Cұрақтар:
CorelDraw программасында қандай логикалық операциялар қолданылады?
Біріктіру операциясының қызметі?
Шығару операциясының қызметі?
Шығару операциясында неше дербес жағдайлар бар? Олар бір-бірінен қалайша ерекшеленеді?
Қиылысу операциясының қызметі?
Қолданылатын әдебиеттер:
Бэйн С. Эффективная работа: CorelDraw11, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003
Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004
Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005
10-дәріс. «Графиктер салу. Чертеждар салу.»
Дәріс жоспары:
Сызықтарды салу.
Сызық қасиеттері.
Тор
Өлшемді сызықтар.
Объектілерді штрихпен бояу
Объект формасын модификациялау
CorelDraw программасы инженерлі және ғылыми құжатты дайындаудың тиімді құралы болып табылады. Оның көмегімен нақты архитектуралық және машина жасау чертеждарын, графиктерді салуға және оқу материалдарын иллюстрациялауға болады,
Сызықтарды салу.
CorelDraw –ң негізгі объектілерінің бірі болып "сызық" табылады. "Қисық (Кривая)" құралы көмегімен әртүрлі сызықтар салынады: түзулер, қисықтар, тұйықтар, тұйық еместер.
Қисықты тышқанды жылжыту арқылы салады (қарындашпен салған сияқты), түзуді – алғашқы және соңғы нүктелерін шерту арқылы. Қатаң вертикаль немесе горизонталь сызықтарды салу үшін салу барысында CTRL пернесін басып тұрады. Сынық сызықтарды салу үшін, әрбір сынықтың соңғы нүктесін екі рет шерту қажет.
CorelDraw ақырын (плавно) иілген сызықтарды салуға көмектеседі. Оның көмегімен кез келген ерікті контур салуға болады. Оны Безъе қисығы деп атайды.Сызықтарда бірнеше нүктелер немесе түйіндер болуы мүмкін, олар түзулермен немесе қисықтармен жалғанады. Түйіндердің координаттарын және сегмент параметрлерін объектінің сыртқы түрі анықтайды. Қисық түрі бастапқы және соңғы нүктелерден басқа қисықтылығымен анықталады, яғни оның екі түйіннің арасындағы игілгіштікпен. Қисықтылық әрбір түйіндегі қисықтың екі параметрімен анықталады, олар түйіндерден шығатын пунктирлі кесінділермен көрсетілген. Бұл кесінділер қисықтылықтың манипуляторы деп аталады. Олар түйіндер арасындағы қисықтың өту бұрышын анықтайды.
1-сурет. Безье қисығы
Сызық қасиеттері.
Салынған объект үстіне бақыттағыш құралын таңдау арқылы объект қасиеттерін редактрлеуге мүмкіндік алуға болады. Келесі қасиеттер тақтасы пайда болады.
2-сурет. Еркін салынған сызықтың қасиеті.
Егер объект "Фигура" құралымен таңдалынса, онда түйінді нүктелерді модификациялау мүмкіндігі ашылады. Ол үшін нүктелердің бірін таңдайды немесе оны қажетті жағдайға жылжытады, немесе басқарушы жанамаларға әсеріін тигізеді. Мүмкін операциялар қасиеттер тақтасында немесе жанама менюде көрінеді.
3-сурет. Түйіндер қасиеті.
Тор
Графиктерді салу барысында торды құру қажет болады. Қағазды сызықтарға бөлу (Разлиновать бумагу) құралын таңдағаннан кейін, салуды бастамас бұрын, қасиеттер тақтасынан баған және қатар санын беруге болады. Алынған объект топталған тіктөртбұрштарды көрсетеді.
Чертеждар салу
CorelDraw программасы инженерлі және ғылыми құжатты дайындаудың тиімді құралы болып табылады. Оның көмегімен нақты архитектуралық және машина жасау чертеждарын, графиктерді салуға және оқу материалдарын иллюстрациялауға болады,
Өлшемді сызықтар.
"Өлшемді сызықтар (Размерные линии)" құралдарын таңдау арқылы, салуды бастамай тұрып өлшемді сызықтардың типін көрсетуге болады: автоматты түрде қойылатын, вертикальды, горизантальды, еңкейтілген, түсіндірмелі, бұрыштық. Қасиеттер тақтасында өлшеу нәтижесін көрсету форматын, мәліметтерді көрсетудің дәлдігін, өлшем бірліктерін таңдауға болады. "Өлшемді сызықтарды динамикалық көрсету" батырмасы арқылы тірек нүктелерін таңдау кезіндегі динамикалық көрсетулерді қосуға немесе алып тастауға болады. "Мәтіннің орналасуы" батырмасы арқылы мәтінді қалай орналастыру керек екендігін таңдауға болады. Мәтінді белгілеп, тышқанның оң жағын шерткендегі Қасиет командасы арқылы абристі өзгертуге болады.
Объектілерді штрихпен бояу
Штрихтау үшін Бояу—Post Script өрнегімен бояу құралын таңдау керек, мұнда Hatching стилі таңдалынады және Max distance (максималды арақашықтық), Min distance (Минималды арақашықтық), Line width (сызық ені), Angle (еңкею бұрышы), Random seed (кездейсоқ шығару)
Объект формасын модификациялау
CorelDraw объект формасын автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік береді. "Фигура" құралын таңдау арқылы перспектива эффектісі құрылады, оны Эффекты—добавить перспективы мәзірінен де шығаруға болады. Оны таңдағаннан кейін объектіге тіктөртбұрышты тор жалғанады, оның түйіндерінде түйінді нүктелері бар көмекші сызықтары болады. Тышқан арқылы түйінді нүктелерді қозғалтады, перспектива эффектісіне жеткенге дейін. CTRL пернесін басу арқылы көмекші сызықтардың тек бір ғана осінде орын ауыстыру жүреді.
Cұрақтар:
Сызықтар мен қисықтарды салу үшін қолданылатын негізгі объект?
Безье құралының негізгі қызметі?
Объектілерді белгілеу үшін қандай құрал қолданылады?
Торлау деген не, ол қалай жүзеге асады?
сызықтың қасиететрін қалайша өзгертуге болады?
Өлшемді сызықтар қалайша салынады?
Өлшемді сызықтардың типтерін қалай таңдайды?
Объектілерді штрихпен бояу қандай құрал көмегімен іске асады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Бэйн С. Эффективная работа: CorelDraw11, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003
Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004
Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005
11-дәріс. «Графикалық редактор PhotoShop программасы.»
Дәріс жоспары:
1. Adobe PhotoShop мүмкіндіктері.
2. PhotoShop экранының негізгі бөліктері және қызметтері.
1. Растрлық графиканы өңдеу программаларының ішінде Adobe компаниясының PhotoShop пакеті үлкен орын алады.қазіігі күнде бұл программа компьютерлік графиканың стандартты программмасы болып саналады. PhotoShop – бұл Macintosh және PC компьютерлерінде Windows 95, 98, NT және одан жоғары операциялық жүйелермен басқарылатын жұмыстарға арналған, профессионалдық деңгейдегі бейнелер редакторы. PhotoShop-тың бейнелермен жұмыс істеу үшін көрсетететін негізгі мүмкіндіктері:
Бейне режимдерінің өзгеруі;
Түстерді корректілеуі;
Бейнелерді деформациялауы, бұруы, жылжытуы;
Қабаттармен жұмыс істеуі; қабаттарды жеке-жеке редактрлеуі, олардың арасында әртүрлі эффектілер жасауы;
Ерекшелеудің тамаша мүмкіндіктерімен және фраграменттермен жұмыс;
Фильтрлердің бірнеше саны;
Сурет салуға арналған оте көп құралдар;
Текстерді орналастыру;
Әдетте PhotoShop редакторы сурет салуға, стильдеуге, фотомонтажбен жұмыс жасауға, нашар фотосуреттерді түзетуге және жеке өзіңнің бейнелеріңді құруға қолдануға арналған.Бірақ негізінен PhotoShop-тың негізгі қызметі – дайын суреттерді редактрлеу.
PhotoShop экранының негізгі бөліктері:
Жұмыс облысында редактрленетін бейнелер орналасатын терезелер ашылады. Әдетте оң жаққа құралдар тақтасы орналасады. Экран бетінде палитралары бар панельдер бар. Палитралар редактрлеу, құралдарды баптау және т.с.с. режимдерді беруге көмектеседі. Әрбір тақтада бірнеше палитрлалар қамтылуы мүмкін,. оларды панельдер арасында жылжытуға, қосуға және алып тастауға болады, егер олар бөгет жасап тұрса. Экранның жоғарғы жағында меню орналасқан. Экранның төменгі жағында таңдалған құралдың аты және бейне параметрлері көрсетілген қалып-күй қатары бар. Қалып-күй қатарының сол жақ бұрышында арнайы екі өріс орналасқан: бейнесі бар екпінді терезенің салыстырмалы өлшемін көрсететін масштабтау өрісі, және бейненің жадыда алатын көлемін көрсететін ақпараттық өріс.
Қ ұралдар тақтасы бейнелермен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері болып табылады. Ол әрқайсысы белгілі құралға сәйкес келетін батырмалар жиынтығынан тұрады. Тышқан көмегі арқылы кез-келген құралды екпінді етуге болады. Егер батырманың төменгі жағында кішкене үшбұрыш бар болса, онда батырманың аржағында берілген құралдың әртүрлісі орналасқан дегенді білдіреді. Оларды көру үшін осы батырманың үстінен бірнеше уақыт жібермей басып тұрыңыз. Осыдан соң палитра ашылады. Негізгі құралдар төрт топқа бөлінген: 1) Бейнені ерекшелеуге арналған құралдар; 2) Сурет салуға арналған құралдар; 3) Жаңа объект құруға арналған құралдар; 4) Көруді басқаратын құралдар
Құралдар тақтасының төменгі жағында негізгі және фондық түстерді таңдауға арналған батырма бар.
Палитралар – бұл бейнелермен әртүрлі операциялар жасауға арналған көмекші терезелер. Көп жағдайда палитралар оң жақта төрт тақтада орналасады. Әрбір тақтада тек бір ғана палитра көрінеді. Егер қандай да бір тақта қажетсіз болса, онда сәйкес батырмалар арқылы немесе Окно менюі арқылы жауып немесе орап тастауға болады.
Cұрақтар:
1. Adobe PhotoShop мүмкіндіктері қандай?
2. PhotoShop экранының негізгі бөліктерін және қызметтерін атаңыз?
Қолданылатын әдебиеттер:
Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005
Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004
Тайц А.М., Тайц А.А., Петров М.Н. Эффективная работа: Photoshop7. -СПб.: Питер, 2003
12-дәріс. «PhotoShop жүйесінде қабаттармен, фильтрлермен, текстермен, түстермен жұмыс істеу формалары.»
Дәріс жоспары:
Қабаттармен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
Фильтрлермен жұмыс.
1. PhotoShop-та құрылатын әрбір құжат бастапқыда тек фоннан тұрады. Фондық қабат ақ, мөлдір немесе боялған болуы мүмкін. Бұл параметрлерді әрбір жаңа бейнелерді құруда беруге болады. Қабаттар қолданушыға бейненің жекелеме элементтерін бір-біріне тәуелсіз редактрлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, әрбір қабаттың мазмұнын өзгертуге, жылжытуға болады. Фонның мөлдір бөліктері тор өрнектермен көрсетіледі. Қабаттардың параметрлерін редактрлеу Слои палитрасы арқылы жүзеге асады.
2. Текст құралының көмегімен биттік мәтін (көлденең және тік) құруға болады. Ол алдыңғы план түсіне боялады және бейнеге қабат ретінде қосылады. Баптау тақтасынан шрифт және шрифт түсі мен өлшемін беруге болады. Мәтін қабаттар палитрасында жеке қабат ретінде пайда болады. Қабат Т әрпімен белгіленеді. Мәтін қабатына сурет салудағы құралдарды қолдануға болмайды. Мәтінді күштеп тасымалдау үшін Enter пернесін басу қажет, ал негізінде 32000 нан астам символдар енгізуге болады.
3. PhotoShop филтрлері бейнені өзгертуге, сығуға, стильдеуге және модификациялауға мүмкіндік береді. PhotoShop-та өте көп фильтрлер жинағы бар. Оларды шақыру үшін Фильтр менюіне кіріп қажетті фильтр тобын шақырып, содан кейін фильтр таңдау куерек. Таңдағаннан кейін фильтр суретке немесе ерекшеленген бөлікке қолданылады. Көптеген фильтрлерде баптау сұхбаттары бар. Көбінесе фильтрді баптап, бірднен нәтижесін көруге болады. Фильтрлердің негізгі топтары:
1. Художественные – сурет салудың әртүрлі тәсілдерін имитациялау;
2. Затирание – жуу, жағу;
3. ШтрихиКисти – кисть жұмысын имитациялау;
4. Искажение – деформация.
5. Шум – шум және дефектлермен жұмыс. Қосу және жою.
6. пикселизация – пиксельдермен жұмыс. Әр түрлі заңдылықтармен пиксельдерді біріктіру. Стильдеу.
7. Рендер - Әртүрлі жасанды эффектлер.
8. Резкость – бейнені әлдеқайда ашық етеді.
9. Стиль - әртүрлі стильдер мен тәсілдерді имитациялау.
10. Эскиз – бұл да әртүрлі стильдер мен тәсілдерді имитациялау.
11. текстурные – текстуралар құру.
Cұрақтар:
Қабаттармен жұмыс қалайша іске асады?
Мәтінмен жұмыс қалайша іскеасады?
Фильтрлермен жұмыс қалайша іске асады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005
Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004
Тайц А.М., Тайц А.А., Петров М.Н. Эффективная работа: Photoshop7. -СПб.: Питер, 2003
13-дәріс. «Математикалық есептеулерді автоматтандыратын MatCAD жүйесі»
Дәріс жоспары:
MatCAD жүйесінің негізгі қызметі.
MatCAD жүйесінің интерфейсі.
MathSoft (США) фирмасы жасаған 80 жылдардың ортасында интегралды жүйелер, MathCAD класының, математикалық есептерін автоматты түрде шешу арқылы кең таралды. Қазіргі уақытқа дейін олар математикалық жүйелердің жақсыларының бірі, және математикалық есептердің шешімі қолайлы формулалармен белгілер арқылы берілген болып табылады. Есептеу нәтижесінде де осылай болып шығады. Сондықтан MathCAD жүйесі өте күрделі және автоматты жобалаудың ең күштісі деген, CAD абревиатурасын толығымен ақтайды. MathCAD математикада- ең күшті, қарқынды алға дамыған жүйе болып табылады. MathCAD тек ғана математикалық есептерді шығарып ғана қоймай, бұл сонымен қатар, өте жоғары деңгейде кез келген ғылым мен техникаға қатысты материалдарды (құжатарды, деректерді) құжаттама, ғылыми есептерді, кітаптар мен мақалаларды, диссертация, дипломдық және курстық жұмыстарды баспаға шығарғанға мүмкіндік беретін математикалық жүйе. Сонымен қатар, олардың ішінде тек мәтін ғана емес, және де әртүрлі функцияның графикалық кескіндері мен формулалар, иллюстрациялық суреттер беріліуі мүмкін. MathCAD сонымен қатар жоғары деңгейдегі гипермәтіндік сілтемелері бар электронды кітаптар жасауға мүмкіндік береді.
2. MathCAD пакеті Пуск батырмасындағы Прграмма және MathCAD Professional 2000 пунктері арқылы немесе жұмыс үстеліндегі белгісін екі рет тышқанмен шертсе жүктеледі. Сонда экранға келесі сурет шығады.
Жүйені жүктегеннен бастап ол жаңа құжатпен қолданушының әртүрлі есептерін шешуге әзір. Құрал-жабдықтар панеліндегі бірінші батырма «Жаңа», жаңа құжатты дайындауға мүмкіндік береді. Оған сәйкесінше редактрленген терезе Безимени: N, деген атқа сәйкес болады, N-1-ден басталатын, құжаттың реттік саны. Ең басында редактрлеу терезесі таза болады.
Қолданушы интерфейс жүйесі, Windows-қосымшасымен қарапайым жұмыс істей алатын қолданушы, MathCAD пен де жұмысты тез бастай алады. Жүйенің интерфейсі сыртқы бейнесі кең таралған Windows 95/98. операциялық жүйесінің Word6.0/97 мәтіндік прцессорларына ұқсас келеді.
Жүйе терезесінің екінші жолы- бас меню. Әдетте бұл бас менюді көп қолданбайды, себебі оның міндеттерін қайталап, тез орындайтын батырмалар қолданылады. Панелдер (жолдар) олармен бас менюдің астында орналасады. Бас меню арқылы оларды экранға шығарып не алып тастауға болады. Әдетте ондай панелдің екі түрі бар: құрал-жабдықтар панелі (кең таралған командалар мен операцияларды қайталайтын ) және мәтіндік толықтыруларды түзеу әдістері мен қаріп өлшемі мен типтерін таңдуға арналған форматтау панелі бар. Қолайлы болу үшін математикалық символдармен операторларын шығарып қоюға болады (математика). Ол математикалық белгілердің дайын (сандар, арифметикалық операциялар белгісі, матрица, интегралдар белгісі, туындыларды, т.с.с) шаблондармен жұмыс істегенге мүмкіндік береді.
Жүйе терезесінің үшінші жолын, пиктораммаларды басқаратын бірнеше батырмалар тобынан тұратын, әрқайсысы бас меню командаларын қайталайтын, құрал-жабдықтар панелі алып жатыр Осы пиктограммаларға қарап, олардың жұмыс істеу қызметтерін айқын көруге болады. Ол үшін тек, тышқан меңзерін осы пиктограммалардың бірінің жанына әкеліп қойса, оның қызметін түсіндіретін терезе шығады.
Cұрақтар:
MatCAD жүйесінің негізгі қызметі қандай?
MatCAD жүйесінің интерфейсі несімен ерекшеленеді?
Қолданылатын әдебиеттер:
Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005
14-дәріс. «Сканер. Құжаттарды сканерлеу. Fine Reader программасы»
Дәріс жоспары:
1. Құжаттарды сканерлеу. Сканер.
2. Fine Reader программасының жұмыс істеу принципі.
3. Fine Reader программасының негізгі терезесі.
1. Мәтіндер, картиналар немесе фотосуреттерді сканерлеу үшін программалық жабдық – графикалық редактор жәнне аппараттық жабдық –сканер қажет, оларды программаларды жүктемес бұрын қосып қою қажет. Компьютерге әртүрлі карталар мен чертеждерді енгізу үшін де сканерді қолданады.
Сканер – бұл ақпаратты компьютерге енгізу үшін арналған құрылғы, ол әртүрлі бейнелердің «цифрлық» (электрондық) көшірмесін алуға мүмкіндік береді. Электрондық көшірмені құру үрдісі қағаз түріндегі құжатты фотографиялауды еске түсіреді. Қағаз түріндегі құжатты электрондық формаға түрлендіруге қажет барлық операцияларды сканерлеуге арналған программалар арқылы жүзеге асырылады. Сондай программалар қатарына Fine Reader, Cunei Form программалары жатады.
2. Fine Reader программасының жұмыс істеу принципі мынадай: кез келген мәтін сканерленеді, содан кейін мәтін картинкасы «кәдімгі электрондық мәтінге» түрленеді, яғни пернетақтадан терген мәтін сияқты болады. Қолданушы мәтінді дискіге сақтайды немесе алмасу буфері арқылы кез келген мәтіндік редакторға көшеді. Fine Reader программмасы мәтіндерді көп тілдерде тануға арналған, аралас екі тілдегі мәтінді де тани алады. Fine Reader программасы арқылы көп жолды құжаттарды пакеттік өңдеуге болады, сонымен қатар сәтсіз басылған мәтіндерді немесе күрделі шрифттердің сапасын арттыруға болады. Программа танылған мәтіндерді редактрлеуге, орфографиялық тексеруге және MS Word, MS Exsel программаларына сақтауға мүмкіндік береді. Программа сканерлеу және тануға бір операцияға біріктіре алады. Fine Reader автоматты түрде мәтіннің түрлі бөліктерін таниды: мәтінді, суретті, кестені т.с.с.
3. Fine Reader программасында барлық жұмыстар пакеттік режимде жүргізіледі. Пакет- бұл программаның жұмыс файлдары және бейнелерді сақталатын бума. Әрбір сканерленген бейне жеке парақ ретінде жазылады. Fine Reader программасының экраны мәзір қатарын, құралдар тақталарын, пакет, мәтін, бейне терезелерін қамтиды.
Пакет терезесі – пакеттің парағын бейнелейді.
Мәтін терезесі – пакет терезесінің екпінді бетіндегі танылған мәтін.
Бейне терезесі – пакет терезесінің екпінді бетінің графикалық бейнесі.
Облыстың сол жақ бөлігінде Пакет терезесі орналасқан, ол графикалыққұжаттардың тізімін қамтиды. Олар мәтінге түрленуі қажет. Бұл графикалық файлдар бір құжаттың бөліктері ретінде қарастырылады. Оларды өңдеулегі нәтиже келешекте мәтіндік файлға біріктіріледі. «Крупный план» терезесі графикалық құжат фрагментін үлкейтілген түрде көрсетеді. Оның көмегі арқылы танудың сапасын бағалауға болады. «Крупный план» терезесінде үнсіз келісім бойынша ақ-қара бейне көрсетіледі, ол қандай бейне ашқаныңызға тәуелсіз. Программаның жоғарғы бөлігінде мәзір қатары және құралдар тақталары орналасқан. «стандартгая» құралдар тақтасы құжатты ашуды және алмастыру буфері операцияларын қамтиды. Бұл тақтаның басқа батырмалары құжатты көрсетуді өзгерту үшін арналған. «Scan&Read» тақтасы қағаз түріндегі құжатты электрондық мәтінге аударудың барлық кезеңдерін сәйкес келетін батырмаларды қамтиды. «Распознавания» тақтасы құжат тілін және шрифт түрін көрсетуді іске асырады. «Құралдар тақтасы» бастапқы мәліметтермен жұмыста қолданылады. Көбінесе ол құжатты сегменттеуде басқарады. Осы тақтаның басқару элементтерініңкөмегімен текст фрагменттерін ретін соңғы құжатты көрсетеді. «Форматтау» тақтасының басқару элементтері дайын мәтіннің көрсетілуін өзгерту үшін немесе оны редактрлеу кезінде өзгерту үшін қолданады. Терезенің төменгі бөлігінде ақпараттық тақта орналасқан (қалып-күй қатары), ол арқылы жүйе қалып және ондағы жүріп жатқан операцияларжайында, сонымен қатар таңдалған меню пункті және батырмалар жайында анықтаманы алуға болады.
Cұрақтар:
1. Құжаттарды сканерлеуді қалайша түсінесіз?
2. Fine Reader программасының жұмыс істеу принципі қандай?
Қолданылатын әдебиеттер:
Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005
15 дәріс. «Үш өлшемді графика түсінігі. Үш өлшемді графиканы өңдеудің программалық құралдары. »
Дәріс жоспары:
1.Үш өлшемді графиканың қолданылу облыстары.
1. Үш өлшемді графика мынадай облыстарда кеңініен қолданыла бастады: ғылыми есептеулерде, инженерлік проектілеу, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеулерде.
Дербес компьютерлерде программалық құрал ретінде үш өлшемді графикамен жұмыс істеуде үш пакет қолданылады. Олар өте қуатты компьютерлерде жұмыс істейді.
Kinetix фирмасының 3D Studio Max үш өлшемді графиканы құру және өңдеу программасы «жартылай кәсіпқой» деп саналады. Алайда тірі емес табиғаттың кескіндерін жасауға оның құралдары жеткілікті болып саналады. Пакеттің айрықша ерекшелігі болып, фирмаларда жасалған үш өлшемді графиканың аппараттық жылдамдатқыштарын, күшті жарық эффектлерді, толықтырулардың үлкен санын қолдануында. Модельдеу және аннимация тәсілдері бойынша 3D Studio Max жоғары дәрежедегі программаларға жол береді.
Microsoft компаниясының Softimage 3D программасы SGI жұмыс станциясына арналып жасалған, Windows NT жүйесінде де қолданылады. Программа физикалық және кинематографиялық параметрлерді модельдеуі арқылы ерекшеленеді. Рендериф үшін өте сапалы және жылдам MentalRay модулі қолданылады. Қазір бұл програма толықтырылған және кеңейтілген.
Интерфейс және мүмкіншілктері жағынан қолайлы болып Maya программасы саналады. Ол бірнеше белгілі компаниялардың бірігіп жасауынан туындаған (Alias, wavefront, TDI). Пакет әртүрлі операциялық жүйелерге әртүрлі вариантта жасалған. Сонымен қатар Windows NT. Ол модульдік құрылымға ие және мынадай блоктарды қамтиды.
Base – программа ядросын құрайды. Модельдеу, кинематика, дыбысты өңдеу, физикалық қатты денелерді имитациялау, құралдар және эффектлердің негізгі жиынтығын құрайды.
Maya F/X – Қосымша модульдер жиынтығы. Олар бөлшек жүйелерін өңдеу эффектлерін және жұмсақ денелермен байланысатын физиканы модельдеуді қолдайды.
Maya Power Modeler - негізінен полигональдық және сплайндық объектлерді модельдеудің мықты тәсілдерін береді.
Maya Artisan – скульптор және суретшілердің нақты жұмысына арналған әдістер арқылы виртуальды модельдерді жасауға мүмкіндік беретін модульдер.
Maya Cloth – киімдерді модельдеуге арналған.
Maya Fur - шерсть және тері қапталған қабаттарды модельдеу.
Maya ортасы төрт топқа бөлінеді: Animation (анимация), Modeling (модельдеу), Dynamic (физикалық модельдеу), Rendering (визуализациялау)
Сұрақтар:
1. Үш өлшемді графикаға арналған программалар не үшін қолданылады?
Қолданылатын әдебиеттер:
Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005
2. Машықтану сабақтары
Машықтану сабақтарының жоспары
1-Тақырып. Графикалық бейнелердің кескінделуі. Графикалық файлдар форматтары.
Мақсаты:
Компьютерлік графика түрлері, олардың қолданыстарын білу. Файлдарды қандай форматта сақтағанда тиімді екенін меңгеру.
Сұрақтар:
1. Бейнелердің кескінделуіне байланысты компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?
2. Растрлық графиканы қалай түсінесіз?
3. Векторлық графиканы қалай түсінесіз?
4. Фрактальды графика немен ерекшеленеді?
5. Ғылыми графика?
6. Инженерлі графика?
7. Көркем графика?
8. Жарнамалық графика?
9. Иллюстративті графика?
10. Үш өлшемді графика?
2-тақырып: Шығармашылық баспа жүйесі PageMaker программасы.
Мақсаты:
PageMaker жүйесінің қызметін, оның негізгі элементтерін білу керек. Басқа баспалау жүйелерінен ерекшелігін айқындай білу.
Сұрақтар:
Қандай баспалау жүйелері бар және олар бір-бірінен қалайша ерекшеленеді. Олардың ұқсасатықтары қандай?
Электронды және баспаланған шығармалардың айырмашылығы неде?
үстелдік баспалау жүйелері не үшін арналған?
Мәтіндік процессорда қандай операцияларды орындаған тиімді?
PageMaker жүйесінің негізгі артықшылықтары неде?
PageMaker жүйесімен жұмыс кезінде қандай негізгі элементтер қолданылады?
Мәтіндік редактор мен баспалау жүйелерінің қандай айырмашылықтарын білесіздер?
3-тақырып: PageMaker программасында мәтіндер және абзацтармен жұмыс.
Мақсаты:
Мәтіндер және абзацтармен жұмыс істеуде қолданылатын құралдардың және тақталардың қызметтерін білу.
Сұрақтар:
Бұрын сақталған файл қалай ашылады?
Мәтінді пернетақтадан публикацияға қатыссыз қалай енгізеді?
Теру жолағында мәтінді редактрлеу қалай жүреді?
шрифтердің негізгі сипаттамалары?
мәтінді қалайша форматтайды?
мәтіндік блокты қалай түсінесіз?
PageMaker программасындағы абзац ұғымы?
Абзацтың негізгі сипаттамалары қандай?
4-тақырып: PageMaker жүйесінде графикамен жұмыс. PageMaker жүйесіндегі фреймдер, стильдер, түстер.
Мақсаты: PageMaker программасындағы барлық графикалық объектілер түрлерін және олардың ерекшеліктерін, қандай амалдар қолданылатынын білу. Фрейм, стиль және түстерді қай уақытта қолдану қажеттігін жетік түсіну.
Сұрақтар:
PageMaker жүйесінде қандай графикалық объектілер бар?
Объектілер қалай салынады және форматтау жұмыстары қалайша жүргізіледі?
Объектілерге қандай амалдар қолдануға болады?
Фрейм ұғымын қалайша түсінуге болады? Ол қандай жағдайда қолданылады?
Стильдер қолданушының қандай жұмысын жеңілджетеді?
Стильдердің қандай түрлері бар?
Қолданушы стилі қалайша құрылады?
Қандай түстер палитралары осы жүйеде қолданылады?
Түстер палитралары бір-бірінен қалайша ерекшеленеді?
Фреймдердің қандай түрлері бар?
5-тақырып: PageMaker жүйесіндегі кестелік және текстік редакторлар.
Мақсаты:
PageMaker жүйесіндегі негізгі редакторларды және олардың қызметтерін жетік білу.
Сұрақтар:
PageMaker жүйесі неше режимде жұмыс істей алады?
Текстік редактордың қызметі қандай?
Текстік редакторды қалай шақыруға болады? Негізгі терезесінің интерфейсі қандай?
PageMaker жүйесіндегі текстік редактордың басқа текстік редакторларға ұқсастығы неде?
текстік редактормен жұмыс қалайша аяқталады?
PageMaker жүйесіндегі кестелік редактор қандай жеңілдіктер туғызады?
кестелік редакторды қалайша шақыруға болады?
кесте параметрлері қалай беріледі?
кестеге қандай форматтау жұмыстары жүргізіледі?
кестені файлда қалай сақтайды?
6-тақырып: QuarkXpress үстелдік баспалық жүйесі.
Мақсаты:
Жүйенің негізгі басқару элемеенттерінің қызметтерін білу. Мәтінмен және графикамен жұмыс жасау ерекшеліктерін түсіну.
Сұрақтар:
Программаны басқару элементтері нешеге бөлінеді?
Меню қатарының қызметі?
Құралдар тақтасының негізгі қызметі?
Өлшемдер тақтасының негізгі қызметі?
Құжат макеті тақтасының негізгі қызметі?
Мәтінмен жұмыста қолданылатын тәсілдер?
Графикалық бейнелерді қалай орналастырады?
графика және мәтіннің өзара әсері қандай?
7-тақырып. QuarkXpress жүйесінде автоматтандыру тәсілдері. Кітапхананы қолдану. Түстермен жұмыс істеу тәсілдері?
Мақсаты:
Жұмыс істеудегі жүйенің негізгі артықшылықтарын түсіне білу.
Сұрақтар:
Құжаттар шаблондары не үшін арналған?
өңдеу стильдері ұғымына не енеді?
Мөлдір түс деген не? Ол не үшін қолданылады?
Объектілер кітапханасы деп нені түсінесіз? Ол қандай артықшылықтарды көрсетеді?
Құжатты алдын ала неге көреді деп ойлайсыз және оны қалай іске асырады?
8-9 тақырып. Графикалық редактор CorelDraw программасы.
Мақсаты: CorelDraw программасының негізгі ерекшеліктерін білу. Графиктер қалай салынады. Объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктерін білу. Группалармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі логикалық операцияларды меңгеру.
Сұрақтар:
Векторлық графиканың негізгі түсініктері?
CorelDraw программасының интерфейсінің ерекшелігі.
Басқару элементтерінің қандай түрлері бар?
CorelDraw программасының қандай версияларын білесіз?
Безье қисығы?
Программада қолданылатын негізгі құралдар?
CorelDraw программасында чертеждар салу үшін қандай құрал қолданылады.
Программада қандай тақта үнемі өзгеріп отырады?
Құрал белгіленбеген кезде қасиеттер тақтасында ненің қасиеті көрінеді?
Векторлық графика объектілерінің негізгі қасиеті?
10-11 тақырып. Векторлық редактор Adobe Illustrator.
Мақсаты. Программаның негізгі қолданысын және оның басқа редакторлардан ерекшелігін білу.
Сұрақтар:
1. Программа тарихы?
2. Программа интерфейсі?
3. Жаңа құжат қалай құрылады?
4. Редактордың құралдары?
5. Құралдар палитралары және олардың негізгі қызметтері мен қасиеттері?
6. Бейнелерді құру тәсілдері?
7. Контурларды редактрлеу қалай жүргізіледі?
8. Күрделі контурлер қалайша құрылады?
9. Мәтіндік объектілермен жұмыс?
10. Векторлық бейнелерді растрлау?
12-тақырып. Графикалық редактор PhotoShop программасы. Программа қызметі, құралдары, қолданыстары, кескіндермен жұмыс істеу техникалары.
Мақсаты:
Графикалық редактор PhotoShop программасының негізгі қызметін білу. Тондық және түстік коррекция ұғымдарын толық меңгеру.
Сұрақтар:
1. PhotoShop экранының ерекшелігі неде?
2. Палитралар қызметі және түрлері?
3. Жылдам маска режимі не үшін қолданылады?
4. Тондық коррекция деген не және не үшін қолданылады?
5. Гамма коррекция дене не және не үшін қолданылады?
6. PhotoShop программасында қандай палитралар бар. Қызметтері?
13-Тақырып. PhotoShop жүйесінде күрделі композицияны құрудағы қолданылатын құралдар мен әрекеттер.
Мақсаты: Қабаттар, каналдар және мәтіндік бейнелермен жұмысістеудегі ережелерді түсіну.
Сұрақтар:
1. PhotoShop программасындағы қабат ұғымы?
2. Қабатты қалай құрады?
3. Қабаттарға эффектлер қалай құрады?
4. Жылдам маска рекжимі деген не? Ол не үшін қолданылады?
5. Масканы қалай редакторлейді?
6. Бейнеге мәтін қалай қосылады?
7. Мәтіннің қандай параметрлерін ауыстыруға болады?
8. Фильтрлер не үшін қолданылады?
9. Бейнені сақтау үшін арналған қандай файл форматтарын білесіздер?
14-тақырып. Математикалық есептеулерді автоматтандыратын MatCAD жүйесі.
Мақсаты: Математикалық пакеттердің түрлерін және олардың не үшін қолданылатынын білу. MatCAD жүйесінің тарихы. Басқа пакеттерден айырмашылығы. Негізгі қызметін білу.
Сұрақтар:
1. Қандай математикалық пакеттерді білесіздер?
2. MatCAD пакетінің тарихы?
3. Басқа математикалық пакеттерден ерекшелігі?
4. Құралдар тақталарын атаңыз және олардың негізгі қызметтері?
5. Программада графиктер қалай салынады?
6. Мәндер кестесін қалай тұрғызуға болады?
7. Үш өлшемді графиктер қалайша форматталады?
8. мәтіндік облыстар қалай ұйымдастырылады және оларға нелер енеді?
9. мәтіндік, математикалық және графикалық облыстарда шрифтер қалай форматталады?
10. Нәтижені қалай алуға болады?
15-тақырып. Сканер. Құжаттарды сканерлеу. Fine Reader программасы.
Мақсаты:
Мәліметтерді сканерлеудің негізгі принциптерін білу.
Сұрақтар:
1. Сканер құрылғысы не үшін арналған?
2. Негізігі сканерлеу программалары?
3. Fine Reader программасының негізгі терезелері?
4. Сканерлеу процессі қандай негізгі кезеңдерден өтеді?
5. Блоктарды танудың қандай типтерін бар?
6. Сканерленетін мәтіннің тек бір бөлігін ғана қалай сканерлеуге болады?
7. Сканерлердің қандай типтерін бар?
8. Фотоларды қандай мүмкіншілікпен сканерлеген дұрыс деп санайсыз?
3.Зертханалық сабақтар
1-тақырып. Алғашқы жариялымды құру. Мәтіндермен жұмыс.
Мақсаты: PageMaker жүйесіне ену және жаңа жариялым файлын құру. Жүйе терезесімен танысу. Жариялымды сақтауды үйрену. Мәтінді теру және оны форматтауды үйрену.
2-тақырып. Графикалық объектілермен жұмыс
Мақсаты: PageMaker жүйесі құралдарымен графикалық объектілер салып үйрену. Салынған объектілерді редакторлеу.
3-тақырып. Арнайы әсерлер мен тәсілдерді қолдану.
Мақсаты: Объект контурын маскілеу.
4-тақырып. Фреймдермен жұмыс.
Мақсаты: Фрейм қалай құрылатынын ұғыну. Фрейм ішін толтыру.
5-тақырып. PageMaker жүйесіндегі кестелік редактормен жұмыс.
Мақсаты: PageMaker жүйесінде кестелік редакторды шақыру. Кесте қосу, мазмұнмен толтыру, оларды редакторлеу.
6-тақырып. CorelDraw графикалық редакторымен танысу. Графикалық объектілерді қолданып иллюстрация құру.
Мақсаты: CorelDraw редакторының терезесінің элементтерімен танысу. Векторлық графикамен жұмыс істеу тәсілдерін игеру. CorelDraw 13 графикалық редакторында иллюстрация құрып үйрену.
7-тақырып. Мәтіндермен жұмыс.
Мақсаты: Қарапайым және фигуралы мәтіндерді қолданып иллюстрациялар дайындау. Мәтіндерді бір түрінен екіншісіне түрлендіру. Мәтіндерді форматтау.
8-тақырып. Логикалық амалдарды қолдану.
Мақсаты: CorelDraw программасындағы логикалық операцияларды және объектілер формаларын өзгерту құралдарын қолданып төмендегі тісті доңғалақты салу.
9-тақырып. График салу.
Мақсаты: CorelDraw программасындағы тор, Безье қисығы құралдарын және мәтінмен жұмыс істеуді пайдаланып төмендегі графикті салу.
10-тақырып. Чертеж салу.
Мақсаты: CorelDraw программасындағы өлшемді сызықтар, өрнекпен бояу және перспектива қосу құралдарын пайдалана білу. Төменде көрсетілгендей чертеж салу.
11-тақырып. Adobe PhotoShop графикалық редакторында сапасы төмен бейнелерді редактрлеу.
Мақсаты: Adobe PhotoShop программасын іске қосу, файл құра білу және бұрын дайындалған файлды ашу. Дайын болған файлды сақтай білу. Сапасыз бейнелерді редактрлеуді және оларды өңдеуді үйрену. Реңдік және түстік коррекциялар тәсілдерін Adobe PhotoShop программасында графикалық бейнелермен жұмыс кезінде меңгеру.
Тапсырма. Оқытушы ұсынған үлгі бойынша тапсырманы орындау.
12 –тақырып. Adobe PhotoShop графикалық редакторында күрделі композицияларды құру. Фильтрлермен жұмыс.
Мақсаты: Күрделі және құрама композицияларды құрып үйрену және оларды түрлендіру. Қабаттармен, каналдармен және мәтіндік бейнелермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Әртүрлі фильтрлерді қолданып үйрену.
13-тақырып. Математикалық есептеулерді автоматтандыратын MatCAD жүйесі
Программа қызметі, құралдар тақталары, батырмалар қызметтері.
Мақсаты: MatCAD жүйесінде программалау негіздерін оқып үйрену. MatCAD жүйесін іске қосу, оның терезесімен танысу. Құралдар тақталарымен танысып, негізгі қызметтерін түсініу№., Анықталған интегралды есептей білу. Мәндер кестесін құру және интеграл астындағы функцияның графигін салу.
14- тақырып. Символдар символдық құралдар менюімен жұмыс істеу тәсілдері. Теңдеулерді аналитикалық және сандық тәсілдермен шешу.
Мақсаты: Әртүрлі теңдеулер және олардың жүйелерін әртүрлі тәсілдермен MatCAD жүйесінде шешу. Теңдеулерді аналитикалық формада шешу. Сызықты емес теңдеулерді сандық, графикалық шешу, олардың шешімдерін салыстыру. Сызықты емес теңдеулер жүйесін шешу. Сызықты теңдеулер жүйесін шешу. Полином түбірлерін табу.
15-тақырып. Сканер. Құжаттарды сканерлеу. Fine Reader программасы.
Мақсаты: Мәліметтерді сканерлеудің негізгі принциптерін оқып үйрену. Fine Reader программасымен сканерлеуде жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Қарапайым мәтін, мәтінмен суретті, бірнеше бағаналарға бөлінген мәтінді, кестелік түрдегі ақпараттарды сканерлеу. Сканерленген мәліметтерді сегменттеу және тану. Сканерленген мәліметтердің орфографиялық қателігін тексеру. Мәліметтерді сканерлеу және MS Word редакторына сақтау.
4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары
4.1 Студенттің оқытушы басқаруымен орындайтын өздік жұмыстарының құрылымы
Шығармашылық баспалау жүйелері тарауы бойынша қарастырылатын тақырыптар.
СОӨЖ№1. Көппарақты публикациялармен жұмыс істеу ерекшеліктері.
СОӨЖ№2. Баспалау жүйелерінде түстермен жұмыс.
СОӨЖ№3. «Шикі» түпнұсқа-макетті аяқтау.
СОӨЖ№4. Публикацияны баспалау.Тақырыптық бағыттауышты құру.
Растрлық графикалық редакторлар тарауы бойынша қарастырылатын тақырыптар.
СОӨЖ№5. Гамма-коррекция.Жергілікті-коррекция.
СОӨЖ№6. Фильтрлер.Каналдар.
СОӨЖ№7. Бейнелерге монтаж жасау.
Векторлық графикалық редактрлар тарауы бойынша қарастырылатын тақырыптар.
СОӨЖ№8. Символдарды вектрлық түрленуі.
СОӨЖ№9. Векторлық бейнелерді растрлау.
СОӨЖ№10Растрлық бейнелерді векторлау.
Математикалық есептеулерді автоматтандыратын жүйелер тарауы бойынша қарастырылатын тақырыптар.
СОӨЖ№11. Математикалық жүйелерде теңдеулер және теңсіздіктер жүйелерін шешу.
СОӨЖ№12. Математикалық пакеттердегі программалау элементтері.
Құжаттарды сканерлеу тарауы бойынша қарастырылатын тақырыптар.
СОӨЖ№13. Күрделі құжаттарды сканерлеу.
СОӨЖ№14. Сканер мен операциялық жүйелердің байланысы.
СОӨЖ№15. Мәтіндерді автоматты түрде тану.
4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:
СӨЖ №1
Баспа жүйесі QuarkXPress программасы программасымен толық танысу.
СӨЖ №2.
Растрлық редактор Corel PhotoPaint программасымен толық танысу.
СӨЖ №3.
Векторлық редактор Adobe Illustrator программасымен толық танысу.
СӨЖ №4.
Математикалық есептеулерді автоматтандыратын Matlab жүйесімен толық танысу.
СӨЖ №5.
Құжатты сканерлеу. Cunei Form программасымен толық танысу.
СӨЖ №6.
3D StudioMax программасымен толық танысу.
4.3 Рефераттар тақырыптары
1-тақырып: «Баспалау жүйелерінің программалары»
2-тақырып: «Растрлық графика программалары»
3-тақырып: «Векторлық графика программалары»
4-тақырып: «Инженерлік графика программалары»
5-тақырып: «Жарнамалық графика программалары»
6-тақырып: «Интернетке арналған графика программалары»
7-тақырып: «Іскер графика программалары»
8-тақырып: «Аудама программалар»
9-тақырып: «Фрактальды графика»
10-тақырып: «Графикалық мәліметтерді енегізу және шығару құрылғылары»
Достарыңызбен бөлісу: |