6.10. Транскрипте студенттің барлық қорытынды бағалары және емтиханды қайта тапсырудың оң нәтижесі жазылады.
6.11. Қайта оқу курсына қалдырылған студенттің бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын толықтыруына немесе жаңа жеке жоспар құрастыруына болады.
6.12. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері, қайта оқыту курсына қалдырылған студенттер гранттан айырылады және қайта оқыту курсының кредиттерінің және зерделенетін пәндерінің саны көрсетілген төлем туралы шарт негізінде ақылы негізде оқуын жалғастырады.
6.13. Егер студент – мемлекеттік білім грантының иегері өту балын жинаса, бірақ сонымен бірге академиялық қарызы болса, ол келесі оқу курсына ауыстырылады және степендия тағайындалмайды.
6.14. Қайта оқу курсына қалдырылған және алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы бар студенттер ол қарыздарын жою үшін ақылы негізде сол пәндерді қорытынды аттестацияға дейін қайталап оқуға тиіс.
6.15. Пәндерді зерделеу сол пән бойынша қарастырылған сағат көлемінде дәрістер, практикалық немесе зертханалық сабақтар жүргізу түрінде ағымдағы, аралық бақылау (аттестация), емтихан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Пәндер бойынша кредиттер егер оқу қорытындысы бойынша жақсы баға алғанда есептеледі.
6.16. Практиканың барлық түрлері бойынша қарыздарды жою жазғы семестр кезінде ақылы негізде олардың бағдарламасына сәйкес немесе егер бұл технологиялық жағынан мүмкін болса оқу жылында сабақтан бос уақытта жүзеге асырылады.
6.17. Білім алушыны Университетке ауыстыру және қайта қабылдаудың міндетті шарты оның жеке оқу жоспарына сәйкес бірінші академиялық кезеңді толық аяқтауы болып табылады.
Бұл ретте білім алушы қайта қабылдау кезінде оқудан шығару мерзіміне қарамастан оқудың кез-келген түріне, кез-келген мамандыққа және кез-келген ЖОО-ға ауыса немесе қайта қабылдана алады.
6.18. Білім алушыларды ауыстарғанда немесе қайта қабылдағанда оқу курсы пререквизиттер есебімен анықталады. Меңгерілген кредиттер бойынша қайта сынақ тапсыру сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеруге қажетті білім беру траекториясына сәйкес жүргізіледі. Пререквизиттер тізімін мамандық, курс және оқу семестрі қимасында шығарушы кафедра анықтайды.
6.19. Пәндер бойынша айырмашылықты анықтаған кезде қорытынды бақылау түрі бойынша айырмашылық есепке алынбайды.
Сынақ білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалаудың минимум D-дан (1,0; 50–54%) максимум А-ға дейінгі (4,0; 95–100%) ауқымдағы әріптік жүйесіне теңестіріледі.
6.20. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы семестр нәтижесін және алынған өту балын қоса есептегенде жазғы семестр қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |