Оқыту түрі: күндізгі


Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі



жүктеу 6,11 Mb.
бет9/42
Дата13.02.2018
өлшемі6,11 Mb.
#9485
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42

4.7 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.

Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсыңда түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оку материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдерге әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция және кітаппен жұмыс кіреді.



Әңгімелеу. Бұл мұғалімнің сабақтын логикалық негізін түсіндіру, материалды дәйектілікпен, бейнелі түрде, доилогпен үзбектемей, баяндап беруі, оның қолданылу мақсаты мынадай:

  • оқушыларды өнертабыстардың және физикалық заңдарды ашудың тарихымен, аса көрнекті ғалымдар мен өнертапқыштардың өмірбаянымен таныстыру;

  • ғылым мен техниканың жетістіктерімен және даму перспективаларымен таныстыру;

  • оқып үйренілетін физикалық құбылыстар мен заңдардың құралдар мен техникалық құрылғылардың ғылымда, техникада қолданылуымен таныстыру;

  • табиғат пен техникалық қондырғыларда бақыланатын құбылыстарды сипаттау; Әңгімелеу тәсілін тәжірбиелер жасап, көрнекі құралдарды көрсетумен ұштастырып қолданады. Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тындаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеудің ұзақтығы 10-15 минуттан аспауы керек.

Түсіндіру. Бұл мұғалімнің курстың неғұрлым күрделі мәселелерін дәйектілікпен, қатаң логикалық тұрғыда баяндап беру. Физиканы оқытуда түсіндіру тәсілін төмендегі оқу міндеттерін шешу кезінде қолданады:

  • физикалық құралдар мен машиналардың құрлысын және жұмыс істеу

принциптерін оқып үйренген кезде;

  • денелердің физикалық қасиеттерін заттардың атомдық-молекулалық құрлысы туралы түсініктер мен электрондық теория негізінде түсіндіргенде;

  • физикалық заңдардың мәнін оқып үйрену мен олардың арасындағы байланысты ашқанда;

Түсіндіруді көрнекілік құралдардын қолданылумен қоса қабат жүргізген жағдайда ғана, ол материалды оқушылардың терең де берік меңгеруін қамтамасыз етеді.

Лекция. Лекция әңгімелеумен түсіндірумен салыстырғанда баяндаудың үлкен ғылыми қатаңдығымен және едәуір ұзаққа созылатындығымен сипатталады. Әдетте ол тұтас сабаққа арнап мөлшерленеді. Лекция тәсілін негізінен жоғары сыныптарда қолдануға болады, өйткені ол оқушылардан ұзақ уақыт бойы тұрақты зейін қоюды, жоғары дәрежеде дамыған абстрактілі ойлауды, лекция барысында негізгі идеяларды, қортыңдыларды, заңдардың тұжырымдарын, формулаларды жазып отыру шеберлігін талап етеді.

Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларда бар білімдерге, практикалық тәжірибе мен тәжірибелік көрсетулерге сүйеніп, сұрақтардың көмегімен оқушыларды жаңа білімдерді түсінуге және меңгеруге алып келетін оқыту тәсілі. Материалды әңгімелесу тәсілімен баяндау мұғалім мен оқушы арасында диалог түрінде өтеді. Мұғалім тәжірибелержасап көрсетіп немесе мектеп оқушылары орындайтын тәжірибелерге сүйеніп, оларға сұрақтар қояды. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар логикалық пайымдау жолымен, алға қойылған мәселелер жөніндегі дербес ақыл-ой жұмысы арқылы тұжырымдар мен жинақтаулар жасайды. Физиканы оқытуда қолданылатын әңгімелесу тәсілі – жаңа материалды оқып үйренудің және оқушылар білімдерінің сапасын тексерудің негізгі әдістерінің бірі. Оны мынадай жағдайларда қолданады:

  • физикалық заңдарды демонстрациялық тәжірибелермен және оқушылардың фронтальдық экспериментімен ұштастырып оқып үйренген кезде;

  • физикалық құбылыстардың мәнін ашып-айқындау кезінде;

  • физикалық ұғымдарды қалыптастыру барысында;

  • жаңа материалды оқып үйрену үрдісіне сүйену үшін білу қажет болатын бұрын өтілген материалды қайталау кезінде;

  • алға қойылған проблеманы шешу жолдарын анықтау кензінде;

Көрсетілген жағдайларда әңгімелесу тәсілі – негізгі, ал басқа әдістер қосалқы болып табылады. Қарастырылған жағдайларда бұл әдіс, басқа әдістерге қарағанда, оқушыларда оқып үйренілетін мәселеге деген ынта-ықылас тудыруға, олардың ойлауын күшейтуге жақсы мүмкіндік тудырады.

Кітаппен жұмыс. Кітап – білімнің қайнар көзі. Оқушылар физика оқулықтарымен жұмыс істеп, белгілі физикалық білім жүйелерін меңгереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады, ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады. Материалды қабылдау үстінде де, оны пысықтау және қайталау кездерінде де кітаппен жұмыс істейді.

Негізгі әдебиеттер: [1,4,5,7]

Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22]
Тақырып 5. Физикалық демонстрациялық эксперимент

5.1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы мен түрлері, оған қойылатын әдістемелік талаптар.

5.2. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы. Физикалық приборлардың жалпы сипаттамасы және классификациясы.

5.3. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.



5.1. Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы мен түрлері, оған қойылатын әдістемелік талаптар.

Мектептегі физика курсындағы эксперимент — бұл физика ғылымына тән, зерттеудің ғылыми әдісінің көрінісі. Оқушыларды эксперименттік әдістің мән-мағынасымен, оның физика саласындағы ғылыми зерттеулердегі ролімен таныстыру үшін, сондай-ақ мектеп оқушыларының қандай да бір тәжірибелік дағдыларымен қарулануына эксперименттер мен бақылаулардың маңызы зор. Физикалық экспериментті негізге алып, құбылыстарды оқып үйрену — оқушылардың ғылыми көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруге, мектеп оқушыларының пәнді оқып үйренудегі қызығушылығын арттыруға себін тигізеді.

Мектепте жасалатын физикалық эксперимент негізгі екі түрге бөлінеді: демонстрациялық (көрсетілімдік) (ол көбінесе мұғалім орындайтын және сыныптағы барлық оқушылар бір мезгілде қабылдауына арналған) және зертханалық (мұны оқушылар орындайды). Эксперименттің бұл екі түрі бірін-бірі толықтырады. Кейбір жағдайларда оқушылардың зертханалық жұмыстарын қойған жөн, ал басқа бір жағдайларда демонстрациялық экспериментті пайдаланған жақсы.

Демонстрациялық эксперимент кұбылыстарды және заңдарды оқып үйрену үстінде, оқушының ой-өрісіне мұғалімнің белсенді басшылығы керек болған жағдайларда қажет болады. Эксперимент демонстрациясы — мақсат көздеген процесс, оның барысында мұғалім мектеп оқушыларының сезу және қабылдау түйсіктеріне басшылық етуді іске асырады және осылардың негізінде белгілі бір түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырады. Демонстрациялық эксперименттерді мұғалімнің сөзімен ұштастыру — физикалық ұғымдардың ойдағыдай қалыптасуына маңызды шарттардың бірі.



VII—VIII сыныптарға арналған физика бағдарламасында әрбір такырыпқа демонстрациялық эксперименттердің міндетті минимумы көрсетілген. Бұл эксперименттер зертханалық жұмыстармен бірге оқушылардың физикалық білімінің эксперименттік негізі болып табылады. Демонстрациялық экспериментті өткізгенде түрлі мақсат көздеуге болады: бір құбылысты не екінші бір құбылысты бақылау, ұсынылған болжамды тексеру, физикалық заңдылықтарды айқындау және олардан келіп шығатын салдарларды тексеру. Өте маңызды физикалық ұғымдарды қалыптастыруға негіз болған заңдардың, физикалық болжамдар мен теориялардың мән-мағынасын ашып беретін эксперименттер ерекше орын алуы тиіс. Мұндай эксперименттерге, мәселен, Эрстедтің, Фарадейдің классикалық эксперименттері жатады. Бұларға физика пәнінің мұғалімі айрықша көңіл бөлуі тиіс. Сондай-ақ физиканы оқытуда көмекші сипатта болатын немесе оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындайтын проблемалық эксперименттердің алатын орны айтарлықтай. Техникалық құрылғылардын немесе құралдардың жұмыс істеу принципін, технологиялық процестердің физикалық мәнін айқындайтын демонстрацияларға лайықты көңіл аударылуға тиіс.

Демонстрациялық эксперименттердің мәні. Физиканы үйрену процесі айналадағы физикалық құбылыстарды ұйымдастырылған түрде бақылаудан басталады. Мұндай бақылаулар оқушылармен қандай да бір дәрежеде физиканы жүйелі курсын оқып үйренуге дейін жүргізіледі.

Алайда физиканы үйрену кезінде осындай қормен шектеліп және соған ғана сүйену төмендегідей ұсыныстар тұрғысынан алғанда дұрыс болмас еді. Біріншіден, мұндай түсініктер барлық оқушыларда бірдей емес; екіншіден, кейбір оқушыларда олар тіпті дұрыс болмауы да мүмкін; үшіншіден, бұл түсініктер қандай да бір жаңа материалды қабылдап, түсіну үшін әрқашан жеткілікті бола бермейді. Түсініктер қоры, эксперимент көрсеткендей, бүкіл курс бойы біртіндеп, жүйелі түрде толықтырылып отырылуы керек.

Мұның, бәрі оқуға керекті арнайы ұйымдастырылған демонстрациялық эксперименттерді сыныпта жүргізу қажеттілігіне келіп тіреледі.

Тиісті түсініктер беріліп, дұрыс қойылған физика демонстрациялары нақтылы қондырғының жеке құралдарын, тетіктерін, детальдарын т. б. Соны ғана емес, сонымен бірге оқып үйренілетін физикалық құбылыстарды, процестерді және заңдылықтарды да оқушылардың көруіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, демонстрациялар тікелей мұғалімнің басшылығымен оқушыларды бақылауларды неғұрлым жинақты және дәл жүргізуге үйретеді. Олар білім көзін сыртқы дүние құбылыстарынан, эксперименттен іздеуге мәжбүр етеді және табиғаттың ақиқаттығы жайлы ғылым ретінде, физика туралы материалистік түсінікті қалыптастырады.

Ақырында, дұрыс көрсетілген демонстрациялық эксперименттер оқушылардың физикаға деген жанды жеңіл қолдау табатын қызығушылығын туғызады.

Оқушылардың сыныпта ұйымдастырылған бақылаулардан алған алуан түрлі физикалық түсініктері және соның әсерінен туындаған физикаға деген қызығушылық дұрыс оқытуды қамтамасыз етеді. Олар қарапайым құбылыстар, физикалық шамалар, шамаларды өлшеу әдістері, жеке құралдар, қондырғылар т.б. туралы жай түсініктен негізгі физикалық ұғымдарды тағайындауға көшуді бүтіндей табиғи және мүмкін ете алады. Сабақтың басқа түрлерінде (зертханалық жұмыстарда, есептер шығарғанда, сұрағанда) бұл ұғымдар содан кейін бүкіл оқыту мерзімі бойы дерлік қалыптасады, дамиды, тереңдей түседі. Олардың арасында байланыстар мен тәуелділіктер біртіндеп тағайындалады, яғни оқушыларды физикалық заңдар мен теорияларды оқып үйренуге — курсты шын мәнінде, терең, меңгеруге сөзсіз жетелейді.

Демонстрациялық эксперименттерге қойылатын талаптар. Демонстрациялық эксперимент оқыту процесіндегі қажетті элементтердің бірі болып табылатындығы оқыту экспериментінен жақсы таныс. Оның негізгі міндеті белгілі бір ойдың сабақтың мазмұнымен тығыз органикалық байланыста екендігін айқын да, сенімді көрсету, қандай да бір қағиданы түсіндіру, нақты сұрақ қою немесе оған жауап беру болып табылады.

Демонстрациялық эксперимент, ол иллюстрациялауға тиісті заңдылықтардан едәуір күрделірек, өйткені міндетті түрде жанама қажетсіз құбылыстар бірге ілесіп жүреді. Сыныпта экспериментті дұрыс көрсету үшін мұғалім ең алдымен осы жанама құбыстардың ретін тауып жойып немесе азайтып отыруы, оларды оқушылардың назарына ілікпейтіндей етіп жіберуі керек. Әйтпесе баса назар аударудың орнына оқушылардың көңілі бөлініп кететіні байқалады және эксперимент теріс нәтиже беруі мүмкін.

Осылайша бөліп алынған, сонан соң, сыныпта көрсетілген құбылыс қашан да бірдей байқалатын және барлық оқушыларға бірдей түсінікті болып шыға бермейді. Керісінше, бұл жерде экспериментті оқушыларға жеткізіп, оны қабылдап алатындай ету үшін, зор педагогикалық шеберлік көрсетуге тура келеді.

Алаңдап және тақырыптан тысқары шығып кетпеу үшін демонстрациялар сабақтың мазмұнымен органикалық біріге келіп, көзделген мақсат үшін қажетті және жеткілікті болатын шамалы уақыт қана оқушылардың назарын аударуы керек.

Сондықтан, демонстрациялық экспериментке бірнеше әдістемелік және техникалық талаптар қойылады.



1. Қысқа мерзімділігі. Демонстрациялық эксперимент үшін уақыт режимін қатан сақтау, егер иллюстрацияланатын құбылыстың өзінің мазмұны қажет етпесе, сабақ кезінде бір эксперименттің қайталануына мүмкіндік бермейді. Демек сабақта әрбір эксперимент міндетті түрде бірден сәтті шығуы керек. Себебі бірден сәтті шықпаған эксперимент әрқашан көңілді бөледі, бірқатар жанама сұрақтарды туындатады және оқушыларда қажетсіз күдік туғызады.

2.Сәтті шығуы. Ол эксперименттердің сәтті шығуына толық кепілдік береді. Сондықтан да оларды дайындағанда әрқашан мына бір мақалды естен шығармаған жөн: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» — экспериментті бір рет жақсы көрсету үшін, оны алдын ала бірнеше рет сынақтан өткізу керек.

3.Айқын көрінерлігі. Бұны ең маңызды талап деп санаған дұрыс және сыныптағы демонстрациялар туралы сөз болғанда, қашан да ең алдымен осы жөнінде айтуға тырысу керек. Алайда бір ғана жақсы көрінерлігі де толық нәтижеге жеткізбейтіндігін іс жүзінде оңай көрсетуге болады.

4. Сенімділік. Айқын көрінерлік пен мәнерлілік маңыздылығы жағынан олардан алыспайтын төртінші талапқа демонстрациялық эксперименттердің сенімділігіне келіп тіреледі. Төмендегі эксперимент сенімділіктің жеткіліксіздігіне мысал бола алады, оның көмегімен оқушыларға көбінесе бір қалыпты қозғалыс көрсетіледі.

Ұзындығы 60—80 см шыны түтікке су немесе басқа сұйықтық құяды да оған тығыздығы сұйықтықтың тығыздығынан бірнеше артық немесе кем болатын кішкене шар салынады. Түтікті тез-тез аударып көріп және оны тігінен орналастырып, сұйықтағы шардың біртіндеп төмен түскенін (батқанын) немесе жоғары көтерілгенін (қалқып шыққанын) көрсетеді. Шардың бұл жердегі қозғалысы шынында да бірқалыпты болады, бірақ оқушылар мұны көру үшін қозғалыстың бірқалыптылығын сипаттайтын белгілерді көрсету керек: тең уақыт аралықтарында шар жолдың тең кесінділерін жүріп өтетінін көрсету қажет. Мұнсыз эксперимент өзінің мәнін жояды: ол сенімсіз болып шығады.

5. Әсерлік. Кейде демонстрациялық эксперименттерге олардың негізгі және қажетті сапасы болып табылмайтын бірақ кейбір жағдайларда, оқу материалын дұрыс жоспарлағанда пайдалы әсерлілік (эффектілік) беруге ұмтылады. Әсерлі эксперименттер көбінесе жаңаны айқындай түсу үшін емес, оқылып кеткенді иллюстрациялау үшін керек. Әсерліліктің арқасында олар оқытуды жандандырады, қызығушылықты тудырады, өтілген материалмен оңай ұласады және оқушылардың осы материалды есінде жақсы қалдыруына мүмкіндік береді.

Өзінің сипаты бойынша осыған ұқсас эксперименттер әсіресе оқылып отырған бөлімнің соңында демонстрациялау үшін қажет, сонда олар өткен материалды қорытындылайды, бірақ кейде оларды ең басында да көрсетуге болады. Бұл жерде әсерлі эксперименттер өзінің әсемдігімен, кейбір ерекшеліктерімен оқушылардың назарын аударады және келесі бірнеше сабақтардың тақырыптары болатын бірқатар сұрақтарды туғызады.

6. Ғылыми нанымдылық. Бұл талап эксперименттің мынадай нұсқасын, яғни бақыланып отырған әсер зерттелетін құбылыс арқылы мүлтіксіз түсіндірілетіндей нұсқасын, таңдау және көрсету керектігін білдіреді.

Демонстрациялық эксперимент — табиғи құбылыстарды жасанды қолдан туғызылған жағдайларда қайталап көрсетеді және олардың нәтижесінде ішінен экспериментаторға керекті өзара байланысқан факторларды айырып береді. Алайда көбінесе соңғы нәтижеге бақылаушының назарынан кейде тыс қалатын жанама кұбылыстар елеулі әсерін тигізеді, сондықтан да алынған әсерді түгелімен бақылаушы білгісі келген фактордың құбылысына апарып жөнсіз телиді. Нәтижесінде эксперименттің түсіндірілуінде өрескел қате жіберіледі. Мәселен, газ суынған кездегі қысымның азаюын көрсететін стақанмен жасалатын эксперимент бәріне белгілі. Мұғалім төңкерулі стақанның ішіне бір жапырақ қағаз тұтатып, сонан кейін оның түбін жоғары қаратып, суы бар астаушаға қояды. Біршама уақыттан соң стақандағы су көтеріледі және мұғалім бұл құбылысты суынған кездегі ауа көлемінің кішіреюімен түсіндіреді. Бірақ оқушылар көбінесе су «оттегі жанғандықтан» көтеріледі деп ойлайды. Сенімсіз дәлелдеу басталады, бұдан экспериментті жанама кұбылыстар неғұрлым аз болатындай басқа бір нұсқасын көрсетіп, құтылуға болар еді. (Берілген жағдайда стақанды жылы ауа ағымында немесе ыстық суда жылытып, сонан кейін барып оны салқын суы бар астаушаға батырған жөн.)



7. Түсініктілік. Демонстрациялар, сөз жоқ, оқушылардың түсінігіне жеңіл және олар көрсетілетін сабақтың оқу материалымен жүйелі байланысқан болуы тиіс. Сондықтан эксперименттердің әр түрлі нұсқауларының ішінен оқушылардың сол кезеңдегі дайындығына сәйкесін іріктеп алу керек.

8. Көрнекілік. Бұл талап бәрінен де бұрын демонстрациялардың сыныптағы барлық оқушыларға жақсы көрінуін және оқып үйренілетін құбылыстың негізгісін және бастысын нанымды көрсету жағын ойластырады.

Эксперимент айқын болуы тиіс. Мысалы, электрлену кезіндегі денелердің тартылысын көрсететін демонстрация үшін көптеген эксперименттерді пайдалануға болады: қағаз қиындыларының тартылысы немесе шұғаға ысылған эбонит таяқшасы бар «сұлтан» жолағы тартылысы; электростатикалық маятниктің станиол гильзасының тартылысы; ауырлық центрінен жіпке асылған метрлік сызғыштың немесе тіпті су құбырының тартылысы. Осы эксперименттердің бәрінен де айқынырағы және әсерлісі соңғысы екені көрініп тұр.



Еңбекті ғылыми ұйымдастыру талаптары. Сабақтың әр минуты қымбат. Сондықтан эксперименттер мен құралдарды оларды дайындауда уақытты минимум аз алатын, оның үстіне жұмысқа сенімді және мүдірмейтіндерін пайдалану өте маңызды. Мәселен, архимед күшінің демонстрациясының көп нұсқаларының ішінде басқаларынан гөрі қарапайым және тоқтаусыз құрал «Архимед шелегімен» орындалады

5.2. Физикалық оқу экспериментінің жүйесі және оқу жабдығы. Физикалық приборлардың жалпы сипаттамасы және классификациясы .

Мұғалімнің демонстрациялық экспериментті өткізуге дайындығы. Мектептің көп жылдық тәжірибесі оқушылардың сыныпта және үйде, экскурсияда орындайтын демонстрациялық эксперимент, жаппай және өзіндік зертханалық жұмыстардан тұратын оқу физикалық эксперименттің белгілі бір системасын жасады. Бұл система физика заңдарының объективтігін көрсетуге көмектеседі, оқушыларды ғылымдағы зерттеудің эксперименттік әдісімен таныстырады, эксперименттік шеберліктері мен дағдылардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың танымдылық қызығушылығын арттырады. Оқыту нәтижесі елеулі дәрежеде эксперименттің оқу материалымен қаншалықты қисынды және тығыз байланысты екендігіне, оқу эксперпментінің әр түрлерінің өзара қаншалықты байланысты екендігіне, ең негізгісі қандай да болмасын эксперименттің оқу материалын баяндау системасына қаншалықты дәл енгізіліп отырғандығына байланысты. Мұғалімде экспериментті қою жөнінде қандай да бір алгоритм болуы тиіс, үнемі сол принципті ұстауы және соған оқушыларды үйретуі тиіс. Мысалы, қандай да бір тәуелділікті тексеру үшін мынадай тәртіпті сақтауға болады:

  1. Мәселенің қойылысы (қандай тәуелділікті тексеру керек).

  2. Эксперимент жасауға дайындыққа оқып үйренетін тәуелділік орындалатын шарттарды анықтау; б) осы тәуелділікті эксперимент жасап тексерудің мүмкін нұсқаларын байқап көру; в) осы нұсқалардың бірін таңдап алу; г) қажетті дәлдікті және өлшеу шегін ескере отырып, берілген тәуелділікті тексеруге болатын құралдарды таңдап алу.

III. Пайдаланылатын өлшеуіш құралдарды игеру: а) шкалаларды оқу (бөлік құнын, құралдардың көрсетуін жазып аларда шкалаға қатысты көздің дұрыс орналасуын анықтау, көрсетулерді санау, көрсеткіштің нольдік қалпын есепке алу); б) құралдарды желіге қосу ережесін және олармен жұмыс істеу тәртібін сақтау; в) қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.

IV. Жұмысты орындау: а) тексеріліп отырған тәуелділікті (заңдылықты), жалпы және нақты түрде (берілген жағдайлар үшін) жазу; б) күрделі тәуелділікті бір айнымалыдан алынған жай тәуелділіктерге жіктеу (мысалы, тәуелділігін R соnst болған жағдайдағы U-дан алынған I тәуелділікке және U соnst болған жағдайдағы - ден алынған I тәуелділікке жіктеу); в) өлшенетін шамаларды жазу үшін кесте құру; г) эксперимент жасау, сәйкес өлшемдерді орындау және кестені толтыру; д) өлшеу қателіктеріне «ену».

V. Нәтижелерді өңдеу: а) кестеден алынған сан мәліметтерді тексеріліп отырған тәуелділіктің формуласына қою; б) зерттеу дәлдігін бағалау. В) эксперименттік және теориялық (күтілетін) нәтижелерді (зерттеудегі қателікті ескере отырып) салыстыру.

VI. Зерттелетін тәуелділіктің орындалуы туралы қорытындының тұжырымдамасы.

Оқу экспериментінің әр түрін жүргізген кезде мұғалім оқушылардың назарын экспериментті қоюдың және орындаудың жеке кезеңдеріне ерекше назар аударады, бірақ жалпы алғанда оқушыларда бүкіл алгоритм, зерттеуді орындауға қажетті барлық дағды қалыптасатын болады.

Бір ғана экспериментті қоюмен кұбылысты оқып үйрену жеткіліксіз екендігін үнемі айқындап айтып отыру тиімді. Әр құбылыстың түрлі заңдылығын тексеретін эксперименттердің бүтін бір сериясының болғаны жөн. Тек оқу мақсатында ғана ғылымда зерттеліп болған құбылысты қарастыру үшін біз 1—2 экспериментті жасаумен шектелеміз.

Физикаға арналған демонстрациялық экспериментті, жаппай жүргізілетін зертханалық жұмыстарды және үй эксперименттерін қоюдың әдістемесі мен техникасы арнайы басшылық әдебиеттерде толық түсіндірілген. Экспериментті алғашқы басқышта оқу материалын көптеген мысалдар арқылы баяндау процесіне енгізу әдістемесі осы жұмыста қарастырылған.

Алайда оқу физикалық эксперименттің осы кездегі жүйесіне оқу процесінің эмоционалдық жағдайын жасауға көмектесетін кейбір қосымшаларды енгізу, мысалы техникалық ойыншықтарды пайдалану тиімді. [4]

1. Мақсаттың қойылуы. Оқушыларға әрбір эксперименттің қойылу мақсаты айқын болуы тиіс. Әрбір демонстрация мектеп оқушыларының қызығушылығын арттырып, олардың белсенді ойлай білуіне түрткі болуы тиіс. Осы мақсатта бәрінен де бұрын проблемалық эксперименттерді өткізуге сүйену дұрыс. Проблемалық эксперименттерді байқалған құбылыстарды түсіндіру, оқушының шығармашылық ойын қозғайды, өйткені тұйыққа тіреген қиындықтарға, туындаған сұрақтарға ол өз бетінше және белсенді түрде жауап іздейді. Бұны төмендегі мысалдан көруге болады.

Мұғалім сұйық ішіндегі қысымды оқып үйрену кезінде алғашқыда алдын ала мынадай эксперименттер жасайды: жіпке асылған пластмасса дискі алып, оны түсіріп жібереді — дискі үстелге құлап түседі, әрі қарай дискіні суға батырған жағдайда да дискі құлайтынын көрсетеді; сонан соң қуыс цилиндр алады және оның арасынан жіп өткізіп, оның төменгі аузын дискімен мықтап жабады. Цилиндрді суы бар ыдысқа батырады. Жіпті қолдан босатып жібереді, сонда пластинка цилиндрдің жиектерінде ұсталып тұрғанын бақылайды. Оқушыларға мынадай сұрақ қойылады: «Ауада құлап, ыдыстағы судың түбіне шөгетін пластинка неліктен суға батырылған цилиндрдің жиектерінде ұсталып тұрады?» Оқушылардың белсенді ойлау әрекетін талап ететін проблемалық ситуация (құбылыс) осылайша пайда болады.

2. Эксперименттерді өткізу шапшаңдығы. Экспериментті көрсету қарқыны материалды ауызша баяндау қарқынына және оны оқушылардың қабылдау жылдамдығына сәйкес болуы тиіс. Егер тәжірибе оқушылардың қабылдап алғанынан гөрі шапшаңырақ өтсе, оны қайталаған жөн және де егер мүмкін болса, баяуырақ қарқынмен қайталануға тиіс. Бұған насостардың шыны модельдеріндегі клапандардың әрекетін демонстрациялау және шойын цилиндрдегі газдардың қопарылысы кезіндегі олардың жұмысын көрсету демонстрациясы мысал бола алады .

Сонымен бірге нәтижесіз ұзақ-сонар экспериментті демонстрациялау бақыланып отырған құбылысқа қызығушылықты мұқалтады, босқа уақыт оздыруға және баяндау қарқыны мен қабылдау қарқынын сақтамауға келтіретінін есте ұстаған жөн.

Демонстрацияға арналған қондырғыны оқушылардың көз алдында құрастырған жөн. Бұл экспериментті түсінуді және оны қабылдауды жеңілдетеді. Тек өте қажетті жағдайларда, мысалы ұзақ-сонар жөндеуді керек ететін электр тізбектерін немесе қондырғыларды құру кезінде, құралдардың біразын немесе тұтас қондырғыны алдын ала құрастырылған күйінде демонстрациялауға болады.

Түсінуге күрделі немесе қиын процестерді демонстрациялау кезінде тұтас эксперименттер сериясын көрсету, яғни бір құбылыстың өзін бірнеше тәсілмен немесе әр түрлі көзқарас тұрғысынан көрсетуге жүгіну: мәселен, электрленген денелердің қасиеттерін түсіндіретін эксперименттер, түрлі конфигурациялы тогы бар өткізгіштерде магниттік қасиеттердің бар болатынын көрсететін эксперименттер сериясын өткізу.

Негізгі әдебиеттер: [1,4,5,7,8]

Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,20,21,22,26]


жүктеу 6,11 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау