дейін
|
Тәжірибеден кейін
|
Алғашқы нәтиже
|
Соңғы нәтиже
|
Жоғары
|
Бала саны
|
22
|
36
|
19
|
21
|
%
|
16,3
|
26,7
|
14,1
|
15,6
|
Орташа
|
Бала саны
|
33
|
63
|
35
|
66
|
%
|
24,4
|
46,7
|
25,9
|
48,9
|
Төмен
|
Бала саны
|
80
|
36
|
81
|
49
|
%
|
59,3
|
26,7
|
60,0
|
36,3
|
Қорытынды
|
Бала саны
|
55
|
99
|
54
|
87
|
%
|
40,7
|
73,3
|
40,7
|
64,4
|
Барлығы
|
Бала саны
|
135
|
135
|
135
|
135
|
%
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Диаграмма 1
Оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туралы білім деңгейлері мен шығармашылық әрекетін, ұлттық талғамын қалыптастыру көрсеткіштері
Кестедегі келтірілген мәліметтер дәстүрлі халықтық қолданбалы өнерге қызығушылықтарына, ұлттық талғамына, шығармашылық іс-әрекетіне байланысты үлгерімдерінің жалпы сапалы өзгерулерін зерттеудің нәтижесінен алынған. Егер алғашқы бақылауда эксперименттік топтардағы 135 оқушы санының ішіндегі жоғары деңгейдегі оқушы саны тәжірибеге дейін 22(16,3%) болса, тәжірибеден кейінгі көрсеткіш 36(26,7%) көтерілді. Сол сияқты орташа деңгей көрсеткіші 33(24,4%)–63(46,7%) дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш-тер оқушыларға ұлттық тәрбие беруде қолданбалы өнерді мақсатты түрде қабылдауы дәрежесінің жоғарылағанын және жалпы халық-тық қолданбалы өнерді қабылдау процесінің ұлттық талғам қалып-тастырудағы қызметінің рөлін айқындап берді. Эксперименттік топ-тарда төменгі деңгейдегі оқушылар санының 80(59,3%)–36(26,7 %) дейін кемуі және бақылау топтарындағы төменгі деңгейдегі оқушылар санының 81(60%) – 49(36,3%) дейін кемуі біздің оқу-тәрбие жұмысымыздың алдына қойған мақсат-міндеттеріміздің сабақта пайдаланылған әдіс-тәсілдеріміздің, сонымен бірге арнайы дайындалған бағдарламамыздың жалпы мазмұндық жүйесінің дұрыстығын көрсетіп берді. Эксперименттік тәжірибенің негізінде 5-7 сыныптағы оқушылардың халықтық қолданбалы өнерге қызығушылығы-ның өрістеуі олардың технология пәні бойынша сапалы білім алуға ынталарын арттырды. Зерттеу мәселеміз бойынша жүргізілген экс-перименттік тәжірибе жұмыстарын қорытындылай келіп, халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде оқушы тұлғасының қалыптасуын жүзеге асыруда технология сабағының құрылымы мына мәселелерден тұруы керек деп есептейміз:
халықтық қолданбалы өнерді оқытуда шығармашылық дәстүрлі технологияны сақтау, дамыту;
халықтық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбие қажеттіліктерін айқындау;
базалық білім беру жүйесінде халықтық қолданбалы өнерді оқыту мен ұлттық тәрбиенің бірлестігін байыту. Олай болса, жоғарыда баяндалған және қорытынды нәтижелері кестелермен өрнектелген, тұжырымдалған тәжірибе жұмыстарымыздың педагогикалық, әдістемелік мазмұны зерттеуіміздің ғылыми божамындағы мәселелерді айқындауға мүмкіндік бергенін толық дәлелдеді.
Қорытынды
Зерттеуіміздің мақсат-міндеттеріне, ғылыми болжамына негіздей отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында жинақталған теориялық, тәжірибелік мәліметтерді талдай келіп, төмендегідей қорытындыға келдік:
Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздерін, педагог-ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің тұжырымдары мен педагогика-психологиялық, әдістемелік тәжірибелерді талдай отырып, технология сабақтарында оқушылардың елжандылығы мен ұлттық талғам өрісін дамыту, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелерін тәжірибе жүзінде зерттеу жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленді.
Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің сипаты беріліп, педагогикалық, психологиялық негіздері қарастырылды.
Педагогикалық-психологиялық саладағы зерттеулерге талдау жасау ұлттық тәрбие беру негізінде оқушыларда қалыптасатын ізгілік қасиеттерді және «оқу-тәрбие-білім» жүйесінде технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы “ұлттық тәрбие беру” деген ұғымды анықтауға мүмкіндік туғызды.
Технология сабағында ұлттық тәрбие берудегі халықтық қолданбалы өнерді қолданудың теориялық негізі ашылып, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттары анықталды.
Халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде, олардың көркемдік талғамын, қызығушылығын қалыптастыру жолдары қарастырылып, педагогикалық алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе талданды.
Мектептегі технология сабағына арналған бүгінгі күнге дейінгі оқу бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасау бағдарламалар мазмұнына халықтық қолданбалы өнерді енгізуде талпыныстар бар екендігін көрсетті, бірақ оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық тәрбие беру жолдары ескерілмегендігі дәлелденіп, оқушыларға ұлттық тәрбие беру әдіс-тәсілдеріне ұсыныстар жасалды.
Эксперимент барысында пайдаланылған әдістер және әртүрлі жұмыс формалары (көрмелерге, мұражайларға бару, халықтық қолданбалы өнер шеберлерімен кездесу өткізу т.б.) оқушылар-дың шығармашылық іс-әрекеттерін, қабілетін, белсенділігін арт-тырды. Халықтық қолданбалы өнер түрлерін жасаудағы білімін, біліктілігін, дағдысын және шеберлігін қалыптастырды.
Мектептегі технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнерді меңгеру, оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттырып, оқушылардың дүниетанымы мен ойлау деңгейін, көркем шығармашылық белсенділігін дамытады, ұлттық танымын, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады және қызығушылығын арттырады. Көп жылғы жүргізілген зерттеу жұмысындағы байқау оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру әдіс-тәсілдері тиімді болатындығына көзімізді жеткізді.
Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнерді оқытуда ұлттық салт-дәстүр, мінез-құлық, наным сенімге негізделген ұлттық тәрбие және білім беру жүйесінің моделіне сәйкес теориялық қағидалар мен тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі негізінде төмендегідей ұсыныстар беріледі:
білім беру жүйесін реформалау саясаты технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына сәйкес жүргізіліп, технология пәні мамандарын даярлауда оқу-тәрбие үрдісіне салт-дәстүр, дүниетаным, атакәсіптің бай тәжірибесіне негізделген халықтық қолданбалы өнер технологиясын зерттеуді ендіру тиімді деп есептейміз.
оқытудың жаңа технологияларына сәйкес компютерлік-ақпараттық технологияны ендіру жолдарын қарастыру, технология пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдар даярлау қажеттілігі.
мектепте оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысындағы мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық қызметін жетілдіріп, оқушы-мұғалім арасындағы қарым-қатынас мәселелерін сараптау, оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелілігінің үздіксіз мониторингін жүргізу, пәннің рейтингісін анықтау, оқушылардың дарындылық-даралық қабілеттеріне байланысты оқыту деңгейін анықтау және оның жолдарын белгілеу қажет.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:
Сәндік-қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы. /’’Қазақстандағы тарихи-мәдени үрдістердің өткені, бүгіні мен болашағы.” Марғұлан оқулары . Жезқазған, ЖезУ, 2000, 218-224 б.
’’Халықтық дәстүрлі қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы’’. Жезқазған, ЖезУ, 2000, 100 б.
’’Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнерді оқытудың тиімді әдістері’’. Жезқазған, ЖезУ, 2000, 90 б.
Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнердің тәрбиелік маңызы. / Ұлт тағылымы, № 6, Алматы, 2000, 56-58 б.
Оқушылардың дүниетанымын халықтық мұра қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру - ұлттық тәрбие көзі. /Ғылыми еңбектер жинағы, Шымкент, ОҚМУ, 2000, 131-133 б.
Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде педагогика-психологиялық ерекшеліктерді ескеру. /Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, Байқоңыров оқулары, Жезказган, ЖезУ, 2001,136-140
Оқушыларға еңбек сабағында ұлттық тәрбие беру проблемалары. (5-7 сынып).//11Халықаралық Байқоңыров оқулары. 1-ші кітап, Жезказган, ЖезУ, 2002, 185-191 б.
“Технология” сабағында моншақ тізу технологиясын оқыту әдістемесі. Жезқазған, ЖезУ,2002,53 б.
“Тері өңдеу технологиясын оқыту әдістемесі”. Жезқазған, ЖезУ, 2002.60 б.
Халықтық қолданбалы өнердің ұлттық мәдениетте алатын орны, ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері. /Қазіргі қазақ мектептерінің өзекті мәселелері. Ғылыми еңбектер жинағы. Алматы, Ғылым, 2002, 180 б. 82-87 б.
Ұлттық қолданбалы өнер және еңбекке баулу. //Тәрбие құралы. Ғылыми-педагогикалық басылым. №1, Алматы, 2004, 3-5б.
Халықтық мұра - ұлттық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері, даму тарихы. // Хабаршы. «Қайнар» университеті, №1, 2004.
Халықтық қолданбалы өнер – технология сабақтарында. //Қазақстан мектебі, Алматы, № 2, 2004, 52-53б.
Танымы мол өнер. //Ұлт тағылымы, Алматы, №1, 2004, 33-35б.
Қазақ мектептеріндегі технология сабағында ұлттық тәрбие беру жағдайы, міндеттері мен мақсаты. //Хабаршы. КарГУ, №2, 2004. (А.Манабаевамен бірге)
16. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселелері. // Хабаршы. Евразия гуманитарлық институты, №2, 2004.
17. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің өзектілігі. //Хабаршы. Евразия гуманитарлық институты, №2, 2004.
18. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері (электронды оқулық). Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 070, 06.04.2004.
Достарыңызбен бөлісу: |