5-11-21 (9 балл)
Екі бейорганикалық тұздың қоспасын қыздыра отырып толық ыдыратқан. Осы кезде түзілген газды су буларынан құрғату үшін концентрлі күкірт қышқылы құйылған ыдыс арқылы өткізген. Алынған А газының көлемі 11,2 л, ал сутек бойынша тығыздығы 22 болған. А газын ішіне қатты күйдегі сілті салынған түтік арқылы өткізгенде, оның көлемі екі есе кеміген, ал тығыздығы өзгермеген. А газын ішіне қыздырылған мыс ұнтақтары салынған түтікше арқылы өткізгенде, оның көлемі өзгермейді, ал тығыздығы кемиді. А газы қыздырылған көмірмен әрекеттескенде оның көлемі ұлғаяды, ал тығыздығы кемиді. Бастапқы тұздар қоспасының құрамын анықтаңыздар және химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар. Тәжірибе кезінде кеткен қателікті табыңыздар. Барлық газдардың көлемдері қалыпты жағдайға келтірілген.
МЕКТЕПІШІЛІК ХИМИЯ ОЛИМПИАДАСЫ - 2021
Орындауға берілетін уақыт–90 минут
9-сыныпқа арналған тәжірибелік тур тапсырмасы. 15 балл
Бес нөмірленген сынауықтарда барий нитраты, натрий сульфаты, қорғасын (II) нитраты, кальций хлориді және натрий карбонатының сулы ерітінділері берілген. Анализ жасау жоспарын құрып және тек осы ерітінділерді ғана пайдаланып, қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Тәжірибе кезінде байқалған құбылыстарды сипаттап, қорытындыларыңды түсіндіріп, тиісті реакция теңдеулерін молекулалық және қысқаша иондық түрде жазыңыздар.
МЕКТЕПІШІЛІК ХИМИЯ ОЛИМПИАДАСЫ - 2021
Орындауға берілетін уақыт – 90 минут
10-сыныпқа арналған тәжірибелік тур тапсырмасы. 15 балл
Алты нөмірленген сынауыққа барий хлориді, натрий сульфаты, барий гидроксиді, натрий карбонаты, магний нитраты және күкірт қышқылы ерітінділері құйылған: Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітінідісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар
МЕКТЕПІШІЛІК ХИМИЯ ОЛИМПИАДАСЫ - 2021
Орындауға берілетін уақыт – 90 минут
11-сыныпқа арналған тәжірибелік тур тапсырмасы. 15 балл
Сегіз нөмірленген сынауыққа тұз қышқылы, натрий гидроксиді, натрий сульфаты, натрий карбонаты, аммоний хлориды, қорғасын нитраты, барий хлориды, күміс нитраты ерітінділері құйылған. Тек осы ерітінділер мен индикатор қағазын ғана пайдаланып, қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Анализ жасау жоспарын жасап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |