6.28. Басқа ЖОО-дан Университетке ақылы негізде оқу үшін білім алушыларды ауыстыру білім алушы мен Университет арасында шарт жасасумен қоса жүреді.
6.29. Білім алушыны бір мамандықтан басқа мамандыққа, бір оқу түрінен басқа оқу түріне ауыстыру тек ақылы негізде білім алу үшін жүзеге асырылады.
6.30. Ақылы негізде білім алушыны бір ЖОО ішінде басқа мамандықтан және оқу түрінен басқасына ауыстыру шартқа сәйкес өзгертулерді енгізумен қоса жүреді және Ректордың бұйрығымен рәсімделеді.
6.31. Оқу жоспары пәндерінің академиялық айырмашылығын жабу тәртібі мен мерзімі факультет деканының өкімімен рәсімделеді және ағымдағы оқу жылында білім алушының жеке оқу жоспарына бекітіледі
Достарыңызбен бөлісу: |