Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан «А Ә б в»



жүктеу 1,96 Mb.
бет127/129
Дата19.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#37556
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
Жаңа әдіс-тәсілдер

«Шеңбердегі доп»

Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.



«Шиыршық»

Өткен материалдарды өзара байланыстыра еске түсіре отырып, жаңа материалды меңгертуге, сабақ материалының сабақтастығы мен негізгі пікірлерді есте сақтауға арналған әдіс. Мәселен, толықтауыштың мағыналық (тура, жанама) түрлерін өту барысында өткен материалды (толықтауыш туралы алғашқы мағлұматтарды, сұрақтарын) пысықтай отырып, жанама және тура толықтауыштың ерекшелігін салыстыра көрсету арқылы, тіркесетін етістіктерге назар аударту, сабақты, салт етістіктерді ойға түсіру, ой-пікірлеріне ерік бере, түрлі қызықты сипаттамалармен есте сақтауға жол ашу.

Оқушыңың жеке басы қабілеттерінің айырмашылықтарын қарастыра отырып, табиғатын тануға жетелер болсаңыз, ол бізді таңғалдырар сипаттамалар берері сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемізден балалар жазбаларынан үзінділер келтірейік.

«Тура толықтауышта турашыл, елжанды (патриоттық) мінез бар екен. Мен оны қайсар мінезді жанға, өзінің тегін өзгертпей, ата дәстүріне берік болатын адал перзентке ұқсаттым.»(Елдар)

«Жанама толықтауыштарды жақсы көріп қалдым. Жанына келген етістіктермен үйлесе кетіп, табиғатын өзгертіп, мекенді, іс-әрекетті таныта білетіні жақсы емес пе? Ал Арман оларды қызметін өзгертіп кеткен сатқын деп ренжіп отыр. Меніңше, бұл – тым қатты сөз, мен олай демес едім. «Нағыз уақыт тынысына сай өзгере білетін батыл да іскер сөйлем мүшелері!» - деп мақтар едім. «Мен істей алмаймын, бұл маған жат», - деп тұрмады, батылдықпен өзгерді, мүмкіндігін кеңейтті...»(Мөлдір)

«...Мен сабақты, салт етістікті ұмытып та қалған едім. Тез есіме түсіре алмай қиналдым. Аленді ұмытпаймын. Себебі мен жанама толықтауыштың достары салт, тура толықтауыштың досы болатын етістіктер сабақты деп аталатынын жақсы білетін боламын. Жанымда отыратын Асылбек екеуміз келіспей қалдық. Біз кез келген етістікті атап, оның алдына толықтауыш қойып отырғанбыз. «Кел» деген етістікті айтқанда, мен «маған» деген сөзді алдына қойдым. Егес осыдан басталды. Асылбек: «Ол салт етістік емес, себебі оның алдындағы сөз «кімге?» деген сұраққа жауап береді», - дедім. Осылай айта алғаныма қуанып отырмын. Әлде дұрыс айтпадым ба?»(Жанат)


«Ыстық орындық»

Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.




жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау