Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні 86 жасында ұлағатты
ұстаз, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» Әлімбаев Зи
набдин Әлменұлы өмірден өтті.
Зинабдин Әлменұлы 1930 жылы 13 маусымда Қармақшы
ауданында дүниеге келген.
Ол 1947 жылы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепті
бітіріп, Қызылорда педагогикалық институтының математика
факультетіне оқуға түсіп, оны 1951 жылы бітіріп шыққан.
19511960 жылдар аралығында №28, №26 орта мектептерде
математика пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін
атқарды.
19601962 жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінде
саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 19621963 жылдары №26 мектепте ұстаздық
қызмет етсе, 19641968 жылдары аудандық оқу бөлімінде инспектор, 19681970
жылдары №108 орта мектепте мектеп директоры қызметін атқарды.
19701990 жылдары аралығында аудан орталығындағы №27 орта мектепте
математика мұғалімі болып абыройлы еңбек етті.
Зинабдин Әлменұлының білім беру саласындағы елеулі еңбегі ескеріліп, 1990 жылы
дербес зейнеткерлікке шықты. Сонымен қатар ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО
Оқу министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Зинабдин Әлменұлы КСРО және Қазақ КСР «Халыққа білім беру ісінің үздігі»,
«Ғасыр мұғалімі», «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атақтарының иегері.
«Жеңістің 60 жылдығы» медалімен марапатталған. Сонымен қатар, аудандық, қыстақтық
кеңестердің депутаты болып сайланған. Қазақстан мұғалімдерінің І, ІV съездерінің
делегаты болған.
Жары Күлсара Іскендіровамен сегіз бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға
қондырған ардақты әке, бақытты ата бола білген асыл азаматтың жарқын бейнесі
жерлестерінің жадында ұзақ сақталады.
Қош, абзал аға, қадірлі ақсақал. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын!
Аудан әкімдігі, аудандық мәслихат және аудандық ардагерлер кеңесі.
ҚАРМАҚШЫ
таңы
3
27 қыркүйек, 2016 жыл
Жеке және заңды
тұлғаларды
қабылдау шының
аты, жөні
Лауазымы
Қабылдау
күні
мен
уақыты
Мемлекеттік
мекеменің
мекен-жайы
Байланыс
телефоны
Қалиев Ерлан
Піртазаұлы
Департамент
басшысы
Сәрсенбі, жұма сағат
17.0018.00ге дейін
Байқоңыр қаласы, Королев
даңғылы, №33 үй
8 /336 22/
74246
БАЙҚОҢЫР МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ 2016 ЖЫЛДЫҢ IV ТОҚСАНЫНА
АРНАЛҒАН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКIЛДЕРIН
ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жыл ғы 29
желтоқсандағы №153 Жарлығымен бе кітілген «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қыз метшілерінің әдеп
кодексі» (Мемлекеттік қыз меткерлердің қызметтік әдеп
қағидалары) және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
18 қара шадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру департаментінде 8(33622)7-23-22
нөмірлі «Сенім телефоны» (күнделікті жұмыс уақытында
9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 15.00-ге дейін)
жұмыс жасайтындығын хабарлайды.
Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің
19 қыркүйек 2016 жылдың №34-Ө бұйрығына қосымша
2016 ЖЫЛДЫҢ ІІІ-ІV ТОҚСАНЫНДА Т.КӨМЕКБАЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ
АЗАМАТТАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
Мемлекеттік
орган атауы
Азаматтарды
қабылдауды
жүргізетін адамның
тегі, аты-жөні
Лауазымы
Қабылдау
күні мен
уақыты
Мемлекеттік
органның
орналасқан
жері
Байланыс
телефоны
Т.Көмекбаев
ауылдық округі
әкімінің аппараты
Жолмаханов
Сабытбек Тайжанұлы
Ауылдық
округ әкімі
Сәрсенбі,
бейсенбі
сағат 16.00
18.00
Ү.Аяпов
көшесі,
№22
42201
34110
Сенім телефоны 4-22-01
ОРНЫ ТОЛМАС ЖАН ЕДІ
Әулетіміздің ардақты да аяулы отанасы, кеше ғана арамызда
жүріп аналық ақылын, әжелік ақ батасын беріп, өмірімізге
бақытты да шаттықты ғұмыр сыйлаған асылымыз Шитенова
Шәйкүл Өңдешбайқызының бұл фәниден озғанына да 40
күн толыпты. Жанымызды қуанышқа бөлеп,
ақкөңіл жүректен шыққан мейірім шуағын
төгетін анамыздың кең құшағын, қамқор
пейілін сағындық.
Жібектей жағымды кең мінезіңмен,
Киелі шаңырақтың сүйеніші ең.
Өзіңіздің арамызда бағаң қымбат,
Жан едің шуағы мол жүрегі кең-деп еске
алып, анамыздың рухына арнап Ғ.Мұратбаев
көшесі, №47 үйде 30 қыркүйек күні кешкі
сағат 18.00де қонақасы, 1 қазан күні сағат 11.00де 40 күндік
құдайыжолысын береміз. Оған барлық ағайынтуыс, құда
жекжат, көршікөлем, сыйластарды түгел шақырамыз.
Еске алып, қырқына шақырушы Бодықовтар әулеті,
бауырлары, балалары, немерелері.
САҒЫНДЫҚ НҰРЛЫ ЖҮЗІҢДІ
Сүттей ұйыған шаңырағымыздың қамқоршысы, адал жар,
балаларына асыл ана, немерелерінің сүйікті әжесі бола білген
Ерғабылова Гүлжан Әбдірахманқызының арамыздан
кеткеніне 40 күн толып отыр. Арада күндер жылжып өтсе де
ақылдың кені, арқа сүйер қимасымызды
іздеп, есік жаққа елеңдеумен келеміз.
Артында ұлағатты із қалдырған жанға
алдың пейіш, артың кеніш болсын, дейміз.
Қара жер қабіріңді құлыптайды,
Жүректі жаралайды жұлып қайғы.
Артыңда қалған сенің ұрпақтарың,
Ешқашан нұр бейнеңді ұмытпайды.
Ардақтымызға арнап Қабылан батыр
тұйығы, №2 үйде 1 қазан күні сағат
17.00де қонақасы, 2 қазан күні сағат 11.00де қырық күндік
құдайыжолысы беріледі. Оған ағайынтуыс, құдажекжат, көр
шікөлем мен сыйластарды шақырамыз.
Еске алып, қырқына шақырушы жұбайы Мәжит,
балалары, бауырлары.
НҰР БЕЙНЕҢ ЕСТЕН КЕТПЕЙДІ
Әулетіміздің ұйытқысы, ағайынның қамқоршысы, ұр
пағының ұлағатты әкесі бола білген ардақты азаматымыз
Нұрманов Қанибектен айырылғанымызға да қырық күнге
жуықтапты. Асқаралы тауымыздың төрдегі
орны ойсырап, кеудеміз мұңға, көзіміз жасқа
тұнды. Алланың ісіне кім қарсы тұра алған?
Сізді аңсаумен қырық күн өтті арада,
Ойсырап қалды орының сенің санада.
Жан әкешім біздер сізді еске алып,
Бағыштаймыз құран жолын Аллаға.
Әкеміздің рухына арнап Әбдікешұлы
көшесі, №2 үйде 30 қыркүйек күні сағат
17.00де қонақасы, 1 қазан күні сағат 11.00
де қырық күндік құдайыжолысын береміз.
Оған барлық ағайынтуыстарды, құдажекжат, көршікөлем мен
қызметтестерді және сыйлас жандарды шақырамыз.
Еске алып, қырқына шақырушы зайыбы Гүлшат,
балалары, немере-шөберелері.
10 ЖЫЛ ӨТТІ
САҒЫНҒАЛЫ ӨЗІҢДІ
Асыл анамыз Дәмегүл Ержанқызын қайтпас сапарға
шығарып салғанымызға 10 жыл толып отыр. Анамыздың
мейірімді жүзін, аялы алақанын сағы намыз. Нұрлы бейнесін бір
көрсек деп аңсаймыз. Өзі жанымызда болмаса да оның аналық
ақылы, берген тәлімі біздің өмірде өз орнымызды табуымызға
жол көрсетіп келеді.
Қарсы тұра ала ма ағысқа адам,
Нұр бейнеңді сағындық алыстаған.
Жаратқанға тапсырдық бір өзіңді,
Қабыл болсын дұғамыз бағыштаған.
Қимасымыздың дүниеден өткеніне 10 жыл толуына орай
еске алып, Қуаңдария ауылының Аэропорт көшесі, №2 үйде 1
қазан күні сағат 17.00де қонақасы, 2 қазан күні сағат 12.00де
ас беріледі. Оған ағайынтуыс, құдажекжат, көршікөлем мен
сыйластарды, ауылдастарды шақырамыз.
Еске алып, асқа шақырушы жұбайы Әшім және балалары.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕМІЗ
“Дильназ” компьютер жөндеу және
жар нама орталығы қызмет көрсетеді: Бан
нер билборд, стенд, сынып бұ рыштары,
той баннері, компьютерге про грамма
орнату, антивирус салу, кар триджге сия
толтыру. Хабарласу те лефондары: 8-775-
591-85-43, 8-705-729-77-00 Мейірбек.
ҮЙ САТЫЛАДЫ
2006 жылы салынған Мөлтек №2/7
мекенжайындағы 4 бөлмелі үй са ты
лады. Жері 10 сотық. Терезесі пластик. От
бір жерден жылытылады. Бағасы келісім
бойынша. Хабарласу телефондары:
8-775-593-50-48, 8-771-703-81-04.
Құрметті кент
тұрғындары!
Аудан орталығында
шару а шы лықтардан
арзандатылған ба ға
мен келісі20 теңге ден
мал азы ғындық күріш
жар мағы са ты лады.
Хабарласу те лефоны:
2-16-84.
АЛҒЫС АЙТАМЫЗ
“Жастар-ұлт болашағы” демекші,
мем лекет басшысы Н.Назарбаевтың жас-
тарымызға қолдау көрсету мақ сатындағы
сара саясатын жүзеге асы руда ауданымызда
көптеген іргелі істер атқарылуда. Соның бір
дәлелі-биылғы жылы №30 мектепті бітірген
баламыз Данияр Жетібаев үмітімізді ақтап,
ҰБТ сынағында жақсы нәтиже көрсетіп,
ай мақ басшысының қолдауымен Қы-
зылорда қаласындағы Қорқыт ата ат ын -
дағы мемлекеттік университетінің сту-
денті атанды. Осы қуанышты хабарды
естігенімізде отбасымызбен қуандық. Тіпті
бұл қуанышымызға бар лық ағайын-туыс,
көрші-көлеміміз де ортақтасты. Осы ретте,
баламыздың бо лашағына үлкен сенім артып,
үміт күтіп отырғандары үшін алдымен
аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевқа,
аудан әкімі Сұлтан Мақашовқа, сонымен
бірге аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық хал ак-
тілерін тіркеу бөлімінің басшысы Зере
Метероваға, аудандық білім бөлімінің
басшысы Бауыржан Дүйсенбаевқа жә-
не №30 орта мектеп ұстаздарына от ба-
сымыздың атынан риясыз алғы сы мызды
білдіреміз.
Алғыс білдіруші
Жетібаевтар жанұясы.
«Қазақстан
Республикасының
Еңбек
Кодексі» Қазақ стан Республикасының 2015
жылғы 23 қарашадағы Кодек сіне, «Халықты
жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Рес
публикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына
сәйкес Қар мақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1.Ауыр жұмыстарды, еңбек жағ дайлары
зиянды, қауіпті жұмыс ор ындарын есептемегенде,
жұмыс орын дары санының екі пайыз мөл шерінде
мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
белгіленсін.
2.Қаулының орындалуын бақылау Қармақшы
ауданы әкімінің орынбасары Б.Накиповқа жүк
телсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі
С.Мақашов.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
2016 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Жосалы кенті №320 2 қыркүйек 2016 жыл
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
2016 жылғы 16 қыркүйекте №5600 болып тіркелген)
В соответствии с Кодексом Республики
Казахстан от 23 ноября 2015 года «Трудовой
ко декс Республики Казахстан», Законом
Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О
заня тости населения» акимат Кармакшинского
района ПОС ТАНОВЛЯЕТ:
1.Установить квоту рабочих мест для
инвалидов в размере двух процентов от чис
ленности рабочих мест без учета рабочих мест на
тяжелых работах, работах с вредными, опасными
условиями труда.
2.Контроль за исполнением постановления
возложить на заместителя акима Кармакшинского
района Накипова Б.
3.Настоящее постановление вводится в
действие по истечении десяти календарных дней
после дня первого официального опубликования.
Аким Кармакшинского района
С.Макашов.
ПОСТАНОВЛЕНИЕ АКИМАТА КАРМАКШИНСКОГО РАЙОНА
поселок Жосалы №320 2 сентябрь 2016 год
(зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных
правовых актов за номером 5600 от 16 сентября 2016 года)
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2016 год
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі»
Қа зақстан Республикасының 2015 жылғы 23
қарашадағы Ко дексіне, «Халықты жұмыспен
қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016
жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы
ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Жұмыс орындары санының екі пайызы
мөлшерінде:
1)пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдар үшін;
2)бас бостандығынан айыру орын дарынан
босатылған адамдар үшін;
3)кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата
анасынан айырылған немесе атааналарының
қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы
білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру
квоталары белгіленсін.
2.Қаулының орындалуын бақылау Қармақшы
ауданы әкімінің орынбасары Б.На киповқа
жүктелсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі
С.Мақашов.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Жосалы кенті №321 2 қыркүйек 2016 жыл
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
2016 жылғы 16 қыркүйекте №5601 болып тіркелген)
В соответствии с Кодексом Республики Ка
захстан от 23 ноября 2015 года «Трудовой кодекс
Республики Казахстан», Законом Республики
Казахстан от 6 апреля 2016 года «О занятости
на селения» акимат Кармакшинского района
ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1.Установить квоты для трудоустройства
от численности рабочих мест в размере двух
процентов:
1)для лиц, состоящих на учете службы
пробации;
2)для лиц, освобожденных из мест лишения
свободы;
3)для граждан из числа молодежи,
потерявщих или оставщихся до наступления
совершеннолетия без попечения родителей,
являющихся
выпускниками
организаций
образования.
2.Контроль за исполнением постановления
возложить на заместителя акима Кармакшинского
района Накипова Б.
3.Настоящее постановление вводится в
действие по истечении десяти календарных дней
после дня первого официального опубликования.
Аким Кармакшинского района
С.Макашов.
ПОСТАНОВЛЕНИЕ АКИМАТА КАРМАКШИНСКОГО РАЙОНА
поселок Жосалы №321 2 сентябрь 2016 год
(зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных
правовых актов за номером 5601 от 16 сентября 2016 года)
Об установлении квоты рабочих мест
1930 жылы 13 маусымда Қармақшы ауданында дүниеге келген.
1947 жылы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепті бітіріп,
Қызылорда педагогика институтының математика факультетіне
оқуға түсіп, оны 1951 жылы аяқтап шығады.
19511960 жылдар аралығында аудандағы №28, №26 орта
мектептерде математика пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі
қызметтерін атқарды.
19601962 жылдар аралығында Қармақшы аудандық партия ко
митетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, 19621963 жыл
дар аралығында №26 мектепте математика пәнінен сабақ бер ді.
19641968 жылдары аудандық оқу бөлімінде мектеп инс
пекторы, 19681970 жылдары №108 орта мектеп директоры болды.
19701990 жылдар аралығында аудан орталығында №27 орта
мектептің директоры қызметін абыроймен атқара білді. 19901996 жылдары аталған
мектепте математика пәнінен ұстаздық етті.
Білім саласы майталманының халыққа білім берудегі еңбегі ескеріліп, 1990 жылы
дербес зейнеткерлік демалысына шығады.
Зинабдин Әлменұлы білім беру саласындағы еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие
болған азамат. Атап айтсақ, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің КСРО Оқу министрлігінің
құрмет грамоталары облыстық, аудандық партия комитеттерінің облыстық оқу бөлімінің
грамоталарымен марапатталған. Сондайақ, ол КСРО және Қазақ КСР «Халыққа білім
беру ісінің үздігі» атақтарының иегері. Аудандық, қыстақтық кеңестердің депутаты
болып сайланды. 2001 жылы «ХХ ғасыр директоры» және «Қармақшы ауданының
құрметті азаматы». 2005 жылы Жеңістің 60 жылдығына орай «Ғасыр мұғалімі»
медалімен мадақталған. Қазақстан мұғалімдерінің І және ІV съездеріне делегат болып
қатысты. Білікті ұстаз ретінде ол өнегелі ісімен елдің елеулі тұлғасына айнала білді.
Азаматтық және еңбексүйгіштік қасиеттерімен халқымыздың ерекше құрметіне бөленді.
Өзі өмірден озғанымен, оның өнегелі өмірі мен еңбек жолы кейінгі ұрпаққа үлгі
болып қалары сөзсіз, ұлағатты ұстаздың жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады.
Қармақшы ауданының құрметті азаматы, білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз
Әлімбаев Зинабдин Әлменұлы үстіміздегі жылдың 25 қыркүйегінде дүниеден озды.
Аудандық білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподағы комитеті,
Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей ұжымы.
Расында да, осындай ұлы тұлғалардың өмір
және еңбек жолдарын өздерінің саналарына тоқып,
еңбектерімен сусындап өсіп, қазақ ұлтының, оның ішінде
киелі Қармақшы елінің халқының болашағы үшін тер
төге еңбек еткен, ұлағатты ұстаз деген ардақты есімге ие
болған Михаил Широков, Әбдікәрім Жүсіпбаев, Әбдуәли
Жаназаров, Тілеген Әбдікешов, Үсен Қошалақовтай атпал
азаматтарымыз өмірден өткендерімен олардың өнегелі
өмір жолдарын бүгінгі ұрпақ өкілдері жоғары бағалайды.
Туған елінің әлеуетін арттыруға сүбелі үлестерін
қосып, ел құрметіне бөленген еразаматтарымызбен
қатар еңбек еткен қыздарымыз да жоқ емес. Қармақшы
комсомолының қарлығашы Дәмегүл Мырзағалиеваның
ізбасар сіңілілері, еңбек майданының сарбаздары атан
ған күрішшілер Пиян Жұқаева, Сәлима Жұмабекова,
сау да, өнер және білім салаларының майталмандары
Гүлбарам Қанқожаева, Күлжаһан Кенжебекова, Фазила
Махамбетова, Пал Баймаханова, Шынар Махмутова, Зи
баш Қамбаровалардың есімдері үлкен құрметпен ата
лады. Солармен бірге туған елінің әлеуетін арттыруға
өзінің сүбелі үлесін қосып, туған халқының мақтанышы
атанғандардың бірі, бар саналы өмірін шәкірт тәрбиелеуге
арнаған, ұзақ жылдар бойы Қармақшы ауылындағы №113
«Қаракөл» орта мектебінде ұстаздық қызметті атқарған,
сонымен бірге 14 жыл аталмыш мектепті басқарып,
«Ұлын ұяға, қызын қияға» деп қазақ атам айтқандай,
шәкірттерінің үлкен өмірден өз орындарын табуына үлес
қосқан Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Жұпаркүл
Иманбаева.
Ал, енді туған елінің сыйға берген жоғары атағын
абыроймен арқалап келе жатқан Жұпаркүл Омарқызының
өткен өмір жолына тоқталар болсақ, ол бар өмірін
шаруалық кәсіпке арнап өткен Омар ақсақал мен Күләйім
Кәсбайқызының отбасында дүниеге келген. Жұпаркүл
өсе келе ауылдағы орта мектепте 7 жылдық білім алып
шығады. Зерек шәкірт ұстаздарының ұсынысымен бі
лімін одан әрі жетілдіру мақсатында Қызылорда қа
ласындағы киелі білім ордаларының бірі М.Мәметова
атындағы педагогикалық училищесіне «бастауыш сынып
оқытушысы» мамандығы бойынша оқуға түседі.
Ол қазақтың көптеген дарын иелерін білім нәрімен
сусындатқан, шежіресі тереңге бойлаған киелі қара
шаңырақтардың бірі саналатын аталмыш арнаулы білім
мекемесінде ұлағатты ұстаздардан білім нәрімен сусындап,
таңдаған мамандығының қырсырын меңгеріп шыққан соң
Қармақшы ауылында өзі білім алған мектебіне жолдама
алып, алғашқы еңбек жолын сол жерде бастауыш сынып
мұғалімі болып бастайды.
Жас маман ә дегенненақ өзіне жүктелген тап сыр
малар мен міндеттерді белсене атқарып, шәкірттері мен
ұстаздар қауымының алдында беделін өсіреді. Ол тіпті
мектептің ғана емес, ауылдағы қоғамдық жұмыстарды да
жауапкершілікпен орындап, мектеп, ауыл әкімшіліктерінің
сенімін ақтайды. Көп ұзамайақ белсенді жас маманды
мектеп жастары бірауыздан комсомол комитетінің
жетекшілігіне сайлайды. Бұл қызметті де аброймен
атқарған жалынды жас көп ұзамай партия қатарына
қабылданып, бастауыш партия ұйымының хатшысы
қызметіне сайланады.
Жас та болса қоғамнан өз орнын таба білген білікті
маман Жұпаркүл Омарқызы ұстаздық мамандықпен бірге
партиялық жұмыстарды қоса атқарып, ауылдың тыныс
тіршілігіне белсене араласады. Сондайақ, еңбектен
қол үзбей жүріп Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь
атындағы педагогикалық институттың филология
факультетінде тағылымы терең, әрқайсысы бірбір әлем
болатын С.Шкуридин, А.Канцев, В.Угай, Г.Андрианова,
М.Абербух және басқа да ғалымұстаздардан білім
алып, институтты үздік тәмамдап, жоғары білімді маман
атанады.
«Даңққа бірақ жол апарады: олеңбек» деп орыс
жазушысы П.Павленко айтқандай, абырой мен атақ, қадыр
мен құрмет, данқ пен дәреже бәрі де еңбектің жемісі
екені расталғандай, осындай елеулі еңбектері үшін де
ұлағатты сала майталманы Жұпаркүл Иманбаева 1968
жылы КСРО комсомолының 50 жылдығына байланысты
Қазақстан комсомолының, 1969 жылы облыстық білім
басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталса,
1977 жылы «ҚазССРнің халық ағарту ісінің озық
қызметкері» төсбелгісіне ие болады. Сондайақ, ол
1978 жылы Мәскеу қаласында өткен мұғалімдердің
бүкілодақтық ІІІ съезіне қатысып, редакциялық
комиссиясының мүшесі болады.
«Елім деген ер болса, ерім деген ел де табылар»
демекші, туған халқының болашағы үшін бар өмірін
сарп еткен Жұпаркүл Иманбаеваның ерен еңбегі туған
халқы мен Үкімет алдында жоғары бағаланып, 1971 жылы
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен ол «Еңбектегі
ерлігі үшін» медалімен марапатталса, 1975 жылы №213
«Қаракөл» сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы
Кеңесіне депутат болып сайланады.
Міне, бүгінде еліміз егемендік алып, халқымыз
атабабалар аңсап өткен тәуелсіз елде өмір сүріп жатыр.
Жұпаркүл апай тәуелсіз Қазақстанның өсіпөркендеуіне
де өзінің перзенттік үлесін қосып, абыройға бөленді.
Сондай еңбектері үшінде ол омырауына «Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігіне 10 және 20 жыл»,
«Қызылорда қаласына 190 жыл» мерекелік медальдарымен
марапатталды, сонымен бірге Елбасының алғыс хатына
және 1997 жылы Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігінің және облыстық мәслихаттың
құрмет грамотасына, республикалық ардагерлер кеңесінің
дипломына ие болды.
«Жақсы адам ғана басшы бола алады» деп Жүсіп
Баласағұни айтқандай, қызмет барысында да оның еңбегі
ескеріліп, алдымен мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары, ал 1992 жылдан бастап құрметті
зейнеткерлік демалысқа шыққанша, яғни 2006 жылға
дейін мектеп директоры қызметін мінсіз атқарды.
Жұпаркүл Омарқызы халық қалаулысы қызметінде
және одан кейінгі жылдарда да өзінің қатарқұрбылары,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ш.Беркімбаева,
М.Жүйрікаева, облыстық мәслихат хатшысы қызметін
атқарған А.Божанова, ақын, білім беру ісінің үздігі
Д.Торғаева және есімі аудан халқына танымал білім
саласының майталмандары З.Қамбарова, Т.Әбдиева
сынды ел сыйлаған апайларымызбен достасты, қоян
қолтық жұмыстар атқарды.
Расында да, Жұпаркүл Омарқызы журналист
Аман Суханбердінің 2001 жылы облыстық «Сыр бойы»
газетіндегі мақаласында жазғандай, арзан атақ пен
баянсыз беделге қарсы болды. Әділдіктің таразысын
тартуда қара қылды қақ жарды, алқалы жиындарда
пайымды пікірлерімен, оралымды ойларымен ел игілігінің
сойылын соққанын сол уақытта өзімен бірге қызметтес
болған азаматтар жақсы біледі.
Сондайақ, ол өзінің «Әке туралы толғау» атты
танымдық естелік кітабында былай дейді:...Мен бір
кездері имене аттаған босағамауылдағы №113 мектепте
табан аудармай 45 жыл еңбек еттім. Даңққа адал еңбек пен
маңдай тер ғана апарады. Беріліп істеген іс қашан да ауыр.
Алайда, еңбегім жанды. Қызметімнің үшінші жылында
аудандық білім бөлімінің алғысын алдым...
1975 жылы мені, қатардағы қарапайым мұғалімді,
Қармақшы халқы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат
етіп сайлады. Бұлүлкен сенім, жауапкершілік, төккен
тердің өтелгені еді.
Бақытғұмыр бойы жиналатын алтын көмбе
сияқты. Жүрегің қалаған кәсібіңнің ұсталық көрігі және
қантамырыңның бақытты бүлкілі екен. Бақыт құсының
маған оңайлықпен қонбағаны да белгілі. Адал болсам,
азамат болсам дедім, адал еңбекті жолдас еттім. Жұмыс
барысында біз аға буын өкілдерінен көп үйрендік. Аға
буынөте күрделі буын. Олардың құшағы да, пышағы
да дайын тұрады. Әйтсе де, маған кезінде қол ұшын
берген, қолтығымнан демеген жақсылар мен жайсаңдар
аз болмады. Өмір жолында оң қабақ танытқан, жылы
сөзімен қанаттандырған жайсаң жандар жайлы жылы
лебізім жетерлік. «Даналардың иығына сүйенбесем
алыстағыны көрмес ем»,деген қағиданы ғалым
Б.Кенжебаев жиі айтады екен. Әйгілі ғалым И.Ньютон:
Сіз қалай ғалым болдыңыз? деген құйтұрқы сұраққа:
«Мен данышпандардың иығында тұрмын ғой!» деп жауап
беріпті. Тағы бір Эдисон: «Талант дегеніміз 1 пайыз
ғана қабілет, ал қалған 99 пайызы еңбек»,депті. Өйткені,
өмірдің өзіеңбек. Адал еңбекпен адам байымайды, бірақ,
абыройатаққа кенеледі, ел алдында жүзі жарқын жүреді,
дейді ұлағат иесі Жұпаркүл Омарқызы.
Міне, осындай өмірі өнегеге толы ұлағатты ұстаз
Жұпаркүл Омарқызы мен үшін де, менен басқа да
шәкірттер үшін де қастерлі де қадірлі.
Олай дейтін себебім, өзім білім нәрімен сусындап
шыққан №113 орта мектептің табалдырығын алғаш
аттаған кезде мені Нәзікүл апайым қарсы алды. Сол
кісіден “Әліппе” кітабымен алғаш таныстым. Кейіннен
алғашқы ұстазымыз бізді Жұпаркүл апайымызға өткізді.
Міне, сол кезден бастап мен Жұпаркүлдей ұста
зымның жетекшілігімен білім деген үлкен өмірге жол
аштым. Апайдың жетекшілігімен онжылдықты бітірдім.
Мен осы уақытқа дейін сүрген өмірімде ұстазым Жұпаркүл
Омарқызындай еңбекқор, өз мамандығын сүйіп атқарған
адамды кездестірмедім десем, өтірік айтпаған болар едім.
Ол кісінің бізге деген ұстаздық, аналық мейірімін біздер,
яғни шәкірттері әлі күнге дейін сезінеміз. Сыныптастар
әрбір кездері кездесіп қалған кезімізде әңгімемізді
алдымен апайымыз, нақтырақ айтқанда Жұпаркүл ұс
тазымыздың бізге деген қамқорлығы мен азамат болып
өсуімізге сіңірген еңбегі жайлы әңгімеден бастаймыз.
Иә, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп
ұлы данышпан ақын Абай айтқандай, Жұпаркүл апайымыз
біздің, яғни шәкірттерінің қоғамымыздан өз орындарын
табуларына көп еңбек сіңірді. Бізді адамгершілікке, бір
бірімізге қамқор және шыншыл, адал болуға тәрбиеледі.
Ең бастысы, сендер бірбірлеріңе нағыз дос
болуларың және Отан, туған жер, атаана, дос, ең бастысы
азамат деген ұлы есімді есте ұстауларың керек,дейтін
апайымыз. Ол бұл ақылын бізге айтудан жалыққан емес.
Әлі де біздер ол кісімен кездескен сайын қайталап келеді.
Біздің сыныбымыз өте белсенді, өнерпаз болды.
Апайымыз шәкірттерін үш топқа бөліп, білімнен, өнерден,
спорт түрлерінен жарыстыратын. Сыныптастарымның
бәрі, бірі спорттан, бірі өнерден, енді бірі білімнен топ
бастап жүрді. Тіпті, әннен жарысқа түскенде онша дауысы
шықпайтын Берік пен Қаршыға да бізге қосылып ән
шырқайтын. Бүгінде басымыз қосылып қалғанда Берік
пен Қаршығаға «Мы строем Бам» мен «Алатауды»
бастаңдаршы деп әзілдейміз. Сыныптастар Жұпаркүл
апайдың ұйымдастыруымен әндікаспаптық ансамбль
құрып, талай рет ауыл клубында тұрғындарға арнап,
концерт қойдық. Тіпті, қолымызға концерттен түскен
қаржыны арнайы комиссия құрып, сынып мүддесіне
жұмсайтынбыз. Апайымыз бізге жетекшілік етіп
жүргенінде ҚазССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып
сайланды. Сол жаңалықты естігенде біздің қалай
қуанғанымызды көрсеңіз ғой? Айтып жеткізу қиын.
Иә. Жұпаркүл Омарқызындай ұлағатты ұстаздан тәлім
алған көптеген шәкірттер бүгінде тәуелсіз Қазақстанның
өсіпөркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, ұстаз мерейін
тасытып жүр. Біз апайымыздың жетекшілігімен он
жылдықты 25 бала бітіріп шықтық. Бір сыныптасымыз
«Алтын белгі» иегері атанса, он бесіміз қазіргіше айтқанда
жоғарғы оқу орнына грантқа түстік. Бүгінде сол кездегі
бойжеткендер мен бозбалалар еліміздің түкпіртүкпірінде
еңбек етуде. Отбасын құрып, немере сүйіп, бақытты ғұмыр
кешуде.
«Адам байлығының ең тамашасыбілім» деп шығыс
ғұламасы Беруни айтқандай, бар саналы өмірін білім
саласына арнап, өзінің өнегелі өмір жолымен қиелі
Қармақшы елінің құрметтісі атанған ұстазым, халқының
қалаулы да ардақты қызы Жұпаркүл Иманбаеваның туған
еліне жасаған еңбегі ұшантеңіз.
Осы ретте, «Ескермесеер ұмыт» деп дана халқымыз
айтып өткендей, осындай туған елі үшін аянбай еңбек
еткен, бар ғұмырын туған халқының болашағы үшін
сарп еткен Жұпаркүл Омарқызы Иманбаеваның еңбегін
ел алдында бағалап, өскелең ұрпақтың жадында мәңгі
сақтауда «Қармақшы ауданының құрметті азаматы»
атағын берсек көптік қылмас еді.
Талғатбек ҚУАҢБАЕВ,
аудандық музыка мектебінің директоры,
«ҚР Білім беру ісінің үздігі», шәкірті.
“Ұстазыңды ұлықта” акциясы
ӨМІРІН ӨНЕГЕМЕН
ӨРНЕКТЕГЕН
«Ұстаз-ұлы есім» деп
данагөй халқымыз айтқандай,
осы сөзді айтқандардың
әрбірі ұстаздан тәлім алған.
Өздерінің білімділігімен
әлемді мойындатқан
Ә.Рудаки, О.Хаям, Ұлықбек,
Дауани, әл-Фараби,
Қорқыт, Айни, Низами,
тағы басқа да шығыстың
ұлы ғұламаларымен қатар
Еуропаның білімдарлары
И.Ньютон, Сократ,
Гиппократ, Аристотель,
Гете, Гейне, М.Горький,
Л.Толстой мен қазақтың
ұлы данышпаны Абай
мен Ы.Алтынсарин
де, Ш.Уәлиханов пен
А.Байтұрсынов та ұстаздан
білім алып, сол алған білімдері
арқылы халқына қызмет
еткенін білеміз.
ХАБАРЛАНДЫРУ
ӘЛІМБАЕВ ЗИНАБДИН ӘЛМЕНҰЛЫ
БАҚҰЛ БОЛ, АРДАҚТЫ АҒА!