7.26. Факультет декандары:
- студенттерге академиялық қарыздарды жою қажеттілігі туралы хабарлайды және шарттарды ресімдеген факультет студенттерін тілдер бойынша оқу пәндері жүргізілетін Университет мамандықтарының топтарына (бірнеше топтарға) жібереді;
- сол пән бойынша ағымдағы семестрде оқыту жүргізілмейтін, кафедраларының меңгерушілерімен бірлесіп, пәнді сабақтан бос уақытта, соның ішінде каникул кезінде, сенбі күндері зерделеу үшін студенттер топтарын құрайды (тілдер бойынша оқу 15 адамнан кем емес) және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректордың бекітуі үшін сабақ кестесін жасайды.
7.26.1. Қосымша оқытуларды қанағаттандыру, академиялық қарыздарды немесе оқу жоспарларындағы айырманы жою, басқа жоғарғы оқу орындарындағы оқу пәндерін қиыстыру бойынша оқу және бітіруші түлектерден басқа білім алушылардың кредитті игеруі үшін жазғы семестр ұзақтығы кем дегенде 6 аптаға енгізіледі.
7.26.2. Курстық жоба (жұмыс), практика бойынша академиялық қарызын жою студенттің курста оқу ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Нәтижелері білім алушының GPA есептеу кезінде ескеріледі.
7.26.3. Курстық жоба (жұмыс) бойынша академиялық қарызды жою, егер олар осы пән бойынша қорытынды болып табылатын болса, ақылы негізде жүзеге асырылады.
7.26.4. Практика өтпеген немесе практика бойынша есепті қорғамаған студенттердің практика бойынша академиялық қарызын жоюы ақылы негізде жүзеге асырылады. Шығарушы кафедралар студенттің курста оқу мерзімі бойынша студенттерге сабақтан бос уақытында оқу және өндірістік практикаларды ақылы негізде өтуді мүмкіндігінше ұйымдастыра алады. Нәтижелер студенттің өту балының GPA есептеу кезінде есепке алынады.
7.26.5. Академиялық қарыздарды жою мақсатында ақылы негізде оқу келесі регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады:
- білім алушы келесі академиялық кезең немесе жазғы семестр басталған 10 күн ішінде факультет деканатына академиялық қарызды жою туралы өтініш береді;
- декан берілген өтінішті қарайды және оң шешім қабылданса, білім алушыны ақылы білім беру қызметі туралы шартты ресімдеу үшін ШБҚБ –ға (бас корпус, 309-каб.) жібереді;
- берілген пәндер кредиттер саны бойынша төлеу банк бөлімшесінде жүргізіледі, төлемақы туралы түбіртекті тіркеу үшін төлеу бөліміне тапсырылады (бас корпус, 309 б-каб.);
- ресімделген шарт берілген пәндерді оқитын топтарды құру үшін негіздеме болып табылады;
- Тіркеу бөлімі төлем және шарт негізінде қосымша оқу семестрін ұйымдастыру туралы шешімді қабылдайды;
- оқу қарыздарды жою мақсатында Университет бойынша бұйрық негізінде ұйымдастырылады, Тіркеу бөлімі құрастырады;
- кафедра меңгерушілері қосымша оқу семестрінің кестесін жасайды. Кесте қосымша оқу семестріне жұмылдырылған дәріс берушілер мен тьюторлардың бос уақыты есебінен құралады;
- қосымша оқу семестрін ұйымдастыру білім алушылардың білімін тәуелсіз бағалау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Мамандықтың оқу жоспарынан тыс оқылатын пәндер бойынша білім алушылардың білімін қорытынды бағалауды жазғы семестр кезінде дәрістер оқитын дәріс оқушы жүзеге асырады.
7.26.6. Қосымша семестрдегі оқу:
- көрсетілген пәндерді игеру мақсатында қосымша немесе кезекті академиялық семестр ішінде білім алушылардың сабаққа қатысуын;
- пәндер бойынша рейтингті анықтау мақсатында барлық оқу тапсырмаларын орындауды;
- пәндер бойынша емтиханды жақсы бағаға тапсыруды көздейді.
7.26.7. Жазғы семестр мерзімінде меңгерілген мамандықтың оқу жоспарындағы пәндері бойынша емтихан нәтижелері GPA-ға енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |