7.Ашық және Жабық
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға себтігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады.
Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз?
8.Жұмыс үлгісі
Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз.
Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді моделдеуге көмектеседі.
9.Оқушылардың бағалауы
Бағалау үдерісіне қатыса отырып, оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің өзін және өз жұмысын орындай отырып, не жасағандарын аса тереңірек түсінуге қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не екенін білуге, осылайша өзінің оқуын қарастыруына көмектеседі.
Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе сыныптастардың жұмысын бағалай алады.
Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.
10.Айқын мақсат қоя отырып
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.
- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.
- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, Шекспирдің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).
- Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.
11.Сабақтың мақсаты
Сабақ басталар алдында белгілі мақсат қоя отырып, сабаққа аса мән беріңіз. Мақсат сыныппен бірлесе атқаратындарыңызды көрсетуі тиіс.
Сабақ барысында осы мақсаттарға сілтеме жасауға және/немесе ол туралы бүкіл сынып орындайтын тапсырма кезінде еске түсіруге болады.
Бүкіл сыныпқа арналған тапсырма кезінде оқушыларға мақсаттарға қол жеткізілгені туралы дәлелдеу және/немесе келесі сабақ үшін мақсат белгілеу қажет болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |