Өкім қарағанды қ. №400 «31» тамыз 2017 ж. 2017-2018 оқу жылында оқу процесін


Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру Ректор бұйрығымен рәсімделеді. 6.22



жүктеу 386,5 Kb.
бет32/57
Дата04.01.2022
өлшемі386,5 Kb.
#31659
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
6.21. Білім алушыны курстан курсқа ауыстыру Ректор бұйрығымен рәсімделеді.

6.22. Білім беру гранты бойынша білім алушы білім беру грантын сақтай отырып, басқа ЖОО-ға ауыса алады.

Жеке ЖОО-лар үшін бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша арнаулы орындарға, сонымен қатар бөлінген квоталар шегінде педагогикалық мамандықтарға оқуға түскен білім алушылар басқа ЖОО-ға ауысқанда білім беру гранты сақталмайды.



6.23. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын докторанттардың және магистрантардың бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысуына білім беру саласындағы өкілетті органның мемлекеттік білім беру тапсырысын қайта бөлу арқылы рұқсат етіледі.

6.24. Білім алушының бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ауысу рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға тілек білдірген білім алушы өзі оқитын ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш жазады және мөрмен расталған ауысуға жазбаша түрде берілген келісімді Университет ректорына жолдайды;

2) Университет ректорының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор және офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипт көшірмелері; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификат; білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер болса); өзі оқыған ЖОО басшысы атына өтініш (басшының қолы қойылған және мөр басылған) тіркелуі қажет;

3) факультет деканы ұсынылған құжаттар негізінде салыстыру ведомостісін жасау арқылы оқу жоспарындағы пәндер айырмасын анықтайды және меңгерілген пререквизиттарға сәйкес оқыту курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттер бойынша қайта сынақ өткізеді және Тіркеу бөлімімен келісілген білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді;

4) факультет деканының, Тіркеу офисі, академиялық сұрақтарға жетекшілік ететін, бөлім жетекшісінің, оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың қойған қолдарына сәйкес Университет Ректоры білім алушының ауысуы туралы бұйрық шығарады.

6.25. Университет Ректоры бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде студент (магистрант) бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін алу мақсатында жазбаша сұрату жолдайды.

6.26. . Студент (магистрант) бұрын оқыған ЖОО жетекшісі мұндай сұрату алған соң «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген анықтамамен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш күн ішінде білім алушының жеке ісін қабылдаушы ЖОО мекен-жайына жібереді.

Білім алушы оқыған ЖОО-да транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студент билеті және жіберілген құжаттардың тізімі қалады.



6.27 Білім беру гранты негізінде білім алушыны басқа ЖОО-дан Университетке ауыстыру кезінде ректор білім беру саласындағы өкілетті органға және сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімгеріне ЖОО-ларды қаржыландыру көлеміне түзету жасау үшін білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрық көшірмесімен бірге оның атына жазылған білім беру гранты туралы куәлік көшірмесін жібереді.


жүктеу 386,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау