- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Бала құқығы туралы конвенция», «Балалардың дамуын және қорғауды, өмір сүруін қамтамасыз ету туралы Бүкіл әлемдік декларация», «Кемтар балаларды әдеуметтік және медициналық- педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ҚР Заңы» аясында дамушы ұрпақтың тәрбиесіне көңіл аударады. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады. Міне, осы заңдылыққа орай жас ұрпақтың тәрбиесін, білімін нәтижелі жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр, әсіресе бұл міндетті зияты зақымдалған балаларға қатысты шешу өзектілігі жоғарылап отыр.
- Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 заңы
- Көмекші мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағы барысында ауызша байланыстырып сөйлеу тілін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеден өткізу.
- Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабағында ауызша байланыстырып сөйлеу тілін айқындау
- Әдіс – тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жолдарын қарастыру
- Ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің әдістемесінің психологиялық педагогикалық негіздерін қарастыру
- Ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілі ерекшеліктері.
- Ақыл-ойы кем бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу тілін дамыту.
- Егер, ауызша сөйлеу тілін дамыту арқылы көмекші түзету мектебінің балаларын байланыстырып сөйлеуге тәрбиелеудің теориялық негіздері айқындалып, « Тіл дамыту» сабақтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сөздік қорларын кеңейту жұмыстары жүргізілсе, онда ақыл-ойы кем балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыта аламыз.
- Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
- Ақыл-ойы кем балалардың ауызша сөйлеу тілін дамытуға бағытталған педагогикалық зерттеулер.
- Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, салыстыру, қорытындылау
- Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
- Ақыл-ойы кем балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша мақсатқа бағытталған педагогикалық іс-әрекет жұмыстарын бір негізге келтіру қажеттілігі болып отыр.
Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің дамуына қатысты М.С. Певзнер бұл балаларға тән көрініс сөйлеу тілінің кешеуілдеп дамуы деп айтқан. Баланың айқын түрде артта қалуы немесе дамымауы сөйлеуге дейінгі вокализациясы кезеңінде байқалады. Қалыпты дамыған балаларда былдырлау 4-8 айда пайда болса, ал ақыл-ойы кем балада 12-24 айдың ішінде пайда болады. - Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің дамуына қатысты М.С. Певзнер бұл балаларға тән көрініс сөйлеу тілінің кешеуілдеп дамуы деп айтқан. Баланың айқын түрде артта қалуы немесе дамымауы сөйлеуге дейінгі вокализациясы кезеңінде байқалады. Қалыпты дамыған балаларда былдырлау 4-8 айда пайда болса, ал ақыл-ойы кем балада 12-24 айдың ішінде пайда болады.
- Ақыл-ойы кем балалардың алғашқы сөздері 2,5-5 жас аралығында пайда болады, ал қалыпты дамыған балалардың алғашқы сөзі 10-12 ай аралығында шыға бастайды, яғни даму барысында көптеген алшақтықтың, үзілістің бар екендігін айтады. Көмекші мектеп оқушылардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан көптеген авторлар қарастырады. (В.Г. Петрова, М.С.Певзнер, Т.С.Кузнецова, К.Г. Коровин және т.б.т.б.)
- Ақыл-ойы кем оқушылардың байланыстырып сөйлеу тіліндегі кемшіліктер сөйлеу тілінің мазмұнында және оның грамматикалық құрылымында кездеседі. Оларға тән бұзылыстар:
- Толық немесе кезектілікпен әңгімені мазмұндамауы ( әңгіменің бөліктерін тастап кету, қатысатын адам әрекет орнын қысқарту)
- Кезектіліктің бұзылуы.
- Тілдік құралдардың болмауы немесе дұрыс қолданбауы, одан ойды мазмұндаудың жалпы байланыстылығы бұзылады. Байланыс құралдарына: есімдік, үстеу, синоним, сөз тіркестері
Ауызша байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. - Ауызша байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады.
- Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып, сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.
- Балабақша тәжірибесінде ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің мынадай түрлері қолданылады:
- сұрақтарға толық, кең көлемді жауап беру
- мәтінді қысқаша шолып айту
- суреттерге қарап өз тәжірибе негізіне сүйене отырып сөйлем құрастыру
- бақылаудағы объектіні суреттеу
- Ақыл-ойы кем балалардың сөздігінің негізгі сипаты, ал оның шектеулігі және нақты еместігі. Сөздігінде көбінесе зат есім, етістіктер бар. Сын есімді меңгерулері қиын. Заттарды сипаттағанда психикалық дамуы тежелген балалар бір сипаттамада орта есеппен екі үш сын есімді қолданады . Жиі қолданатындары түс, пішін, мөлшерді білдіретін сын есімдер, ал сирек қолданатындары баға беру сипатындағы сын есімдер.
С.Я.Рубинштейн ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілінің толық жетілмеуінің негізгі себептері: «Бас ми қыртысының тұйықтаушы функцияларының әлсіздігі, барлық анализаторларда жаңа дифференциялардың баяу жасалуы» деген. - С.Я.Рубинштейн ақыл-ойы кем балалардың сөйлеу тілінің толық жетілмеуінің негізгі себептері: «Бас ми қыртысының тұйықтаушы функцияларының әлсіздігі, барлық анализаторларда жаңа дифференциялардың баяу жасалуы» деген.
Ақыл-ойы кем балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру үрдісінде оның кемістіктері сөйлеу тілінің мазмұнында, оның құрылымы мен грамматикалық безендірілуінен байқалады. - Ақыл-ойы кем балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру үрдісінде оның кемістіктері сөйлеу тілінің мазмұнында, оның құрылымы мен грамматикалық безендірілуінен байқалады.
- Осыған сай мынадай бұзылыстар кездеседі:
- Ауыспалы мағыналардың болмауы.(Баяндамалар фрагмент түрінде, әңгіме бөлімдерін қалдырып кету.)
- Оқиғаны баяндау барысында оның желісін кезектілігімен жеткізе алмау (берген ақпаратының мағынасыз күйде болуы, басында айтылған мәліметке қайта оралуы.)
- Құбылыстардың логикалық жағы тежелген.(заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты дұрыс бекіте алмауы; контексті байланысты жеңіл желпі түсінуі, әңгіменің соңының стереотиптілігі, оқиға мазмұнын, мағынасын алшақтатып жеткізу.)
- Коммуникативтік қарым – қатынас құралын қолданбау немесе комуникативтіліктің болмауы. Бұндай бұзылыстардың салдарынан баяндаулары өзара мағынасына қарай байланыспайды. Сөздерінің болмауы – мағынасыз шығады. Бұндай байланыс құрамына: есімдік, есімше, синонимдер және т,б жатады.
Арнайы түзету мектебінде жүргізілген сөздік жұмыстарға қойылатын талаптар. - Арнайы түзету мектебінде жүргізілген сөздік жұмыстарға қойылатын талаптар.
- Оқу кезеңіне сай сөздер белгілі бір өлшемі болу керек. Бұнда сонымен қатар әрбір вербальді материалды игеру барысындағыдай, материалды беруде өз мерзімі болу керек.
- Жаңа сөздерді контекспен түсіндіру керек. Психологтардың зерттеулері бойынша сөзді анық есте сақтау, сөйлемде топтастырылып, тақырыптық күйде келсе тиімді болады.
- Сөзді презентациялау үрдісі барлық анализатор көмегіне сүйену қажет. Жаңа сөздер міндетті түрде мұғаліммен оқылып, оқушылармен қабылданады; әрі қарай оның мағынасы талданады, бұнда көрнекі құралдар қолданылады; оқушылар сөзді қайтадан қайталап оқиды, сөйлемдерге қосады. Бұл тек сауат ашу немесе оқуға үйрету сабақтарында қолданылады.
- Сөз мағынасын түсіндіру – бұл лексикамен жұмыстың бастапқы кезеңі. Сөзді сөйлеу тіліне енгізу үшін жаттығу жүйесі қажет, сөзді үнемі қайталау, әртүрлі мәтінге қосу керек.
- Лексиканы белсендендіруде шынайы жағдаяттарды туғызуға болады. Оқушылардың құрған сөйлемдерді, оқыған мәтінді немесе жағдаятты бейнелеу керек.
- Лексикамен жұмыс басқада сөйлеу тілінің жақтарымен фонетика, грамматикамен байланысты болу керек. Сөзді әртүрлі грамматикалық формаларды қолданбай игеру мүмкін емес. Сөйлеу тілінің барлық жағынан кешенді түрде жұмыс жасамаса жаңа сөздер балалардың есінде мүлдем қалмайды.
№1 Әдістеме. «Сөздерді топтастыр» - №1 Әдістеме. «Сөздерді топтастыр»
- Мақсаты: Балалардың сөздердің мағынасын жалпылау қабілетін анықтау.
- Құрал-жабдық: қиынды суреттер
- Өткізу тәсілі: Балаға келесі сөздер жиынтығы ұсынылады:
- Кітап, қарлығаш, алмұрт, домбыра, сәбіз;
- Дәптер, торғай, жүзім, қобыз, қызылша;
- Қалам, тырна, алма, барабан, қырыққабат;
- Сызғыш, бүркіт, банан, гитара, шалқан;
- Қарындаш, кептер, ананас, скрипка, картоп;
- Осы сөздерге қатысты қиынды суреттер беріледі. Оқушыға бірінші қатардың бірінші сөзі оқылады және сол сөзге мағынасы жақын сөздерді келесі қатарлардан табу ұсынылады. Келесі сөздер жинағы арасына 1 секунд салып оқылады. Бала әр оқылған сөздің қиынды суретін мағынасына қарай рет-ретімен қойып отыруы қажет. Мысалы: егер «кітап» сөзі айтылса, онда екінші қатар сөздері оқылғанда бала «дәптер» сөзін таңдайды, сонымен қатар кітап суретінен кейін дәптер суретін қояды. Келесі қатар сөздерінен «қалам», «сызғыш», «қарындаш» сөздерін таңдауы қажет. Себебі бұл заттар «оқу құралдары». Егер бірінші оқылғанда бала мағынасы ұқсас сөз таба алмаса, сол қатардағы сөздер жылдам темппен қайта оқылады. Бала дұрыс жауап бере алмаса қате болып саналады да, келесі қатар сөздері оқылады.
№2 Әдістеме. «Сурет бойынша сөйлем құра» - №2 Әдістеме. «Сурет бойынша сөйлем құра»
- Мақсаты: Балалардың сөз арасындағы байланыс орнату қабілетін анықтау. Сөздік қорының деңгейін тексеру.
- Құрал-жабдық: әр түрлі сюжетті суреттер
- Өткізу тәсілі:Балаға адамдардың әр түрлі әрекеті бейнеленген сюжетті суреттер ұсынылады. Әр суретке байланысты сөйлем құрап әңгімелеп беруіне уақыт бойынша 5 минут беріледі.
- Балаға ұсынылған сюжетті суреттер:
- «Ойыншықтармен ойын ойнап отырған балалар»
- «Баласы анасына үй жинауда көмек беруде»
№3 Әдістеме. «Сөйлемді аяқта» - №3 Әдістеме. «Сөйлемді аяқта»
- Мақсаты: Балалардың сөйлем құру дағдысын анықтау.
- Құрал-жабдық:карточкалар
- Өткізу тәсілі: Балаға тапсырма жазылған карточкалар беріледі. Бала сөйлемді мағынасына қарай аяқтауы қажет.
- Ұсынылатын сөйлемдер:
- Айнұр (кітап суреті) ........;
- Жанар (қуыршақ суреті) .......;
- Балалар (шана суреті) .......;
- Айгүл (теледидар суреті) .......;
- Гүлнұр (телефон суреті) .......;
Қорытынды - Қорытынды
- Арнайы түзету мектебінде қазақ тілі, тіл дамыту сабақтарында сөздік қорды кеңейту мәселесін зерттеу, оны ақыл-ойы кем оқушылардың ауызша сөйлеу тілін дамытудың құралы ретінде қарастыруға болатынын көрсетті. Ақыл-ойы кем балалардың ауызша сөйлеу тілін зерттеу оның ары қарай дамуында маңызды орынды иеленеді. Ол баланың сөйлеу, психикалық және тұлғалық дамуына әсер етеді. Байланыстырыпауызшасөйлеу тілінің дамымауы ақыл-ойы кем оқушылардың білім алуына кедергі келтіреді. Ауызша сөйлеу тілінің дамымауы баланың жалпы дамуының ең маңызды ерекшелігі – оқу әрекетіне кері әсерін тигізеді. Ауызша сөйлеу тілі – адамның ойы мен сезімін ауызша түрде жеткізеді. Ауызша сөйлеу тілі арқылы карым – қатынасқа түсу ол күнделікті қажеттілікке айналған құбылыс. Байланыстырып сөйлеу тілін меңгеру адамдардың жалпы қоғамға бейімделуіне керек жағдай.
-
- Ақыл-ойы кем бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу тілін дамыту үшін қазақ тілі, тіл дамыту сабақтарында төмендегі қорытындылар мен ұсыныстарды ескеруі керек:
- Түзету жұмысы кезінде баланың есі, зейіні, сөйлеу әрекеттерінің ерекшеліктерін ескеру қажет.
- Зияты бұзылған бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу тілін дамыту кезінде лексикалық, грамматикалық жағын дамытуға арналған арнайы ұйымдастырылған жұмыс жүргізілуі тиіс.
- Ақыл-ойы кем балаларға ұсынылған тапсырмалар жалпыға түсінікті, яғни оның мазмұны ақыл-ойы кем балаға жеңіл, түсінікті болуы қажет.
- Ауызша сөйлеу тілін дамытуда оның мазмұнын көрнекіліктер арқылы түсіндіру керек.
- Ақыл-ойы кем балалардың ауызша сөйлеу тілін дамытуда жаттамақтар, жаңылтпаштар, логоырғақ, логогрифтерді қолдана отырып оқыту мен тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |