3. Сабақ үлгеріміне межелік бақылауды жүргізу
3.1 Межелік бақылау (аттестация) Университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітілген Академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
3.2 «Кредиттік оқыту технологиясы оқу бойынша ұйымдастыру ережесіне» сәйкес күндізгі оқу түріндегі студенттер, магистранттар, докторантов және желілік технология бойынша қашықтықтан білім алатын сырттай оқу түріндегі студенттер үшін графикке сәйкес семестрде 7 және 14 аптада екі аралық бақылау белгіленеді (7-кесте).
3.3 Дәріс сабақтарын жүргізетін оқытушылардың межелік бақылау бағаларын енгізу мерзімі 7-кестеде көрсетілген. Межелік бақылау және емтихан бағаларын қою технологиясының сақталуын бақылау Тіркеу бөлімінің басшысына жүктеледі.
7-кесте - Күндізгі оқу түріндегі студенттер және қашықтықтан желілік технология бойынша сырттай білім алушылар үшін межелік бақылауды жүргізу және оның нәтижесін енгізу мерзімдері
Достарыңызбен бөлісу: |