Олимпиада есептері 5 сынып



жүктеу 169,07 Kb.
бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі169,07 Kb.
#43941
  1   2   3
ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІ 5 сыныпка жауабымен


ОЛИМПИАДА ЕСЕПТЕРІ - 5 сынып
1. 13-ке бөлгенде қалдықпен және бөліндісі 17-ге тең болатын ең үлкен
бүтін санды табыңдар. Шешуі: а=13*17+12=33.
2. Бақа тереңдігі 25м құдыққа түсіп кетті. Ол құдықтан шығу үшін күніне 5м көтеріліп, 4м қайта түсіп отырды. Бақа неше күнде құдықтан шығады?
Шешуі: 21 күнде. Бақа 20 күнде 20м шығады, 5м көтерілетіндіктен 21 күні 20+5=25м болады, олай болса құдықтың басына шыққандықтан қайта түспейді.
3. Алынған сан 36-ға бөлінетіндей 52*2* жазбадағы жұлдызшаларды цифрлармен алмастырыңдар.
Шешуі: Сан 36-ға бөлінеді, егер ол 4-ке де 9-ға да бөлінетін болса. 5,2,2 цифрларының қосындысы 9-ға тең болғандықтан, жетіспей тұрған екі цифрлардың қосындысы 0,9 немесе 18 болуы керек. Алынатын сан 4-ке бөлінетінін, ал соңғының алдындағы цифр 2-ге тең екенін ескерсек, онда соңғы цифр тек 0 мен 4 немесе 8 болуы мүмкін.
Онда жауабы мына сандар болады: 52524, 52128, 52020, 52920.
4. Сыныпта математиканы ұнататын қыздардың саны математиканы ұнатпайтын ұлдардың санымен бірдей. Сыныпта кімдер көп: математиканы ұнататын оқушылар ма, әлде ұлдар ма?
Шешуі: Барлық оқушыларды екі топқа бөлеміз: біріншісінде – ұлдар, екіншісінде – қыздар. Осыдан кейін математиканы ұнатпайтын ұлдарды – екінші, ал математиканы ұнататын қыздарды бірінші топқа ауыстырамыз. Топтардың саны бұдан өзгермейді. Бірақ бірінші топта математиканы ұнататын оқушылардың барлығы болады, сондықтан математиканы ұнататын оқушылар саны ұлдардың санымен бірдей.
5. Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40%-ын, француз тіліндегі-лер ағылшын тіліндегінің 75%-ын құрайды, ал қалған 210 кітап неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде неше кітап бар?
Шешуі: Барлық кітап саны - х болсын, есеп шартынан
0,4х + 0,75*0,4х + 210 = х бұдан х = 700 Жауабы :700
6. 9 тиынның біреуі жалған және ол басқаларынан жеңіл. Табақты таразы арқылы гирсіз екі өлшегеннен жалған тиынды қалай анықтауға болады?
Шешуі: 9 тиынды 3 тиыннан 3 бөлікке бөлеміз. Кез-келген 2 бөлікті өлшейміз, егер таразының екі жағы тең болса, онда жалған тиын үшінші бөлікте болғаны. Оны 1 тиыннан тағы да 3 бөлікке бөлеміз де екеуін таразыға салып өлшейміз, қайсысы жеңіл сол жалған.Ал бұл екеуі тең болса, онда қалған тиын жалған болғаны.
7. 5 л және 7 л-ік ыдыс арқылы 6 л суды қалай құяды?
Шешуі: a) 7 л толтырып 5л құяды, сонан соң оны төгіп, қалған 2 л қайта 5л құяды. b) 7 л толтырып 5л-ге құяды. 7л-де →4л қалады 5л төгіп 4л →5л құяды
c)7л толтырып 1л→5л құяды. Сонда 7л→6л қалады

жүктеу 169,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау