Методикалық нұсқаулар:
Жұмысқа кіріспестен бұрын студент Кеплер заңдарын жақсы меңгеріп алуы тиіс сонымен бірге астрономия календары- Тұрақты бөлігінде жасанды аспан денелеріне тиісті материалды меңгеруі тиіс.
№ 14 Практикалық жұмыс
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Екі дене есебі.
Мақсаты: Аспан денелерінің массаларын анықтау және гравитациялық үдеуді зерттеу.
Кұралдар: «Астрономический календарь-постоянная часть» немесе «справочник любителя астрономии», калькулятор.
Тапсырма
Айдың Жерді айналған қозғалысы бойынша СИ жүйесінде Жердің массасын анықтаңыздар.
Төмендегі Кіші планеталардың орташа, перигелийлік және афелийлік қашықтықтардағы шеңберлік, параболалық және нақты жылдамдығын анықтаңыздар: Психея, Андромаха, Эксулапия, Урания, Галатея, Глазенапия, Полигимния, Фотографика, Фидес, Гармония, Палес, Ева, Ламберта, Симиза.
2-пункттегі эллипстік орбита үшін есептелген жылдамдықтарға сүйеніп, денелердің осындай қозғалысына тән белгілер жөнінде қорытынды жасау.
Жер массасын бірлік етіп алып, мына денелердің массаларын анықта: Күн және Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Марс, Юпитер, Сатурн, Плутон, Уран, Нептун, Юпитер, Сатурн, Уран, Сатурн.
Дәл сол планетаның, Айдың және Күннің бетіндегі ауырлық күші үдеуінің салыстырмалы мәнін табыңыздар. Осы аспан денелерінің бетіндегі өз салмақтарыңызды есептеңіздер.
Айдың және сол планетаның бетінде «Восток» космос кемесінің салмағын табыңыз. Осы кеменің жер бетіндегі салмағы 4,7 т.
Сол аспан денелерінің бірінің бетінен бір, төрт және тоғыз радиусқа тең қашықтықтарда ауырлық күші үдеуін табу керек. Жердің және сол планетаның, Күннің тартылыс өрісіндегі гравитациялық үдеулерін табыңыздар.
Жердің және сол планетаның Күннің тартылыс өрісіндегі гравитациялық үдеуін есептеп табыңыздар.
5-8 пункттерін талдап, әртүрлі денелердің тартылыс өрісінде гравитациялық үдеу мәндерінің әртүрлі мәнге ие болуының себептері жөнінде қорытынды шығару.
Гравитациялық үдеудің сәйкес аргументтерден тәуелділігін графиктік түрде көрсету.
Күн, Ай және сол планетаның орташа тығыздығын өзгеріссіз қалдырып, диаметрлерін ойша екі есе өсіретін болсақ, олардың бетіндегі ауырлық күші үдеу сан мәні жағынан қандай болар еді.
Ай қазіргісінен гөрі екі есе үлкен қашықтықта Жерді айналатын болса, және сол кездегі периоды қазіргісіне тең болуы үшін Жердің бұл жағдайдағы массасы қазіргісімен салыстырғанда қандай болуы керек.
Күннің массасы кенеттен өзгеріп қойсын делік, сол кезде сіздің планетаңыз өзінің орбитальдық жылдамдығын сақтай отырып, Күн серігі болудан қалу үшін Күннің бұл гипотезалық массасы қандай болу керек.
Тапсыруға қажетті сұрақтар:
1.Екі дене есебі.
2.1/,8/,9/,10/,12/,14/ формулаларын қорыту.
Жұмысқа кіріспес бұрын дайындалатын сұрақтар.
Егер де планета серігінің массасы планетамен салыстырғанда ескермейтін аз болмаса, серіктің массасын қалай анықтауға болады. Орталық дененің массасы, серіктің айналу периоды және орбитасының үлкен жарты осі белгілі деп есептеу қажет.
Шеңберлік, параболалық және нақты жылдамдықтың формулаларын келтіріңіздер. Планетаның Күннен перигелийлік, афелийлік және орташа қашықтығы неге тең.
9/ формуланы қолданып, Жер массасын бірлік етіп алып, планета массасын қалай анықтайды.
Аспан денелерінің бетінде ауырлық күші үдеуін. Қандай да бір дененің салмағын қалай табуға болады.
Планета бетінен қашықтығы планетаның бір радиусындай нүктеде ауырлық күші үдеуін қалай анықтауға болады.
Планетаның диаметрі екі есе өскенде, тығыздығы өзгеріссіз қалатын болса, дененің массасы қалай өзгерген.
Орталық дененің массасы кенеттен өзгергеннің нәтижесінде, серік одан екі есе қашықтыққа ұзап, бұрынғы периодпен айналатын болса, массасы қаншаға өзгерген.
Методикалық нұсқаулар:
Жұмысқа кіріспестен бұрын студент Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы мен Кеплер заңдарын жақсы білетіндігін көрсетуі тиіс. Бұл жұмыс толығымен астрономия есептері болып табылады.
Әдебиеттері:1. Попов П.И., Воронцов-Вельяминов Б.А., Куницкий Р.В. «Астрономия», Изд. 5-е М. 1967 г. Гл.
Бакулин П.И., Кононович Э.В., Мороз В.И. «Курс общей астрономии», Изд. 2-е М. Наука, 1970г.
Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин И.А., Чаругин В.М. «Астрономия», М. «Просвещение» 1983 г. Гл.
№ 15 Практикалық жұмыс
Зертханалық жұмыстарды қорытындылау
Мақсаты: жұмыстарды қорытындылап, толық есеп беру.
Кұралдар: Дәріс, ОЖСӨЖ,СӨЖ конспектілері, емтихан сұрақтары.
Әдебиет:Дәріс, ОЖСӨЖ,СӨЖ конспектілері
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),
ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),
лабораториялық тәжірибені енгізумен
байланысты.
ОЖСӨЖ-де де, СӨЖ-де де студент өз бетімен жұмыс істеу керек, өз бетімен мәселе қойып, оны шешу жолдарын іздестіруді үйрену керек.
Материалды дұрыс жаза білуі қажет, яғни мақсатын, қоятын мәселелерін, оларды шешу жолдарын, қорытындыларды және т.б. келтіре алуы керек.
Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)
Астрономия дамуындағы мұсылман ғалымдарының ролі.
Айдың Жерге әсері.
Астрономияның физикамен өзара байланысы.
Күннің энергиясын пайдалану мәселесі.
Кіші планеталардың ашылу тарихы.
Біздің Галактиканы зерттеу мәселесі.
Тапсыру уақыты- 14 апта
|
Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
Астрономия пәні. Іргелес ғылымдар.
Астрономияның теориялық және танымдық мәні.
Аспан сферасы, сфералы астрономиярың негіздері.
Астрономиялық коордираталар: горизонттық және экваторлық координаталар жүйелері.
Кульминация. Меридиандағы жарық көзінің биіктігі.
Жердің күнді айнала қозғалуы және Күннің эклиптика бойынша жылдық қозғалысы.
Жыл мезгілдерінің алмасуы және климаттық белдеулер.
Күндік және жұлдыздық уақыт. Нақты және орташа күндік уақыт.
Уақыттың теңдеуі. Жергілікті уақыт және бойлық.
Поястық және декреттік уақыт. Бүкіләлемдік уақыт. Уақыттың атомдық стандарты.
Күнтізбектің пайда болу және дамуы тарихы.
Жұлдызды каталогтар және астрономиялық жылнамалар, жұлдызды аспан картасы.
Планеталардың көзгекөрінер қозғалысы. Планеталардың символикасы.
Ежелгі Грециядағы астрономияның дамуы. Пифагор, Аристотель, Гиппарх, Птолемей.
Коперник және әлемнің Гелиоцентрлік жүйесі.
Астрологияның маңызы.
Тихо, Браге, Кеплер және планеталардың қозғалысы туралы заңдар.
Қазіргі көзқарас бойынша Күндік Жүйенің құрылымы.
Тәуліктік параллакс. Күннің параллаксы.
Жердің Күнді айнала қозғалуын дәлелдеу: жылдық параллакс, жұлдыздық абберациясы.
Күннің және айдың тұтылуы. Тұтылудың шарттары мен жиілігі.
Тартылыс заңының әмбебаптылығы. Кеплердің жалпылама заңдары.
Плутон және Нептун планеталарының ашылуы.
Жер осінің прецессиясы, оның себептері мен салдары. Нутиция.
Космонавтика элементтері. ЖЖС, ИНТ орбитасын есептеудің қарапайым тәсілдері.
Телескоптар, олардың қолданылуы, көрсеткіштері:
Рефракторлар, рефлекторлар.
Астрофотометрия негіздері. Погсон формуласы.
Спектралдық анализ негіздері. Спектралдық приборлар.
Сәуле шығару заңдары. Доплер принципі.
Күн жүйесі жайлы жалпы мағлұмат.
Фотосфера. Грануляция, шырақтар, күннің дақтары.
Хромосфера, хромосфералық жарқылдар. Протуберанцтар. Тәж.
Күннің радио толқындарды шығаруы. Күн активтілігінің циклі.
Жер туралы жалпы түсінік.
Магнитосфера, Жердің радиациялық белдеулері.
Күн жүйесіндегі үлкен планеталардың (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) негізгі сипаттамалары.
Планеталардың серіктері. Планеталардың сақинасы.
Кіші планеталар. Олардың ашылу тарихы.
Кометалар. Кометалардың орбиталары.
Метеорлы шоғырдың пайда болуы. Метеорлық ағындар және олардың радианттары.
Болидтер. Метеориттер, олардың классификациясы.
Жұлдызға дейінгі арақашықтықты анықтаудың тригонометриялық әдісі.
Қос және еселі санды жұлдыздар.
Галактика құрылымы туралы қысқаша мағлұмат:
Күннің Галактикада орналасуы. Күннің галактикалық орбитасы.
Хаббл бойынша галактикалардың классификациясы. Галактикалардың физикалық қасиеттері: Хаббл заңы.
Күн жүйесінің космогониясы.
Кант пен Лапластың космогониялық болжамдары.
Космология пәні.
Жұлдыздардың пайда болуы, эволюциясы, жасы, галактикалар эволюциясы жайындағы болжамдар.
1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

Глоссарий
Астрономия пәні бойынша глоссарий
|
астероид
|
астероид
|
asteroidЦерера
|
Церера
|
Ceres
|
Қызылжұлдыз
|
Марс
|
Mars
|
Үркер
|
Плеяды
|
Pleades
|
Болпан
|
Меркурий
|
Mercurius
|
Ай
|
Луна
|
Moon
|
Серік
|
Спутник
|
Satellite
|
Күнтізбек
|
Каленьдарь
|
Calendar
|
Жұлдыз
|
Звезда
|
Star
|
Шоқ жұлдыз
|
Созвездие
|
Stary
|
горизонт
|
горизонт
|
horizon
|
Зенит
|
зенит
|
Zenith
|
Планета
|
Планета
|
Planet
|
Гелиоцентризм
|
Гелиоцентризм
|
Geliosentres
|
қозғалыс
|
движение
|
motion
|
гравитациялық тартылыс
|
гравитационное притяжение
|
The attraction of gravity
|
ауырлық күші
|
Сила тяжести
|
gravity
|
ракета
|
ракета
|
missile
|
атмосфера
|
атмосфера
|
atmosphere
|
айналым
|
полный оборот
|
revolution
|
Жарық шығару
|
Излучать свет
|
to radiate
|
теңдеу
|
уравнение
|
Equation
|
зерттеу
|
исследование
|
investigation
|
астроном
|
астроном
|
Astronomer
|
Кульминация
|
Кульминация
|
Culmination
|
Орбита
|
Орбита
|
Orbit
|
Телескоп
|
Телескоп
|
Telescope
|
Спектр
|
Спектр
|
Spectrum
|
Комета
|
Комета
|
Comet
|
Метеор
|
Метеор
|
Meteor
|
Галактика
|
Галактика
|
Galaktika
|
Астероид
|
Астероид
|
Asterioud
|
Ғарыш
|
Космос
|
Spase
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақшасы
|
орысшасы
|
ағылшыншасы
|
Ғалам
|
Галактика
|
Galaху
|
Әлем
|
Мир, Вселенная
|
Universe
|
Эллипстік
|
Эллиптическая
|
Elliptical
|
Спиральдік
|
Спиральная
|
Spiral
|
Бұрыс галактика
|
Неправильная галактика
|
Irregular galaxy
|
Құс Жолы
|
Млечный путь
|
The Milky Way
|
Галактика ядросы
|
Галактическое ядро
|
Galactic nuclei
|
Бұрыш
|
угол
|
Angle
|
градус
|
градус
|
degree
|
Шеңбер
|
окружность
|
Circle
|
нүкте
|
точка
|
Point
|
Созылыңқы эллипс
|
Вытянутый эллипс
|
Elongated ellipses
|
Жазықтық
|
плоскость
|
Plane
|
бет
|
поверхность
|
surface
|
Сфера
|
Сфера
|
Sphere
|
Аспан
|
Небо
|
Sky
|
Аспан денелері
|
Небесные тела
|
Heavenly body
|
Жер
|
Земля
|
Ground
|
Күн
|
Солнце
|
Sun
|
Күн жүйесі
|
Солнечная система
|
Sunny system
|
Есекқырған
|
Юпитер
|
Jupiter
|
Қоңырқай жұлдыз
|
Сатурн
|
Saturn
|
Шолпан
|
Венера
|
Venus
|
Алтаева Гулсинай Сарсенбаевна
Астрономия
Оқу-әдістемелік кешен
Редакционно-издательский отдел
Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова
Подписано в печать 05.12.15 г. Объем 4 п.л. Тираж 20 экз.
Заказ №220
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған
Отпечатано в типографии
Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова
Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,
ул. Ақан-сері, 24 РИО КГУ им. Ш. Уалиханова
e-mail: www.kgu.kz
Достарыңызбен бөлісу: |