Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану


Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барысындағы сабақты ұйымдастырудың әдістемелік, педагогикалық-психологиялық бағыттары бойынша ұсыныстар



жүктеу 0,63 Mb.
бет8/17
Дата05.09.2020
өлшемі0,63 Mb.
#31356
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
оқытудың интерактиаті түрлері нұсқаулық маңғыстау

2.2. Оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барысындағы сабақты ұйымдастырудың әдістемелік, педагогикалық-психологиялық бағыттары бойынша ұсыныстар
Бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен)

Интерактивті оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанғандықтан, әсіресе бірлескен топтық жұмыс әдістерінің маңызы ерекше екендігін айтуға болады. Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болуы үшін, ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға, бір келісімге келуіне негізделген [2].

Топтық жұмыс өзін-өзі және басқа адамдарды танудың тиімді құралы болып табылады, дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуына мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды. Мұндай жұмыста оқушылар өздерінің коммуникативтік дағдыларын (тыңдай білу, әр пікірді ескеру, ортақ шешім қабылдау, т.б.) іс жүзінде қолданады.

Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйренудің) ортақ мағынасына және қорытынды нәтижесіне өз үлесін қосып, өз білгенімен, идеяларымен бөліседі, тиімді нәтижеге қандай бірлескен үйрену әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды.

Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер сыйластық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек жаңа білім игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным үдерісін ынтымақтастық мен бірлесу деңгейіне көтереді.

- Ең қабілетті оқушылардың мұғалімнің өзіне назар аударуын көбірек қалайтынын есте ұстаңыз.

- Оқушылардың жəне соған сəйкес топтың ортақ қажеттіліктерін анықтаңыз.

- Топтарды жұмыс түріне қарай құрыңыз.

- Күтілетін нəтижеге сəйкес топ мүшелерін ауыстырып отырыңыз.

- Кейде ең қабілетті оқушылар бірігіп жұмыс істейтін жағдайлар болатынына көз жеткізіңіз.

- Барлық оқушылардың басқаларды басқару жəне топта жұмыс істеу мүмкіндігі болуына назар аударыңыз (бұл жерде мұғалім тарапынан ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға назар аударылуы тиіс).

- Ерекше қабілеті бар оқушыларға топтық жұмыста олардың қабілеттерін ашатын рөлдерді бөліңіз.

- Бүкіл топ үшін ғана емес, шағын топ/жеке оқушы үшін де мақсат белгілеңіз.

- Өзін-өзі бағамдауды қолдаңыз.

- Оқушыларды тек сұраққа жауап беруге ғана емес, сұрақты дұрыс тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.

- Оқушылардың мəдени дəстүрлерін ескеріңіз.

- Бірлесіп проблеманы шешу жаттығуларын қолданыңыз.

- Оқушылардың алдына қойылатын мақсаттарды бірлесе отырып белгілеңіздер.

- Бүкіл сыныпқа арналған таныстырылым жасау мүмкіндіктерін талқылаңыздар.

- Топтық жұмыстағы маңызды рөлдерді бөліңіз, мысалы, талқылауды өткізуге жауапты топ көшбасшысы жəне т.б.

- Өзара түзету немесе өзара бағалауды қолданыңыз.

- Оқушылардың дамытуды қажет ететін салаларын жəне жақсартуға қатысты ұсыныстарын тұжырымдауын талап етіңіз.

- Оқушының «толығырақ» жауап беруін емес, «басқаша» жауап беруін күтіңіз.

- Қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесіңіз.

- Сапалық нəтижелерді назарда ұстаңыз.

- Үдерісті жеделдету жағдайларын зерделеңіз.

- Барлық оқыту мерзімдерін белгілеңіз, бірақ мерзімдер мүмкіндіктерге сəйкес болуы тиіс.

- Тапсырманың ауқымын тарылтып, мағына тереңдігіне біршама мəн беріңіз.

- Топтық кері байланысты жоспарлаңыз.
Жеке жұмыс жəне бірлескен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

- Бағалау марапаттауға ғана емес, қалыптастырушы мақсатта болуы тиіс жəне нақты бағалау критерийлеріне бағдарлануы тиіс.

- Сараланған бағалау критерийлерін алдын ала хабарлаңыз.

- Əрекет ету стилін өзгертіп отырыңыз жəне оқушыларға шамадан тыс қысым жасауға жол бермеңіз.

- Оқушылардың өзін-өзі бағалауын ынталандырыңыз, өзін-өзі бағалауға арналған парақшаларды қолданыңыз.

- Пəн аясында оқушылардың өз бетінше оқуы мен жазуы мен меңгеруін қадағалаңыз.

- Күтілетін жоғары нəтижелерге бағдарлай отырып, жаттығуларды оқушылардың қабілеттерімен сəйкестендіріңіз.

- Оқушылар жауаптарының ерекше болып, өз бетінше тұжырымдалуын жəне бастама көтеруге ұмтылуын қолдаңыз.

- Зерттеуге негізделген, проблема шешуге бағытталған тəжірибелік тапсырмалар дайындаңыз.

- Оқушылардан дербес кері байланыс алуды жоспарлаңыз.

- Барынша кең ауқымдағы тəжірибелік жəне зерттеушілік тапсырмалар мен жаттығулар орындауға мүмкіндік жасаңыз.

- АКТ қолдануды жоспарлаңыз.

- Ересек оқушылардың өзінен кіші оқушыларға көмектесуін ойластырыңыз, мысалы, тəлімгерлік жасау.

- АКТ-ның тиісті дəрежеде қолжетімді болуын қамтамасыз етіңіз.




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау