Осындай қасиетгер сіздің мінезіңізге сəйкес келсе, онда қарым-қатынас жасау барысында белгілі бір
нəтижені көре аласыз.
Қарым-қатынас мазмұны ақпараттық, жеке дарайық байла-ныстар арқылы басқа субъектілермен немесе
өзіндік қатынастар арқылы айқындалады. Оның қызметін төмендегі кестеден керуге болады:
Сондықтан да маманның комуникативтік мəденіиетіне төмендегідей мəселелерді енгізу керек:
• Адамдармен қарым-қатынас жасаудағы қызығушылық пен
алшақтық;
• Кəсіби əріптестермен қарым-қатынастағы өзіндік талпынысы;
• үйымдастырушылығы, өзіндік косіби беделі, өзіндік беделін көтсруге талпыііу;
• қарым-қатынас дегеніміз не, қарым-қатынас түрлері, қарым-қатынастың қүрылымы мен қызметі, қарым-
қатынастың қажеттілігі, қарым-қатынас стилі;
• білім жəне ақыл-ой;
№30 дəріс тақырыбы: Оқытудың жаңа техникалық құралдары
1. Басқа ел мектептерінде жаңа техникалық құралдарды қолдану жағдайлары
2. Оқу процесіндегі жаңа техникалық құралдардың орны
Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық сəйкестігін ескеріп
оқыту үрдісіне енгізу сабақты ұйымдастырудың жəне оқыту əдістерінің өзгеруіне əкееледі. Сондықтан жаңа
ақпараттық технологиялар келесі үш нұсқа түрінде жүзеге асырылуы мүмкін:
“тереңдетілген” технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша
қолдану);
негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологияның ең маңыздысы
ретінде қолдану);
монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни, диагностика, мониторинг
компьютерді қолдануға негізделсе).
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру, комуникативтік қабілетін дамыту;
“ақпараттық қоғамның” жеке тұлғасын дайындау;
білетін оқу материалының көлемін оқушы меңгере алатын деңгейге дейін өсіру;
зерттеу іскерлігін, тиімді шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру.
Концептуалды ұстанымдар төмендегідей:
оқыту – бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;
компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;
оқытудың диалог түрінде болуы;
басқарылуы: мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;
оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект
субъект, объект-субъект ;
жеке жəне топпен жұмыстардың үйлесуі;
оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едəуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедияны,
бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыларға ерекше психологиялық əсер етеді.
Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс жасай отырып, оқушы кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындауға
мүмкіндігіне ие болады. Себебі, оған қажетті көмек көрсетіліп отырады. Егер тиімді оқытатын жүйелер
пайдаланылса, оған тапсырманың шешімі де түсіндіріліп, тиімді жəне тиімсіз жүрістер талқыланады.
Қарастырылып отырған мəселенің тəжірбиелік маңызын аша отырып, өзінің ақыл – ойын пайдалануға,
кез-келген сұрақ қойып, кез-келген шешім жолын айтып, нашар баға алудан қорықпауға мүмкіндік
беретін компьютер оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырады.
Оқушылар белсенді түрде оқу үрдісіне тартылады. Дəстүрлі оқыту жүйесінің жетіспейтін жағы –
барлық оқушыларды оқу үрдісіне белсендік танытуын қамтамасыз етпеуі. Мысалы, жаңа материалды
түсіндіру кезінде көптеген оқушылар барлық күш жігерін жұмсап жұмыс жасамайды. Себебі
біреулеріне жаңа материл түсініксіз, екіншісіне бұл мəселе бұрыннан таныс, үшіншілері бұл кезде
басқа нəрсе ойлап отырады, т.б.
Орындалатын тапсырмалардлың түрлері көбейеді. Компьютер оқу үрдісін басқарудың икемділігін
қамтамасыз ете отырып, оқушылардың іс-əрекетін бақылаудың сапасын өзгертеді. Дəстүрлі оқытудың
негізгі кемшілігі – оқу іс-əрекетінің маңызды кездерін бақылаудың мұғалім үшін мүмкін емстігі. Сынып
оқушылармен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушылардың əрқайсысының орындаған барлық
тапсырмаларын тексере алмайды, ал дер кезінде түзетілмеген қателер игерілетін білім туралы кері пікір
тудырады, ал бұл қателерді түзету кейіннен өте қиын.
Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, ал көпшілік жағдайда ол қателерді
көрсетіп қана қоймай , оның типін анықтап , дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін
компьютер көмегімен басқару дипазоны өте кең: оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту
стратегиясын, тапсырмалардың қиындық деңгейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын
түсіндіру ретін таңдауға дейін. Оқушы тапсырманы орындау барысында өзі қажет ететін көмекті дер
кезінде алу өте маңызды. Бұған дейін ешбір оқыту құралы мұндай мүмкіндікке ие болған емес.
Компьютер оқушыда өз іс-əрекетінің рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен,
компьютер оқушыға өз іс-əрекетінің нəтежиесін көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді.
Компьютер мектепте білім беру үрдісінде пайдалану бірқатар пəндердің оқытылуын жаңаша құруға
мүмкіндік береді. Сонымен бірге компьютер тек қана мəліметтер қоры болып қала береді. Мұнда да
мұғалім қажет жəне оның ролі үлкен. Өйткені ол оқушыларға қажетті тірек білімін береді, сол білімнің
көмегімен оқушы өзінің нақты дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып өзін-өзі
дамыта алады.
Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік ақпараттық
ортаның болуы. Бүгінгі күні компьютерлік ақпараттық ортаның құрамына: мəліметтер қоры, гипермəтін
жəне мультимедия, имитациялы оқыту, электронды комуникациялар (желілер), эспертті жүйелер енеді.
Мəліметтер қоры дегеніміз – компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу,
сақтау жəне беру болып табылады. Мəліметтер қоры құрамына əр түрлі статистикалық мəтіндік ,
графикалық ақпарат енеді. Мəліметтер қорында ақпаратты жүйелеу жəне іздеу үш негізгі тəсілмен
жүзеге асады.
4. Иерархиялық мəліметтер қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар,
яғни иерархиялық типті ақпараттық-іздеу тілдері болып табылдаы.
5. Реляциялық мəліметтер қорының əрбір ақпарат бірлігіне белгілі бір атрибуттар меншіктеледі
(автор, түйінді сөз, аймақ, ақпарат түрі, т.б.) жəне оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен
жүзеге асады.
6. Статистикалық мəліметтер қоры екі өлшемді (кейде үш өлшемді) матрицаның көмегімен
ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен айналысады. Статистикалық мəліметтер қорын
басқаша электронды кестелер деп атайды.
Мəліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының
құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады.
Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану педагогикалық психологияның алдына
бірқатар көкейтесті мəселелер қойады. Біздің ойымызша, бұл мəселені екі топқа бөлуге болады. Олардың
біріншісі, оқытатын функциялар немесе олардың кейбіреулері техникалық құрылғыға жүктелетіндігімен
байланысты. Ең алдымен, бұл – оқушы мен компьютердің дара қарым-қатынасы мəселелері. Бұл тек қана
компьютер жүйелерінің техникалық немесе бағдарламалық жабдықталуының кемшілігінен ғана емес, адам
мен адамның жəне адам мен компьютердің қарым-қатынасының айтарлықтай ерекшелігінен туындайды.
Компьютер мұғалімді алмастыра алмайды, себебі ол оқу үрдісінің орталық тұлғасы бола тұра оқушыға тек
бағыттаушы ретінде əсер етеді, оқу материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды.
7. Электрондық оқу құралдары
8. Практикалық (семинарлық) жəне лабораториялық сабақтар бойынша методикалық ұсыныстар.
Семинар сабағы студентке не береді? Бұл:
Ғылым тілін меңгеру;
Ұғымдарды қолдану дағдысын қалыптастырады;
Интеллектуалдық проблемаларды жəне тапсырмаларды қою жəне шешудегі, өз көзқарасын қорғаудағы біліктіліктер
мен дағдыларды меңгеру.
Семинар сабақтары төмендегідей түрлерде өткізіледі:
1. Алдын-ала берілген тақырып бойынша топ болып əңгімелесу.;
2. Семинарға қатысушылардың талқылауы бойынша студенттердің сөйлеуі;
3. Топтарға бөліну, прзентация, мозака, жұппен жұмыс, т.б.
Семинарға дайындық жəне оның өткізілуі:
Семинар сұрақтары алдын-ала беріледі. Сұрақты түсінбеген жағдайда тікелей оқытушымен кеңесуіне болады.
Əрбір семинарға бөлек əдебиеттер тізімі жəне қосымша дайындалуға əдебиеттер тізімі беріледі. Студент сол
əдебиеттерді Университеттің оқу залдарынан(№4 корпус №1,2 оқу залдары), кітапхананың абонемент
бөлімдерінен (№4 корпус, №1 қабат) немесе кафедрадан алып дайындалуына құқылы.
Семинардың барлық сұрақтарына міндетті түрде дайындалу керек.
Семинарға дайындалу кезінде міндетті түрде болашақта емтихандар мен аралық бақылауларға керек болғандықтан
арнайы дəптерге барлық сұрақтар бойынша ақпараттарды жазып алу керек.
Семинар кезіндегі берілетін жауаптар міндетті түрде сұраққа сəйкес, қысқа да нұсқа түрде болуы жəне сұрақ толық
ашылуы тиіс.
Студенттер жауап беруші студентке кеселін тигізбей мұқият тыңдап отырғандары дұрыс.
Семинарға дайындалмай келген студенттің баллдары кемітіледі жəне сол тақырып бойынша дайындалып келіп
жауа бару керек.
Сұрақтарға жауап беруде жəне пікірталас туғызатын мəселелерге өз ойын айтқысы келген студенттер қолдарын
көтеріп, оқытушының рұқсатымен өз пікірлерін анық айтулары тиіс.
Семинарға қойылатын талаптар дəріс сабақтарында да сақталады.
Белсенді қатысқан студенттер қосымша тиісті балл ала алады.